Алаш партиясы және Алашорда үкіметі


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Алаш партиясы және Алашорда үкіметі

Көшербаева Тамирис,

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі,

Жезқазған қаласы, Қазақстан Республикасы.

Жоспары:

Кіріспе

Негізгі бөлім

1. Алаш қозғалысының бастау көздері

2. Монархияның құлауы және өлкедегі саяси жағдайы

3. Қоғамдық-саяси өмірдің жандануы және облыстық қазақ съездері

4. Алаш партиясының құрылуы

5. Алаш және Совет өкіметінің орнауы

6. Алаш партиясының бағдарламасы

Қорытынды

Алаш қозғалысы тарихы 60жылдан астам ресми өкімет тарапынан тыйым салынған тарихымыздын “Ақтаңдақ беттері“ болып келгендіктен оны зерттеушілер соңғы 3-4 жылда Алаш пен Алашордаға жаңа көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік алды. Алаш немесе алашорда қозғалысы бірнеше құрамдас бөлімдерден тұратын күрделі ұғым. Олар, біріншіден. Саяси партия ретіндегі Алаш, екіншіден, мемлекеттік құрылым түріндегі алаш автономиясы, үшіншіден осы автономияны басқаруға тиісті болған Алашорда үкіметі туралы мәселелер.

1. XX ғасырдың басында қазақстан Россия империясының капитализмге дейінгі өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы-отарлық өлкесі болды. Қазақ халқының басым көпшілігі патша үкіметінің отарлау саясатының қасіретін, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын көтерді. Сонымен қатар, экономикасы мен жер байлығына қол сұға бастады. Патша үкіметі қазақ халқына ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап, шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-қазақ әскерлерін орыналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын мақсаттар үшін тартып алып отырды. Отарлаушылар қазақ халқының жері мен оның табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне иелік етіп, қана қойған жок, олар қазақтарды рухани жағынанда отарлады: халықты тілінен, дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағытында қатыгездікпен ойластырған шараларды жүзеге асырды.

ХХІ ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс кезі алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпы ұлттық мақсат-міндеттерді ұлттық тең құқылық халықтың мәдениетін көтеру, оқу ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру мәселесін қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш зиялылары жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістің басты мақсатты ұлттық және саяси тәуелсіздікке жету еді. Оның негізгі қозғаушы күші қазақ ауылының еңбекші шаруалары болды, оған ішінара жаңадан қалыптасып келе жатқан ұлттық жұмысшы табының өкілдері мен қолөнершілері қатынасты. Әр жерде басталған толқулар көп кешікпей қару күшімен басылды да реквизиция жүзеге асырылып майданның қара жұмысына адамдар жіберілді.

Көтерлісшіл халықты да, оның зиялы қауым өкілдерінде келе жатқан 1917 жылдың қос төңкерісі мен оларға жалғасқан азамат соғысының “тар жол, тайғақ кешу” кезеңі кұтіп тұрды.

2. Монархияның құлауы және өлкедегі саяси жағдай

Қазақстанға капиталистік қатынастардың ене бастауы өлкеде өндіріс орындарының, темір жолдардың пайда болуына және қазақ жұмысшы табының қалыптасуына негіз болды. Елдегі соғыс монархияның күйреуін тездетті, ал мұның өзі жаңа жағдайда саяси күреске араласа бастаған ұйымдар мен партиялар төмендегідей маңызды қорытындылар жасауға міндетті еді:

1. Соғысты жалғастыратын үкімет тез арада халықтық қолдаудан айырылады;

2. Шаруалардың мүдесімен санаспайтын үкімет халықтың басым көпшілігін, демек армиянында өзіне қарсы қояды;

3. Экономика тығырыққа тіреліп тұрған жағдайда мемлекеттің мүмкіндігінен артық шығынға бармауы керек;

4. Көпұлтты мемлекетте шиеленіскен ұлттық-аграрлық мәселелерді шешуді кейінге қалдыруға болмайды;

5. Соғыс тек қана жұмысшылар мен шаруалардың әлеуметтік-экономикалық күрт төмендетіп қойған жоқ, сонымен бірге интеллегенция мен дворяндықтың жағдайында айтарлықтай нашарлатты; соғыс ел экономикасының негізін-шаруалар шаруашылықтарын ауыр жағдайға душар етті және осының нәтижесінде азық-түлік дағдарысын шиеленістірді.

3. Қоғамдық-саяси өмірдің жандануы және облыстық қазақ съездері1917 жылғы көктем мен жаз айлары қазақ қауымының қоғамдық-саяси өмірінің барынша жанданған кезеңі болды. Ол бірнеше бағытта: халық өкілдерінің Ақпан революциясынан кейін мемлекеттік құрылысқа әлеуметтік-экономикалық реформалар бағдарламаларын жасау және елдің саяси өміріне араласу бағыттарында көрініс тапты.

М. Тынышбаев пен М. Шоқайұлы уақытша үкіметтің Түркістан комитеті құрылып, өз қызметін бастаған алғашқы кезеңде бүкіл Түркістан өлкесіндегі барлық басқару жүйесін жолға қойып, оны үйлестіру ісімен тікелей шұғылданды. Ә. Бөкейхановтың тікелей бастамасы мен 1917 жылдың көктемінде шақырылған ауылдық, селолық, болыстық және уездік азаматтық комитеттер өкілдерінің съезі Торғай болысындағы аса маңызды оқиға болды. Оған құрылтай съезі деген дәреже - «статус» беру патшалық басқару жүйесінен демократиялық қоғамдық құрылысқа көшудің заңды құбылыс екендігін көрсету мақсатында туған еді. Атап айтқанда съездің күн тәртібі 14 мәселеден тұрады:

1. Жер-жерлеріндегі азаматтық комитеттер.

2. Жалпы қазақтың және мұсылмандық съездер.

3. Мемлекеттік басқару формалары және құрылтай жиналысы.

4. Дін басқарма.

5. Халыққа білім беру.

6. Аграрлық мәселе.

7. Сот.

8. Земство.

9. Баспасөз.

10. Почта…

11. Қоғамдық қаражат.

12. Уездік бастықтар мен зиянды чиновниктер.

13. Соғысқа қөз қарас

14. Қазақтарды тыл жұмысына шақыруға байланысты Торғай облысында болған оқиғалар.

Съезд өз жұмысының соңында 1916 жылғы Торғай облысындағы тылдың қара жұмысына адамдар алуда Торғай облысындағы және ұлт-азаттық көтерілісті басып-жаншуда орын алған заңсыздық пен қатыгездікті тексеріп, айыптыларды жазалау үшін ерекше тергеу комиссиясын құруды Уақытша үкіметтен талап етті.

4. 1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалыс жетекшілерінің Уақытша өкіметке деген сенімі әлсіреді. Ә. Бөкейханов «Қазақ» газетінің 1917 жылғы 23желтоқсандағы 256-санында жарияланған «Мен кадет партиясынан неге шықтым?» деген ашық хатында кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт автономиясын тікпек болдық. Мен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім. Мен мұны июлдегі жалпы қазақ съезінде айтқан едім.

Зиялылардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда социалистік идеологияны таптық принциптерге негізделген күрес бағдарламасын қабылдаған жоқ, өйткені Алаш партиясы қайраткерлерінің пікірінше сол кездегі қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да, олар өз күресін жалпыұлттық мүддеге негізделген “қазақ халқын отарлық езгіден құтқару үшін” деген ұранның астында топтастыруға бағыт алды. Бұл бағытты жүзеге асырудың басты құралы-бірінші жалпықазақтық съезде дүниеге келген Алаш партиясы болу керек деп түсінді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпан төңкерісі
Алашорда үкіметінің құрылуы
XXғ басындағы саяси партиялар, Алаш партиясы, "үш жүз" социалистік партиясы
Алаш қозғалысының бастау көздері
Алаш қозғалысының бастау көздері және Алаш партиясының бағдарламасы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
Алаш партиясының саяси көзқарасы
Алаш қозғалысының ұлттық идеясы
XIX ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫ ЖӘНЕ XX ҒАСЫРДЫҢБАСЫНДАҒЫ КАЗАҚСТАНДАҒЬІ ӘКІМШШК ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
Алаш зиялыларына қарсылық
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz