Алаш арыстарының әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі рухани жаңғырудағы маңызы



Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Алаш арыстарының әдеби және ғылыми мұрасының
қазіргі рухани жаңғырудағы маңызы

Такей Бекарыс,
Жезқазған Бизнес және көлік колледжі,
Жезқазған қаласы, Қазақстан Республикасы.

Жоспар: 1.Алаш немесе Алаш партиясының қалыптасуы 2.Алаш партиясының қазіргі кездегі маңызы 3.Алаш партиясының мүшелері және әдеби мұрасы
4.Қарқаралыдағы петиция
5.Алашқа айбын болған Арыстар

1.Халқымыздың тарихы ұшан-теңіз екеніне Тәуелсіз ел болғаннан бері көз жеткізіп келеміз. Небір тың деректерді, ел болашағына көз жіберген дара даналарды танып, біліп отырмыз. Алаш қозғалысы, Алаш партиясы, Алашорда үкіметі, Алаш идеясы бүгінгі таңда қазақ тарихының күрделі әрі көкейкесті мәселелері болып табылады. Жоғарыда аталған күні кешеге дейін лайықты бағасын ала алмай келген ұғымдар қазақ қоғамындағы ұлттық оянудың, ұлттық сана қалыптасуының бір көрсеткіші. Алаш партиясын құру мен Алашорда үкіметін қалыптастыру жолындағы жанқиярлық еңбегі нәтижесінде Алаш арыстары ардақты есімін иеленген зиялы қауым тарих сахнасына көтерілді. Алаш саяси партиясының 100 жылдығына орай шығарылып отырған библиографиялық көрсеткіште елім, жерім деп арыстандай айбаттанып, Оян, қазақ! деп үн қатқан Алаш азаматтары, ардақты зиялыларымыз кешегі қызыл империяның қанды тырнағына ілінген азаматтарымыздың ерен ерлігі насихатталған. Библиографиялық көрсеткіш Алаш қозғалысы: Аңыз және Ақиқат, Алаш партиясы, Алаш партиясы съезінің каулысы Алашқа айбын болған арыстар, Алаш арыстары және әдебиет атты бөлімдерден тұрады. Библиографиялық көрсеткіштің Алаш қозғалысы: Ақиқат және Аңыз бөлімінде Алаш партиясының құрылуы, мақсаты және қызметі жайында мәлімет берілсе, Алаш партиясы Алаш партиясы съезінің каулысы бөлімінде бірінші Жалпықазақ съезінде Алаш атты партия құрылып, бұл съезде қаралған басты мәселелерді айқындайды. Алашқа айбын болған арыстар бөлімінде азаттық үшін, ұлт еркіндігі үшін күрескен Алаш зиялылары ұлт-азаттық қозғалысқа жаңаша сипат беріп, саяси күрес түрін, күшін қалыптастырғандығы туралы айтылып, алаш ардақтылары туралы жазылған әдебиеттер мен мерзімді баспасөз бетінде жарияланған мақалалар тізімі енгізілген. Алаш арыстары және әдебиет бөлімінде Алаш қайраткерлерінің әдеби шығармалар арқылы қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген, жаңа өлеңдік форма мысал арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен жазылған Алаш қайраткерлерінің шығармашылықтары жайында мағлұматтар берілген. Көрсеткіштің соңғы бөлімінде Есімдер көрсеткіші берілген. Библиографиялық көрсеткіш тарихшыларға, ғылыми қызметкерлерге, оқытушылар мен студенттерге ел тарихын білгісі келетін барша оқырман қауымға арналған.
2.Алаш арыстары әдеби және ғылыми мұрасының қазіргі кезде үлкен маңызы бар.Олардың еңбектері 1917 жыл Алаш қозғалыста қазақ халқының үлкен мәселердің бірі олар: Мемлекеттік басқару формасы. Автономия құру мәселесі. Жер мәселесі. Халық милициясы. Жергілікті басқару. Оқу мәселесі. Сот мәселесі. Дін мәселесі. Әйел мәселесі. Бүкілресейлік Құрылтай сайлауына дайындық. Россия мұсылмандарының кеңесі (шураислам). Қазақ саяси партиясын құру. Жетісу облысындағы оқиғалар. Киев шаһарында болған Россия Федералистерінің съезіне және Петроградта болатын оқу комиссиясына қазақтардан өкіл жіберу.Осы мәселері 19 ғасырда біздің алаш арыстарымыз аумақта котерді.Осы мәселерге тоқталсақ 1917жылы 21-ші қарашада сол жылдары танымал газетің бірі ҚАЗАҚ газетіңде тоқталды, ҚАЗАҚ газетінің басшысы Ахмет Байтұрсынов алаш арыстарының бірі сол газетке басылып шығып,сол мәселер туралы съезі өткізіледі.Оған толық тоқталсақ:І. Мемлекеттік қалпы. Бұл бапта мемлекеттік құрылыс мәселесінде Россияның терезесі тең мемлекеттердің Федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект өзінің егемендік құқы бар болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда ынтымағы бір болуын талап етті. ІІ. Жергілікті бостандық деп аталған Алаш программасы жобасының екінші бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші - Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерлерге иелік етеді және тең құқықты Федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады; екінші - өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпыадамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділетке жақ, зорлыққа қас болады. ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыртуға еркіншілік. IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен айырылуы болуы. Дін біткенге тең құқық. Дін ұстауға ерік, кіру-шығу жағына бостандық.V. Билік және сот. Билік және сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би һәм судья жергілікті жұрттың тілін білу... Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болу.VI. Ел қорғау. Әскер жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету. VII. Салық мәселесі. Хал-ауқат, табысқа қарай: байға байша, кедейге кедейше ғаділ жолмен таратылу.VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон пансында болу.IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу орындарының есігі кімге болса да ашық, ақысыз болуы.X. Жер мәселесі. Жерге бірінші кезекте түпкілікті халық ие болады. Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Бұл кезең қазақ халқының бір тұтас ұлттық-территориялық мемлекет болып аз да болса өмір сүрген тарихи уақыты болып саналады. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы программа жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезі сайлауында Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 жылғы 5-12 желтоқсанда Орынбор қаласында өткен Бүкілқазақстандық екінші съезде қазақ халқының әртүрлі әлеуметтік топтары өкілдерінің бірігіуіне саяси негіз жасады. Осы Алаш арыстарының басты мақсаттары болды,олар қазіргі рухани жаңғыруға жатқыза аламыз. Алаш партиясының басты мақсаты - қазақ еліне өзін-өзі басқару мүмкіндігін беретін мемлекеттік жүйе құру, яғни оның ұлттық мемлекеттікке құқы бар екендігін метрополияға мойындату, ал түбінде дербес мемлекеттікке қол жеткізу, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударушылар толқынын тоқтату, әлемдік озық тәжірибеге сүйене отырып қазақ қоғамы жаңа өмір сұранысына сай өзгерту (модернизация), демократиялық принциптерді қадір тұтумен бір мезгілде, әсіресе, білім мен ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қалған ұлттар диаспора
Абайтану ғылымын зерттеушілер
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында
Әлихан Бөкейхановтың өмірбаяны
Ыбырай Алтынсариннің шығармашылықтарындағы халықтық идеяның окушы жастарға ұлттық тәрбие берудегі тағылымы
Ж.Аймаутов - әдебиет сыншысы
М.Әуезов қазақ әдебиетінде драматургия жанрының негізін салушы
Жүсіпбек Аймауытов - әдебиет сыншысы жайлы ақпарат
Ұлы Абай шығармашылығын танытудағы Алаш қайраткерлерінің еңбегі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай мен оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері
Пәндер