Бала тілінің зерттелу тарихы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Бала тілінің зерттелу тарихы

Адам баласы ең алғашқы сөйлеуді кімнен үйренді? Оған кім үйретеді
немесе қалай үйренеді? Адам баласының сөйлеуі зерттеулер көрсеткендей бала
тілінен басталады.Ал, бала қалай сөйлейді? Иә, ол күрделі құбылыс.
Ең алғашқы бала тілін біздің дәуірімізден бұрынғы 484 – 425 жылдарда
грек тарихшылары зерттеуді қолға алған екен. Мысыр елі басшысы өз халқының
ертеден келе жатқан байырғы халық екенін көрсету мақсатында екінәрестені
бір қойшыға беріп, оларғаешқандайсөйлемей оқшау тәрбиелеуді тапсырады.
Баланың тілі шығатын кезінде бала бірден сөйлеп кетедідеп сенген. [1]
Тәжірибе көрсеткендей, балалар сөйлемейді. Содан кейін барып, Мысыр елінің
басшысы өзінің ойынан қайтады.
Баланың тілі шығарда оның ересектермен,өзінің тілдік ортасымен,
заттармен, ойыншықтармен қарым-қатынас негізінде болатын бала пайымдау
құбылысы бірнеше кезеңдерден өтіп қана бала тілінде бір сөзді сөйлем
түрінде көрініс береді. Егер бала тілінде сөз – сөйлем, кейінірек сөз –
сөйлемнің негізінде өз мағынасымен бала тілінде сөз табы шықса, оны бірнеше
кезеңдерден өтіп шыққан бала пайымдауының нәтижесі деп түсіну қажет. Бала
тілі бірте – бірте шығып, оның әрі қарай ана тілінің даму жүйесі қалыптаса
бастайды. Ал, баланың ой-өрісі сол әрекеттерге сәйкес сөзді немесе сөйлемді
айт десеңіз де айтқыза алмайсыз, себебі, бала өзіжасамаған іс-әрекет туралы
айта алмайды. Кейбір зерттеулерде бала ойыншықтармен, заттармен йнау арқылы
сөйлейтінін жоққа шығарады. Бала үлкен адамдардың сөйлеген сөзін есту
арқылы өздеріне қажетті сөздерді теріп алып, тілі шығады деген тұжырым
айтады.Бұл тұжырым шындыққа жанасады. Себебі, біз баламен бірге
йыншықтармен ойнап, іс-әрекетке түсу арқылы олармен тілдесеміз және ойлау
қабілетін дамытамыз. Дәлірек айтсақ, бала заттың пішінін, қатты немесе
жұмсақ екенін біледі. Енді үлкен адамдардың көмегімен сол ойыншықтармен
ойнауға болатынын, оны оны сындыруға болатынын түсінеді және үлкен адам мен
баланың арасында да танымдық деңгейі арта түседі. Бұл құбылыстар баланың
кейінірек көрініс табады, себебі бала өзі жасаған істердің атауын, сапасын
немесе пішінін адамдардың сөйлеуі арқылы естіп, түсініп, кейін өзі тілдік
қолданысқа түседі.
І Дүниежүзілік соғыстың соңы мен 1950-жылдардағы ғалым
зерттеушілердің көбі баланың қай айда, қанша жаста қалай дыбыс
шығаратынын, қандай сөз айтатынын, қандай сөйлем айтатынын бақылап,сол
арқылы тұжырымдар жасап, бала тілінің қалыптасуы мен дамуын зерттеген.
АҚШ-та ең алғашқы рет баланың айтқан сөзі мен ойы жайлызерттеу
жұмысын жүргізген ғалым – Станли Холл. [2] Станли Холлдың зерттеуі неміс
философы Вильхайм Вундгтың ғылыми бағытындағы ойларына негізделген. [1]
Станли Холлдан бастап осы күнге дейін көптеген ғалымдар бала тілінің жан-
жақты зерттеп, ғылымға әртүрлі үлес қосуда.
Соңғы жылдары балатілін жан-жақты зерттеу лингвистердің көңіл бөлген
күрделі мәселе болып келеді, сондықтан да бала тілінің шығуы, дамуы мен
қалыптасуы лингвистикалық және психолингвистикалық себептерді ескере отырып
зерттеу жалпы тіл білімінің негізгі де маңызды зерттеуі болып отыр.
Сондықтан да, бала тілін күрделі үрдіс ретінде лингвистикалық жағынан
зерттеу – қазіргі таңда ауқымды жәнетүбегейлі зерттеуді қажет ететін
күрделі мәселе болып отыр, себебі баланың тілі тіл білімінде көптеген құнды
ғылыми тұжырымдар береді.
Бала тілінің сөздік қорының дамуы мен қалыптасуын Д.Б.Эльконин,
А.В.Захаров, грамматикалық жүйесінің қалыптасуын А.А.Леонтьев, Ф.А.Сохин,
С.Н.Цейтлин, С.Эрвин-Трилпп, синтаксисінің және семантикасының дамуын
П.Гринфильд, Э.Бейтис, А.Р.Лурия, Е.С.Кубрякова, А.М. Шахнарович баланың
жас ерекшелігіне, бала тәрбиесіне, отбасына, өскен ортасына, бала қарым-
қатынас жасайтын ортасына, қабілетіне, темпераментіне, шығу тегіне,
денсаулығына және тағы басқа да заңдылықтарға байланыстырып зерттеледі және
зерттелініп жүр. [1]
Бала тіліне бас мән беріп, лингвистиканың және психолингвистиканың
үлкен тың бір саласы деп терең зерттеген А.М. Шахнарович болды.Бала тілін
зерттеуде оның функциясында бақылап талдау жасау психолингвистикада,
лингвистикада аса нәтижелі болып келеді.
Таңат Аяпова өз мақаласында қазіргі таңдағы лингвистика саласындағы
бала тіліне қатысты зерттеулер бес бағытқа бөлініп қарастырылып жүргенін
айтады.
Бала тілін зерттеу – баланың танымының дамуын балаға қажетті қарым-
қатынасты зерттеу арқылы оның тілінің шығу тарихын білуге болады.
Баланың зияткерлік, танымдық деңгейінің өсуі, сонымен қатар, ересек
адамдармен көп қарым-қатынасқа түсуі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық Қазақстан тұрғындарының жергілікті тіл ерекшеліктері
Синтаксистің зерттеу объектілері. Сөз тіркесінің синтаксисі
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайында дәрістер
Етістіктің жақ категориясы
XX ғасырдың 20-30-шы жылдарындағы қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның қоғамдық тәрбие берудегі тағылымына концептуальды талдау
Ахмет Байтұрсынов шығармаларындағы халықтық идеяның тәрбие берудегі орны
Ерте жастағы аутизмі бар балалардың сөйлеу тілін дамыту жолдары
Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінен мысалдар жинақтау
Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі
Қазақ тілдеріндегі етістік тұлғалы антропонимдердің құрылымы
Пәндер