Топырақ құнарлылығының категориялары және түрлері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
- Кіріспе
II. Негізгі бөлім
- Топырақ құнарлылығына жалпы сипаттама. Топырақ құнарлылығы ұғымы. Топырақ құнарлылығының категориялары және түрлері. Топырақ құнарлылығының факторлары. Әртүрлі топырақтар түрлерінің құнарлылығы. Топырақ құнарлылығын арттыру шаралары
- Биопрепараттар
2. 2. Топырақ құнарлылығын арттыруда қолданылатын биопрепараттар
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе.
Адамзаттың асыл қорегін қамтамасыз етіп отырған табиғи орта экологиясының бұзылуына табиғатты үнемді және дұрыс пайдаланудағы олқылықтар мен жүйесіз шаруашылықтар қызметі тікелей әсер етуде. Әрине, өткен кезеңдерге тас лақтырудан аулақпыз, дей тұрғанмен, мол табиғи байлықтарымыздың қажеттісін ғана ел игілігіне пайдаланып, қалған бөлігін келешек өскелең ұрпақтардың үлесіне қалдыру біздің міндетіміз деп есептейміз. Қазіргі таңда шешімін таппаған күрделі мәселелердің бірі - суармалы жерлердің сортаңдануы мен қарашірік мөлшерінің төмендеуі. Соның нәтижесінде ауылшаруашылық екпе дақылдарының өнімдері күрт төмендеуде. Мұндай жерлерге Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Алматы облысының Балқаш өңіріндегі күріш өсіретін ауыспалы егістіктерді жатқызуға болады. Кейінгі жылдары топыраққа тыңайтқыш беру, дренаж жүйесінің өз дәрежесінде пайдаланбауы аталған аумақта топырақтың құнарына кері әсерін тигізіп отыр. Нәтижесінде ауыл шаруашылық дақылдарының айналымындағы егістік жерлердің көпшілігі екінші рет тұзданып пайдалануға жарамсыз болып қалды. Әрине, тұзды топырақ ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге тиімсіз болатыны бесенеден белгілі. Өйткені, сортаңға айналған егістік алқаптарда қарашірік мөлшерінің азаюы - топырақ құнарының төмендеуіне, биологиялық белсенділігінің нашарлауына және сілтілігінің жоғарылауы мен тұздылығы артуына әкеледі. Еліміздегі ең маңызды су көздерінің бірі - Сырдария өзені іргеміздегі шекаралас мемлекеттердің аумағын басып өтеді. Оған қоса, Сыр өзені өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтармен қатты ластанған. Аталған ахуал Іле өзенінде де байқалады. Топырақ-тірі организм екенін ескерер болсақ, топырақта тіршілік ететін микроорганизмдердің тыныс-тіршілігіне қалыпты жағдай жасаған кезде ғана оның құнарын сақтап, бірқалыпты ауылшаруашылық дақылдарынан межелі өнім алуымызға мүмкіндік туады. Адамзат баласының негізгі тіршілік көзі жер ана екенін ескерер болсақ, оның ішінде әсіресе суармалы егістіктің алар орны ерекше. Әрине ауыл шаруашылығын өз дәрежесінде дамытуға бел байлаған ел, тек қана минералдық тыңайтқыштармен әртүрлі қоспалар арқылы жоғары өнім алумен ғана шектелмей, әр өңірдің табиғи және экологиялық ерекшеліктерімен қоса топырақтың табиғи құнарын барынша сақтауға мүмкіндік жасайтын мемлекеттік тұрғыда бағдарлама жасау қажет. Сонда ғана ұзақ мерзімде және тұрақты түрде топырақтан жоғары өнім алуға қол жеткізуге болады. Егер де, топырақтың құнарлы қабатының, яғни қарашіріктің түзілуіне бірнеше мыңдаған жылдар қажет екенін ескерсек, бар-жоғы бірнеше жылдардың ішінде оның мөлшерін төмендетіп, жоғалтып алатын болсақ, бұл табиғатқа және келешек ұрпақтың үлесіне жасалған қиянат болары анық [1] .
Топырақтың құнарлылығы -топырақты оның бастапқы тау жынысынан айыратын тек оған тән қасиеті. Топырақ құнарлылығы оның генетикалық ерекшеліктерімен тығыз байланысқан, ал жыртылатын топырақтарға сонымен қатар ауыл шаруашылығында пайдалану сипатымен де. Жер бетіндегі адамзаттың, жануарлардың, өсімдіктердің тіршілігі топырақтың осы қасиетімен тығыз байланысты. Өйткені, топырақ құнарлылығы жоғары болса, өсімдіктерден алатын өнім жоғары болып, адамзатқа қажет азық-түлік, жануарларға керек жем-шөп қоры молаяды. Сонымен бірге өсімдіктердің белсенді дамуыолардың атмосфера құрамынан өз бойына көмір қышқылы газын сіңіруін және ауаға оттегінің бөлінуін жақсартып, атмосфералық ауаның құрамының теңдестігін сақтауға әсерін тигізеді. Қазіргі уақыттатопырақтың құнарлылығыдеп оның биосфераның құрауышы ретінде қоректік, су-ауалық, температуралық, тотығу-тотықсыздандыру және басқа да топырақтардың режимін анықтайтын жер факторлары мен жағдайларын қамтамасыз ету деп түсінеді[2] . Топырақ құнарлылығы жоғарғы дәрежедегі өзгерушілікпен ерекшеленеді және топырақ түзілу факторлары мен жағдайларының өзеруіне тез әрекеттенеді. Топырақтың құнарлылық деңгейіне өте күшті әсер ететін адамның іс-әрекеті.
Топырақ құнарлылығының категориялары және түрлері. Топырақ құнарлылығын келесі категорияларын ажыратады: табиғи немесе жараталысты; табиғи-антропогендік және жасанды. Жараталысты немесе табиғи құнарлылық адам әсері тимеген, табиғи топырақ түзілу процесінің дамуы қамтамасыз еткен топырақтың қасиеттері мен режимдерінің күрделі өзара әрекеттестігімен анықталады. Табиғи құнарлылық таза күйде тың жер топырағына тән және ондағы өсіп-өнген ценоздардың өнімділімен сипатталады. Табиғи-антропогендік. Топырақты игеру оның процестері, режимдері және қасиеттерінің табиғи дамуына елеулі өзгерістер енгізеді. Бұл өзгерістер топырақты өңдеу, тыңайтқыштар енгізу, әртүрлі мелиоративтік шараларды игеруге байланысты. Топырақ қасиеттері мен режимдерінің санды және сапалы өзгерістерін оның табиғи-антропогендік құнарлылығы сипаттайды. Топырақты ауыл шаруашылығында пайдаланғанда табиғи топырақ түзілу процесі тасымалданады, былайша айтқанда топырақ адамның іс-әрекеті мен табиғи топырақ түзілу процесінің өзара әрекеттесуінен қалыптасатын құнарлылыққа ие болады. Құнарлылықтың бұл категориясы агроценоздарға тән. Жасанды құнарлылық адамның іс-әрекеті нәтижесінде құнарлылықтың әртүрлі факторларын қисындастыру барысында қалыптасады. Ол таза күйінде оранжерея, жылыжай, парниктер және с. с. өсімдіктерді өсіруге жасалған субстраттарда байқалады, сонымен қатар жасанды топырақтарда (мысалы бақшалар) . Топырақ құнарлылығының әр категориясы екі түрден тұрады: потенциалды және тиімді. Жасанды құнарлылығы табиғимен бірігіп тиімді немесе экономикалық құнарлылық болып анықталады. Ол ауыл шаруашылық дақылдарының өнімінде жүзеге асырылады. Топырақта қоректік элементтердің белгілі бір қорлары бар, олар өнімнің қалыптасуында шығын түрінде жүзеге асырылады, осыдан топырақтың потенциалды құнарлылығы деген ұғым шығады. Потенциалды құнарлылық өсімдіктердің қоректік заттарының жалпы қоры, олардың қосылыстарының түрлері және өсімдіктерді басқа да қажетті оңтайлы жағдайлармен қамтамасыз ету факторлары оның тиімді құнарлылығының жоғары деңгейін қалыптастырады[2] .
Құнарлылық факторлары болып қоректік элементтер, ылғал, ауа және жылу мөлшері есептеледі, яғни олар өсімдіктер өсіөнуінің жер бетіндегі факторлары. Ал құнарлылықтың қалыптасуының жағдайларына топырақтың қасиеттері және режимдері жатады. Ол қасиеттер мен режимдер келесідей:
- физикалық (топырақтың гранулометриялық құрамы, құрылымы, тығыздылығы, кеуектілігі, жылулық, ылғалдылық қасиеттері және режимдері) ;
- химиялық (гумус сипаттамасы, минералдық және химиялық құрамы, тиімді қоректіқ заттар мен зиянды заттар мөлшері) ;
- физико-химиялық (топырақ реакциясы, тотығу-тотықсыздану потенциалы, сіңіру көлемі, алмаспалы сіңген катиондар мөлшері және олардың құрамы және т. б. ) ;
- биологиялық (микроорганизмдер мөлшері, нитрификациялау және азотты байланыстыру, топырақтың тыныс алуы, ферменттік белсенділігі, фитосанитарлық жағдайы) . Құнарлылықтың қалыптасуы топырақтың қасиеттері мен режимдерінің өзара күрделі қатынасы мен әсерінің мысалы ретінде топырақтың қоректік заттар режимін қалыптасуын алып қарауға болады. Топырақтың қоректік заттар режимі оның құрамындағы минералды заттардың күрделі өзгерістерінін және органикалық заттардың минералдану және гумификациялану процестерінің, микроорганизмдердің белсенді қызметінің, ылғал, ауа және жылу режимдерінің өзар қатынасының әсерінен қалыптасады[3] .
Топырақтардың әртүрлері түрлері оның әртүрлі құнарлылығын қалыптастырады. Ең жоғары тиімді құнарлылықпен қара топырақтар сипатталады, ал күлгін (солтүстікке) және құба (оңтүстікке) топырақтарға қарай жылжитын болсақ оның құнарлылық деңгейі төмендей бастайды. Орманды аймақтың күлгін және шымды-күлгін топырақтары құнарлылығының шамалы болуы күлгіндену процесінің әсерінен болады. Үйткені ол қышқыл топырақтарды қалыптастырады, онда улылық қасиеті бар алюминийдің жылжымалы түрлері болады. Сонымен қатар олар негіздермен қанықпаған, гумус мөлшерлері шамалы, агрофизикалық қасиеттері нашар және қоректік заттар мөлшері де төмен[4] .
Топырақ құнарлылығын арттыру шаралары. Топырақ құнарлығын ұдайы өндіру немесе арттыру қазіргі кезде екі тәсілмен, заттық және тенологиялық, жүзеге асырылады. Заттық тәсіл тыңайтқыштар, мелиоранттар, пестицидтер т. б. қолдануды қажет етеді, ал екінші тәсіл - ауыспалы егістерді, аралық дақылдарды, әртүрлі топырақ өңдеуді, егу әдістерін т. б. қолдануды қажет етеді. Аталған әдістердің мақсаты бір болғанымен, оған жету жолдары әртүрлі болып келетіні түсінікті. Топырақ құнарлығын оңтайландыру үшін талапқа үйлесімді құнарлылық моделін (үлгісін) жасау керек. Топырақ құнарлылығының үлгісі деп нақтылы топырақтық-климаттық жағдайда дақылдың белгіленген өнімділік деңгейіне сай келетін экспериментальды түрде анықталған агрономиялық маңызды қасиеттері ме режимдерінің жиынтығын айтады. Топырақ құнарлығының технологиялық үлгісі міндетті түрде экономикалық есептеулермен толықтырылып, оның тиімділігі дәлелденуі керек. Егіншілік шаруашылығы дамыған Қазақстанның солтүстік аймағының топырақтарының құнарлылығын сақтап, оны арттырудың басты жолдары мыналар:
- егіншілктің топырақты қорғау жүйесін қолданып, оның басты буыны-топырақты жазықтілгіш құралдарымен өңдеп, топырақ бетінде өсімдік қалдықтарын сақтау;
- жеңіл гранулометриялық құрамды топырақтарда дәнді дақылдарды, парды және көпжылдық шөптерді топырақ қорғау ауыспалы егісінле жолақтап орналастыру;
- органикалық тыңайтқыштарды және минералды тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде енгізу;
- көпжылдық шөп егілген танаптар ауданын арттырып, оларды мерзімді түрде ауыспалы егістікке қосып отыру[8] .
Биологиялық препараттар. Биопрепараттар - адамдар, жануарлар және өсімдіктердің түрлі ауруларын анықтауда, оларды емдеу және алдын ала сақтандыру мақсатында қолданылатын ерекше биологиялық қосылыстар. Биологиялық препараттар тірі ағзалардың тіршілік жағдайын жақсартып, олардан алынатын өнімдерді молайтуда маңызы зор. Биологиялық препараттарға вакциналар, сарысулар, микроағзалардан өндірілетін антибиотиктер, ферменттер, т. б. биологиялық активті заттар жатады. Мысалы, вакциналар түрлі аурулардан сақтандыру үшін де кеңінен пайдаланылады. Оның сарысуға қарағанда ағзадағы иммундық қасиеттерді ұзақ уақыт сақтап қалатын қасиеті бар. Биологиялық препараттар егіншілікте егіс дақылдарын аурудан қорғап, олардың өнімділігін арттыруға едәуір көмегін тигізеді. Мысалы, микробтардан даярланатын азотобактерин, нитрагин препараттары атмосферадағы өсімдіктерге қажетті азотты сіңіреді. Бұл азот тыңайтқыштарын үнемдеуге көмектеседі. Ал құрамында фосфор бактериялары бар - фосфоробактерин биологиялық препараттары топырақтағы күрделі фосфор қосылыстарын ерітіп, оны өсімдіктердің сіңіруіне жағдай жасайды. Биологиялық препараттардың ішінде ең құндысы - ферменттер. Мысалы, амилаза, протеаза, пектиназа, целлюлоза және липаза ферменттерінен жасалған биологиялық препараттар мал ағзасындағы зат алмасуда ферменттер қатысуымен жүретін процестерге тікелей қатысып, азықтың жұғымдылығын арттырып, өнімділікті молайтады. Ал микроорганизмдерден алынатын амилоризин, амилосубтилин, протосубтилин, калдерин, пектиноворум биологиялық препараттары малдың ас қорыту жүйесінде азықпен бірге түскен күрделі көмірсулар қосылысын (крахмал, клетчатка, пектин заттар) ыдыратып, ағзаға оңай сіңетін көмірсулардың мөлшерін молайтады. Биологиялық препараттардың өндірістік жағдайда алынатын түрі - мал азықтық ашытқылар басқа микробтар пайдалана алмайтын көмірсутектердің (мұнай өнімдері) күрделі қосылыстарымен қоректеніп, қоршаған ортада белоктың жиналуына көмектеседі, яғни олар ағза үшін жетіспейтін азот қосылыстарының (амин қышқылдары) көбеюін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, микроорганизмдерден алынатын фитобактериомицин биологиялық препараттары өсімдіктердің бактериялық ауруларына қарсы қолданылады. Гризин препараты өсімдіктердегі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтарға қарсы қолданылады. Ал триходермин биологиялық препараттарн Қазақстан ғалымдары алды. Ол өсімдіктердің тамыр жүйесіндегі шірітуші микроағзаларды жою үшін пайдаланылады. Микробтардан алынатын көптеген биологиялық препараттар (биовит, кормогризин, бацитрацин, витамицин, комарин, т. б. ) малдың салмағын арттырып, алынатын өнімдердің (сүт, ет, т. б. ) сапасын жақсартады. Осымен қатар сібір жібек құртын, бау-бақша өсімдіктерін, жүзімді бүлдіретін зиянкес жәндіктерге індет туғызушы микроағзалардан де биологиялық препараттар (энтобактерин, дендробациллин, битоксибациллин, инсектин, боверин) алынады. Биологиялық препараттардың құндылығы - олар химиялық препараттармен салыстырғанда, қоршаған ортаға ешбір зиянын тигізбейді[9] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz