ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

ТОРҒАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕНЕРАЛ-ГУБЕРНАТОРЫ (ӘКІМШІЛІК ҚЫЗМЕТІ, ЖЕРГІЛІКТІ ХАЛЫҚПЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ)

Алматы 2015 ж

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1-тарау. 1860-1890 жылдар аралығындағы әкімшілік реформалар және Торғай облысының әкімшілік басқарылуының ерекшеліктері

  1. 1860-1890 жылдар аралығындағы әкімшілік реформалар: тарихы мен мемлекеттік басқару жүйесіне енгізген өзгерістері . . . 6.
  2. Торғай облысының әкімшілік басқарылуының ерекшеліктері . . . 18

2-тарау. Торғай әскери губернаторы: қызметі мен жергілікті халықпен қарым-қатынастарының жүзеге асу жолдары

2. 1 Торғай облысы әскери губернаторының саяси қызметінің негізгі бағыттары . . . 25

2. 2 1860-1890 жылдар аралығындағы Торғай облысының экономикалық даму деңгейі және әскери губернатордың осы саладағы қызметі . . . 29

3-тарау. 1860-1890 жылдар аралығындағы әкімшілік реформалар және Торғай облысының білім мен мәдениет саласы

3. 1 1860-1890 жылдар аралығындағы әкімшілік реформалардың білім және мәдениет саласына әсері . . . 36.

3. 2 1860-1890 жылдар аралығындағы Торғай облысының білім беру жүйесі мен мәдениеті . . . 43

Қорытынды . . . 52

Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі . . . 55

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Еліміздің егемендік алуы қоғамның барлық саласында түбегейлі өзгерістерге жол ашқаны белгілі. Бұл өзгерістер саяси-экономикалық сипатымен қатар күнделікті өмірде де терең байқалған болатын. Сонымен қатар оң өзгерістердің ықпалы білім және ғылым саласында да анық байқалуда. Еліміздің білім беру саласында еуропалық озық білім беру дәстүрі сәтті енгізілсе, ғылым саласы белгілі бір идеологияның әсерінен босап шығып, барынша шынайы түрде жазыла бастағаны да шындық. Оған негіз болатын егемендікке дейін ғылым мен білім беру ісі большевиктік тәртіп пен коммунисттік идеолоияға шектен тыс бағынып, салдарынан тарихи шындық саналы түрде бұрмаланды. Ұлтымыздың мақтанышы боларлық тарихи оқиғалар желісі шындықтан аластатылып, ғылымның обьективтілігі принципінен гөрі партиялық принцип маңызды саналды. Дегенмен еліміздің егемендікке қол жеткізуі сан жылдар бойына ғалымдардың назарынан тыс келген тарихи тақырыптар өз зерттеушісін тауып, белсенді ғылыми-зерттеу жұмыстарының жандануына жалғасқан болатын. Оған мақсаттағы жұмыстардың белсенді жандануы түрткі болған Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2004 жылы 13 қазанда білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде сөйлеген сөзінде: «Осы күнге дейін Қазақстанның ең жаңа тарихының бірде-бір қалыпты оқулығы жоқ. Біздің тәуелсіздігіміздің қасіретті оқиғалары және оны нығайту жолындағы біздің күресіміз зерттеу тақырыбына айналмаған» деген болатын [1, 4 б. ] . Нәтижесінде отандық тарихнама үшін өзекті саналатын мәселелер шешімін тауып, ұрпақтар тәрбиесінде маңызы зор болуы тиіс құндылығы жоғары еңбектер жарық көрді. Жалпы ғылым үшін маңызды саналатын мәселелер барынша зерттелуі қажет. Ол турасында Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Ұлытау төріндегі сұхбаты негіз болады. Сұхбат барысында қазіргі заманның ерекшеліктері мен ұлтымыздың бүгінгі көкейкесті мәселелерін тізбектеле келе, Елбасы «Біздің елдігіміз, қазақ жұртының арғы түбі ғұндардан басталады. Ғұндардан кейін түріктерге жалғасады. Одан кейін Алтын Орда орнығады. Сөйтіп, хандық дәуірге ұласып, біртіндеп Тәуелсіздікке барып тіреледі. Осындай үлкен тарихымыз бар. Жастарымыз мұны білуі керек. Біз кеше ғана пайда болған халық емеспіз» деп тұжырымдаған болатын [2, 6-7 б] . Дегенмен жоғарыда қойылған талаптар мен жарық көрген ғылыми еңбектер отандық тарих ғылымы үшін барлық өзекті мәселелердің зерттеліп біткендігін білдірмейді. Әлі де болса ғалымдар назарынан тыс немесе бүгінгі күннің талаптарына сай, шынайылыққа барынша жақындату үшін өз зерттеушісін күтіп тұрған мәселелер жетерлік. Әсіресе бүгінгі таңдағы егеменді еліміздің стратегиялық әріптесіне айналып отырған жақын және алыс шетелдермен байланыстардың түп негізі мен тарихи тамырларын айшықтау мәселесі өзекті болып отыр. Осындай өз зерттеушісін күтіп тұрған мәселелердің бірі - Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесі болып табылады.

Бүгінгі жаһандану үдерісінің ерекшеліктері мен заман талаптары ұлттық тарихқа деген сұранысты арттырып отырғаны түсінікті. Әсіресе зерттеушілердің қызығушылығын тудырып отырған мәселелердің қатарында біздің зерттеу жұмысына арқау болып отырған тақырыпты атап өтуге болады. Сөз жоқ Торғай облысының генерал-губернаторының жергілікті халықпен қарым-қатынасы патша үкіметінің ішкі мақсаттары мен оның қазақ жерінде жүргізген отарлық саясатының шеңберінде жүзеге асты. Дегенмен Торғай генерал-губернаторының қазақ жеріндегі қызметі отарлық саясаттың мүддесімен орайластырғанымен, халықтың игілігі үшін жұмсалып, қызмет ететін мекемелер де ашыла бастады. Олардың қатарында дәрігерлік көмек көрсету орталықтарымен қатар, мектептерді де атап өтуге болады. Әрине бұл алдымен қазақ халқы арасында орыс мәдениеті мен христиан дінінің әсерін күшейтуге бағытталғанымен, өз кезегінде халық игілігі үшін де қызмет еткендігін естен шығармау қажет.

Қазақ хандығының 1731 жылдан бастап патшалық Ресей империясының құрамына кіре бастағанын ескерсек, жер асты байлығы мол саналатын өлкені алдымен саяси тұрғыдан барынша өзіне тәуелді ету ісі Ресей үшін аса маңызды саналды. Сондықтан саяси тәуелділік тек отарлық жүйеге негізделген әкімшілік реформаларды «сәтті» жүргізгенде ғана жүзеге асатындығын патшалық Ресей жақсы түсінді. Осы мақсатта бірқатар жұмыстар жүргізіліп, ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарынан бастап қазақ өлкесін отарлаушы отарлық билікке барынша жақындатып, дәстүрлі билігін жоюға бағытталған әкімшілік реформаларлар қабылданған болатын. Мұндай мағынадағы әкімшілік реформалар ХІХ ғасырдың 60-80 жылдары да белсенді жүргізіле бастады. Нәтижесінде хандық билік жойылып, ұзақ жылдар мен сан ғасырлар көлемінде қалыптасқан дәстүрлі басқару жүйелері мен өмір сүру тәртібіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Осындай өзгерістер қоғамның барлық саласын қамтып, қоғамның дәстүрлі дамуына өз зиянын тигізді. Қазақ хандығы патшалық Ресейдің жаңа талаптарына сай өзінің саяси жүйесін қалыптастырып, біртіндеп отарлық жүйенің берік ықпалына түсті. Атап айтқанда дәстүрлі қазақ қоғамындағы хандар мен сұлтандардың билігі жойылып, оның орнына отарлық мақсатттың дұрыс орындалуын қамтамасыз ететін генерал-губернаторлардың билігі қалыптасты. Сөз жоқ бұл әкімшілік реформалардың дәстүрлі қазақ қоғамына әкелген өзгерістерінің бағыттарын анықтап, оның кері әсерін анықтау ісі зерттеу нысаны ретінде қызығушылық тудырып келеді. Әсіресе өзіндік ерекшелегі мен зерттеушілердің қызығушылығын тудырып отырған мәселелердің бірі де осы генерал-губернаторлардың жүргізген саясаты, жергілікті халықпен қарым-қатынастарының негізгі сипаты болып отыр. Біздің де диплом жұмысымыздың тақырыбына негіз болған мәселелердің бірі - Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы болып отыр. Аталмыш мәселе әлі күнге дейін тарихшылар және өзге де қоғамдық ғылымдар саласының мамандары арасында қызу пікір-таласқа ие.

Қарастырып отырған мәселе дамудың түрлі кезеңдерінде ғылымда едәуір зерттелді. Алайда бұл мәселе әлі де күнге дейін кешенді зерттеуді талап етіп отырғаны белгілі болды. Әрине бұл ретте аталған мәселенің өте күрделілігі салдарынан мәселенің өзектілігі толығымен шешімін тауып, ашылды деп деуге болмайды. Дегенмен Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесі заман талабына сай әр кезеңде өз зерттеушісін табады деген сенімдеміз.

Сонымен қарастырып отырған мәселеміз, яғни Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесі бүгінгі күннің талаптарына сай қайта кешенді түрде қарастырылып жатыр және осы тақырыпқа қатысты жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстары мен құндылығы жоғары еңбектер мәселенің тарихи аспектісі барынша ашылуда. Бұл тақырыптың теориялық және тәжірибелік, методологиялық маңызы жоғары, сонымен қатар зерттеушісін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл сөзсіз Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесінің өзектілігінің дәлелі болып табылады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесі зерттеушілер тарапынан едәуір қарастырылған тақырыптардың бірі болып табылады. Аталмыш мәселе әр кезеңде зерттеу нысанына айналып отырды. Демек Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесіне қатысты зерттеу жұмыстары тек Қазақстанның ғана ғалымдарының зерттеу нысаны болып қана емес, шет елдік тарихнамада да өзекті мәселеге айнала алды. Әсіресе орыс тілінде мәселеге қатысты бірқатар құнды зерттеу жұмыстары жарық көрді. Диплом жұмысы барысында Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесінің зерттелу деңгейін анықтап, диплом жұмысының негізгі зерттеу бағыты ретінде отандық ғалымдардың теориялық және методологиялық тұжырымдары таңдалып алынып, диплом жұмысының зерттеу бағыты айқындалды [3] .

Осындай ұзақ жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижесінде мәселе төңірегінде қазақ және өзге тілдерде бірқатар еңбектер жарық көрді. Әртүрлі тарихи кезеңдерде жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстары заманның дамуындағы ерекшелігіне қатысты өзіндік табиғаты нәтижесінде құрылды. Сондықтан осы тарихи кезеңдердегі ғылыми-зерттеу жұмыстары белгілі бір дәрежеде құндылықтарға ие. Сол себепті қарастырып отырған отырған мәселеге қатысты зерттеу жұмыстарын топтарға бөліп қарастыру диплом жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін аса қажет.

Өз кезегімізде біз диплом жұмысымызға қатысты жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарды үш топқа бөліп қарастыруды жөн деп таптық. Оның бірінші тобына 1917 жылға немесе көтеріліске дейінгі зерттеушілердің, ал екінші тобына мәселенің Кеңестік тарихнамасы, нақтырақ айтқанда Кеңес билігі жылдарында жарық көрген ғалымдардың еңбектерін топтастырдық. Ал үшінші топқа мәселенің бүгінгі таңдағы зерттелуін қарастыра келе, тәуелсіз тұсында жазылған барлық ғылыми жұмыстарды топтастырғанымызды да айта кету керек.

Әрине мәселенің зерттелу деңгейінде көрсетілген әр еңбектер біздің тақырыпқа тура және жанама қатысты болып бөлінеді. Әрине мәселенің пайда болуы немесе патшалық Ресейдің отарлық саясатын аша отырып, әкімшілік реформалардың жүру барысы мен бағыттарын анықтау тиімді болмақ. Сондықтан диплом жұмысы барысында біз мәселенің теориялық негіздерін анықтау үшін Е. Б. Бекмахановтың «Присоединение Казахстана к России» [4], И. Ерофееваның «Хан Абулхаир: полководец, правитель и политик» [5], С. Қ. Жақыпбектың «Қазақ елін Ресейдің жаулауы: басталуы, жүруі» [6], М. Қозыбаевтың «Қазақстан Ресейге өз еркімен қосылды ма?» [7] атты жұмыстарын атап өтуге болады. Аталмыш ғылыми-зерттеу жұмыстары өзінің құндылығымен қатар, диплом жұмысына тура қатыстылығымен де ерекшеленеді. Осы жұмыстарда көтерілген ғылыми тұжырымдар бүгінгі күн талаптарына сай қарастырып, пайдаландық.

Диплом жұмысы барысында мәселенің зерттелу деңгейінде бірінші шартты топ, яғни 1917 жылға дейінгі зерттеушілер қатарында А. И. Добромысловтың «Тургайская область. Исторический очерк» атты зерттеу жұмысын атап өтуге болады [8] . Сонымен қатар көтеріліске дейінгі зерттеушілердің қатарында А. Е. Алекторовтың «Киргизы-казаки» [9], «Материалы для изучения быта и истории киргизов» [10], «Очерк народного образования в Тургайской области: летопись 1744-1898 гг. » атты еңбектерін диплом жұмысы барысында барынша пайдаландық [11] . Сонымен қатар Ф. К Зобнинның «Вопросу о невольниках, рабах и тюленгутах в Киргизской степи» [12] және С. М. Середонинның «Исторический обзор деятельности Комитета министров» [13] атты еңбектері де диплом жұмысында пайдаланылып, тұжырымдық ойлары басшылыққа алынды.

Мәселеге қатысты зерттеу жұмыстарының үлкен бөлігі Кеңестік тарихнаманың өкілдері болып табылатын ғалымдардың еңбектері құрап отыр. Әрине әр еңбек пайда болу уақытысына қарай өзіндік құндылықтарға ие. Мысалы Кеңестік билік жылдарында жарық көрген ғылыми жұмыстар белгілі бір идеологияның шеңберінде ғана жызылғанымен, құндылығы өте жоғары деп айтуға толық негіз бар. Олардың қатарында В. Я. Басинның «Политика царизма в Младшем и Среднем жузах в конце 50-х годах ХҮІІІ в» [14] атты еңбектерді мәселемізді барынша ашу үшін пайдаландық. Сонымен қатар Н. Г. Апполованың «Присоединение Казахстана к России» [15] және «Экономические и политические связи Казахстана с Россией 18 начале 19 в» атты жұмыстары диплом жұмысы барысында барынша пайдаланылды [16] . Диплом жұмысы барысында Г. Сапаргалиевтың «Карательная политика царизма в Казахстане» атты ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі тұжырымдық ойлары мен нақты статистикалық мәліметтері де біздің тарапымыздан қолданысқа ие болып, қорытындыланды [17] .

Сонымен қатар мәселеге тікелей қатысты П. Г. Галузоның «Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867-1914 гг. » [18], П. Г. Галузоның «Туркестан колония (Очерк истории Туркестана от завоевания русскими до революции 1917 г. ) » [19] атты еңбектерімен қатар, Е. Г. Федоровтың «Казахстан - колония царизма» атты ғылыми-зерттеу жұмысының тұжырымды ойлары диплом жұмысының алдына қойған мақсаттарына қол жеткізуде барынша пайдаланылды [20] . Диплом жұмысының зерттелу деңгейінің кеңестиік тұсындағы тарихнамасын П. А. Зайончковскийдің «Военные реформы 1860-1870 гг. в России» [21] атты жұмысы құрап отыр. Сонымен қатар С. З. Зимановтың «Общественный строй казахов первой половины XIX в» [22], К. А. Жиренчиннің «Реформы управления 60 гг. XIX в. в Казахстане и их политические и правовые последствия» атты кандидаттық диссертациясының авторефератында көтерілген негізгі мәселелер біздің тұжырымдарымыз және пікірлердің қалыптасуына негіз болды [23] . Сонымен қатар диплом жұмысы барысында патшалық Ресейдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын дәл анықтауда Н. С. Киняпинаның «Внешняя политика России второй половины XIX в. » атты еңбегін пайдаландық [24] .

Мәселенің зерттелу тарихының бүгінгі таңдағы деңгейі көңіл толарлық. Олай дейтініміз біздің қарастырып отырған мәселе тура әрі нақты зерттелмегенімен оның әртүрлі қыры түрлі зерттеу жұмыстарына арқау болған. Мысалы мұндай еңбектер қатарында К. А. Жиренчиннің «Политическое развитие Казахстана в XIX начале XX веков. » [25], С. К. Жакыпбектың «Царские законы 1886 и 1891 гг. и усиление колониальной власти в Казахстане» [26], К. Данияровтың «История Казахского государства XV-XX вв. » [27], Ж. К. Касымбаев пен Н. Ж. Агубаевтың «История Акмолы (ХГХ-началаХХ века) » [28], К. К. Кусаинов «Административные аспекты колониальной политики самодержавия в Казахстане во второй половине XIX начале XX вв. » [29], А. Н. Медушевскийдің «Административные реформы в России XVIII -XIX вв. в сравнительной исторической перспективе. Научно-аналитический обзор» [30], М. Қойгелдиевтің «Жетісудағы Ресей билігі (ХІХғ. 1917ж. ) » [31], Г. К. Шуланбекованың «1867 жылғы Оңтүстік Қазақстанның саяси жағдайы» [32], Л. Е. Урдабаеваның «История города Актюбинска и его уезда» атты ғылыми зерттеу жұмыстарында көтерілген тұжырымдар мен ой-пікірлер диплом жұмысы барысында барынша пайдаланылды [33] .

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесінің қазіргі таңдағы өзектілігін ескере келе, тақырыпқа қатысты деректер мен тақырыпқа қатысты жарық көрген ғылыми-зерттеу жұмыстарын белсенді пайдалана отырып, патшалық Ресейдің Қазақстанға қатысты отарлық саясатының негізгі бағыт-бағдарын анықтай отырып, ХІХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы әкімшілік реформалардың мәні мен Торғай генерал-губернаторының жергілікті халықпен қарым-қатынастарының барысы мен сипатын талдап, ғылыми негіздеу - диплом жұмысының мақсаты болып табылады. Қойылған мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер диплом жұмысы барысында шешілді:

  • 1860-1890 жылдар аралығындағы әкімшілік реформалар: тарихы мен мемлекеттік басқару жүйесіне енгізген өзгерістеріне баға беру;
  • Торғай облысының әкімшілік басқарылуының ерекшеліктерін айқындау;
  • Торғай облысы әскери губернаторының саяси қызметінің негізгі бағыттарына тоқталу;
  • 1860-1890 жылдар аралығындағы Торғай облысының экономикалық даму деңгейі және әскери губернатордың осы саладағы қызметін ашу;
  • 1860-1890 жылдар аралығындағы әкімшілік реформалардың білім және мәдениет саласындағы әсеріне тоқталу;
  • 1860-1890 жылдар аралығындағы Торғай облысының білім беру жүйесі мен мәдениетінің даму деңгейіне баға беру;

Дипломдық жұмыстың деректік негізі. Торғай облысының генерал-губернаторының әкімшілік қызметі, жергілікті халықпен қарым-қатынасы мәселесіне қатысты бірқатар деректердің тобы бар. Әрине мұндай деректердің үлкен тобы орыс тілінде жазылған Ресей деректері болып табылатыны шындық. Тақырыпқа қатысты деректердің бір тобы жекелеген адамдардың шығармалары болып табылады. Олардың қатарында қазақтың тарихына алғашқылардың бірі болып өз зерттеу жұмыстарын жүргізген ғалымдардың қатарында Шоқан Уәлиханов болып табылады. Ғалым өз уақытында дәл осы 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформаның жобасын жасауға да қатысқаны белгілі. Сондықтан автордың еңбегін диплом жұмысы барысында барынша пайдаландық. Атап айтқанда «Шығармалар жинағы» [34] мен «Записка о судебной реформе» атты шығармаларын атап өтуге болады [35] . Сонымен қатар Н. Ф. Бабковтың «Воспоминания о моей службе в Западной Сибири(1859-1875) » [36], М. Бродовскийдің «Колониальное значение наших среднеазиатских владений для внутренних губерний» [37], В. А. Долгоруковтың «Путеводитель по всей Сибири и Средне-Азиатским владением России» [38], А. И. Левшинның «Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей» [39] атты еңбектерімен қатар, құжаттар жинағы да мәселеміздің деректер тобын құрап отыр.

Демек диплом тақырыбының деректерінің үлкен бір тобы құжаттар жинағы болып табылады. Олардың қатарында «Об отношениях России к среднеазиятским владениям и об устройстве киргизской степи» [40] атты құжаттар жинағымен қатар, диплом жұмысы барысында 1961 жылы Алматыдан шыққан «Казахско-русские отношения в XVI-XVIII вв. Сборник документов и материалов» [41] және Алматыдан 1964 жылы шыққан «Казахско-русские отношения в XVIII-XIX вв. Сборник документов и материалов» [42] атты құжаттар жинағы барысында барынша пайдаланылды. Сонымен қатар М. П. Вяткинның «Материалы по истории Казахской ССР» атты оқулығында қазақ-орыс қарым-қатынастары турасында құжаттар жарық көрді [43] . ХІХ ғасырдағы әкімшілік реформалар мен генерал-губернаторлардың қызметі турасындағы «Прошлое Казахстана в источниках и материалах» атты мұрағат құжаттарының мәліметтері диплом жұмысы барысында барынша пайдаланылды [44] .

Сөзсіз Торғай және жалпы генерал-губернаторлардың қызметі мен ХІХ ғасырдағы қазақ даласындағы патшалық Ресейдің отарлық саясаты турасындағы дерек көздерінің бірі А. В. Васильевтың «Исторический очерк русского образования в Тургайской области и современное ее состояние» болып табылады [45] . Міне осындай үлкен деректор тобының құнды мәліметтері диплом жұмысының өзекті тұстарын ашу барысында барынша қолданылды. Торғай генерал-губернаторының жергілікті халықпен байланыстарын айқындау барысында осы жоғарыда атап өтілген деректердің үлкен топтарындағы мәліметтер біздің тарапымыздан барынша талдана отырып, қатаң сыни көзқарас нәтижесінде пайдаланылды. Нәтижесінде диплом жұмысы барысында барынша шынайы әрі құнды мәліметтер негізінде тың қорытындылар жасауға тырыстық.

Дипломдық жұмыстың хронологиялық шегі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патшалық өкіметтің Қазақстанда саяси билігінің орнығуы (1867-1891 ж.ж)
Отарлық басқару ережелері негізінде рухани өмірге көрсетілген қысым
ХІХ 60-70 ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Алтынсариннің кезінде салынған екі класты орыс - қазак мектебі үйінің планы
Министрлікпен келісім бойынша әскери губернатор лауазымына ұсыну
Орыс географиялық қоғамының тарихы
Қазақстанның XX ғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Отарлық қоныстандыру саясатының күшеюі. Столыпин аграрлық реформасы
Мемлекет және билік
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар туралы ақпарат
ХХ ғасырдың бас кезіндегі іс-қағаздар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz