Этникалық қақтығыстар олардың ағымы



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Этникалық қақтығыстар: олардың ағымы.
Психология ұлтаралық қақтығыстың себептерін іздеуден басқа тағы бір
сұраққа жауап беруге тырысады: қақтығыс қалай жүреді және оның барысында
қақтығысушы жақтар қалай өзгереді. Әлеуметтік психологты ең алдымен
қақтығысқа ұшыраған индивидтің уақытша және өзгермелі эмоционалды сферасы,
яғни ашу, ыза, қорқыныш т.б. қызықтырмайды. Ғалымдар жалғасушы және
когнитивті сферада базалық өзгеріске аса көңіл аударады.
Этникалық қақтығыстың жүруіне әсер ететін когнитивті процессті қарау
барысында, индивидтерді әлемдегі бағдармен қамтамасыз ететін және
әлеуметтегі категоризациямен жүреді. Қақтығыс барысында екі маңызды
әлеуметтік категоризацияның мәні өседі:
1. Бір топ мүшелері бір-біріне ұқсас қабылданады. Топішілік ұқсастық
индивидуализацияға әкеледі, яғни, басқа топ мүшелеріне деген өзіндік
анонимдік және дифференциалдық емес қатынасын көрсетеді. Ал
деиндевидуализация жауға деген агрессивтік әсерлер жеңілдетеді.
Ұлттық мәдениетті зерттеу кезінде сырқы келбет қаншалықты ұқсас болса,
соншалықты ол агрессивті болып келетіні анықталды.
2. Екі топ мүшелері бір бірінен өз формаларымен ерекшеленеді. Көп
жағдайда мәдениетті және тіпті тілдік шекара арасындағы этникалық
бірлікті анықтамады. Алайда, қақтығыс кезінде олар анық және нақты
қабылданады.
Сонымен, ұлтаралық қақтығыс кезінде топаралық дифференцация өзіндік және
өзге топқа қарсылық формасында жүреді: көпшілік қауым аз қауымға қарсы
келеді христиандар-еврейлереге және т.б.
Қақтығыс кезінде басқа топтардың бірлігі тек пайдалы функция ғана
атқармайды, сонымен бірге қақтығыстағы жеңістің маңызды ролін атқарады.
Ұйымдастыру кезінде өзінің тобына деген бағалы салыстыру қаншалықты
қолданылса, жетістігі соншалықты маңызды болады. Осы кезде топ тек қана
өзінің көзқарасы мен сенімімен қалуы керек. Ал дұшпан туралы ақпарат
шынайы болмауы керек. Бұл ақпараттың толық немесе бөлшектеп болмауынан. Ал
бұрынғы ГДР-да соғыс аса қатал, сұрапыл болмады. Саудада диапазондары
қысқа толқынды радиолар болмады. Мысалы, XXI ғасырдағы сұрапыл соғыс
радио арқылы беріліп отырды. Этникалық қақтығыстың ағуына әсер ететін,
әлеуметтік ақпаратты қабылдайтын тағы бір когнетивті феномен – бұлдыр
корреляция.
Бұлдыр корреляция феномені механизмнің қалыптасуын және әлеуметтік
таптауырынның тұрақтылығының себебін түсінуге көмектеседі. Топтық және
кемшілікті топтардың мінезі мен қасиеттерін этникалық таптауырында бұлдыр
корреляция сияқты интерпритацияланады: негрлер-жалқау, түріктер-кір,
немістер-милитаризмді жақтаушы.
Бұлдыр корреляция түсінігін қолданған кезде мынадай шешім қабылдауға
болады - этникалық қақтығыс кезінде екі топ ерекшеленеді. Бір жағынан бұл
топ ерекше болып қарастырылады, себебі, оның мүшелерінің қатынасы санақ
бойынша өте сирек кездесетін жағдай. Одан басқа аз топтың мүшелері көп
жағдайда ерекшеленеді, мысалы түр сипаты. Екінші жағынан, жағымды жақтан
жағымсыз жақтары басым болады, себебі, ол да бір ерекшелік болып
қарастырылады. Ортағасырлық Англияға шотландықтар зұлымдықтары үшін жауап
беріп отырған. Яғни, атрибуция көмегімен көпшілік топ өзге топқа қарсы іске
асырылған немесе жоспарланған қозғалысты анықтайды. Бірақ бұл енді тек
жауапты іздеу ғана емес жауаптыларды іздеу болып табылады. Сонымен қатар
бұл жағдай неге болды деген сұрақ орнына кім кінәлі деген сұраққа
жауап беруге тырысады. Біз қаламайтын немесе қауіпті жағдаймен кезіккен
кезде, біз үшін сол әрекетке қатысты біреуді тауып алу оңайырақ келеді.
Көптеген тарихи жағдайларда осы біреулер әрдайым белгілі, әрқашан
құртушы немесе дұшпандар табылып отырған. Әлеуметтік білім әлеуметті
әрқашанда зұлымшылармен, қылмыскерлермен қамтамасыз етіп отырған
(Graumann1987, 247б.).
Осындай көптеген жағдайларда біз кәузалды атрибуцияның ерекше формасы –
қиын жағдайда оңай түсіндірме беретін қиындық атрибуциясымен кездесеміз.
Қиындық атрибуциясында әр түрлілігімен ерекшеленетін қиындық атрибуциясы
қалыптасады. Олар қарапайым және мәдениетті әлеуметте, әлеуметтің
барлық түрінде кездесетін жалпығы бірдей қастандық концепциясын ерекшелеуге
болады. Әдетте олар экономикалық, әлеуметтік, саяси дағдарыс кезінде
қалыптасады. Қастандықтың топтық мінезі ерекшеленеді – құртушы- аз топ
мүшелері болып табылады. Өте көп жағдайда қастандық жасаушы болып
этникалық топтың аз мүшелері болып табылады.
Қастандық концепциясының нақты мысалы - оба еврейлік түсіндірмелі
модель. Ғалымдар осы сұмдық эпидемияның себебін табу үшін оған кім жауапты
екенін кім көрінгенге артуға дайын еді. Кінәлілерді іздестіру христиандар
әлеміне жатпайтын еврейлер тобына алып келді. Олар бұрындары да
христиандарға қарсы қарсы шайтан қастандығына кінәлі атанған. Еуропадағы
1347-48жж обаның бірінші жарқ етуі осы модельге толығымен сәйкес келді.
Еврейлер шайтанның құлы болып, христиандарға қарсы оба эпидемиясын таратты
делінген.Еврейлер сол зұлым эпидемиядан өздері де қаза болды деген факт
оларға ешбір көмектеспеді. 1348 және одан арғы жылды еврейлерді аңдудың
нағыз шыңы деп атауға болды. Орта ғасыр соңында Еуропадағы еврейлер саны
күрт азайды (Groh 1987.16 б.). Бірақ неге барлық кінә аз топқа артылады,
неге оларға топтың немесе барлық барлық әлеуметтің кінәсі мен
бақытсыздығына жауапкершілік артылады? Осы сұраққа француз әлеуметтік
психологы С.Московичи жауап беруге тырысты. Оның ойынша, аз топ мүшелері
өздері ойланбастан тыйымдарды бұзады. Ал ол болса өзінің өмірлік
көзқарасымен, әрекетімен өзін қоршаған адамдарға киелі әрі әулие заттарға
қарсы шығады.
Сол себептен көпшілік топтың алдында әлсіз әрі қорғансыз болғанына
қарамастан аз топ мүшелеріне қалғандарын істеуге болады. Бірақ табуды
бұзу үшін олар жұмбақ күшті, жұмбақ билікті ие болуы керек.Көпшілік топтың
аз топ мүшелеріне деген жек көрініш сезімінен басқа, қорқыныш пен
көрінбейтін қызғаныш сезіім де болады(Moscovisi, 1987) .
Адамдардың айтуы бойынша олар қорқып қалған, өз құқықтарынан айырылған
мүшелері өз елінен айырылған. Мысалы, Ресейде соңғы жылдары әлеуметтік
және экономикалық дағдарыс кезінде орыс халқының геноциді жөнінде көп
заттар айтылды: халықаралық синонизм мен кавказ мафиясының орыстарға қарсы
қастандықтары соның салдарынан Ресейдегі орыстардың әлеуметін қорғау
қалыптасады. Осыдан когнитивтік процесс топ топаралық шиеленушілікті
құптайды деген қорытынды жасауға болады.

4.4. Этникалық қақтығысты үйлестіру.
Әлемнің көптеген елдерінде көптеген онжылдықтың ішінде этникалық
қақтығысты шешуге көзделген қызметтер бар. Мысалы, 50ж. бастап АҚШ-та
этникалық қақтығыс анализі қауымдар қызметі қатынасында ұйымдастырылған.
Ал біздің елімізде бұндай орталықтар 90ж. кезінде пайда бола
бастады(Гостев, Соснин,Степанов,1996). Әдетте этникалық қақтығыстың шешудің
негізгі үш стратегиясы анықталған:
1) Құқықтық механизмді қолдану
2) Келіссөздер
3) Ақпараттық жол
Бірінші стратегия бойынша қиынға соғатын барынша мол бағдарлама болып –
полиэтникалық мемлекеттегі барлық құқықтардың өзгеруі болуы тиіс. Бірақ
кез-келген әлеуметтік ортада топаралық артықшылық тең болмаған жағдайда
(Израильдегі еврейлер мен арабтар арасында, Латвиядағы латыштар мен орыстар
арасындағы) топаралық қатынасты өзгертетін жағдайлар жасалуы қажет.
Психологиялық көзқарас бойынша топаралық барьерді құрту өте маңызды. Әдетте
ол құқықтарды, әлеуметтік институттарды өзгертуге әкелді. Психологтардың
қатысуымен өткен келiсiмге келтiру тапсырмалары бұрынғы СССР елдерінде
өтті: Латвия, Кавказ т.б. Олардың көбісі отандық мамандармен бірге үлкен
тәжірбиесі бар мамандармен бірге шетелдік конфликтологияға қатысты.
Қақтығысты шешудің ақпараттық жолына келген кезде, топ арасындағы
ақпаратты бірдей алмасу ауыс-түйiс болып табылады. Психологтар бұқаралық
ақпарат құралдарының ақпаратты тарату жолындада ерекше көңіл бөлу керек.
Себебі, тіпті бейтарап ақпараттар да эмоционалды жарқ етуге әкеледі.
Карабах үшін болған армян-әзірбайжан қақтығысы кезінде екі қақтығысушы
жақта Мәскеудің бұқаралық ақпарат құралдары қарсы жаққа көніл білдірді деп
кінәлады. Бұрынғы СССР-дің орталықтандырылғын арналарын өшірді, өз
елдерінде Ресейлік газеттер баспасының таралуына тыйым салынды
(Азірбайжанда-Армян, Арменияда- Азірбайжан ұстанымы үшін). Бұл жағдай тек
екі жақтың репртажын баспаға шығарған кезде ғана тұрақтандырыла бастады.
Психологиялық тұрғыда мыналардан бас тартқан жөн:
1. Ұлтаралық қақтығысты бұқаралық ақпарат құралдарында талқыламау
2. Журналистер арасындағы атақты көзқарасты қате деп шешу. Қақтығыс
туралы ақпарат оның дүрліктңрерлңк материалында емес оның
ақпараттық мазмұнына жұмсалуы керек. Әлеуметтік психология
ұлтаралық қатынасқа әсер ететін, қақтығысты психологиялық тұрғыда
түсінуге көмектеседі.
Мәдениет арасындағы ұқсастық пен ерекшелік туралы ақпарат сонымен қатар
олардың арасындағы қатынасты жақсартуға көмектеседі. Мысал ретінде,
Нидерландыдағы тұрғылықты тұрғындармен иммигранттар арсындағы қатынасты
жақсарту мақсатында өткізілген Бәріміздің әр түрлі болғанымыз қандай
жақсы атты бағдарламасы. Бағдарламада екі жақтың мәдениеті мен
ерекшеліктері таныстырылады: бір жылдың ішінде газет пен электронды
бұқаралық ақпарат орталықтарында осы тақырыпта көптеген ақпарттар берілді.
Американдық кинофильмдерде афро-американ бизнесмені, жалқау немесе кір
негр орнына оқымысты тұлға, мұның бәрі белгілі бір топтың таптауырынаын
өзгертуді мақсатқа алып отыр.
Психологтар қақтығысты тұрақтандыру үшін қандай әдісті ұсынады. Біз
ұлтаралық және этникалық қақтығысты тұрақтандыру туралы айтып отырмыз.
Этникалық қақтығысты психологиялық тұрғыдан толық шешу - утопия.
Жақтаушылардың пікірінше, топаралық кемшілікті зорлық-зомбылықсыз шешудің
жолы жоқ. Бірқ сондай пессимистикалық көзқарастарына қарамастан олар
деструиктивті формамен күресудің жолын іздейді. З.Фрейдтің ойынша адам
агрессиясын соғысқа жеткізбей тұрып өзгертуге тырысу керек. Эмоционалды
қатынасты құру осыған көмектеседі (Фрейд, 1992).
Деструиктивті агрессиядан айырылудың бірнеше жолын К.Лоренц ұсынды. Ол
қайта бағдарлалған агрессия түсінігін ұсынды, оның ойынша ол әлеуметтік
қауіпті агрессияны жоюға көмектеседі. Мысалы-спорт. Бірақ австриялық ғалым
агрессияға қарсы тұра алатын күш деп мынаны айтты:
- адамдардың әр түрлі ұлтпен танысуы
- бiр идеалдың адамдарының жiгерлiгi
Т.Адорно концепциясы көбіне оптимистік болып келеді, тұлға отбасында
қалыптасады ал әлеумет ата-ана мен бала арасындағы қатынасқа әсер ете
алады. Осындай психологиялық зерттеулер Еуропадағы отбасы мүшелері
арасындағы қатынасты өзгертті. Қаталдық пен эмоционалды құрғақшылық орнына
көбіне еркін қатынас келеді.
М.Шериф өзінің зерттеу барысында топаралық қақтығысты шешуге дауа ұсынды-
топүстілік мақсатты енгізу. Жаһандық соғысты шешу үшін екі жақ экологиялық
проблемаларды жою, өлімге әкелетін аурулармен күресу, табиғи апаттардан
құтқарудың шешімін анықтау қажет. Бірақ Шериф тіпті лабораториялық
эксперименті кезінде қақтығыстың толық шешілуін дәлелдей алмады.
Бірақ қақтығысты топүстілік мақсатпен шешу өте қиын. Біріншіден,
қақтығысушы жақтар қиыншылықпен кездеседі: Солтүстік Ирландиядағы
католиктермен, протестанттар мектепте бөлек оқытуды талап етіп жатқанда
бірдей мектепті құру бағдарламасы тіпті мүмкін емес. Екіншеден, тіпті екі
жақтың қарым-қатынасы жақсарса да, ол әрқашан қақтығысты тұрақтандыра
алмайды.
Тэшфел мектебінің психологтарының басты мақсаты өзіндік және өзге топ
арасындағы айырмашылықты азайту немесе тіпті жою.Қақтығысты тұрақтандыру
кезінде көп жағдайда топүстілік сәйкестілік емес, қосымша сәйкестілікті
еңгізу болып табылады. Француз психологтары II Дүниежүзілік соғыс
аяқталысымен осы әдісті қолданды. Олар оқушылар үшін франко-гермен тобын
құрды. Ол топ екі ұлт мүшелерінен құралды. Нәтижесінде, топаралық шекара
бұзылады. Алайда, бұл модельде әрдайым әрекет етпейді. Бірде бір қақтығысты
тұрақтандыру әрекет идеалды емес, себебі, бірде бір психологиялық механизм
әлеуметтік проблеманы шеше алмайды. Бірақ тіпті әлеуметтік жағдайды
өзгертпей-ақ психологиялық әрекет адамдардың агрессиясын өзгерте алады, ата-
ана мен бала арасындағы қатынасты тұрақтандыра алады.
Оқуға арналған әдебиеттер:
Агеев B.C. Межгрупповое взаимодействие: социально-психологические
проблемы. М.: Изд-во Моск. ун-та, 1990. С.6–38.
Гостев А.А., Соснин В.А., Степанов Е.И. На путях становления
отечественной конфликтологии Психологический журнал. 1996. Т. 17. №2. С.
110-128.
Солдатова Г.У. Психология межэтнической напряженности. М.: Смысл, 1998.
С. 10-24.
Шихирев П.Н. Проблемы исследований межгрупповых отношений
Психологический журнал. 1992. Т. 13. № 1. С. 15–23.

5 бөлім. Жаңа мәдени ортаға бейімделу.
5.1. Адоптапция. Аккультурация. Бейімдеу.
Ежелгі соғыстар мен табиғи апаттандыру уақытынан бастап, адамдардың
бақытты іздеуі планета бойынша ауысуды талап етеді. Тұрғылықты тұрғындардың
көбісі өз туған жерін тастапкетеді. Сапаршылар (дипломат, шпион, студент)
ұзақ уақыт бойы басқа мәдниет арасында өмір сүреді. Басқа ұлт пен ел
арасындағы қатынас тым ашық әрі сенімді деп ойлаудың еш қажеті жоқ. Барлық
мигранттар тұрғылықты тұрғындармне әрекет кезінде көптеген қиыншылықпен
кезігеді. Барған елдің салты әдетте лларға жұмбақ, ал адамдары оғаш болып
келеді. Бастапқы кезде өмір-сальы, дәстүрі мен мәдениеті үйренбеулі болады.
Сондықтан ең бастысы, қай ел немесе халықпен тілдесу кем дегенде қиын әрі
сенім артуға болатынын анықтап алу керек. Ғалымдар бірнеше тараптарды
қарастырды:
- территория, баршаға немесе өзіндік бір топқа арналған ғана
-қатынастың жалғасымдылығы (тұрақты, ұзақ уақытты, қысқы уақытты)
-мақсаты
-қатынас жиілігі
Тіпті ең жақсы жағдайдағы қатынастада мысалы, күнделікті қарым-
қатынаста, бірге атқарған қызметте т.б. сапаршы мен көшіп келген адамда сол
аймақтың тұрғынымен қатынасқа түсу қайтсе де қиынға соғады. Мигранттар
көп жағдайда өз отанын сағынады. Неміс философы әрі психиаторы К.Ясперс
(1883-1969) отанға деген сағыныш сезімі адамға көне заманнан белгілі деп
айтқан.
Грецияда әсіресе Афиныда айдау салу өте үлкен жаза еді. Кейінірек
Овидий Римге деген сағынышын көп сөзбен жеткізген. Қуғынға ұшыраған
еврейлер Бабилон суының жанында Сионды еске алып ұзақ жылады (Ясперс, 1996,
11б.).
Отанмен айырылысудың ауыртпашылығын қазіргі адамдар да сезінеді.
Әлеуметті сауалнамаға сүйенсек, төртінші толқынды эмигранттар, яғни,
бұрынғы СССР-ден соңғы жылдары көшкен адамдарды ностальгия қинайды:
Канадада-69%, АҚШ-та-72%, Израильде 87%(Фреинк-мен-Хрусталева, Новиков,
1995). Сондықтан мәдениетаралық бейімделуге үйренуге тура келеді, соның
арқасында адамдар жаңа мәдени ортаға тез үйренеді. Әдетте, бейімделудің
сыртқы және ішкі жағы көрінеді. Ішкі жағы-толық өмір және қанағат сезімінде
көрінсе, сыртқы жақ-тұлғаның жаңа топтың әлеуметтік және мәдени
өмірінеараласуынан көрінуге болады.
Мәдениетаралық бейімделуге қызуғушылық әлемдікғылымда XX ғасырдан
басталды. Зерттеулер ұзақ уақыт бойы этнологтармен аккультурацияны зерттеу
барысында жүргізілді. Алғашында аккультурация топ деңгейінің феномені
ретінде қарастырылса, кейіннен ғана психологиялық аккультурация түсінігі
еңгізілді. Егер аккультурация топтың мәдениеттегі өзгері кезеңі болса, ал
психологиялық аккультурация – индивидтің психологиядағы өзгеруі болып
табылады. Отанға деген сағынышты швейцар дәрігері И.Хофер ностальгия деп
атады. Олар оны XVII ғ.бастап зерттей бастады (Ясперс, 1996). Осыдан келіп
мәдени шок түсінігі қалыптасады.

5.2. Мәдени шок және мәдениаралық бейімделудің сатылары.
Мәдени шок терминин американ антропологы К.Оберг еңгізді. Жаңа
мәдениетке кіру жағымсыз сезіммен қатар жүреді – достарыңнан және статустан
айырылу, мәдениет арасындағы айырмашылықты түсінгендегі ыңғайсыздық пен
таңғалушылық, әлеуметтік және тұлғалық сәйкестілік. Мәдени шоктың
белгілері әр түрлі: тағам сапасы туралы қорқыныш, таза су, ыдыс-аяқ
тазалығы, төсек орн, басқа адамдармен физикалық қатынаста қорқыныш,
желкеніш, өзіне деген сенімдіктің жетіспеуі, ұйқысыздық, алкоголь және
есірткіні қолдану, депрессия, суицид.
Көп жағдайда мәдени шок жағымсыз болып келеді, бірақ оның жағымды
жақтарына да көңіл бөлу керек. Соғанбайланысты канадалық психолог ДЖ.Берри
мәдени шок термині орнына аккультурациялық стресс түсінігін қолдануды
ұсынды. Себебі шок тек қана жағымсыз тәжірбиеде негізделеді. Ал,
мәдениаралық қатынас кезінде позитивті тәжірбие де қалыптасуы мүмкін
(Berry,1997).
Ережеге сай мәдени шок қисық бейімделу процессіндегі мәтінде
кездеседі. Соған байланысты Г.Триандис сапарлаушының бейімделу процессінің
5 сатысын көрсетті:бірінші саты бал айы деп аталады. Бұл көтеріңкі көңіл
күй мен үлкен үмітке толы болып бейнеленеді. Шынынды көп сапарлаушылар
шелде оқуға және жұмыс істеуге талпынады. Сонымен қатар оларды жаңа елде
қарсы алатын адамдар оларды өз үйлеріндегідей сезінуге жауапты болып
келеді. Алайда бұл саты ұзаққа созылмайды. Ал бейімделудің екінші сатысында
үйренбеген оршаған орта өзінің жағымсыз жағын көрсетеді. Мысалы, біздің
елге келген көптеген шетелдіктер оларға үйреншіксіз тұрғын-үйлер, қоғамдық
транспорттар қиын криминалды жағдайлар және т.б. көп проблемаларға тап
болады. Осындай сыртқы әсерлерден басқа кез-келген жаңа мәдениетте
адамдарға психологиялық факторлар да әсер етеді: тұрғылықты тұрғындармен
бірін-бірі түсінбеу сезімі. Мұның бәрі көңілдің қалуы мен депрессияға
әкеліп соғады.Бұл кезеңде бөтен адам шынайылықтан қашып құтылуға
тырысады. Мәдени шоктың үшінші сатысында белгілер критикалық нүктеге жетуі
мүмкін, ал ол ауруға әкелуі мүмкін. Жаңа қоршаған ортаға бейімделе алмаған
саарлаушы одан шығап үйіне уақытынан бұрын қайтады. Алайда сапарлаушы
қоршаған ортадан әлеуметік қолдау алып, тілді үйренеді, сол елдің
мәдениетімен танысады. Төртінші сатыда депрессия асықпай оптемизмге
ауысады, тұлға өзін сенімді сезінеді. Бесінші саты Берри терминологиясы
бойынша толық немесе ұзақмерзімді болып табылады. Тұлға мен қоршаған орта
арасындағы қатынас тұрақтанады және оның аяқталуы туралы айтуға болады.
Сонымен, бейімделудің U- түрлі қисық формасын көрсетеді: жақсы, өте
жаман, жаман, өте жақсы, жақсы.
Бірақ бұндай сынақтан тіпті жақсы бейімделген сарапшы үшін бұл саты
әрқашан отанына қайтумен аяқталмайды, себебі, оларға реадаптация кезеңінен
өтуге тура келеді, оралу шогын сезінуге тура келеді. Бастапқы уақытта
олар көтеріңкі көңіл көңіл күйде болады, туыстарымен және достарымен
кездесіп, өз тілінде сөйлейді. Бірақ аз уақыт өткен соң елінің мәдениеті
үйреншіксіз тіпті оқшау болып келеді. Мысалы, Совет үкіметі кезінде біздің
елімізде оқыған неміс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайтымсыз көші - қон
Саяси қақтығыс
«Қазақстан мен ресейдегі көші қон мәселесінің бақ тағы көрінісі»
Британдық Индия
Көші қон факторлары
Қазақстан мен Ресей арасындағы Көші - қон мәселелері
Френсис Фукуяма Тарихтың аяқталғаны ма
Кавказды арабтардың жаулап алуы
Басқа ұлттық қозғалыстардан алған үлгі
Ұлтаралық қақтығыстардың пайда болу себептері
Пәндер