Бүгінгі Алаш қайраткері - Мәкен Төрегелдин туралы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бүгінгі Алаш қайраткері - Мәкен Төрегелдин туралы

Ерсін Башар Болатұлы,

Жезқазған Бизнес және көлік колледжі,

Жезқазған қаласы, Қазақстан Республикасы.

  1. Алаш ардақтысы- Мәкен Төрегелдиннің тағылымды өмір жолы
  2. Мәкен Төрегелдин-алғаш қазығын қаққан аудан орталығы.
  3. Мәкен Төрегелдин-тау-кен балқыту ісі тарихы музейінің негізін қалаушы

C:\Users\Admin\Desktop\Ерсін\директор 006.jpg 1. Төрегелдин Мәкен - 1923 жылы 9 мамыр Қарсақбай ауданы Бәреке қыстағында дүниеге келді. 1938 жылы Мәкен Төрегелдиннің әкесі- Төрегелді Құлажанов қайтыс болды. Уйде жұмыс істейтін жан болмағандықтан, 16 жасында яғни 1939 жылы Қарсақбай мыс зауытының бас геологы Қ. И Сәтпаевқа жолыққан. Қ. И. Сатпаев М. Төрегелдиннің жағдайын түсініп оған барынша қолдау көрсетіп, 16 жасар Мәкеннің оқуын қадағалап, жазда коллекторлармен полигонға геолог маманы ретінде, ал қыста лаборант маманы ретінде тәлім-тәрбиесінен өткізген. Бұл жылдары Қарсақбай - Жезқазған тау-кен өнеркәсібі және құрылыстың ауқымды индустриялдық орталығы болды. [9 б. ] «Ғибратты ғұмыр» құрастырушы Қазанбаева Зейпін.

Ұлы Отан соғысы жылдары осы қара шаңырақ Қарсакбайда алғашқы мыс қорыту зауыты ағылшындардың ықпалымен жұмыс атқарған болатын.

М. Төрегелдин 1942 жылы 19 жасында еріктілер қатарында майданға аттанып, от пен оққа оранған Сталинградтан сонау қарлы Альпі тауларына дейінгі ауыр да қаһарлы, жеңісті жорық жолынан өтті.

1942 жылы Әскери-химиялық училище бітірген соң, 19 жасар Мәкен Төрегелдин Ұлы Отан соғысында Сталинград түбінде, генерал Чуйковтың 107-ші огнеметшілер бөлімшесінде командир болды. Кейін 3-Украиналық Фронттың 23-ші огнеметшілер бөлімшесінің командирі болды.

1946 жылы соғыстан кейін елге оралып, Қарсақбайдағы №3 мектепте әскери тәрбие жөніндегі жетекшісі ретінде өз еңбек жолын жалғастырды. Соғыстан кейінгі жылдары қан майданнан кем болған жоқ. М. Төрегельдин мектеп мұғалімінен аудандық партия комитетінің бірінші хатшылығына дейін көтеріліп, ел үшін атқарған еңбегінен лайықты абыройға бөленді:

  • 1948 наурыз-1952 маусымын аралығында Жезқазған аудандық депутаттар кеңесінің хатшысы;
  • 1952 шілде-1955 наурыз - Свердлов «Уралчерметразведка» геологиялық-барлау экспедициясының директор орынбасары
  • 1955 наурыз-1956 қараша - Жезқазған аудандық жоспарлы комиссиясының өкіл
  • 1956 қараша-1962 наурыз - Жезқазған ауданыдық депутаттар кеңес өкілінің бірінші орынбасары
  • 1962 наурыз-1968 қараша - Жезді ауданаралық аумақтық-өндірістік ауыл шаруашылығы басқармасының бірінші орынбасары
  • 1968 желтоқсан- 1970 ақпан - Жетіқоңырдағы қой шаруашылығының директор
  • 1970 наурыз-1985 қараша - Қазақстан Компартиясының Жезді Райкомының 1-ші орынбасары
  • 1986-1988 - Жезқазған облысының ғылыми зерттеу Жезді тарихи-аумақтық бөлімшесінің меңгерушісі

1989- Облыстық тау кен және балқыту ісі тарихы мұражайының директоры. [Музей мұрағатынан. ]

C:\Users\Admin\Desktop\Image.jpg 2. Мәкен Төрегелдин - кеңестік және егемендік дәуірдің, ерекше тағдырдың адамы, қайраткер және қалам иесі. Егер М. Төрегелдиннің өз жазбасына сүйенер болсам, «Кадрлар - алтын қорымыз» атты кітабында совхоздар құрылған 1957 жылдан бергі аудан ауылшаруашылық өндірісіне талдау жасайды. Мысалы, алғашқы 13 жылда, яғни 1957-1969 жылдары мемлекетке 40472 тонна ет тапсырса, М. Төрегелдин аудан партия ұйымын басқарған 1970-1980 жылдары 67044 тонна ет дайындаған. Былайша айтқанда, бірінші 13жылда сатылған еттің орташа жылдық көлемі 3113 тонна болса, одан кейінгі жылдардың орташа жылдық көлемі 5157 тоннаға жеткізілген. Немесе мал өнімдерін тапсырудың орташа жылдық өсімі еттен 65, жүннен 39 пайыз болды. Осы мерзімде мал басы қойдан - 2, 7, саулық - 3, 8, бие - 3 есе көбейді. Сол жылдарда бұрынғы Жезқазған облысында алынған қозының 21, құлынның 23, жүннің 21, қой етінің 25 пайызы Жезді ауданының үлесіне тиетін.

Аға шопандар туралы баяндарынан ерекше құрмет, жылылық, сыйластық лебі еседі. «Сарысу» асыл тұқымды қой зауыдының аға шопаны, қос орденді Жетпіс Жауқасыновтың, Сәтпаев совхозының аға шопаны, қой бағу ісінің патриархы Мейрам Жақаевтың, «Жетіқоңыр» совхозының аға шопаны Орзанбай Қыдырпатшаевтың озат тәжірбие мектептерінің қыры сыры жоғары біліктілікпен тамаша ашылған. Ауданға танымал аға шопандар Т. Алтайбековтың «Сөз бен істің арасы неге алшақ?», Уәлішер Танымбаевтың «Шопан намысын қорғай білейік» атты мақалалары аупарткомның бірінші хатшысының көңілінен шыққаны көрініп тұр.

Шопандар қауымының талқысына түскен, үлкен кешенді іске қозғау болған, дала академиктер дуалы аузынан шыққан ой-толғамдарын, ақыл-кеңестерін әріптестері құп алған.

Мал санының көбеюі күрделі мәселелерді шешуді алға қойды. Аудан шаруашылықтарының табиғи пішінге сұранысы 180 мың тоннадан асып түсті. Ал, ауа райы қолайлы жағдайда 130 мың пішен дайындалатын, қуаңшылықта төрт түлік мал небәрі 65 мың тонна шөпке қарап қалатын. Таяудағы жылдары кемінде 3 млн. гектар жайылымды шұғыл суландыру күн тәртібінде тұрды.

«Су қорына байланыста ауданда гидрогеологиялық барлау баяу жүргізілуде. Мемлекеттің шығарған күрделі қаржылары күткендей нәтиже бермей жүр. Мынаны айтсақ та жеткілікті болар. Соңғы 7 жылда (1957-1964) 500 шахта құдықтары бұрғыланса, оның 50-нің суы ащы, тұзы көп. 200-нен су шықпайды, енді қалғанының суы жылап шығады, мал түгіл тіс шаюға жетпейді. », - дейді бір жазбасында және осы тығырықтан шығу жолы тағы бір жазбасы арқылы өрбиді. «Жеке мұрағатымда «Жезді ауданының суландырудың стратегиялық жоспары» - деп тақырып қойылған, жиектері жырым-жырым, қызыл, қара, қоңыр қарындаштарымен талай өшіріліп, қайта жазылған карта - кітапшам бар» - дейді. Оған себепші болған оқиғаны айтады: 1948-1949 тышқан жылының қатал қысында шаруашылықтардың шөбі таусылып, мал жұтады. Бірде Сарысу бойындағы сол уақыттағы «Бірлестік» колхозының елді мекендерін аралап келіп, Түйемойнақты қыстап отырған Социалистік Еңбек Ері, шопан Керімбек Тұржанбаевтың үйіне қонған түні, осы елдің ақылшы ағасы Ілияс Қожарбаев ақсақал маңызды әңгіме айтты.

-Макен шырағым, мына өзен бойындағы қызыл үй - Данияр ақсақалдың үйі. Сол үйдің іргесінен шығысқа қарай бөгеп, тасқын суды шалқытса, бұл ел шабындық астында қалар еді, - деп ақсақал үлкен іс бастауына бағыт берді.

Жаңашыл, ойы озық, білімді зоотехник шөл және жартылай шөлейт аймақты суландырудың бағыттары мен іс- әрекеттерін ойластырып, Жезді өңіріне пайдалысын електен өткізуге мол септігін тигізді. Мәскеуден, Ашхабадтан, Алматыдан кітапханааралық обонементтік тапсырыспен ғылыми қалың кітаптарды, журналдарды, хабаршыларды алдырып парақтап, ел аузындағы аңыздан белгілі оазистерді, құм көмген құдықтарды, бұлақтарды, өзең аңғарларындағы суын байлап, лиман жасауға болатын өңірлерді есепке алып отырған.

Олар зерттеушілер, жобалаушылар үшін балаға шайнап берген тамақтай, қылғыта салатын дайын полуфабрикаттар болатын.

Бірақ, гидрогеологиялық зерттеудің, жобалық- сметалық құжаттардың дайын болмауы аяққа тұсау болып келген еді. «Су шаруашылығы және ауыл шаруашылығы министтрліктері Жезді аудаңының мал азығы қорын нығайтуға керекті шараларды іске асыруға тиісті болатын. Бірақ, қос министрлік белгіленген жұмыстарды атқаруды кешеуілдетіп отыр» - деп М. Төрегелдин дабыл қаққан болатын. Ол Іле «Шөл», «Қарқын қосу керек», «Сулы жерді пайдаланайық» деген тақырыптармен мақалалар басты.

Гидрогеолоктар, геодизистер, жобалаушылар белгіленген нүктелер бойынша іздестіру жұмыстарын жүргізді. Өткен ғасырдың 70 жылдары күрделі қаржы керегінше және бөгетсіз бөлінген. Сарысу, Қоскөл, Дұлығалы бойында қатпар-қатпар тоспалар жасалды. Аудан бойынша 40-50 Га лимандар іске қосылған болатын, одан 100-150мың тоннаға дейін мал азығын дайындау мүмкіндігі туды. 108 артезиан құдығы, мыңға жуық тереңдігі 30 метрге дейін шыңырау құдықтары қазылды, 3 миллион гектардан астам жайылымдықтар суландырылды. Аудан экономикасының негізгі саласы мал шаруашылығы, оның ішінде қой шаруашылығы ырғақты даму жолына түсті.

Адам баласының өндірістік қызметін мәдениеттен бөліп алуға болмайды. Аудан басшысы ретінде мәдениет, білім және әлеуметтік салалар да өзіндік қосқан үлесін айтар болсақ, таңды атыруға болады.

М. Төрегелдин туған қазақ халқын ардақ тұтты, осынша байтақ даланы қолында ұстаған бабаларымыз осал еместігін дәлелдеді. Олардың ұшқыр ойы, энергиясы, бауырмал қасиеттері бүгінгі жастарымыздың жүрегін билеп, тамырында бүлкілдей жүгірер деп сенді. Осындай жеңімпаз ұрпақ тәуелсіз Қазақстанда ертең-ақ әлемдегі өркениеттің алдыңғы қатарына апаратынына сенді.

М. Төрегелдин өзінің соңғы мақаласында облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде: «Бақытты ер жігіттің ел ішінде» деген тақырып қоюы тегін емес қой. Шынында да, туған жері үшін биік рухтың иегері, ауданының қалыптасуына алғаш туын тіккен ардақты азамат ретінде қаншама ұрпаққа үлгі тұтар тұлға болды. [230-238 бет] «Ғибратты ғұмыр» құрастырушы Қазанбаева Зейпін.

3. Мұражай - көненің көзіндей, өткеннің өзіндей болған жәдігерлерді жинақтап, оларды келешекке сақтап жеткізетін мәдениет ошағы әрі ұлы даланың тарихи дүбірлі оқиғаларынан, сәулет тарихи-мәдени ескерткіштерінің рухани бай мұраларынан сыр шертеді, сөйтіп біздің бүгінгі жас жеткіншектерді тәрбиелеуге қызмет етеді.

C:\Users\Admin\Desktop\Ерсін\0018.jpg Қазіргі Алаш ардақтысы яғни арқа жеріндегі кейбіреулер үшін беймәлім М. Төрегелдин есімін тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайымен қаншалықты байланысты екендігіне тоқталғым келіп отыр.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасының өміршеңдігіне мен «Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді тау-кен және балқыту ісі тарихы музейінің» көрмесін тамашалағанда тереңірек көз жеткізуге болатындығын баса айтқым келеді. Неге дейсіз ғой?

C:\Users\Admin\Desktop\Ерсін\президент.jpg 1994 жылы 3-ші қарашада сол кездегі Жезқазған облысының Жезді кентіне Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назар­баевтың арнайы келіп, осында орналасқан ТМД елдерінде теңдесі жоқ Тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайын аралаған. Президентіміз осы сапарында көне замандардағы бабалар әдісімен тұңғыш рет балқыма алу рәсіміне қатысты. Қаты­сып қана қойған жоқ, көне балқыту пешінде әбден бабына келіп балқыған қорытпадан өз қолымен балқыма құйды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың әдеби ортасы мен ақындық мектебі
Тарихи археологиялық музей қорларын жинақтау тәртібі
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Мәриям Хакімжанова
Абай және оның шәкірттері
М.Әуезов өмірінің шығармашылығына әсері
Көкшетау өңірінен шыққан ұлт зиялыларының өкілдері
С. Негимов фольклортанушы
Әсет Найманбайұлы «Бақтиярдың қырық бұтағы» циклдік топтамасының жанрлық ерекшеліктері жайлы
Қазақ интеллигенциясының қалыптасу ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz