Блок чейн технологиясы. АКТ-дағы жасыл технология



Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Блок чейн технологиясы. АКТ-дағы жасыл технология.

Астана 2017
Жоспар:
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1. Блокчейн деген не?
2. Транзакциялық блок
3. Блокчейннің қауіп қатері
4. Анализ
ІІІ Қорытынды
ІV Қолданылған әдебиеттер.

Кіріспе.

21 ғасыр технологиялардың шарықтау кезеңі деп те айтсақ, болады. Блокчейн - желіде ақпараттарды сақтайтын белгілі бір тәртіп бойынша құрылған блоктар тізбегі. Мамандар бұл технологияны банк жүйесінде, экономикалық салада, сонымен қатар білім мен электрондық сауда нарығында кеңінен қолдануға болады. Демек Блокчейн бұл қаржы саласындағы айтарлықтай төңкеріс, себебі бұл қаржының транзакциялауының бірден бір баламалы түрлерінің озығы. Осы Блокчейннің арқасында болашақта қаражатты транзакцияны қауіпсіздігінің мінсіздігіне қол жеткізе алады. Ал менің қорғап отырған жұмысымның мақсаты бұл аталмыш Блокчейн технологиясы жайлы аудиторияға айту, дарыту.

Негізгі бөлім
Блокчейн (BIockchain) -- биткойн (Bitcoin) немесе оның баламасы жүйесінде транзакциялары тобын жазуға арналған арнайы құрылым. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы. туған сәтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды. Тіпті бір кезде жол ережесін бұзғаныңыз, досыңызға шотыңыздан ақша аударғаныңыз, интернет дүкеннен жасаған саудаңыз, үйленгеніңіз, барлығы-барлығы блоктарда тізбектеліп сақталады. Қысқаша айтқанда қағазға жазылатын деректердің барлығын blockchain-ге де жазуға болады. Айырмасы blockchain-де жазбаны қолдан жасауға, өшіруге, жасыруға болмайды. Өткен күнмен жазба жасай салатын нотариустар, айыппұлыңызды базадан өшіретін пысықайлар, несие тарихын жаңартатын алаяқтар дәурені өтеді. Blockchain деректерін яғни блоктарды және олардың мазмұнын иесі рұқсат етсе кез-келген адам көре алады. Демек blockchain желісінің пайдаланушысына оның деректерін растайтын нотариус, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенті, бақылаушылар сияқты делдалдар қажет болмайды.
Термин алғаш рет Bitcoin жүйесінде енгізілген толығымен қайталанатын таратылатын дерекқордың атауы ретінде пайда болды, бұған блок көбінесе әртүрлі крипто-валютада операциялар деп аталады, бірақ блоктық тізбектер технологиясы қандай да бір өзара байланысты ақпарат блоктарына дейін кеңейтілуі мүмкін.

Блокчейн дегеніміз не?
Блокчейн дегеніміз не? Блокчейн - желіде ақпараттарды сақтайтын белгілі бір тәртіп бойынша құрылған блоктар тізбегі (block-блок, chain-тізбек). Қазіргі уақытта ол түрлі криптовалюталарда транзакциялар жүргізуге қолданылып жүр. Криптовалюта - орталықтан басқарылмайтын цифрлік есептік көрсеткіштер. Қарапайым тілмен айтқанда - электронды валюта. Алайда, блокчейн жүйесінде өзге де ақпараттарды сақтауға болады. Мамандар бұл технологияны банк жүйесінде, экономикалық салаларда және өзге де индустрияларда қолдануға болатынын айтады. Дәстүрлі банк транзакцияларымен салыстырғанда блокчейннің негізгі басымдығы - арада делдалдардың болмауы. Қазіргі таңда ақшалармен, құжаттармен немесе өзге де мәліметтермен жүргізілетін барлық операциялар міндетті түрде делдалдар арқылы жүзеге асырылады. Банктер, мемлекеттік органдар немесе нотариустар әрдайым жүргізілген операциялардың шынайылығын растап отырады. Ал блокчейннің орталықтандырылған органы жоқ. Ол - басшылықсыз қызмет ететін жалпыға ортақ ауқымды мәліметтер базасы. Онда жүргізіп жатқан транзакцияларды жүйенің барлық қатысушылары көре алады. Олар атқарылған әрекеттердің шынайылығын растап, жүргізілген транзакцияларға байланысты ақпараттардан жоғарыда аталған блоктарды тізеді. Ал жүйе қолданушыларының жеке басына қатысты мәліметтер құпия сақталады. Әлемдік қауымдастықта жаңа технологияға байланысты түрлі кереғар пікірлер айтылуда. Бірі оны көптеген салаларда индустриалды төңкеріс жасауға қауқарлы деп бағаласа, енді біреулер жүйенің анонимдігі ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіреді, дейді. Технологиялық төңкеріс Мәселен, Ресейдегі Сбербанк басшысы Герман Греф Finnopolis инновациялық технологиялар форумында блокчейннің ауыл шаруашылығынан бастап, банктерге дейінгі барлық индустрияларда төңкеріс жасайтынына сенімді. Сол үшін Сбербанк басшысы банктің көптеген миллиардтық IT-жүйесі ескіріп қалғанын, және де Ресейдің жаңа революциялық технологиядан құр қалмауы керек екенін баса айтты. Блокчейн технологиясын Ресейдің байланыс және бұқаралық коммуникация министрлігі де бақылап отыр. Ведомство басшысы Николай Никифоров министрліктің бұл салада түрлі зерттеулер жүргізіп жатқанын жеткізді. Алдыңғы 5-10 жылды болжап, бұл технологияның болашақта халық шаруашылығына, мемлекет пен адам арасындағы қарым-қатынасқа қандай пайда әкеле алатынын түсіну қажет, - деді министр. Видео-әңгімелесу арқылы клиенттерді сәйкестендіру жүйесін құрған Block Notary стартапының негізін қалаушы Игорь Бариновтың пікірінше, блокчейннің басты басымдығы - ондағы мәліметтердің сырттан өзгертілуінен қорғалуында. Блокчейн жүйесіне көп жылдар бойы түрлі шабуылдар жасалып келеді, бірақ олардың ешқайсысы әзірге нәтижелі болған жоқ, - дейді ол. Қазіргі кезеңде Ресейдегі бірнеше компания блокчейн-шешімдерге негізделген бағдарламалық жасақтама әзірлеумен айналысып жатыр. Мамандар егер технология күнделікті өмірге енсе, банктердің, мемлекеттік органдардың, аудиторлардың, бақылаушылардың, сақтандыру компаниялары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Блок чейн технологиясы
Smart технологиясының артықшылықтар
Smart Технологиясының негізгі ұғымдары
Информатика сабағында дамыту технологиясын қолданып оқыту
Информатикaны оқытудa мультимедиялық технoлoгиялар негізінде қолданбалы бағдаpламаларды құру және пайдалану әдістeмeсі
Мәтінді форматтау тэгтері
Оқушылардың компьютерлік сауаттылықтарын дамыту
Ақпаратты тасымалдау құралы
Оқыту процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияны қолдану
Адам анатомиясын оқыту үдерісінде сандық білім беру технологияларының рөлі
Пәндер