Қазіргі кездегі ҚХР-дағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселелері


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 111 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі кездегі ҚХР-дағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселелері

Алматы, 2015

КІРІСПЕ

1. Мемлекет пен биліктің теория-методологиялық аспектілері

  1. Мемлекет пен билік феномендерінің байланыстарының теоретикалық негіздері . . . 9-21
  2. Мемлекет пен биліктің байланысын зерттеудің методологиялық тәсілдемесі . . . 21-32
  3. ҚХР-дағы мемлекет пен биліктің құрылуының тарихи-діни алғышарттары . . . 30-45

2 ТАРАУ. Қазіргі кездегі ҚХР-дағы мемлекет пен билік

2. 1. ҚХР-сы жағдайындағы билік пен мемлекеттің өзара байланысы . . . 46-55

2. 2. Биліктің мемлекетті реформаланудағы рөлі . . . 55-70

2. 3. Қазіргі кездегі ҚХР-дағы биліктің берілуінің ерекшеліктері . . . 70-80

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 81-84

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін түрлі мемлекеттермен өзара саяси-экономикалық және мәдени байланыстар орнатып, тұрақты қарым-қатынастардың негізі қалыптасты. Мұндай маңызды қадамдардың тарихы күні бүгін жиырма жылдан асты. Бұл жылдар аралығында Ұлт көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясаты нәтижесінде мемлекетіміз әлемдік саяси аренада өзіндік беделге ие болғанына куә болып отырмыз. Нәтижесінде көршілес елдермен терезесі тең қарым-қатынас жасап, ұлттық қауіпсіздік мәселесі де өз шешімін тапты. Өзара сенім мен достыққа негізделген қарым-қатынастардың белсенді бағыты да біз қарастырып отырған дәл осы Қытай Халық Республикасымен тығыз байланысты.

Қазіргі кездегі Қытай Халық Республикасындағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселелері отандық ғылым үшін аса өзекті тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл мәселенің бүгінгі таңдағы маңыздылығы бірнеше нақты тарихи-географиялық және саяси әрі әлеуметтік-экономикалық факторларға негізделген. Ол алдымен Қытай Халық Республикасының даму тарихын саралау тұрғысынан қызығушылық тудырып келсе, ең маңыздысы аталмыш мемлекет еліміздің шығысындағы стратегиялық маңызды әріптес-мемлекеттердің қатарына жатады. Сонымен қатар бүгінгі таңдағы Қытай Халық Республикасының халықаралық саяси аренадағы алар орны мен беделі біздің тарапымыздан осы елдің бүгінгі таңдағы қалпымен мемлекет пен биліктің ара-қатынасын зерттеуді міндеттейді.

Еліміздің шығыстағы алып әрі қарқынды дамушы экономикасымен ерекшеленіп отырған мемлекеттердің бірі де бірегейі сөзсіз - Қытай Халық Республикасы болып табылады. Бүгінгі таңдағы Қытай Халық Республикасы теңдесі жоқ экономикалық өсу есебімен қалыптасу үстінде. Бүгінгі жаһандану заманында Қытай Халық Республикасы әлемдегі державалардың біріне айнала алды. Рас Қытай Халық Республикасының саяси әрі экономикалық қарым-қатынастардағы қарқынды дамуы мен тұрақтылығы тек аймақтық қана емес, жаһандық маңызды мәселеге айналып отырғаны белгілі. Қытай Халық Республикасының дамуындағы мұндай табысты қадамдарының тарихы әлемнің барлық елдерінің қызығушылығын туғызуы - біздің осы мәселені диссертациялық жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде Қазіргі кездегі Қытай Халық Республикасындағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселелері тақырыбын таңдауымызға себеп болды.

Қазіргі таңдағы Қытай Халық Республикасындағы саяси қарым-қатынастар мен билік көріністерін бағамдау мәселесі және оған қалыптасқан көзқарастарды талдау ісі біздің зерттеу жұмысымыз үшін өзекті. Осы зерттеу мәселесіне байланысты да нақты саяси-ғылыми тұрғыдан терең талдау жүргізе отырып, баға беру ісі де осы тақырыптың маңыздылығынан туындап отыр. Осы мәселеге қатысты қалыптасқан көзқарастар мен ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы тың тұжырымдарды сараптай келе бүгінгі Қытайлық билігі қоғамның топтасуына да жіті мән беріп келеді. Оның дәлелі «үйлесімді қоғам құруға» деген талпынысы. Қытайда мемлекеттік дәстүр ежелден ерекше қалыптасқан. Осы тарихи сабақтастық күні бүгінге дейін өз жалғасын тауып, қазіргі таңда мемлекет пен билік арасындағы байланыс жүйелі әрі белгілі тәртіп арқылы жүзеге асып отыр. Қытайдағы мемлекет пен билік арасындағы өзара байланыс бірегейлігімен және Қытай қоғамына ғана тән ерекшелікпен құрылған. Бұл ерекшелік мемлекеттік биліктің басына келген ел билеушілерінің ұстанған саясаты мен бағыт-бағдарынан да айқын көрініс табады. Өйткені мемлекет пен биліктің ара-қатынасын ажыратуда мемлекет басына келген кез-келген көшбасшы өзіне дейінгі қалыптасқан үрдіс пен дәстүрді заңды жалғастырушы ретінде көзге түседі және өзіне дейінгі билік басындағы көшбасшының жүргізген саясатының олқылығын жария етпей, керісінше оның орнын толтыру жұмысын жалғастырады. Бұл алдымен Қытайдағы мемлекеттік биліктің бейбіт жолмен берілу ерекшелігімен де тығыз байланысты. Сондықтан да елдегі мемлекет пен билік арасындағы байланыста дәстүрлі мәдениет этикеттерінің, ұжымшылдықтың, рушылдық элементтерінің болуы мен осы элементтердің өз кезеңінде дәстүрлі конфуцийшілдік қоғамның даму гармониясы туралы әлеуметтік-саяси ұстанымдарын өз бойына қамтуы, яғни саяси мықты идеология, тарихи сабақтастық және қалыптасқан дәстүр күні бүгінге дейін берік сақталып келеді. Әрине мұндай сабақтастың қалыптасуына Қытай коммунисттік партиясымен қатар, Ұлттық Халық конгрессі және Мемлекеттік кеңесінің алар орны ерекше. Өйткені мемлекет билігіне ие болған кез-келген Қытай көшбасшысы партияның күшімен билікке келіп, партияның алдына қойған мақсатын орындауға міндет алады. Сонымен қатар орталық биліктің жергілікті жерлердегі өкілдерінің жұмысы да мемлекет пен биліктің өзара үйлесімді байланысы шеңберінде қызметтерін атқарады. Міне көрші мемлекетіміздегі қалыптасқан мұндай мемлекет пен билік арасындағы байланыс мәселесін зерттеп, оның ел игілігіне тиімді тұстарын талдай білу біз үшін аса маңызды. Сонымен қатар біздің стратегиялық әріптес мемлекеттер қатарына қосылып отырған осы Қытай Халық Республикасындағы мемлекет пен билік арасындағы байланыстарға талдау жасай отырып, оның артықшылығымен қатар, олқылықтарын анықтау және ғылыми негіздеу - көрші мемлекеттермен тең қарым-қатынас орната алып отырған Қазақстан Республикасының алдағы саяси бағыт-бағдарын орнықтыру ісінде де маңызды болмақ әрі алар өнеге-үлгіміз мол.

Демек қарастырып отырған мәселеміз, яғни қазіргі кездегі Қытай Халық Республикасындағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселесі бүгінгі күннің талаптарына сай қайта кешенді түрде қарастырылып, осы тақырыпқа қатысты мәселенің саяси әрі тарихи аспектісі барынша ашылуы тиіс. Бұл тақырыптың теориялық және тәжірибелік, методологиялық маңызы жоғары, сонымен қатар зерттеушісін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл сөзсіз қазіргі кездегі Қытай Халық Республикасындағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселесінің өзектілігінің дәлелі болып табылады.

Зерттеу жұмысының мақсаты: Қазіргі кездегі Қытай Халық Республикасының мемлекет пен билік қатынастарының табиғатын ашу, олардың байланысын зерттеу, қазіргі кездегі Қытайдағы биліктің берілуінің ерекшеліктерін талдау - біздің диссертациялық жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады. Магистрлік диссертациялық жұмысы өзінің алға қойған мақсатын шешуде төмендегідей міндеттер тобын анықтады:

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • Мемлекет пен билік феномендерінің теоретикалық негіздерін анықтау;
  • Мемлекет пен билікті зерттеудің методологиялық тәсілдемесін талдау;
  • Дәстүрлі үстемдік ретінде ҚХР мемлекет пен биліктің құрылуындағы тарихи-діни алғышарттарды қарастыру;
  • Қазіргі Қытайдағы саяси институттар эволюциясы ерекшеліктерін зерттеп талдау;
  • ҚХР-сы жағдайындағы билік пен мемлекеттің өзара байланысын анықтау;
  • Қазіргі Қытай саяси өміріндегі дәстүршілдік пен бірізділік көріністерін сипаттап талдау;
  • ҚХР-сы жағдайындағы биліктің бөлінуін және биліктің мемлекетті реформаланудағы рөлін қарастыру;
  • Қазіргі кездегі ҚХР-дағы биліктің берілуінің ерекшеліктерін талдап қарастыру;

Зерттеу нысаны: Қазіргі кездегі Қытай Халық Республикасындағы мемлекет пен билік байланысы.

Зерттеу жұмысының пәні: ҚХР-сы билігінің жүзеге асырылуының ерекшеліктері, басқарудың қағидалары мен заңдылықтары.

Тақырыптың зерттелу деңгейі : Қытай Халық Республикасының мемлекет пен билік жөнінде жан-жақты саяси-ғылыми талдауға арналған диссертация жұмысының зерттеу мәселелерінің ауқымы кең, күрделі болғандықтан шығыстану, саясаттану, экономика, тарих, философия ғылымдарының да зерттеу нысаны болып табылады. Бұл тақырып бойынша әлемнің түрлі мемлекеттерінің саясаткерлері, тарихшылары, ғалымдары және түрлі сала өкілдері өздерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарына арнаған. Олардың қатарында Аристотельдің «Политика» [1], Платонның «Диалоги» [2], Г. Гроцийдің «О праве войны и мира» [3], Б. Спинозаның «Сочинения» [4], Ш. Монтескьенің «Избранные сочинения» [5], К. Маркс пен Ф. Энгельстің «Шығармалар» [6], Дж. Локктың «Сочинения в 3 томах» [7], И. Канттың «Сочинения» [8], Мишель Фукконың «Теория власти» [9], Конфуцийдің «Лунъюй» [10] және әл-Фарабидің трактаттарын [11] атап өтуге болады. Аталмыш деректер тобында жалпы мемлекет ұғымы мен оның қалыптасуы және ең бастысы ерте мемлекеттердің ерекшеліктері барынша ашылған. Осы авторлардың еңбегі арқылы диссертациялық жұмысымыздың алғашқы тарауы, яғни мемлекеттердің пайда болуы мен ерте мемлекеттердің тарихи ерекшеліктерін ашуға тырыстық. Сонымен қатар Вольтер, Ж. Боден, Н. Макиавелли, Ж. Руссо сияқты ойшылдардың жаңа индустриалды қоғамды құруда, метафизика сферасынан тәжірибелік саясатқа қатысты еңбектері де диссертация жұмысы барысында барынша пайдаланылды. Мемлекет пен билік тақырыбында жаңа аспектілерді В. Виндельбандтың «Платон» [12], Т. Гомперцтің «Греческие мыслители» [13], М. Аврелийдің «Наедине с собой» [14] және Сыма Цяньның «Исторические записки» [15] атты зерттеулерінде кездестіруге болады. Кейінгі XX ғасырдың ортасында билік жөнінде әлеуметтік-философиялық дискурс Т. Гоббс [16], А. Шопенгауер [17], Ф. Ницше [18], К. Леви-Стросс [19], Х. Арендт [20] сияқты ойшылдардың саяси, әлеуметтік және психология ғылымдарымен бір қатарда билікті зерттеуде көптеген жұмыстар жүргізіледі.

Зерттеу жұмысына тікелей қатысты жұмыстардың тобына Қытайдың мемлекеті мен билігі, басқару жүйесі, саясаты, экономикасы, тарихы бойынша көптеген ғылыми жұмыстар үлес қосты. Бұл жұмыстар, тарихи еңбектер және статистикалық мәліметтер қытай, ағылшын және орыс тілдерінен алынып отыр. Зерттеу жұмысының мәліметтері осы тақырыпқа сай өз алдына конфуцийлік, легизмдік, даосизм бойынша философиялық және тарихи деректер мен еңбектерге негізделеді Екінші топты ҚХР-ң коммунистік партиясының жетекшілері Мао Цзэдун, Дэн Сяопин, Чжао Цзиньтяо, Цзян Цзэмин, Ху Цзиньтау және тағы басқаларының мақалалары құрайды. Бұл мәліметтер ҚХР-ң ресми сайттары мен баспасөз басылым беттерінде жарияланған. Бұл ақпараттар экономикалық реформалардың дәстүрлі дүниетаныммен байланыса практикалық жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар қытайлық зерттеуші ғалымдардың жұмыстары қолданылды, олар Гао Хуайцин, Пан Чанвэй, Син Гуанчэн, Фэн Фэй, Фэн Шаолэй, Фэн Юйцзюин, Хань Лихуа, Цзян Цзэминь, Цуй Миньсюань, Чи Вэньхай, Чжан Гобао сияқты қытайтанушылардың еңбектерінде Қытай саяси стратегиясының концепцияларына талдаулар жасалынған.

Келесі топты саясаттану ғылымын зерттейтін орыс тілінде көптеген еңбектер мен зерттеу жұмыстары құрайды. Оладың ішінде В. Ф Халипов [21], А. Авторханов [22], В. А. Рубин [23], А. С. Мартынов [24], Л. С. Васильев [25], А. Воскресенский [26], Н. А Абрамова [27], В. И. Авдийский [28], А. Г. Аникевич [29], Л. А. Гудошников [30], А. Н. Карнеев [31], С. Г. Артемова [32], Ф. С. Быков [33], А. А. Волохова [34], И. Л. Мамаева [35], А. И. Соловьев [36], В. В. Бочаров [37], Т. В. Ягоян [38], Ш. Алиев [39] және О. В. Литвинов [40] еңбектерінде ҚХР-ң мемлекет пен биліктің ұстанымдары мен принциптері, ұлттық билік құрудағы саяси экономикалық аспектілері қарастырылған. Әлемдік экономика және Қытайдың экономикасы бойынша Э. С. Годинер [41], А. К. Байбурин [42] , А. Д. Дикарёв [43], Л. К. Байрачная [44] және басқа зерттеуші саясаткерлердің оқулықтары жатады және диссертациялық зерттеу жұмыстарына саясаткерлер мен экономисттердің, синолог қытайтанушылардың көптеген монографиялары мен авторефераттары жатады. Міне осы еңбектерді мәселемізді барынша ашу үшін пайдаландық.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы . Қазіргі кездегі ҚХР дағы мемлекет пен биліктің байланыс мәселелері отандық ғалымдар әлі де болса зерттеуді талап ететін тақырып. Бұл мәселеге қатысты әлі де болса кешенді түрде зерттеу жұмыстары белсенді жүргізілуі қажет. Дегенмен аталған мәселе негізінен жанама түрде отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу жұмыстарына арқау болған. Сондықтан, зерттеу жұмысының жаңалығы мәселеге қатысты мәліметтерді бүгінгі күннің көзқарасымен талдай келе, бұрын айтылмаған мәселелерге қатысты нақты тұжырымдар жасап, ғылыми айналуға қосу болып табылады. Нақтырақ айтқанда, зерттеу жұмысы барысында мынандай жаңалықтарға қол жеткізе алдық:

  • Мемлекет пен билік өзара тығыз байланысты феномендер екендігі дәлелденді;
  • Қазіргі ҚХР-дағы осы заманғы қалыптасқан әлеуметтік-саяси жүйе, саяси басқарудың және билік жүйесінің тек Қытайға тән үлгісі қалыптасқандығы дәлелденді.
  • Диссертация барысында ҚХР-ның мемлекет пен биліктің өзара байланысы жан-жақты кешенді түрде зерттелді.
  • ҚХР-ның билік пен мемлекеттің эволюциялық дамуына конфуциялық ілімге негізделген қытай халқының діні мен мәдениетінің, дәстүрінің әсер ететіндігі дәлелденді.
  • Сонымен қатар біздің магистрлік диссертациямыз биліктің берілуі тарихи сабақтастық пен қалыптасқан дәстүрге сай жүзеге асатыны айқындалып, оның тарихи-діни алғышарты анықталды.
  • Бұл біздің еліміз үшін маңызды тәжірибе болып саналатындығы негізделді.

Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Диссертациялық зерттеу жұмысында біз алдымен билік феноменінің тұңғыш зерттеулері ең бірінші көне ойшылдардың еңбектеріне талдау жасадық. Ол әрине мәселенің теориялық негізін талдау мәндетінен туындады. Мәселенің зерттелу деңгейіне қатысты біз өз тарапымыздан оларды жанама және тікелей деп шартты түрде екіге бөліп қарастырдық. Мәселеге қатысты жанама зерттеу жұмыстары біз үшін мәселенің теориялық негізін қалыптастырып, Қытайдағы билік турасында жалпы мәліметтер алуға көмектесті.

Диссертацияда шетел зерттеушілерінің көзқарастары мен шығыстану ғылымының қазіргі уақыт талабына сай дамуына мүмкіндік беретін теориялар синтезі мен методологиялық ұстанымдар, объективтілік, тарихилық және жүйелілік секілді зерттеудің маңызды принциптері құрайды. Сондай-ақ ең алдымен, саясаттану ғылымы жөнінде ғылыми жұмыстар, биліктің негіздері мен принциптері, заңдылықтары, мақсат міндеттері туралы теориялық тұжырымдар басшылыққа алынады. Диссертациялық жұмыс барысында мәселеге қатысты зерттеушілердің еңбектері және ондағы көтерілген тұжырымдық ой-пікірлер өткен және қазіргі кезеңдегі байланыстық мағына дәрежесінде сәтті пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының әдістері мен тәсілдемелері. Диссертациялық зерттеу жұмысы барысында жалпы ғылымға белгілі бірқатар зерттеу әдістері қолданылды. Атап айтқанда жалпыдан жалқыға көшу принципін сақтай отырып, жұмыс барысында анализ, синтез, салыстыру және тағы да басқада әмбебап зерттеу әдістері қолданылды.

Зерттеу нысанына алған тақырыбының маңыздылығына орай Қытай қоғамындағы саяси, экономикалық өзгерістер мен тарихи бастауларын арнайы қарастырдық. Тарихи оқиғаларға салыстырмалы түрде жүйелілік, ғылыми-танымдық қағидаларға сүйену, объективтік, ретроспективтілік және саяси принциптер негізінде талдау жасауға бағыт ұсталды.

Сонымен қатар диссертация жұмысы барысында біздің тарапымыздан институционалды әдіс кеңінен пайдаланылды. Бұл әдіс саяси институттардың қызметі мен қоғамдағы орнын анықтауды мақсат етеді. Бұл әдіс қазіргі таңдағы ҚХР-дың мемлекет пен билігінің қоғамдағңы қызметін айқындау үшін аса маңызды болмақ. Диссертациялық жұмыс барысында кратологиялық әдістің де негізгі ұстанымдары мен бағыттары барынша қолданылды. Бұл әдіс биліктің түрлері мен оның қоғамдағы сипатын анықтауда аса маңызды.

Жалпы нақтылы құжаттық материалдарды және мұрағаттық деректердi зерделеу - ғылыми зерттеуге жан-жақты саяси талдау жүргізу болып табылады, яғни мәселе нақты саяси қажеттiлiк, саяси тағылым, саяси процесстер саяси-ғылыми тұрғысынан қарастырылады. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасының саяси, экономикалық дамуындағы саяси-тарихи кезеңдi мүмкiндiгiнше объективтi тұрғыда түсiндiруге бағытталған, әрi жаңа саяси көзқарастар тұрғысынан жазылған еңбектер басшылыққа алынып, жүйелеу, жинақтау, салыстыру, саралау, қорытындылау сияқты жалпыға бiрдей белгiлi әдiстер де негiзiнде жүргiзiлдi.

Қорғауға ұсынылған тұжырымдамалар: Мәселені зерттей келе, диссертациялық жұмысты қорғауға төмендегідей тұжырымдар ұсынылды:

  1. Мемлекет пен билік өзара тығыз байланысты феномендер. Оны зерттеу - түрлі ғылымдардың тоғысындағы мәселе. Бұл жан жақты талдауды қажет етеді.
  2. Мемлекет пен биліктің өзара байланысын зерттеуде институционалдық, пәнаралық сияқты әдістемелерді қолдану қажеттілік.
  3. ҚХР-ның саяси жүйесіндегі мемлекет пен биліктің өзара ара-қатынасы жүйелі әрі өзара тығыз байланысты және мемлекет пен биліктің өзара байланысында Қытай Коммунистік Партиясының алатын орны ерекше. ҚХР-ның саяси жүйесін жаңғыртуда әлемде болып жатұан үдерістердің, батыстық идеялардың әсері бар екені байқалады.
  4. Қазіргі Қытай Халық Республикасының ұзақ жылғы қалыптасу тарихында мемлекет пен биліктің ара-қатынасында Конфуции ілімдері сынды дәстүрлі үрдіс әлі күнге дейін сақталған. Демек Қытай Халық Республикасында билік дәстүрлі философиялық көзқарастар идеяларны сүйенеді. Биліктің берілуінде дәстүрлік пен бірізділік көрінеді.
  5. ҚХР-ның саяси институттары көп аспектілігімен қытай қоғамының әлеуметтік құрылымы мен күрделігімен, халқының саяси мәдениетімен ерекшеленеді. Бұл сөзсіз еліміз сынды бірқатар өз даму жолын тапқан мемлекеттер үшін де жақсы тәжірибе болып табылады.

Зерттеу жұмысының теоретикалық маңызы : Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны, жасалған тұжырымдар мен қорытындылары Қазіргі замандағы Қытайдың саяси тарихы, Мемлекет пен билік теориясы бойынша арнайы курстар құрастыру мен дәрістер оқу барысында пайдалануға болады. Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы-бірқатар деректер мен тарихнамалық материалдар негізінде алынған нәтижелер мен ғылыми тұжырымдар арқылы қазіргі ҚХР-дағы мемлекет пен билік өзара байланысы туралы шынайы көзқарастың қалыптасуына көмектеседі. Сонымен қатар, диссертациялық жұмыс аталған мәселе бойынша келешектегі зерттеу жұмыстарына негіз бола алады.

Зерттеу жұмысының қолданбалы маңызы. Ұсынылып отырған диссертация жұмысында жасалған ой-тұжырымдар мен қорытындылар курстық жұмыс жазу барысында, түрлі баяндамалар мен аталмыш жұмыс ғылыми негіз тақырыбы ретінде ғылыми конференцияларда және дөңгелек үстелдер жүргізу барысында қолдануға болады. Магистрлік диссертациялық жұмысты қорғалуына дейін осы ғылыми зерттеуге қатысты мақалалар ғылыми журналдарда және хабаршы журналдарында жариялануы мүмкін.

Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша жарияланған мақалалар. 1. «Мемлекет пен билік феномендерінің теоретикалық негіздері» «Взаимодействие государства и гражданского общества в экономической сфере» атты дөңгелек үстел мәліметтерінің жинағы, Алматы, 2014. - 98 б.

  1. «Қытайдағы мемлекет пен биліктің құрылуының тарихи-діни алғышарттары» «Историко-культурные и экономические аспекты взаимоотношений Центральной Азии и Китая» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы. Алматы, 2015.
  2. «Политическая роль лидера в КНР» Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық Қатынастар және Әлем Тілдер Университеті, 2015.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе бөлімнен, екі негізгі бөлім және олардың бөлімшелерінен, қорытынды бөлімнен тұрады.

1 ТАРАУ. Мемлекет пен биліктің теориялық-методологиялық аспектілері

1. 1. Мемлекет пен билік феномендерінің байланыстарының теориялық негіздері

Мемлекет және билік үнемі тығыз байланыста дамиды. Бұл байланыс мемлекет билік адамзат қоғамындағы діни, кәсіби, партиялық бірлестіктер мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты бөлу үшін ғана қажет емес. Мемлекет пен мемлекеттік биліктің ара-қатынасы өзара мемлекет қалпы мен мазмұны тұрғысына негізделеді. Мемлекет биліктің материалды күшін сипаттайды және бұл сипат белгілі бір механизм арқылы жүзеге асады. Сондықтан мемлекеттік органдар - биліктің негізгі құралы, оның жүзеге асуының басты көрсеткіші болып табылады.

Құқықтық мемлекеттердің жүйесінде билік биліктің тармақталуына негізделеді. Құқытық жоғары мәртебеге ие болуы органдардың арасындағы байланыстардың да өзара құқыққа негізделуіне алып келді. Олардың қатарында Ата Заң, заң, мемлекеттік билік мәртебесін атап өтуге болады.

Демократиялық мемлекеттерде мемлекеттік биліктің қайнар көзі - халық болып табылады. Мемлекеттік билік қоғамдық пікірдің бір өкілі ретінде сипатталады. Ал өз кезегінде халық болса өзіне берілген құқық, сайлау құқығы арқылы өзінің мемлекеттік еркін білдіріп, құқықтық қарым-қатынастарға белсенді түсе алады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тайвань мәселесі туралы ақпарат
АҚШ-тағы және Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі мемлекеттеріндегі қытай диаспорасының мысалында Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым-қатынас тәжірибесін сараптау
ҚХР ұлттық стратегиясы мен әскери саясаты
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Қытай халық Республикасындағы ұлтаралық саясатты жүзеге асыру ерекшеліктері
Қытай халық республикасының сыртқы саясаты және әлемдік экономикадағы рөлі
Орталық Азия ынтымақтастық ұйымы
Ұлыбритания ХХ ғасырдың 80-ші жылдарындағы халықаралық қатынастар жүйесінің ауқымында
Қытайда ұлтаралық қатынастарды басқару мәселелері
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz