Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Орындаған:
Тексерген:
Алматы 2016 ж
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1-тарау. ХІХ ғасырда Сыр бойындағы отаршылдық саясаттың барысы мен ерекшеліктері
- ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің өлкедегі отарлық саясаты: тарихы мен дәстүрлі қазақ қоғамына енгізген өзгерістері . . . 10
- Орта Азия хандықтарының Сыр бойын отарлау әрекеттерінің негізгі бағыттары . . . 20
2-тарау. ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Сыр бойы қазақтарының отарлық саясатқа қарсылығы: себептері мен барысы
2. 1 Патша үкіметіне қарсы күрестердің барысы мен тарихи маңызы . . . 30
2. 2 Сыр бойы қазақтарының Орта Азия хандықтарына қарсы көтерілістерінің барысы, сипаты мен ерекшеліктері . . . 54
Қорытынды . . . 65
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 68
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің егемендік алуы қоғамның барлық саласында түбегейлі өзгерістерге жол ашқаны белгілі. Бұл өзгерістер саяси-экономикалық сипатымен қатар күнделікті өмірде де терең байқалған болатын. Сонымен қатар оң өзгерістердің ықпалы білім және ғылым саласында да анық байқалуда. Еліміздің білім беру саласында еуропалық озық білім беру дәстүрі сәтті енгізілсе, ғылым саласы белгілі бір идеологияның әсерінен босап шығып, барынша шынайы түрде жазыла бастағаны да шындық. Оған негіз болған егемендікке қол жеткізуіміз еді. Осы күнге, яғни 1991 жылға дейін ғылым мен білім беру ісі большевиктік тәртіп пен коммунисттік идеологияға шектен тыс бағынып, салдарынан тарихи шындық саналы түрде бұрмаланды. Ұлтымыздың мақтанышы боларлық тарихи оқиғалар желісі шындықтан аластатылып, ғылымның обьективтілігі принципінен гөрі партиялық принцип маңызды саналды. Дегенмен еліміздің егемендікке қол жеткізуі сан жылдар бойына ғалымдардың назарынан тыс келген тарихи тақырыптар өз зерттеушісін тауып, белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарының жандануына жалғасқан болатын. Оған мақсаттағы жұмыстардың белсенді жандануы түрткі болған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2004 жылы 13 қазанда білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Біздің тәуелсіздігіміздің қасіретті оқиғалары және оны нығайту жолындағы біздің күресіміз зерттеу тақырыбына айналмаған» деген болатын [1, 4 б. ] . Нәтижесінде отандық тарихнама үшін өзекті саналатын мәселелер шешімін тауып, ұрпақтар тәрбиесінде маңызы зор болуы тиіс құндылығы жоғары еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектер қазақ тарихының барлық кезеңдерін қамтыды. Мемлекет болып ұйысқаннан күні бүгінге дейінгі аралықтағы кең тарихи кезең турасында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты барысында қазіргі заманның ерекшеліктері мен ұлтымыздың бүгінгі көкейкесті мәселелерін тізбектей келе, «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, біртіндеп Тәуелсіздікке барып тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз» деп тұжырымдаған болатын [2, 6-7 б] . Демек «жастарымыз мұны білу керек» сөзінің астарында отандық тарих ғылымы үшін барлық өзекті мәселелер зерттелуі тиіс дегенді білдіреді. Осы тұста біз әлі де болса ғалымдар назарынан тыс немесе бүгінгі күннің талаптарына сай, шынайылыққа барынша жақындату үшін өз зерттеушісін күтіп тұрған мәселелер жетерлік деп толықтай айта аламыз. Әсіресе бүгінгі таңдағы егеменділіктің баяндылығын толық қамтамасыз ету үшін ұлт тәуелсіздігі жолындағы күрес пен көтерілістердің түп негізі мен тарихи тамырларын айшықтау мәселесі өзекті болып отыр. Осындай өз зерттеушісін күтіп тұрған мәселелердің бірі - ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы Сыр бойы қазақтарының отарлық саясатқа қарсы күресі мәселесі болып табылады.
Бүгінгі жаһандану үдерісінің ерекшеліктері мен заман талаптары ұлттық тарихқа деген сұранысты арттырып отырғаны түсінікті. Әсіресе зерттеушілердің қызығушылығын тудырып отырған мәселелердің қатарында біздің зерттеу жұмысына арқау болып отырған тақырыпты атап өтуге болады. Өйткені ұлт бойындағы азаттыққа деген құмарлық пен тәуелсіздікке деген ұмтылыстың қиын және зардапты екендігін ғылыми тұрғыдан тұжырымдау арқылы, егемендіктің қадірін өскелең ұрпақ пен орта буын өкілдері терең түсіну қажет. Сөз жоқ Сыр бойы қазатарының азаттыққа толы күрестері алдымен патша үкіметі мен Орта Азия хандықтарының ішкі мақсаттары мен оның қазақ жерінде жүргізген отарлық саясатына қарсылық негізінде пайда болды. Әрине бұл алдымен қазақ халқының ежелден мекен еткен төл территорияларын тартып алумен қатар, қазақтар арасында орыс мәдениеті мен христиан дінінің әсерін күшейтуге бағытталғанын да атап өткен жөн. Отарлық саясат тек материалдық қана емес, қазақ халқының рухани өміріне де үлкен өзгерістер әкеліп отырды.
Қазақ хандығының 1731 жылдан бастап патшалық Ресей империясының құрамына кіре бастағанын ескерсек, жер асты байлығы мол саналатын өлкені алдымен саяси тұрғыдан барынша өзіне тәуелді ету ісі Ресей үшін аса маңызды саналды. Сонымен қатар осы бай өлкеге деген өзінің астыртын ойларын орта Азия хандықтарының басшылары да жасыра алмады. Сондықтан қазақтардың шұрайлы жерлерін тартып алып қана қоймай, саяси тәуелділік тек отарлық жүйеге негізделген әкімшілік реформаларды «сәтті» жүргізе бастады. Осы мақсатта бірқатар жұмыстар жүргізіліп, XVIII ғасырдан бастап-ақ жайылымдық жерлерді тарылту саясаты отарлық саясаттың негізгі бағытына айналды. Ал ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап қазақ өлкесін отарлаушы отарлық билікке барынша жақындатып, дәстүрлі билігін жоюға бағытталған әкімшілік реформаларлар қабылданған болатын. Мұндай отарлық мағынасы жоғары қитұрқы саясат ұлт-азаттық сипаты мол күрестердің бастауына негіз болды. Аталмыш мәселе әлі күнге дейін тарихшылар және өзге де қоғамдық ғылымдар саласының мамандары арасында қызу пікір-таласқа ие. Сол себепті де бұл мәселе әлі де күнге дейін кешенді зерттеуді талап етіп отыр деп нақты айта аламыз. Бұл қарастырып отырған мәселеміздің бүгінгі күннің талаптарына сай қайта кешенді түрде қарастырылып, осы тақырыпқа қатысты жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен құндылығы жоғары еңбектерінің тарихи аспектісі барынша ашылуы тиіс. Бұл тақырыптың теориялық және тәжірибелік, методологиялық маңызы жоғары, сонымен қатар зерттеушісін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл сөзсіз Сыр бойы қазақтарының азаттық күресі мәселесінің өзектілігінің дәлелі болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі. Сыр бойы қазақтарының азаттық күресі мәселесі зерттеушілер тарапынан белгілі бір дәрежеде қарастырылған тақырыптардың бірі болып табылады. Аталмыш мәселе әр кезеңде зерттеу нысанына айналып отырды. Диплом жұмысы барысында Сыр бойы қазақтарының азаттық күресі мәселесінің зерттелу деңгейін анықтап, диплом жұмысының негізгі зерттеу бағыты ретінде отандық ғалымдардың теориялық және методологиялық тұжырымдары таңдалып алынып, диплом жұмысының зерттеу бағыты айқындалды [3] .
Осындай ұзақ жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде мәселе төңірегінде қазақ және өзге тілдерде бірқатар еңбектер жарық көрді. Әртүрлі тарихи кезеңдерде жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстары заманның дамуындағы ерекшелігіне қатысты өзіндік табиғаты нәтижесінде құрылды. Сондықтан осы тарихи кезеңдердегі ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі бір дәрежеде құндылықтарға ие. Сол себепті қарастырып отырған отырған мәселеге қатысты зерттеу жұмыстарын топтарға бөліп қарастыру диплом жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін аса қажет. Алғашқы топқа мәселеге жанама қатысты зерттеу жұмыстарын топтастырдық. Олардың қатарында мәселеге қатысты зерттеу жұмыстарының үлкен бөлігі Кеңестік тарихнаманың өкілдері болып табылатын ғалымдардың еңбектері құрап отыр. Әрине әр еңбек пайда болу уақытысына қарай өзіндік құндылықтарға ие. Мысалы Кеңестік билік жылдарында жарық көрген ғылыми жұмыстар белгілі бір идеологияның шеңберінде ғана жызылғанымен, құндылығы өте жоғары деп айтуға толық негіз бар. Олардың қатарында В. Я. Басинның «Политика царизма в Младшем и Среднем жузах в конце 50-х годах ХҮІІІ в» [4] атты еңбектерді мәселемізді барынша ашу үшін пайдаландық. Сонымен қатар Н. Г. Апполованың «Экономические и политические связи Казахстана с Россией 18 начале 19 в» атты жұмыстары диплом жұмысы барысында барынша пайдаланылды [5] . Диплом жұмысы барысында Г. Сапаргалиевтың «Карательная политика царизма в Казахстане» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі тұжырымдық ойлары мен нақты статистикалық мәліметтері де біздің тарапымыздан қолданысқа ие болып, қорытындыланды [6] .
Сонымен қатар мәселеге тікелей қатысты П. Г. Галузоның «Туркестан колония (Очерк истории Туркестана от завоевания русскими до революции 1917 г. ) » [7] атты еңбектерімен қатар, Е. Г. Федоровтың «Казахстан - колония царизма» атты ғылыми-зерттеу жұмысының тұжырымды ойлары диплом жұмысының алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуде барынша пайдаланылды [8] . Диплом жұмысының зерттелу деңгейінің кеңестиік тұсындағы тарихнамасын Сонымен қатар С. З. Зимановтың «Общественный строй казахов первой половины XIX в» [9] және диплом жұмысы барысында патшалық Ресейдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын дәл анықтауда Н. С. Киняпинаның «Внешняя политика России второй половины XIX в. » атты еңбегін пайдаландық [10] .
Коммунисттік идеологияның шеңберінде жазылған тағы бір өзіндік құндылығы бар еңбектердің бірі және зерттелу деңгейінің біз бөлген шартты тікелей қатысы бар еңбектердің бірі А. Якунин мен В. Шахматовтың «Восстания в Казахстане в 50-х годах ХІХ в. » атты зерттеу жұмысын жатқызуға болады. Бұл жұмыста ғалымдар ХІХ ғасырдың 50-жылдарында Ресей империясының отарлау саясатына қарсы Сыр бойы қазақтарының күресін талдап, олардың жетекшісі Ж. Нұрмұхамедұлының тарихи тұлғасын ашцға тырысады [11] . Сондай-ақ В. Шахматов өзінің «Есет Котибаров» атты зерттеу жұмысында Сыр қазақтарының көтерілісіне баға береді [12] . Жанқожа батырдың ұлт-азаттық қозғалыстағы орны мен рөлін Т. Шойынбаев та өзінің «Восстание Сыр-Дарьинских казахов под руководством батыра Джанхожи Нурмухамедова (1856-1857 гг. ) » атты зерттеуінде атап көрсетеді [13] . Ол өз еңбегінде Жанқожа батырдың 1856-1857 жылдары патша өкіметінің отаршыл саясатына белсенді түрде қарсы шығуын, орыс әскерлерімен жүргізген соғысына ғылыми түрде баға береді. В. Шахматов Сыр бойындағы азаттық қозғалысты қарастырғанда Жанқожа батырды ғана қозғап қоймай, Есет Көтiбарұлының саяси келбеті мен оның Кiшi жүздегi патша өкiметiнiң жаулаушылық әрекеттерiне қарсы қазақтардың күресін ұйымдастырудағы шеберлігі жөнінде талдайды.
Ал Р. Бекназаров болса өзінің «Оңтүстік Қазақстан тарихының очерктері (ХVІІІ - ХІХ ғғ. ) » атты жұмысында Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясына қосылу барысын зерттеген [14] .
Еліміз егемендікке қол жеткізгеннен кейін аталған мәселе барынша зерттеле түсті. Осындай азаттық қозғалыстар тарихы бірқатар ғалымдардың еңбегіне арқау болды. Мәселенің зерттелу тарихының бүгінгі таңдағы деңгейі көңіл толарлық. Олай дейтініміз біздің қарастырып отырған мәселе тура әрі нақты зерттелмегенімен оның әртүрлі қыры түрлі зерттеу жұмыстарына арқау болған. Мысалы мұндай еңбектер қатарында К. А. Жиренчиннің «Политическое развитие Казахстана в XIX начале XX веков. » [15], Г. К. Шуланбекованың «1867 жылғы Оңтүстік Қазақстанның саяси жағдайы» атты ғылыми зерттеу жұмыстарында көтерілген тұжырымдар мен ой-пікірлер диплом жұмысы барысында барынша пайдаланылды [16] . Сонымен қатар жалпы патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен оған қарсы шыққан қазақтардың қозғалысын зерттеуде С. М. Мәшімбаевтың «Патшалық Ресейдің отарлық саясаты» атты монографиясы құнды еңбектердің қатарына жатады [17] .
Сонымен қатар, біз қарастырып отырған мәселе С. С. Сайфулмаликованың «Царизмнің ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Сыр бойымен іргелес өңірдегі әскери-саяси қимылдары және оның салдарлары» атты кандидаттық диссертациясына арқау болды [18] . Сондай-ақ мұндай диссертациялық жұмыстардың қатарында С. Б. Құрманалиннің «1847-1858 жж. Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісі» атты жұмысын атауға болады [19] . Біз осы диссертациялық жұмыстардың негізгі тұжырымды ойлары мен көтерген мәселелерімен санаса отырып, өзіндік қорытынды жасауға тырыстық. Сонымен қатар мәселенің теориялық негіздері мен жалпы азаттық қозғалыс түсінігін, патша үкіметінің отарлық саясатын ашып көрсету барысында М. Қозыбаевтың «Жауды шаптым ту байлап» атты еңбегінде барынша пайдалануға тырыстық [20] . Осындай еңбектер қатарында С. Мадуановтың «Взаимоотношения казахов с другими соседними народами Центральной Азии в ХVІІІ - начале ХХ вв. (политические и социально-экономические аспекты) » атты еңбегін де атап өтуге болады [21] .
Мәселеге тікелей қатысты зерттеу жұмыстары қатарында Б. Т. Жұбанышовтың «Қазақстандағы азаттық қозғалыс тарихы» атты еңбегін атап өтуімізге болады [22] . Аталмыш еңбекте біз жалпы азаттық қозғалысының мәні мен мақсаттары турасында жалпы мәліметтер ала отырып, негізгі тұжырымды ойларын дипломдық жұмысымыздың негізгі бағыты ретінде таңдап алдық.
Сонымен қатар патша өкіметінің отаршылдық саясаты мен оған қарсы қазақтардың ұлт-азаттық күрестері туралы мәселелерді А. О. Раджапов, Г. Б. Бәкібаева, А. Ж. Байқожаев, Қ. М. Алдабергенов, Д. Қ. Әбенов, С. Қ. Шілдебай, З. С. Тоқбергенова, Э. Ж. Әзіретбергенова, А. Б. Абдуали, Ж. Қ. Ахметова, М. Ш. Егембердиев өз зерттеулерінде қарастырады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Сыр бойы қазақтарының отарлық саясатқа қарсы күресі мәселесінің қазіргі таңдағы өзектілігін ескере келе, тақырыпқа қатысты деректер мен тақырыпқа қатысты жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді пайдалана отырып, патшалық Ресей мен Орта Азия хандықтарының Қазақстанға қатысты отарлық саясатының негізгі бағыт-бағдарын анықтай отырып, азаттық көтерілістерінің мәні мен Сыр бойы қазақтарының күресінің барысы және сипатын талдап, ғылыми негіздеу - диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер диплом жұмысы барысында шешілді:
- ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің өлкедегі отарлық саясаты мен оның дәстүрлі қазақ қоғамына енгізген өзгерістеріне баға беру;
- Орта Азия хандықтарының Сыр бойын отарлау әрекеттерінің негізгі бағыттарының ерекшеліктерін айқындау;
- Патша үкіметіне қарсы күрестердің барысы мен тарихи маңызын ашу;
- Сыр бойы қазақтарының Орта Азия хандықтарына қарсы көтерілістерінің барысы, сипаты мен ерекшеліктерінің негізгі бағыттарына тоқталу;
Дипломдық жұмыстың деректік негізі. Сыр бойы қазақтарының азаттық қозғалысы мәселесіне қатысты бірқатар деректердің тобы бар. Мұндай деректердің үлкен тобы орыс тілінде жазылған Ресей деректері болып табылатыны шындық. Дегенмен тақырыпқа қатысты деректердің бір тобы жекелеген адамдардың шығармалары болып табылады. Әрине біз қарастырып отырған мәселеге тікелей қатысты болмаса да жекелеген мәселелерге қатысты нақты тұжырым жасау үшін қазақ қоғамында өз зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың қатарындағы Шоқан Уәлихановтың еңбектерін атап өтуге болады. Ғалым өз уақытында 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформаның жобасын жасауға да қатысқаны белгілі. Осыған қатысты жазған еңбектерінде сол тұстағы қазақ қоғамының ерекшеліктері мен күнделікті өмірінің жекелеген мәселелеріне де тоқталып кеткен. Сондықтан автордың еңбегін диплом жұмысы барысында барынша пайдаландық. Атап айтқанда «Шығармалар жинағы» [23] мен «Записка о судебной реформе» атты шығармаларын атап өтуге болады [24] . Сонымен қатар Н. Ф. Бабковтың «Воспоминания о моей службе в Западной Сибири (1859-1875) » [25], М. Бродовскийдің «Колониальное значение наших среднеазиатских владений для внутренних губерний» [26], В. А. Долгоруковтың «Путеводитель по всей Сибири и Средне-Азиатским владением России» [27], А. И. Левшинның «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» [28] атты еңбектерімен қатар, құжаттар жинағы да мәселеміздің деректер тобын құрап отыр.
Демек диплом тақырыбының деректерінің үлкен бір тобы құжаттар жинағы болып табылады. Олардың қатарында «Об отношениях России к среднеазиятским владениям и об устройстве киргизской степи» [29] атты құжаттар жинағымен қатар, диплом жұмысы барысында 1961 жылы Алматыдан шыққан «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник документов и материалов» [30] және Алматыдан 1964 жылы шыққан «Казахско-русские отношения в XVIII-XIX вв. Сборник документов и материалов» [31] атты құжаттар жинағы барысында барынша пайдаланылды. Сонымен қатар М. П. Вяткинның «Материалы по истории Казахской ССР» атты оқулығында қазақ-орыс қарым-қатынастары турасында құжаттар жарық көрді [32] . ХІХ ғасырдағы әкімшілік реформалар мен генерал-губернаторлардың қызметі турасындағы «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» атты мұрағат құжаттарының мәліметтері диплом жұмысы барысында барынша пайдаланылды [33] . Сонымен қатар диплом жұмысы барысында пайдаланылған тарихи деректердің бірі Г. И. Данилевскийдің «Описание Хивинского ханства» атты еңбегін атап өтуімізге болады [34] .
Міне осындай үлкен деректор тобының құнды мәліметтері диплом жұмысының өзекті тұстарын ашу барысында барынша қолданылды. Сыр бойы қазақтарының азаттық күресінің барысы мен маңызын айқындау барысында осы жоғарыда атап өтілген деректердің үлкен топтарындағы мәліметтер біздің тарапымыздан барынша талдана отырып, қатаң сыни көзқарас нәтижесінде пайдаланылды. Нәтижесінде диплом жұмысы барысында барынша шынайы әрі құнды мәліметтер негізінде тың қорытындылар жасауға тырыстық.
Дипломдық жұмыстың хронологиялық шегі.
Дипломдық жұмыс Қазақ хандығының патшалық Ресей құрамына кіруіне сипаттама бере отырып, патшалық Ресейдің ХІХ ғасырдан бастап қазақ өлкесінде жүргізіп отырған отарлық саясатының негізгі бағыттарын талдау және осы кезеңдегі Орта Азия хандықтарының Сыр бойындағы озбырлық әрекеттеріне баға беріп, тарихын ашуға бағытталған. Осы мерзім аралығындағы, яғни ХІХ ғасырдың басы мен 1860 жылдардағы қазақ жерінде патшалық Ресей мен Орта Азия хандықтарының отарлық саясатының мәні мен барысымен қатар, қазақ жеріндегі отарлық саясатты күшейту жолындағы қоғамдық-саяси әрекеттеріне баға беріледі. Ең бастысы диплом жұмысы ХІХ ғасырдың басы мен 1860 жылдар аралығындағы Сыр бойы қазақтарының көтерілістерінің мақсаттары және барысы ашылады. Осы ретте біз көтерілістің барысына баға беріп, барынша шынайы талдауға тырыстық. Диплом жұмысы барысында осы мәселеге қатысты қалыптасқан пікірлер мен тұжырымдарды келтіре отырып, Сыр бойы қазақтарының азаттық күресі мәселесін Отандық тарихнамадағы маңызы мен оның болашақтағы зерттеу нысаны ретіндегі маңыздылығына ерекше назар аударады. Диплом жұмысы барысында бітіруші Сыр бойы қазақтарының азаттық күресі мәселесіне қатысты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізген авторлардың еңбегін көрсете отырып, барынша талдауға тырысады.
Дипломдық жұмыстың методологиялық негізі. Диплом жұмысының методологиялық негізін ғылымға белгілі мынандай теориялық принциптер құрады. Атап айтқанда деректік эвристика, яғни қажетті деректерді табу мен барынша ішкі және сыртқы сын жүргізе отырып, жалпы сипаттама беру, нақтылық, дипломдық жұмысты жазудағы жүйелілік пен логикалық үйлесімділікті сақтау.
Дипломдық жұмыс барысында тақырыпқа қатысты зерттеушілердің еңбектері мен ой-пікірлер бүгінгі күнмен байланыстық дәрежесінде пайдаланылды.
Диплом жұмысы барысында ғылымға белгілі жалпыдан жалқыға көшу, анализ, синтез, салыстыру және тағы да басқа зерттеу әдістері барынша қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен (әр бөлім екі бөлімшеден), қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың сыннан өтуі. Дипломдық жұмыс Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық Университеті, Әлеуметтік-гуманитарлық факультетінің Тарих кафедрасында дайындалып, қорғауға ұсынылды.
1-тарау. ХІХ ғасырда Сыр бойындағы отаршылдық саясаттың барысы мен ерекшеліктері
1. 1 ХІХ ғасырдағы патшалық Ресейдің өлкедегі отарлық саясаты: тарихы мен дәстүрлі қазақ қоғамына енгізген өзгерістері
Патшалық Ресейдің билеуші тобының Қазақстанның кең байтақ жерін өзіне қаратып алу арқылы империяның шеңберін ұлғайтудағы стратегиялық мақсаты - осы өлкені отарлаудың саяси негіздерін жасап шығу ісі аса маңызды саналды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz