ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 108 бет
Таңдаулыға:   

МАГИСТРЛІК ДИССЕРТАЦИЯ

ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-тарау. Ежелгі дәуірдегі Қазақстан аумағында мемлекеттіліктің қалыптасу мәселелері

1. 1 Мемлекет ұғымы және ерте замандағы мемлекет қызметінің тарихи ерекшелігі . . .

1. 2 Сақ, ғұн дәуіріндегі мемлекетіліктің қалыптасуы мен дамуы . . . 13

2-тарау. Түркі дәуіріндегі мемлекеттіліктің даму мәселелері

2. 1 Ежелгі түрік қоғамының мемлекеттік ұйымының қалыптасуы . . . 32

2. 2 Түркі дәуіріндегі мемлекеттік басқару формалары мен әкімшілік бөлінісінің ерекшелігі . . .

3-тарау. ХІІІ-ХҮ ғғ. мемлекттіліктің даму мәселелері

3. 1 Моңғол шапқыншылығының қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің дамуына ықпалы . . .

3. 2 ХV ғасырдың ортасындағы тарихи оқиғалар және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының аяқталуы

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 47

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ . . . 84

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі күні халықаралық саяси аренада еліміздің егемен ел ретінде танылуының тарихи тамыры тереңде. Тарихтың түрлі кезеңінде еліміздің кең байтақ жеріндегі бабаларымыздың жеке шаңырақ көтеріп, егемен де тәуелсіз мемлекет болуға тырысушылығы қазіргі күні толығымен жүзеге асқан тарихи оқиға болып отыр. Дегенмен қазіргі таңда әлемнің өркениетті елдері қатарынан көрінген еліміздің саясат пен экономика және әлеуметтік саладағы қол жеткізген зор табыстарының тарихи тамырларын ғылыми тұрғыдан негіздеу басты мәселе болып отыр. Мұндағы назар аударарлық басты жайт - қазіргі Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің қалыптаса бастауы мен даму мәселесі болып табылады.

Еліміз егемендік алғаннан бері коммунисттік идеология және большевиктердің қатаң бақылауында болып келген тарих ғылымы мен тарихи үдерістердегі негізгі оқиғаларға қатысты тың көзқарастар қалыптасып, ғылыми жұмыстар барынша шынайылыққа жақындай түсті. Нәтижесінде тарихымыздың ақтаңдақ мәселелері өз зерттеушілерін тауып, шешімін тапқаны белгілі. Дегенмен бұл тарихымыздың өзекті мәселелерінің зерттеліп біткендігі туралы қате түсінік қалыптастырмауы тиіс. Өйткені әлі де болса обьективті зерттеуді талап етіп отырған мәселелер жетерлік. Солардың бірі - біздің зерттеу жұмысымызға негіз болып отыр.

Бүгінгі заман талаптары мен жаһандану үдерісінің ерекшеліктері ұлттық тарихқа деген сұранысты арттыратыны сөзсіз. Ал ұлттың ұлт болып сақталып қалу мәселесі өзекті болып тұрған кезеңде, қазақ ұлтының мемлекетілігіне күмән келтіретін де пікірлер жоқ емес. Бұл өз кезегінде қарастырып отырған мәселеміздің өзектілігінің бір белгісі болып табылады. Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму мәселесінің өзектілігі әсіресе жаһандану заманында артып отырғаны да белгілі. Бүтіндей ұлттың жоғалуына алып келетін бұл үдеріске қарсы тұратын ұлттық идеология десек, ұлттық идеологияның негізі ұлттық тарих болып табылады. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бұл жылы да біз өткенде жинақталған тәжірибені ескере отырып, тұғырдан тайса да санадан әлі сырыла қоймаған тоталитаризм идеологиясын әшкерелеуді жалғастыра түсеміз. Тоталитаризмге ұлттық тарихтың қажеті жоқ. Ол ұлттың тарихи жадын жойып, мәңгүрттік психологияны орнықтыруға мүдделі. Өйткені, өткенін білмейтін халықтың өзіне сенімі болмайды. Ал қазақ елінің тарихы, ғылымы, мәдениеті өзінің жер асты байлықтарындай танымал ма. Олай дей алмаймыз. Осынау дүбірлі дүниеде өзімізді мойындатудың сенімді жолы - тағылымды тарихың, озық ғылымың, өрелі мәдениетің» - деген сөзі де ұлттық тарихымыздың мәртебесіне берілген баға [1, 7-8 бб. ] . Қазіргі таңда кеңестік дәуірде саналы түрде бұрмаланған ұлттық тарихымызды жаңа тұрғыдан зерттеліп, оған тиісті баға беріліп жатыр. Еліміздің тарихшы ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы қол жеткізген табыстары осыған дәлел. Дегенмен әлі де болса тың зерттеуді талап ететін мәселелердің қатарында Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму мәселесін атап өтуге болады.

Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму мәселесін айшықтауда Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты негіз болады. Сұхбат барысында қазіргі заманның ерекшеліктері мен ұлтымыздың бүгінгі көкейкесті мәселелерін тізбектеле келе, Елбасы «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, біртіндеп Тәуелсіздікке барып тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз» деп тұжырымдаған болатын [2, 6-7 б] . Демек Ұлытау төріндегі сұхбат Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының негізгі шынайы төрт кезеңін анықтап берді. Бұл біздің жұмысымыздың негізгі зерттеу бағытына айналды.

Зерттеу жұмысы барысында Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері ерте темір дәуіріндегі мемлекеттік құрылымдардан басталады. Сөзсіз өзіндік ерекшеліктері бар бұл мемлекеттердің құрылымдары мен қызметтерінің бүгінгі күнмен салыстырғанда өзіндік ерекшелікке ие болғаны анық. Зерттеу жұмысы барысында Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуының келесі кезеңдері түркі дәуірі және моңғол шапқыншылығы барынша ашылады. Сонымен қатар XV ғасырдың ортасындағы тарихи оқиғалардың Қазақ хандығының қалыптасуына тигізген әсеріне баға беріле отырып, Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму мәселесі тұжырымдалады. Ең бастысы осы күнге дейінгі зерттеу жұмыстарында Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері жекелеген оқиға ретінде қарастырылып келген болатын. Демек Қазақ хандығы құрылу тарихы баяндалғанымен, оның сақ, ғұн дәуірінен басталған саяси үдерістердің заңды жалғасы болғандығы ашыла бермейді. Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының негізгі үдерісін қорытындылаған Қазақ хандығы - XV ғасырда өздігінен пайда бола салған мемлекет емес. Ол ұзақ жылдар мен ғасырларды қамтыған күрделі даму нәтижесінде пайда болды. Демек көпшілік зерттеу жұмыстарында осы тарихи сабақтастық мәселесі көп ескеріле бермейді. Біздің жұмысымыздың басты ерекшелігі - Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы үдерісін тұтас бір құбылыс ретінде әрі мұрагерлік принципі тұрғысынан қарастыруымыз болып табылады.

Қарастырып отырған мәселеміздің әртүрлі кезеңдері Отандық тарих ғылымында едәуір зерттелді. Бірақ аталған мәселе әлі де болса кешенді зерттеуді талап ететіні сөзсіз. Қарастырып отырған мәселе өте күрделі болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Дегенмен Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы мәселесі заман талабына сай әр кезеңде өз зерттеушісін табады деген сенімдеміз.

Сонымен қарастырып отырған мәселеміз, яғни Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы мәселесі заман талаптарына сай қайта кешенді түрде қарастырылып, оның тарихи аспектісі ашыла бастады. Бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық, сонымен қатар методологиялық маңызы өте жоғары, өз зерттеушісін күтіп тұрған мәселе деген анық қорытынды жасаумызға болады. Бұл сөзсіз зерттеліп отырылған мәселесіміздің өзектілігінің анық дәлелі.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму үдерісі сонау сақ, ғұн дәуірінен бастау алатыны сөзсіз. Бұл тарихи үдерістің заңды қорытындысы XV ғасырдың орта шеніндегі Қазақ хандығының құрылуымен аяқталды. Мұндай бірнеше ғасырларға созылған тарихи үдеріс барысындағы өзекті мәселелер еліміздің және шет ел зерттеушілерінің ғылыми жұмыстарына арқау болғаны да рас. Бір атап өтетін жайт кез-келген зерттеуші осы тарихи үдерісті бір оқиғалар желісі немесе Қазақ хандығын сақ, ғұн дәуірінен басталған үдерістің қорытындысы ретінде мұрагерлік принцип бойынша емес, әр тарихи оқиғаны жеке қарастыру үрдісі тарихнамада берік орнаған. Сондықтан біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму үдерісін Қазақ хандығының құрылуына дейінгі аралықты өзара байланысты әрі бір-бірін толықтырушы фактор ретінде қарастырдық.

Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстары тек бір елдің, нақытырақ айтқанда Қазақстанның ғана ғалымдарының зерттеу нысаны болып қана емес, шет елдік тарихнамада да өзекті мәселеге айналды. Әсіресе орыс тіліндегі бірқатар құнды зерттеу жұмыстары жарық көрген болатын. Зерттеу жұмысы барысында Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен осы тарихи үдеріске қатысқан жекелеген мемлекеттердің тарихына қатысты отандық ғалымдардың теориялық және методолгиялық тұжырымдары басшылыққа алынып, зерттеу жұмысымыздың негізгі бағыты айқындалды [3] .

Зерттеу жұмысымызға қатысты жарық көрген ғылыми еңбектерді екі топқа бөліп қарастыруды жөн санадық. Оның біріншісі отандық зерттеушілердің, ал екіншісіне шетелдік ғалымдардың еңбектерін топтастырдық.

Әрине Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы мәселесіне қатысты Отандық тарихнамада бірқатар зерттеу жұмыстары бар. Әрине біздің зерттеу жұмысымыз осы үлкен үдерісті қамтығанымен, зерттеу жұмыстары жекелеген мәселеге арналды. Мысалы Кемал Ақышевтың «Курган Иссык. Искусство саков Казахстана» атты еңбегінде Қазақстан жеріндегі алғашқы мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы ашылса [4], Ә. Хасеновтың «Қазақ тарихының бес мың жылдық баяны» атты еңбегінде де жеріміздегі мемлекеттіліктің, нақтырақ айтқанда сақ, ғұн дәуіріндегі саяси үдерістер тарихы барынша ашылған [5] . Сонымен қатар Нығмет Мыңжанның «Қазақтың қысқаша тарихы» атты еңбегінде де қытай деректері негізінде Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің қалыптасу тарихы баяндалған[6] . Сонымен қатар ғұн мемлекеті тұсындағы Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің тарихы Қ. Жұмағұловтың «Каталаунская битва» атты зерттеу жұмысында барынша ашылады [7] . Ғұн мемлекетінің Қазақстан территориясындағы саясаи тарихы С. Өтениязовтың «Ғұн мұрасы» атты ғылыми-зерттеу жұмысында да барынша көрініс тапқан [8] . Қазақстан жеріндегі мемлекеттіліктің түркілік кезеңіндегі тарихы С. Сыздықовтың «Қарлық мемлекетінің тарихы» [9], Б. Е. Көмековтың «Государство кимаков IX-X вв. по арабским источником» [10], З. Қинаятұлы «Монғол үстіртін мекен еткен соңғы түркі тайпалары» [11] атты зерттеу жұмыстарын атап өтуімізге болады. Сонымен қатар зерттеу жұмысы барысында Ж. Қасымбаевтың «Государственные деятели казахских ханств XVIII- первой половины XIX вв» [12], М. Х. Абусеитованың «Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв: история, политика, дипломатия» [13], К. А. Пищулинаның «Юго-восточный Казахстан в середине XIV- начале XVI вв» [14] және жалпы Қазақ хандығының құрылуына қатысты жарық көрген Б. Б. Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы» атты іргелі еңбегі зерттеу жұмысы барысында барынша пайдаланылды [15] . Әрине Қазақстан территориясындағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы мәселесіне қатысты отандық өзге де зерттеушілердің еңбектері зерттеу жұмысымыз барысында барынша пайдаланылды.

Мәселеге қатысты зерттеу жұмыстарының үлкен бөлігі шетелдік ғалымдардың еңбектері құрап отыр. Әрине әр еңбек пайда болу уақытысына қарай өзіндік құндылықтарға ие. Мысалы Кеңестік билік жылдарында жарық көрген ғылыми жұмыстар белгілі бір идеологияның шеңберінде ғана жызылғанымен, құндылығы өте жоғары деп айтуға толық негіз бар. Олардың қатарында Н. Я. Бичуриннің «Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азии в древние времена» [16], Н. В. Кюнердің «Китайские известия о народах южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока» [17], И. В. Пьянковтың «Саки (Содержание понятия) » [18], С. И. Руденконың «Горно Алтайские находки и скифы» [19], М. А. Дандамаевтың «Политическая история Ахеменидской державы» [20], Л. Н. Гумилевтың «История народа хунну [21], В. С. Таскинның «Материалы по истории сюнну (по китайским источникам) » [22, ] В. В. Бартольдтың «Древнетюркские надписи и арабские источники» [23], А. И. Левшинның «Описание киргиз- казацких, или киргиз - казачьих, орд и степей» [24], В. П. Юдин мен Б. А. Ахмедов «Государство кочевых узбеков» [25], В. В. Трепавлов «Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в» [26], Э. Хара-Даванның «Чингис-хан как полководец и его наследие» [27], Г. А. Федоров-Давыдов «Общественный строй Золотой Орды» [28], Б. Д. Греков пен А. Ю. Якубовскийдың «Золотая Орда и ее падение» [29] атты еңбектерді мәселемізді барынша ашу үшін пайдаландық.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Мәселенің бүгінгі таңдағы маңыздылығы мен оның жаһандану заманындағы өзектілігін ескере келе, нақты тарихи деректер мен мәселеге қатысты жарық көрген еңбектер мен зерттеу жұмыстарын пайдалана отырып, Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін анықтау және осы үдерісті ғылыми негіздеу - зерттеу жұмысының басты мақсаты болып табылады. Магистрлік диссертациялық жұмысы өзінің алға қойған мақсатын шешуде төмендегідей міндеттер тобын анықтады:

  • мәселенің теориялық негізіне тоқталып, жалпы мемлекет ұғымын айшықтап, ерте замандағы мемлекеттердің өзіндік ерекшілігіне баға беру;
  • Қазақстанда мемлекеттіліктің пайда болуының сақ, ғұн дәуіріндегі көрінісін анықтау;
  • Ежелгі түрік қоғамының мемлекеттік ұйымының қалыптасуы үдерісін айқындау;
  • Түркі дәуіріндегі мемлекеттік басқару формалары мен әкімшілік бөлінісінің ерекшелігіне тоқталу;
  • Моңғол шапқыншылығының қазақ жеріндегі мемлекеттіліктің дамуына қосқан үлес салмағын анықтау;
  • ХV ғасырдың ортасындағы тарихи оқиғалар және қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуының аяқталуын ғылыми тұжырымдау;

Диссертацияның деректік негізі. Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуы мәселесіне қатысты әр түрлі тілдегі бірқатар деректердің тобы бар. Әрине мұндай деректердің үлкен тобы тілдік өзгешіліктеріне байланысты түрлі мазмұндық және мақсаттық ерекшеліктерге де ие. Сонымен қатар біздің зерттеу жұмысы барысында мәселенің теориялық негізі, яғни мемлекеттің пайда болуы мен жалпы қалыптасу тарихына қатысты да антикалық және өзге де тарихи кезеңдердегі авторлардың деректік құндылығы жоғары бір тобын арнайы қарастырған болатынбыз. Жалпы мәселеге қатысты деректердің мынандай үлкен топтарын бөліп, қарастырдық:

  • деректердің алғашқы тобына мәселенің теориялық негізін ашатын деректерді жатқызуға болады. Рас, мәселенің теориялық негізі әсіресе грек, антика дәуірінің авторларының еңбектерінде сақталған. Зерттеу жұмысы барысында пайдаланылған осындай деректердің қатарында Аристотельдің «Политика» [30], Платонның «Диалоги» [31], Г. Гроцийдің «О праве войны и мира» [32], Б. Спинозаның «Сочинения» [33], Т. Гоббс «Сочинения в двух томах» [34], Ш. Монтескьенің «Избранные сочинения» [35], Дж. Локктың «Сочинения в 3 томах» [36], И. Канттың «Сочинения» [37], әл-Фарабидің трактаттарын [38] атап өтуге болады. Аталмыш деректер тобында жалпы мемлекет ұғымы мен оның қалыптасуы және ең бастысы ерте мемлекеттердің ерекшеліктері барынша ашылған. Осы авторлардың еңбегі арқылы диссертациялық жұмысымыздың алғашқы тарауы, яғни мемлекеттердің пайда болуы мен ерте мемлекеттердің тарихи ерекшеліктерін ашуға тырыстық.
  • Мәселеге қатысты деректердің келесі тобын жекелеген адамдардың шығармалары құрап отыр. Бір ескеретін жайт, деректердің бұл тобы аса сақтықты қажет етеді. Өйткені, жекелеген авторлардың еңбегі олардың есте сақтау немесе ақпаратты талдай білу қабілетіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұндай деректерде қателесу мен өз жанынан қосылған ақпараттар да болуы ғажап емес. Дегенмен біздің мәселемізге қатысты деректердің үлкен тобы жекелеген авторлардың шығармалары болып табылады. Олардың қатарында, Геродоттың «История» [39], Страбонның «География» [40], Сыма Цянның «Исторические записки» [41], Қадырғали Жалайырдың «Шежірелер жинағы» [42], Рашид ад-Диннің «Джами ат-Таварих» [43], Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» [44] атты деректермен қатар, бірқатар ортағасырлық авторлардың шығармасының жинағы болып табылатын «Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды» [45], Материалы по истории казахского ханства XV-XVIII вв. (Извлечения из персидских и тюркских сочинении) [46] атты деректердің жиынтығы зерттеу жұмысы барысында барынша пайдаланылды. Жекелеген авторлардың тарихи шығармалары Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму үдерісінің жекелеген кезеңдері бойынша барынша пайдаландық. Сонымен қатар ортағасырлық авторлардың еңбектер жиынтығындағы тарихи шығармалар да мәселеміздің түрлі кезеңін ашу барысында пайдаланылды.
  • Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасу мәселесінің жекелеген кезеңдері сөзсіз археологиялық немесе құнды тарихи жәдігерлерде сақталған. Мысалы Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының алғашқы кезеңінендегі оқиғалар желісін Дарий І Бехистун жазбасынан біле аламыз [47] . Бұл әсіресе сақ дәуіріндегі мемлекеттілік мәселесін барынша ашып көрсетуге үлкен септігін тигізді. Сақтардың сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен олардың мемлекет ретінде қалыптаса алуының ерекшеліктерін көрсетіп бере отырып, сақтардың өзара бөлінуімен мемлекеттік құрылымынан да мағлұматтар береді. Сонымен қатар сақ патшаларының есімі де дәл осы тас жазбада да кездеседі. Сонымен қатар Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуының келесі кезеңін сөз жоқ Күлтегін мен Тоныкөктің жазба ескерткіштеріндегі мәліметтер арқылы тұжырымдауға болады [48] . Сөзсіз деректердің бұл тобы Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасу барысын ашудағы төл деректер болып табылады. Сондықтан да бұл деректер біз үшін аса құнды саналатыны да шындық. Осы руна жазуларында Қазақстан жерінде құрылған түркі қағанаттары мен қағандарының жүргізген саясаты мен қағанаттардың ыдырау себептері де барынша ашыла түскен.

Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шегі.

Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму мәселесі ұзақ мерзімді қамтиды. Диссертациялық жұмыстың хронологиялық шеңбері сақ, ғұн дәуірінен бастап ХV ғасырдың орта шеніндегі тарихи оқиғалар аралығын қамтиды. Осы мерзім ішіндегі Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен дамуындағы сақ, ғұн, түркі, Алтын Орда мен Қазақ хандығының құрылу тарихы толық ашылады. Ежелгі қазақ жеріндегі алғашқы мемлекет құру талпыныстары Қазақстан Республикасының құрылуы мен бүгінгі мемлекеттілігінің қалыптасуының басты себепкері ретінде қарастырыла келе, диссертациялық жұмыстың негізгі мәселелері толық талданады. Автор қарастырып отырған мәселенің, яғни Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуы мен даму мәселесінің Отан тарихындағы маңыздылығы мен оның болашқтағы маңыздылығына ерекше назар аударады. Осы мәселеге қатысты өз ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген авторлардың еңбегін көрсетіп, барынша талданады. Бұл ретте әр еңбектің жеке табиғатына мән бере отырып, зерттеу жұмысының пайда болған уақытымен де санасады.

Диссертациялық жұмыстың методологиялық негізі. Диссертациялық зерттеу жұмысының методологиялық негізі тарих ғылымына белгілі төмендегі теориялық принциптер құрап отыр. Олар: деректік эвристика, яғни қажетті деректерді табу мен барынша оларға сыртқы жәнеішкі сын жүргізіп, жалпы сипаттама жасау; үдерістер мен тарихи оқиғаларды зерттеуде шынайы бағалау мен нақтылық; жалпы ғылыми жұмысты ұйымдастырудағы жүйелілік пен логикалық үйлесімділікті сақтай отырып, тарихи оқиағлардың өзара байланыстылығына баға беру.

Диссертациялық жұмыс барысында мәселеге қатысты зерттеушілердің еңбектері және ондағы көтерілген тұжырымдық ой-пікірлер өткен және қазіргі кезеңдегі байланыстық мағына дәрежесінде сәтті пайдаланылды.

Диссертациялық зерттеу жұмысы барысында жалпы ғылымға белгілі бірқатар зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда жалпыдан жалқыға көшу принципін сақтай отырып, жұмыс барысында анализ, синтез, салыстыру және тағы да басқада әмбебап зерттеу әдістері қолданылды.

Ұсынылып отырған диссертация жұмысында жасалған ой-тұжырымдар мен қорытындылар Қазақстан тарихы бойынша курстық жұмыс жазу барысында, түрлі баяндамалар мен мектептегі жас ұрпақты ұлтжанджылыққа тәрбиелеу мақсатындағы ашық сағаттар барысында пайдалануға болады.

Диссертация жұмысының ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмысты жазу барысында автор алдына қойған мақсаттарына жете отырып, өзі үшін төмендегідей жаңалықтар жасады. Мысалы:

- тақырыпқа қатысты деректер мен зерттеу жұмыстарындағы мәселеміздің бейнелену дәрежесін барынша обьектитвті көрсете отырып, деректанулық және тарихнамалық талдау жасалды;

- мемлекет теориясы мен оның қызметтері мен белгілері анықталып, ерте замандағы мемлекеттердің өзіндік ерекшеліктеріне баға берілді;

- Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасу үдерісін сақ, ғұн дәуірінен басталатын ғылыми негізделіп, мемлекет болып қалыптасу тарихы ашылды;

  • Түркі дәуіріндегі мемлекеттіліктің даму үдерісі ашылып, оның сақ, ғұн дәуірімен тарихи сабақтастығы ғылыми негізделді;
  • Қазақстанда мемлекеттіліктің дамуындағы моңғол шапқыншылығының тигізген әсеріне шынайы баға берілді;
  • ХV ғасырдың ортасында Жошы ұлысындағы тарихи оқиғалардың барысы талданып, оның Қазақстандағы мемлекеттіліктің қалыптасуының аяқталуына тигізген әсері ғылыми тұжырымдалды;

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен (әр бөлім екі бөлімшеден), қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.

Диссертациялық жұмыстың сыннан өтуі. Диссертациялық жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Тарих, археология және этнология факультетінің Қазақстан тарихы кафедрасында дайындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды.

  1. Мемлекет ұғымы және ерте замандағы мемлекет қызметінің тарихи ерекшелігі
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихының пәні, әдісі
Қазіргі Қазақстандағы мемлекет және мәдени процестердің жаңа форматы
Қазақстан Республикасы Конститутциясының дамуының негізгі кезеңдері
Қазақстан Республикасының мемлекеттілігіміздің қалыптасуының себептері, жалпы міндеттері, құрылымы, функциялары, механизмдері
Мәдени-тарихи мұрадағы, патриотизмді қалыптастырудағы саяси рәміздердің маңыздылығы
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуындағы Тұнғыш Президент Н.Ә. Назарбаевтың рөлі мен қызметі
Н.Ә.Назарбаев және оның стратегиялары
ҚР қаржы нарығының дамуы
Құқықтың негізгі белгілері
Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz