Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді
КІРІСПЕ
Дене тәрбиесі жүйесінің мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық, заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік, бағдарлама-нормативтік және ұйымдастыру негіздерінен көрінеді.
Әлеуметтік-экономикалық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі қоғамымыздың басқа әлеуметтік-экономикалық жүйелерімен, саясатпен, ғылыммен, мәдениетпен тығыз байланысты. Бұл байланыстардың объективті негізі - дене тәрбиесі жүйесінің қоғамдық өндіріске керектігінде. Жүйе қоғамдық өнім шығармаса да сол ортаға өндірістік қатынастардың иесі - адам арқылы әсер етеді. Ол адамның әлеуметтік жағдайын қалыптастырып, қоғамдық қатынастарды жетілдіреді.
Заң-құқықтық негіз. Дене тәрбиесі жүйесі өз жұмысын бағыттайтын құқықтық күші бар, көптеген нормативтік актілерге сүйенеді. Ол Ата заңымыз Қазақстан Республикасының Конституциясының 23-бабында нақтылы көрсетілген. 2
Еліміз егемендігін алған кезеңнен бері дене тәрбиесі мен спортты дамыту туралы көптеген заңдар, қарарлар қабылданды. Олар:
1. Қазақстан Республикасының 1999 жылы шілде айының 6-жұлдызында қабылданған № 389 - 1 Білім туралы заңы.
2. Қазақстан Үкіметінің 1999 жылы желтоқсан айының 2-жұлдызында қабылданған Дене шынықтыру және спорт туралы заңы.
3. Дене тәрбиесі мен спортты дамытудың 2005-2011 жж. арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің №148 бұйрығымен 11.03.2003 ж. бекітілген Дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы.
Дене тәрбиесі жүйесі ғылыми-әдістемелік негізде құрылады. Оның барлық теориялық және іс-тәжірибиелік жұмыстары ғылыми түрде негізделген.
Дене тәрбиесі жүйесінің құрылу және даму заңдылықтарын қоғамдық, педогогикалық-психологиялық, әдістемелік-биологиялық ілімдер (дене мәдениеті тарихы, әлеуметтік спорт, гигиена, физиология, спорттық медицина т.б.), спорттық-педагогикалық пәндер (жеңіл атлетика, шаңғы спорты, гимнастика т.б.) зерттейді. Осылардың ішінде негізгі орынды дене тәрбиесі және спорттың теориясы мен әдістемесі пәні алады.
I ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Дене тәрбиесі жүйесінің мақсаты мен міндеттері
Дене тәрбиесі жүйесі дегеніміз - әлеуметтік-экономикалық заң-құқықтық, ғылыми-әдістемелік нормативтік-бағдарламалық негіздердің жиынтығы және республика дене тәрбиесі мен спорт мәселелерін үйлестіріп, әрі басшылық етіп отыратын ұйымдар мен мекемелер. Дене тәрбиесі жүйесінің басты мақсаты - күш-қуаты мықты, жан-тәні сау, елімізді қорғауға әзір, шығармашылық жұмысқа құштар, жан-жақты дене тәрбиесі дайындығынан өткен адамдарды тәрбиелеу. Бұл мақсат төмендегідей жалпы міндеттерге негізделген:
1. Білім беру міндеттері - қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгерту және дене тәрбиесі көлемінде арнайы білім беру.
2. Сауықтыру міндеттері - дене тәрбиесі жаттығуларының көмегімен денсаулықты нығайтады.
3. Тәрбиелік міндеттері - адамгершілік, дене қасиеттерін қалыптастыруға, өнегелі, көркемдік танымдарды үйренуге негізделген.1
1.2 Дене тәрбиесінің бұрынғы жүйелеріне тарихи шолу
Біздің дәуірімізге дейінгі (БДД) VI-V ғғ. Қазіргі Қазақстан жерінде тұрып, өмір сүрген біздің арғы ата-бабаларымыз - сақтардың кезінде өз заманына сай дене тәрбиесі жүйесі болған. Сақтардың дене тәрбиесі жүйесінің негізі әскери-жауынгерлік және жарыс-сайыс бағытында болды. Ашық аспан астында киіз үйлерде тұрып, негізгі кәсіптері мал өсіру болған сақтарға кенеттен келген жауларынан отбасын, елін, жерін қорғау үшін өте сезімтал, күшті, епті, төзімді, батыл болуы керек болды. Сондықтан да олар бала кездерінен атқа міну, садақ ату, күрес жаттығуларымен айналысқан. Сақтардың балалары 4-5 жастарынан атқа шауып, 7-8 жасынан ат үсті сайыс жаттығуларын үйреніп, меңгере бастаған. Он үш жаста отау иесі болатын боз балалар, ер қаруы бес қаруды еркін меңгерген. Сол кездердегі сақ жауынгерлерінің шабуыл жасайтын қарулары - айбалта, қылыш; соғатын қарулары - қалқан, сауыт, дулыға, тізелерін, аяқтарын қорғайтын қалқаншалар болған. Осы аты аталған қару-жарақаттарды соғыста пайдалану, оларды өте жетік меңгеру үшін сақ жауынгерлері өте көп жаттыққан. Садақ ату, найзамен, ақинақпен сұғу, қылышпен, айбалтамен шабу, шоқпармен соғу жаттығулары көп рет, әр түрлі жағдайларда қайталана орындалған. Жаудың қаруларынан жалтару, қалқанды тосу, сақтандыру жаттығулары жетілдірілген. Осы қаруды қолдану жаттығулары жерде, ат үстінде, атты тізгінін ұстап басқару кезінде орындалған. Соғыс жағдайына жақындатылған жағдайда шауып келе жатып қарулар қолдану, бірнеше адамдардан қорғану, шабуыл жасау жаттығулары сайыс түрінде орындалған.
Сол кездерде сақтармен қатар өз жерлерінде өмір сүріп жатқан гректердің спартандық, афиндық дене тәрбиесі жүйелері болғанын біз білеміз. Сол спартандық құрбылары секілді сақтардың да қыз-келіншектері де ерлермен бірдей дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысқан, жаумен соғысқан. Сақ патшайымы Томирис пен оның құрған Шығыс амазонкалары әйелдер әскер бөлімі, Бабыл Византия патшасы Кирмен соғыстың шешуші кезеңіндегі жеңісте өте үлкен рөл атқарғаны тарихта белгілі.
БДД II ғ. Шығыс Түркістанда пайда болып, біздің дәуірімізде Қазақстан жерінде қоныстанған ғұндардың дене тәрбиесі жүйесі сақтардың дене тәрбиесі жүйесіне ұқсас болған. Қылмыс жасап, тәртіп бұзған, ұрлық жасаған адамдардың беттері тілініп, жазаланған. Ғұндар ат үсті жаттығуларына өте жетік болған, шауып келе жатқан аттың үстінде ауысып, теріс отыру, тік тұру, жерге секіріп түсіп, қайта отыру, шауып келе жатып жерден қамшы алу, жамбы атып түсіру секілді жаттығуларды ғұндар өте жетік меңгерген. Осы кездегі Еуропа цирктеріндегі ат үсті жаттығуларын ғұн дене тәрбиесі жүйесінен алынған деген цирк өнерін зерттеушілердің дәлелдері бар.
Шыңғысхан құрған Мың қол империясы кезінде (XIII-XII) әскери - дене тәрбиесі жүйесі іске асырылды. Ол кезеңде әрбір ер адам, атымен, қару-жарағымен соғысқа аттануға дайын тұруы керек болды. Сол кезде Ерлердің үш ойыны дене тәрбиесі жүйесі болды. Ол - күрес, садақ ату және атқа шабу спорт түрлеріне негізделген болатын.1
Әмір Темір билігі кезінде (XI ) жеке сайыс, шахмат (шатрантаж) өнерлері дамыды. Темірдің өзі де сайыс өнеріне жетік, дене қуаты жетілген, шахматты да жақсы ойнайтын адам болған.
XV ғ. бастап Қазақ хандығы кезеңінде дене тәрбиесі жүйесі ұлттық ойындарды және әскери-жауынгерлік өнерлерді жетілдіру сипатында болды. Сол кезеңде қазақ арасында батырлар, палуандар, шабандоздар, сал-серілер, ақындар қадірлі болды. Қазақтың ұлттық ойындары - ат бәйгесі, жорға жарыс, күрес дамыды. Ат үсті ойындары - көкпар, аударыспақ, күміс алу, қыз қуу, шауып келе жатып жамбы ату, ат үсті әр түрлі жаттығуларын орындау (ат үстінде тік тұра, теріс отыра, ат бауырынан өте, жерге түсе қайта шыға шабу) өнерлері дамыды. Жәрмеңкелерде, ас беруде, үйлену, сүндет т.б. той-жиындарда осы спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталып отырылды. Ол жеңімпаздар халық арасында аттары аталып, аңыз-әңгімелеріне арқау болып, ақындардың өлең-жырларында айтылып, өте жоғары сый-сияпатқа бөленді.1
Қазақ хандығының дене тәрбиесі жаттығулары жүйесі тек қана жарыс сипатында ғана емес, күнделікті тіршіліктерінде де жетілдіріліп отырылды. Күнделікті атқа отыру барысында орындалатын әр түрлі ат үсті жаттығулары, күнделікті орындалатын бие байлау, бұғалық тастап құлын ұстау, жүгіріп малдарды жаю, мал қайыру, мал ұстау, аңға шығу, тауда, жазықта жүгіру, кешке ойналатын әр түрлі қазақтың ойындары (ақ сүйек, арқан тарту, алтыбақан тебу т.б. ойындар), қолдары босағанда күреспен айналысу, садақ ату, қару-жарақ түрлері жаттығуларын меңгеру жастарды шынықтырады, батырлыққа, батылдыққа тәрбиелейді, дене қасиеттерін жетілдіреді. Сол кездегі дене тәрбиесі жүйесінің өз заманына сай болғанының дәлелі қазақ халқының ұлан-байтақ жерді сақтап қалғаны, өздеріндей саны бар, тұрақты әскері бар, темірдей тәртібі бар, бір орталыққа бағынған жоңғар әскерін, жоңғар елін жеңуі.
XVIII-XIX ғғ. Ресей патшалығына қосылған кезеңдерде қазақ жеріндегі дене тәрбиесі орыс дене тәрбиесі арқылы түрленіп, күрделілене түсті. Ресей мемлекетінің дене тәрбиесінің негізін қалаған П.Ф. Лесгафт он алты Еуропа елдерін аралап, дүниежүзі дене тәрбиесі мен спорт жүйелерін орыс жеріне әкелсе, енді сол классикалық спорт түрлері, дене тәрбиесі жүйелері орыстар арқылы қазақ жеріне тарады.
XX ғ. Кеңес дәуірінің де өзіне тән ерекше социалистік дене тәрбиесі жүйесі болды. Оның бір ерекшелігі дене тәрбиесі және спорт түрлерімен айналысу тегін, коммерцияланбаған болды. Барлық спорттық құрылыстар, құрал-жабдықтар мемлекет қарауында, иелігінде жұмыс істеді. Жұмысшы, шаруа, студент, оқушы, барлық адамдарға спорттық құрлыстардың есігі ашық тұрды. Кеңес Одағының спортшылары соның арқасында Олимпиада ойындарында, халықаралық жарыстарда басқа мемлекеттің спортшыларын ұтып, тұрақты жеңімпаздар қатарында болды.
Қазақстан Республикасы егемендігін алып жеке дербес мемлекет болғалы он тоғыз жылда өз Конституциясы, Ата заңы шығарылып, өзіне тән дене тәрбиесі жүйесі дамыды.
1.3 Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі жүйесінің негіздері

Дене тәрбиесі жүйесінің бағдарлама-нормативтік негізіне жататындар:
1. Дене тәрбиесінің мемлекеттік бағдарламасы.
2. Президенттік сынама.
3. Мемлекеттік спорттық классификация.
Дене тәрбиесінің мемелекеттік бағдарламасы барлық оқу-тәрбие орындарында: бала бақшаларда, жалпы білім беру мектептерінде, жоғарғы оқу орындарында, Республика Қарулы Күштерінде, т.б. оқу орындарында болады. Бұл бағдарламада дене тәрбиесінің амалдары, жүргізілуі тиіс керек спорт түрлері, оның негізгі жаттығулары, сынақ түрлері, қалай жұмыс істеу жолдары көрсетілген.
Дене тәрбиесі мен спорт қозғалысында Президенттік сынаманың маңызы өте зор. Қазақстан Республикасындағы халықтың дене тәрбиесі даярлығының Президенттік сынамалары туралы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 24 маусымдағы № 774 қаулысымен қабылданды.
Президенттік сынама - бақылау нормалары арқылы халықтың оқуға, еңбекке, әскери қызметке дене дайындығының жалпы деңгейін анықтайтын, әр түрлі сынақ-жаттығулар жиынтығы.
Президенттік сынамаларда халықтың дене даярлығын - күштілікті, шыдамдылықты, ептілікті, жылдамдықты көрсететін жеті сынақ түрі қамтылған.2
12-ден 23-ке дейінгі жас шамасындағы жастар үшін сынамалар дене даярлығының екі деңгейінен, яки Президенттік және ұлттық деңгейінен тұрады.
1. Президенттік деңгейі жан-жақты дене қуаты даярлығы бар дені сау адамдар үшін арналған.
2. Ұлттық даярлық деңгейі оқу немесе жұмыс орны бойынша спорттық секцияларда, топтарда, командаларда, дене тәрбиесі және спортпен жүйелі түрде айналысатын адамдар үшін арналған.
23 жастан асқан адамдар үшін олардың денсаулық деңгейін анықтайтын Президенттік сынама сынақтары ретінде, адам организмі қызметін бағалаудың неғұрлым сенімді тәсілі ретінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған 1,5 мильге (2400 м) жүгіру сынағы енгізілген.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстар жалпы білім беретін мектептердің 5,9,11-сыныптарында, кәсіби-техникалық лицейлердің, колледждер мен жоғарғы оқу орындарының соңғы курсына барар жылы өткізіледі.
Еңбекші жастар үшін сынақтар жас ерекшеліктеріне байланысты өткізіледі.
Президенттік сынамалар нормативтерін тапсыруға дәрігердің рұқсаты бар, спортпен арнайы немесе өз бетінше айналысып жүрген адамдар жіберіледі.
Президенттік сынамалар сынақтарының түрлері бойынша жарыстарды қалалық, аудандық, облыстық білім басқармасының дене тәрбиесі бөлімі, туризм және спорт басқармалары бекіткен ережелерге сәйкес әр оқу орнының, кәсіпорынның дене тәрбиесі мұғалімдерінен, жаттықтырушыларынан, спорт нұсқаушыларынан құрылған төрешілер алқасы өткізеді.
Президенттік сынамаларды республикада, облыстарда, аудандарда, қалаларда орындау жөніндегі жұмысқа басшылық және бақылау жасау Қазақстан Республикасының Туризм және спорт басқармалары, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің дене тәрбиесі орталықтары арқылы жүзеге асырылады.
Президенттік сынамалар бойынша жарысты ұйымдастыру жауапкершілігі жалпы білім беретін мектептерде, кәсіби-техникалық мектептерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындары мен кәсіпорындарда - әкімшілікке жүктелген.
Президенттік сынамалар бойынша негізгі практикалық жұмыстарды орындау оқу орындарында дене тәрбиесі мұғалімдеріне, медициналық қызметкерлерге, ал кәсіпорындар мен ұйымдарда спорт мамандарына, спорт жөніндегі нұсқаушыларға, жаттықтырушылар мен медициналық қызметкерлерге жүктелген.
Президенттік сынамаларға кіргізілген сынақтардың түрлері: 60, 100,1000, 2000, 3000 метрге, 1,5 мильге (2400 м ) жүгіру, тұрған орнынан ұзындыққа секіру, биік белтемірге (турникке) тартылу, шалқалап жатқан қалыптан кеудені көтеру, мылтық ату, шаңғымен жүгіру, қол добын лақтыру.
Тағы да маңызды нормативтік негіз - спорт классификациясы. Республикалық спорт классификациясы дегеніміз - спорттың әр түрінен жасөспірімдер разрядынан бастап халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын беру тәртібі, нормалары, ережелері. Ол спортта жоғары жетістіктерге жетуге, жаттықтырушы жұмысын жетілдіруге, балалар және жасөспірімдер спорт мектептерінің, олимпиадалық спорт мектептерінің, арнаулы орта және жоғарғы оқу орындарының, спорт қоғамдарының жұмысын жақсартуға ықпал етіп, Қазақстан спортының дамуына негіз қалайды. Спорттық классификация КСРО-да 1935 ж. қабылданды. Одан кейінгі жылдары спорттың даму деңгейіне байланысты өзгертіліп отырылды. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, тәуелсіздік алуына байланысты, қазір елімізде классификация мазмұны мен құрылымы көп өзгерді, әлі де жетілдіріліп келеді.
Дене тәрбиесі жүйесі Республикамызда мемлекеттік, қоғамдық және жеке дербес негізде ұйымдастырылады.
Мемлекеттік ұйымдастыру түрі Қазақстан Республикасының мемлекеті деңгейінде қаржыландыруымен, жауапты министрліктердің қатысуымен орындалады. Республикамызда дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын басқарып, бағыт беріп отыратын арнаулы мемлекеттік екі министрлік бар. Бірі - Қазақстан үкіметінің Туризм және спорт министрлігі. Бұл министрлікке республикалық спорт мекемелері, ұлттық ғылыми іс-тәжірибелік орталығы, облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармалары, спорт мектептері, спорт интернаттары бағынады. Бұл министрлік негізінен жоғары жетістіктер спорты мәселелерімен айналысады. Аудандық, облыстық, республикалық, халықаралық жарыстар өткізу, спортшыларды сол жарыстарға дайындап, қаржыландыру - осы министрлік, мекеме басқармаларының міндеті. Мемлекетіміздегі Ұлттық Олимпиада Комитетімен бірігіп еліміздің құрама командасын төрт жылда бір болатын Азия ойындары мен Олимпиада ойындарына дайындау, қатысу да осы министрлік басқармаларының, мекемелерінің жұмысы. 3
Екінші, дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарына жауап беретін министрлік - Білім және ғылым министрлігі. Бұл министрліктің қарауындағы облыстық, қалалық, аудандық білім басқармалары, балалар, оқушылар, студенттер арасында мектептерде, колледждерде, институттар мен университеттерде жүргізілетін дене тәрбиесі сабақтары мен барлық спорттық жұмыстарға жауап береді. Дене тәрбиесі сабақтары мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, мектептерде, орта және жоғарғы оқу орындарында және басқа да мемлекеттік, қоғамдық мекемелерде ұйымдастырылады. Сабақ мемлекеттік бағдарлама, ресми кесте бойынша жүргізіледі. Ол үшін арнайы уақыт белгіленіп, қаржыландыру мәселесі шешіліп, материалдық база жасалады. Дене тәрбиесі сабақтары мен спорт түрлерінен жаттығуларды, жарыстарды, басқа да көпшілік спорт жұмыстарын арнайы мамандандырылған мұғалімдер, оқытушылар, сондай-ақ кәсіби жаттықтырушылар, нұсқаушылар жүргізеді.
Қоғамдық ұйымдастыру барлық жастағы адамдарды дене тәрбиесі мен неғұрлым көбірек қамтуға бағытталған. Елімізде көптеген ерікті спорт қоғамдары жұмыс істейді. Ол ерікті спорт қоғамдарында қоғам мүшелері өздерінің қосатын жарналары мөлшерін белгілеп, басқаратын адамдарын жиналыс негізінде сайлайды. Қоғамдық ұйымдастыру түрінің ең бастапқы ұйымы - спорт клубы. Бұл ерікті спорт қоғамдары Кеңес дәуірінен келе жатқан ерікті спорттық қозғалыс түрі. Ол кезеңде республикамызда ауыл-село ерікті спорт қоғамы Қайрат, студент жастар қоғамы Буревестник, т.б. әрбір шаруашылық салаларының ерікті спорт қоғамдары болған. Қазіргі кезде де осындай қоғамдық спорт қоғамдары жандана бастады. Мысалы, Ішкі істер министрлігі қызметкерлері үшін құрылған Динамо ерікті спорт қоғамы жұмыс істейді, жалпы білім беретін мектептерде, арнайы орта оқу орындарында оқушылардың ерікті спорт қоғамы Жастар, ауылдық жерлерде спорт жұмыстарын ұйымдастыратын Жігер құрыла бастады.
Кейінгі жылдары жеке, дербес жаттығу түрінің маңызы артты. Жер-жерлерде жеке меншікті өзін-өзі қаржыландырған клубтар, тренажер залдары, боулинг, аэробика, шейпинг т.б. денсаулық нығайту, спорт жаттығулары арқылы халықтың көңілін көтеру, сауықтыру кешендері жұмыс істей бастады. Денсаулықты сақтауға бағытталған көптеген қозғалыстар, клубтар пайда болды. Бұл - жеке, дербес жаттықтыру түрінің ерекшелігі, мекемелердің өзін-өздері қаржыландыруларында, жеке меншік түрі екенінде. Жеке адамдардың бір ғимаратты, спорт зал, бассейнді жеке меншігіне сатып алып, сол жерде өз мүмкіншілігі бойынша қаржыландырып, спорт түрлерінен жаттықтыру жұмыстарын ұйымдастыруы. Жеке меншік түрі өзін-өзі қаржыландыратын болғандықтан ол жаттығулар міндетті түрде ақылы болады. Жеке жаттығу ұйымдары әрбір адамға ұнайтын спорттың түрімен әр түрлі, белгіленген уақытта айналысуына мүмкіндік береді. Мемлекеттік, қоғамдық және дербес спорттық ұйымдар бірін-бірі толықтырып отырады.
Дене тәрбиесі жүйесінің жұмыс істеу жағдайы материалдық база мен мамандарға көп байланысты. Дене тәрбиесі мамандарын Алматыдағы Спорт және туризм академиясы, еліміздегі жоғарғы оқу орындарындағы университеттер мен педагогикалық институттардағы дене тәрбиесі факультеттері, көптеген арнаулы орта оқу орындарында, колледждерде дайындайды. Арнаулы курстар мен семинарларда қоғамдық кадрлар (спорт төрешілері мен нұсқаушылары, жаттықтырушылар) білім алады. Жоғары, орта білімді мамандардың әрбір бес жыл жұмыс істеген мезгілі толған сайын еліміздегі білім көтеру институттары ол мамандардың білімдерін толықтыру, жаңалықтармен таныстыру, білім деңгейлерін жоғарылату курстарын өткізіп тұрады. Қазіргі кезде дене тәрбиесі жүйесінің материалдық-техникалық базасы нығайып келеді. 4
Дене тәрбиесі жүйесінің негізгі бағыттары
Дене тәрбиесі жүйесінің үш бағыты бар:
1. Жалпы дене дайындығы.
2. Кәсіптік-қолданбалы дайындық.
3. Спорттық дайындық.
Жалпы дене дайындығы бағыты денсаулықты нығайтуға, дене қуатын барынша арттыруға, қимыл ептілігіне дағдылануға, осылардың негізінде арнаулы спорттық дайындыққа ауысуға бағытталған. Жалпы дене дайындығына әр түрлі дене тәрбиесі амалдары, жаттығулары, табиғаттың табиғи күші және санитарлық-гигиеналық факторлары жатады.
Кәсіптік-қолданбалы дене тәрбиесі дайындығы дегеніміз - еңбек пен әскери іс-әрекеттерге тікелей бағытталған дене тәрбиесінің арнайы мамандану үрдісі. Кәсіптік дене тәрбиесі дайындығы тәсілдерін қолдану еңбекте қимыл ептілігі мен дағдысының қалыптасуын тездетеді, еңбек өнімділігін арттырады, адам ағзасының сыртқы қоршаған қолайсыз факторларға қарсылығын күшейтеді.
Адамның өзі қалаған спорт түрінен биік жетістіктерге жету жолындағы жаттығуларын, ізденістері мен талпыныстарын спорт дайындығы дейміз.
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидалары
Қағида - бір негізгі мәселенің түпкі, бастапқы қалпы, қандай да бір теория ілімінің, жүйелердің даму заңдылығы. Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларына мыналар жатады:
1. Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы.
2. Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесімі.
3. Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы.5
Адамның жан-жақты үйлесімді даму қағидасы дене тәрбиесі жүйесінде екі бағытқа бөлінген: а) дене тәрбиесінің басқа еңбек, ақыл-ой, өнегелік, эстетикалық тәрбиелермен тығыз байланыса отырып, жастарды өнегелікке, тәртіптілікке баулу, зейінділікке, еңбек сүйгіштікті қалыптастыру, адамның көркемдік-әсемдік танымына көп әсерін тигізу; ә) дене тәрбиесінің әр түрлілігі. Жалпы және арнайы дене дайындығы, дене қасиеттерін дамыту, қимылдың ептілігі мен дағдысын меңгеру сияқты дене тәрбиесі үрдісінің әр түрлілігі спортшыларды, жаттығушыларды қызықтырады. Адамның жан-жақты дамуы үшін қимыл шеберлігін меңгерумен бірге барлық дене қасиеттерін дамытуға ұмтылдырады.
Дене тәрбиесі қағидасының еңбек ету және Отан қорғау тәжірибесімен үйлесуі дене тәрбиесінің жеткіншек ұрпақты еңбекке және Отан қорғауға баулитын қолданбалы ерекшелігін көрсетеді. Қазіргі таңдағы азаматтық және әскери мамандық адамның дене қуатының жетілуін талап етеді. Дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу адамның денсаулығын нығайтып, кең көлемде қимыл ептілігі мен дағысын меңгеруге көмектеседі, жұмыс істеуге ынтасын арттырады. Дене тәрбиесі және спортпен айналысқан адамдар игеру кезеңінде, спортпен айналыспаған адамдармен салыстырғанда 1,5-2 есе аз уақыт жұмсайды.
Дене дайындығына, әсіресе, әскерде үлкен мән беріледі. Сарбаздың жауынгерлік қабілеттілігі - оның жылдам жүгіретініне, төтенше жағдайға бейімділігіне, әскери мамандықты тез меңгеруіне т.б. байланысты. Сондықтан жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік-техникалық училищелерде, арнаулы білім беру орындарында жеткіншектерді әскер қатарына шақыруға дейін дайындаған жөн. Әскери мамандықты жақсы игеру үшін жас кезден бастап ептілікке, жылдамдыққа, шыдамдылыққа т.б. тәрбиелеу керек.6
Дене тәрбиесінің денсаулықты нығайту қағидасы. Барлық дене тәрбиесі жаттығулары, сабақтары адам денсаулығын нығайтуы тиіс. Бұл сабақтардың нәтижелілігі олардың көлемі мен жаттығудың орындау қарқынына байланысты. Оқытушы өсіп келе жатқан жасөспірім ағзасының биологиялық заңдылықтарын, адамның жас ерекшеліктері мен барлық мүмкіндіктерін білуі керек, педогогикалық тәсілдерді және дәрігерлік бақылауды жақсы меңгеруі қажет. Сонда ғана ол денсаулықты нығайту жолында жемісті жұмыс істей алады.
IIДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ АМАЛДАРЫ
2.1 Дене тәрбиесі жаттығулары
Адамдарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу, спорт түрлерімен жаттықтыру, денсаулықтарын нығайту кездерінде төмендегідей дене тәрбиесі амалдары қолданылады:
1. Дене тәрбиесі жаттығулары.
2. Табиғаттың табиғи күші.
3. Гигиеналық тазалық факторлары.
Дене тәрбиесі жаттығулары негізгі амал болып табылады, өйткені ол білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру секілді дене тәрбиесінің міндеттерін орындайды.Табиғаттың сауықтыру күші мен гигиеналық факторлар дене тәрбиесінің қосымша тәсілдері - бұлар дене жаттығуларымен бірге қолданылады.7
Арнайы дене тәрбиесі міндеттерін орындауға арналған, көп рет қайталанған адамның қимылын, әрекетін дене тәрбиесі жаттығулары дейміз. Қимылдың бәрі емес, тек дене тәрбиесі міндеттерін шешуге бағытталып, педагогикалық заңдылықтарға бағынған қимыл-қозғалыстар ғана дене тәрбиесі жаттығулары деп аталады. Дене тәрбиесі міндеттері - жаттығуды орындауды үйрену, жетілдіру, күшті, жылдамдықты дамыту т.с.с. Кейбір ұқсастықтары болса да дене тәрбиесі жаттығуларын еңбек, тұрмыс-қозғалыстарынан бөліп қарау керек. Еңбек ету кезіндегі қимыл-қозғалыстар материалдың бағалы заттар шығаруға бағытталған, өнеркәсіп заңдылықтарына бағынады. Кейбір қимыл-қозғалыстар (мысалы, отырып-тұру) дене тәрбиесі жаттығулары емес, оның бір ғана негізгі элементі. Дене тәрбиесі жаттығулары - көп рет қайталанатын күрделі құбылыс. Қазір пайдаланып жүрген дене тәрбиесі жаттығулары өте көп. Олардың мазмұны да әр түрлі. Дене тәрбиесі жаттығуы негізіне қимыл-қозғалыстармен бірге, адам ағзасында жаттығу жасалып жатқан кезде жүретін өзгерістер, жаттығудың адамға қандай әсер еткенін көрсететін үрдістер де кіреді.7
Бұл әр түрлі күрделі үрдісті біз мынадай тұрғыда қарастырамыз: психологиялық (сезім, ойлау, әрекетінің өзгерістері); физиологиялық (ағзаның белсенді жұмыс істеу деңгейі, өсуі, қан айналымы, тыныс алу жүйесінің жақсаруы); биохимиялық (қимылды энергиямен қамтамасыз ету, шөгінділер шығару); педагогикалық (білім беру, тәрбиелеу міндеттерінің орындалуы т.б.).
Дене тәрбиесі жаттығуларының түрі олардың сыртқы және ішкі құрылысын көрсетеді (құрылымы, ұйымдастырылуы). Дене тәрбиесі жаттығуларының ішкі құрылысын қарасақ, жаттығу кезінде ағзаның әр түрлі жұмыс істеу үрдістері бір-бірімен бірігіп, ұйымдаса қимылдап жатады (моторлық және вегетативтік қызмет). Мысалы, жүгіру кезінде штанга көтеруге қарағанда ағзадағы вегетативтік жүйе басқадай болып өзгереді.
Жаттығулардың сыртқы түрі - ол көрініп тұрған жағы, адамның кеңістіктегі қозғалысын, уақытын, қозғалыс шамасын көрсетеді. Жаттығулардың түрі мен құрылымы бір-біріне байланысты. Белгілі бір жаттығуды дұрыс орындау үшін құрылысын өзгертсек, оның формасы, түр қозғалысы да өзгереді (мысалы, жүгіргенде артатын күш пен шыдамдылық қозғалыс амплитудасына да әсерін тигізеді т.б.). 8
Жаттығулардың жаттықтыратын әсері күш кезеңі арқылы орындалады.
Тез әсер етуі. Жаттығу жасап жатқан кезде ағзаның функционалдық жұмыс істеу өзгерістері айқын көріне бастайды. Бұлшық еттердің көлемі үлкейді, жүрек соғу, тыныс алу жиіленеді, ағза қызынады, қызарады, терлейді т.с.с.
Із қалдыруы. Жаттығу орындалып біткен соң қимыл-әрекетімен пайда болған құбылыс іздері ағзада жоғалмайды, бірталай уақыт сақталып қалады, шамамен бір, бір жарым тәуліктен артық. Адамның денесі қызып, қимыл-қозғалысы ширақ болады, асқа тәбеті жақсарады және т.б. Бұрын жаттықпаған адамдардың бұлшық еттері ауырып, дел-сал болып жүреді.
Бейімделу әсері. Егер қимыл-әрекет алдыңғы қимыл-әрекеттің әсері сақталынып тұрған кезде қайталанса, мұндай қабаттасу адамды осы қимыл-әрекетке белсенді бейімдейді. Егер ол апта, айларға созылып жаттыға берсе барлық дене мүшелерінің қызметі жақсарады, денсаулық нығаяды, дене қуаты қасиеттерінің жұмысқа біліктілігі жоғарылайды, қимыл шеберлігі пайда болады. Адам жаттығу уақыты келгенде ширығып, белсенділеніп, жаттыққысы келіп тұрады.
2.2 Дене тәрбиесі жаттығуларының техникасы
Кез келген жаттығудың екі түрлі техникасын, тәсілін дұрыс немесе тәсілсіз, қате орындауға болады. Жаттығудың тәсіл техникасы дегеніміз не? Қимыл-әрекетті тиімді жолмен орындау - жаттығудың тәсілі, техникасы деп аталады. Тиімділік дегеніміз - жаттығудың ағзаға ұтымды әсер етуі (мысалы, күшін өсіру, бұлшық ет топтарын жаттықтыру) және әрекеттің нәтижелілігі (мысалы, жүгіріп келіп ұзындыққа секіру жаттығуының техникасын дұрыс орындау кезінде барынша алысқа секіру).9
Жаттығуды орындау техникасы әрқашан да дамып отырады. Ескі тәсілдер орнына жаңа, тиімді тәсіл, жаттығуды орындау техникасы келеді. Бұл құбылыс жаттығуды орындаудың жетілген жолын үздіксіз ізденуге, үйрену әдістемесінің кемеліне келуіне, осы арқылы күрделі, тиімді жаттығуларды орындауға қол жеткізеді. Спорт дайындығының деңгейіне қойылатын өскелең талап, жаңа жетілдірілген спорт құрал-жабдықтарының пайда болуы, ескі тәсілдің орындалуының өзгеруі, жаңа жетілген жаттығу техникаларының пайда болуы. Мысалы, жүгіріп келіп биіктікке секіру техникасын алсақ, ерте кезде аяқты кезекпен қайшылап секірсе, келе-келе қырымен келіп аунап секіру, ал қазіргі кезде арқаны бере аунап секіру техникалары өмірге келді. Әрбір техника түрі ауысқан сайын биіктік кергісі де, әлемдік рекордтар да жоғарылай береді.
Дене тәрбиесі жаттығуларының эталондық орындау тәртіптері бар. Бірақ әрбір спортшы өзінің дене күшінің мүмкіндігін, психоқимылдық қабілетін ескере отырып, өзіне ғана тән техника қолданады. Жаттығулардың техникасының өзіне тән бөлімі, бөлшегі болады. Жаттығу техникасының негізі - спортшының толық жаттығу орындаған қозғалыс суретінен тұрады. Мысалы, жүгіріп келіп ұзындыққа секіруді алсақ, ол екпіндеп жүгіру, серпін жасау, ұшу, жерге түсу секілді техника бөлшектеріне бөлінеді. Қозғалысты орындау кезінде ең керекті шешуші техника бөлшегі болады. Мысалы, ұзындыққа секіруде - аяқ күшімен серпілу. Басқа техника бөлшектері: екпіндеп жүгіру, ұшу, жерге түсу - ол негізгі дене қозғалысына көмектесетін қосалқы қимылдар. Жаттығуды орындау техникасы үш кезеңге бөлінеді:
Дайындық кезеңі - негізгі қозғалыс әрекетіне жақсы жағдай тудыруға арналған қимыл-қозғалыс.
Негізгі кезең - негізгі мақсатты орындауды шешетін қимыл-қозғалыс. Мысалы, ұзындыққа секіруде серпілу, ұшу.
Қортынды кезеңі - қозғалыстың аяқталу кезеңі. Мысалы, ұзындыққа секірудегі жерге түсу.
2.3 Қозғалыс техникасының сипаттамасы
Қай жаттығудың орындалу техникасын алсақ, олар бір-біріне кеңістік, уақыт, кеңістікті - уақыт және қозғалыс тәрізді сипаттамаларда болады. Кеңістік сипаттамасына жататындар: дене мен дене мүшелерінің тұрысы, қалпы, қозғалыс траекториясы. Кеңістіктегі дене тұрысын біз иық және аяқ-жамбас буындарының орналасу тәртібіне қарай білеміз. Ол тік болуы мүмкін - тік тұру, ілініп тұру (аспа темірде, шығыршықта), тіреліп тұру (қос сырықта, белтемірде т.б.) немесе көлденең (тепе-теңдік, суда жүзу) және таяну (еденде, скамейкада тірей сүйену) түрінде де кездеседі. 10
Дене мүшелерінің бір-біріне үйлесімді орналасуы, жалпы дененің қалпы жаттығуларды орындау техникасында үлкен рөл атқарады. Тәжірибеде ол үш түрлі жағдайларда кездеседі:
- жаттығудың басында. Жаттығудың басында дұрыс алынған негізгі дене қалпы жаттығуларды орындауда ең тиімді жағдай жасауға және белгілі бір анатомиялық, физиологиялық тиімді әсерге жетуге көмектеседі. Мысалы, 100 метрге жүгіру алдындағы төменгі сөреге тұру қалпы, палуанның өз әдісіне керек қалыпты ұстауы т.б.;
- қозғалыс кезінде. Қозғалыс барысы кезінде керек дене қалпын сақтау спортта көп кездеседі. Мысалы, конькимен сырғанаушының жартылай отыру қалпы, шаңғышының секіру кезіндегі ұшу қалпы т.б.;
- жаттығуды аяқтағанда керек дене қалпын сақтау. Мысалы, спортшының снарядтағы жаттығуды орындап болғаннан кейінгі секіріп түсіп, дұрыс дене қалпын сақтауы т.б.
Әрбір қозғалыста ең алдымен қозғалып келе жатқан дененің, дене мүшелерінің траекториясын айыра білу қажет. Траектория дегеніміз - кеңістіктегі қозғалыс шамасы және қозғалысты елестетудегі дененің жағдайы. Траекторияға қарап дене мүшелері қозғалысының бағытын, түрін, амплитудасын анықтайды. Қозғалыс траекториясы түзу сызықты және қисық сызықты болады. 100 метрге жүгіруді - түзу сызықты, ядро итеруді - қисық сызықты деп шартты түрде айтамыз, өйткені тәжірибе бойынша таза түзу сызықты қозғалыс жоқ. Олардың ішінде әрқашан да қисық сызықты қозғалыс жүреді (дененің серпілуі, ауырлық нүктесінен ауытқу амплитудасы т.б.). Жаттығушылардың ағзасына дене тәрбиесі жаттығуларымен тиімді әсер ету және қозғалыс техникасын жақсы орындау қозғалып келе жатқан дене немесе оның мүшелерінің траекториялық бағытына байланысты (мысалы, биіктікке секіру үшін спортшылар жерден аяқпен дұрыс серпілу бұрышын, тиімді қозғалыс бағытын дұрыс анықтай білуі керек).10
Қозғалыс бағыттары: жоғары-төмен, алға-артқа, оңға-солға болып бөлінеді. Дене мүшелерінің бір шеткі қалыптан екінші шеткі қалыпқа дейін жеткізе сілтеген қозғалысын - қозғалыстың амплитудасы дейміз (мысалы, аяқты алға-артқа сілтеу қозғалысы). Қозғалыс амплитудасы белсенді және енжар болып екіге бөлінеді. Белсенді қозғалыс амплитудасы - жаттығушының жаттығуды өзінің, өз бұлшық еттерінің күшімен орындауы. Енжар - серігінің, тренажердің көмегімен орындалатын керілу, созылу икемділік жаттығулары. Белсенділік амплитудасы енжар амплитудаға қарағанда әрқашан да аз болады.
Уақыт сипаттамасы уақыт ұзақтығы, қарқын және қимыл ырғағы деп бөлінеді. Ұзақтық - әрбір қозғалысқа кететін уақыт шамасы. Мысалы, 1000 метрге жүгіру. Жаттығу уақытын азайта отырып, оқушы өзінің шеберлігін арттырады немесе жүктеме көлемін азайтады, көбейтеді. Қарқын - белгілі бір уақытта қайталана беретін қозғалыс (мысалы, палуанның бір минөттағы қарсыласын лақтыру саны, ескек есушінің ескекті бір минөтта 40-50 рет есуі т.б.). Қозғалыс қарқынын өзгерте отырып, жүктеме шамасын басқаруға болады. Уақыт азайса, қозғалыс қарқыны артады, ал уақыт көбейсе, қозғалыс қарқыны азаяды. Уақыт мөлшері мен қозғалыс бөлімдерінің ұзақтық қатынасын ырғақ деп атаймыз (мысалы, уақыт бойынша шаңғымен жүгірудегі алма-кезек екі адым әдісінің кезеңдерін өзгерту). Ырғақ тек қана күрделі қозғалыстарда болады. Баланың жасы ұлғайған сайын, спорттық дайындық деңгейі жоғарылаған сайын өзгеріп отырады (мысалы, аяқ-қолдың күштері көбейген сайын қозғалыс фазаларына кететін уақыт азайып отырады).
Кеңістікті-уақыт сипаттамасы - жылдамдық және үдеу. Спортшының кеңістікте шапшаң қозғалуын жылдамдық дейміз. Бір уақыт мөлшерінде спортшының жылдамдығын көбейте, өзгерте қозғалуын үдеу деп айтамыз. Ол болымды үдеу(мысалы,100 метрге жүгіруде сөреден шыға үдей жүгіріс) және болымсыз үдеу (мысалы, мәре сызығынан өткеннен кейінгі ақырын жүгіріс) деп аталады. Спортшының кеңістіктегі уақыт қозғалысын білуі, кеңістік сипаттамасы (мысалы, жүгіргендегі адам ұзындығы) және уақыт сипаттамасының (мысалы, жүгіру қарқыны) тиімді арақатынасын табуына, жүгіргенде қатты бар мүмкіншілігімен жүгіре алуына, жақсы көрсеткіш көрсете алуына көмектеседі.
Қозғалыс сипаттамасы. Адамның қозғалу үрдісі кезінде ішкі және сыртқы күштердің бірге жұмыс істеуі қозғалыс сипаттамасын көрсетеді. Ішкі күштерге жататындар: бұлшық еттердің тартылу, созылу, қарсыласу күші және қозғалыс кезіндегі пайда болған дене мүшелерінің біріккен күші. Сыртқы күштерге жататындар: дене мүшелерінің тірелу нүктесі, сыртқы ауырлық, сыртқы ортаның үйкелу және қарсылық күші, басқа жанды-жансыз денелердің, нәрселердің қозғалып келе жатқан күштері. Дене мүшелерінің тірелу нүктесі - жүгіріп келіп кергіге, гимнастикалық көпіршеге, сырыққа тіреле секіру, таяқтарды қарға тірей шаңғымен жүгіру, суға тірей ескек есу т.с.с. Сыртқы ауыр заттар - штанга, батпандар, гирлер, күрестегі манекендер және т.б. сыртқы ортаның үйкелу және қарсылық күші - су, ауа, қар, құм т.б., бұлар адам жүгіргенде, қозғалғанда үйкеледі, қарсылық тудырады. Басқа күшке - адамның өз дене салмағының ауырлық күші, басқа да дене күштері (күрестегі қарсыласының күші т.б.) жатады. Сондықтан да адамның әрбір қимыл-әрекетін өзінің бұлшық етін тарту, итеру, созылу күшімен бірге сыртқы және ішкі күштерге де байланыстыра қарастыру керек.11
2.4 Жаттығуларды топтау
Дене тәрбиесі және спорт тәжірибесінде өте көп мөлшерде дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады. Дене жаттығуларының қасиетін танып, оларды тиімді, дұрыс пайдалану үшін оларды топтарға бөле қолдана білу қажет.
1. Дене тәрбиесі жаттығуларын тарихи қалыптасып қалған белгі бойынша топтау. Бұл белгі бойынша барлық жаттығулар төрт топқа бөлінеді: а) гимнастикалық жаттығулар (жалпы дамыту жаттығулары, гимнастикалық снарядтағы жаттығулар т.б.); ә) ойын жаттығулары (ойын кезінде орындалатын қозғалмалы және спорттық ойындар элементтері); б) туристік жаттығулар (туризмнің әр түрінде кездесетін жүру, атқа міну, велосипед, шаңғы тебу, қайықта ескек есу т.б.) в) спорттық жаттығулар - спорттың әр түрінде қолданылатын негізгі жаттығулар (100 метрге жүгіру, ұзындыққа секіру т.б.).
2. Дене қуатын, қасиеттерін дамыту бағыты бойынша топтау: а) жылдамдық жаттығулары, жаттығушылардың күштерін дамытатын жаттығулар; ә) төзімділіктің пайда болуына әсер ететін жаттығулар (ұзақ қашықтықтарға жүгіру, шаңғы тебу т.б.); б) үйлесімді қозғалысты талап ететін жаттығулар (гимнастика снарядтарындағы жаттығулар, суға секіру т.б.); в) икемділікке арналған жаттығулар (созылу, бүгілу, еңкею т.б.); г) кешенді қимыл қасиеттерінің (ептілік) пайда болуын талап ететін жаттығулар.12
3. Жаттығуларды білім беру мақсатына қарай топтау: а) негізгі жаттығулар. Сабақтың негізгі бөлімінде өткізілетін, спорт түрлерінің негізгі жаттығулары. Мысалы, волейбол спортындағы допты жоғарыдан, төменнен алу, ойынға қосу, шабуыл соққысы. Жеңіл атлетикадағы гранат лақтыру, ядро серпу, биіктікке, ұзындыққа секіру т.с.с.; ә) дайындық жаттығулары. Негізгі жаттығуларды үйренуге керек дене қасиеттерін дамытатын жаттығулар; б) жанама жаттығулар - негізгі жаттығуларды үйрететін, оңайлататын техника негізіне ұқсас қимыл-әрекеттер (мысалы, ұзындыққа жүгіріп келіп секіруге бейімдейтін жаттығулар - бір-үш адымдап келіп ұзындыққа секіру).
4. Дененің бұлшық еттерін дамытатын жаттығулар. Қолдың бұлшық еттеріне, кеуде бұлшық еттеріне, аяқ, іштің бұлшық еттеріне арналған жаттығулар.
5. Қозғалыс құрылымына байланысты қатысты жаттығулар: а) циклді жаттығулар (жүру, жүгіру, ескек есу т.б.); ә) ациклді жаттығулар (снарядтағы гимнастика, жеке сайыс т.б.); б) аралас жаттығулар (циклді, ациклді жаттығулары бар спорт ойындары).
6. Жаттығуларды күш қарқынына қарай топтау: а) өте жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секөнд аралығында орындалады); ә) жоғары қарқынмен орындалатын жаттығулар (20 секөндтан 5 минөтқа дейін); б) күшті қарқынмен орындалатын жаттығулар (5 минөттан 30 минөтқа дейін); в) қалыпты қарқынмен орындалатын жаттығулар (30 минөттан көбірек).
2.5 Дене тәрбиесі жаттығуларының
адам ағзасына әсерін анықтайтын себептер
Жаттығулардың адам ағзасына әсер етуі әр түрлі себептерге байланысты:
1. Оқыту, үйрету үрдісі екі жақты - ұстаз оқытады, оқушылар үйренеді. Сондықтан жаттығулардың әсер етуі ұстаз өнегесіне, білім деңгейіне, қимыл шеберлігіне, дене қуатына, сондай-ақ, оқытушы мен оқушының белсінділігі мен ынтасына байланысты.
2. Ғылыми себептер - адамның дене тәрбиесі заңдылықтарын ғылыми деңгейде түсінуі, білуі.
3. Әдістемелік себептер - жаттығуларды орындау кезінде ескеретін көптеген әдістемелік талаптар.
Жаттығулардың күшті әсері осы әдістемелік талаптарды орындап, дұрыс пайдалануына байланысты. Олар: жаттығуларды орындау уақыты, орындау қарқыны, жаттығуларды орындау саны, аралық тынығу уақыты, қайталау арасындағы тынығу уақыты, демалыс түрі.
4. Санитарлық-гигиеналық себептер. Дене тәрбиесі жаттығулары адам ағзасына тиімді әсер ету үшін тамақтану, демалу, жұмыс істеу тәртібін сақтап, жаттығатын орынды, спорт залды санитарлық нормада ұстау.
5. Метеорологиялық себептер (ауа температурасы, ылғалдылығы, жел күші т.б.).
6. Материалдық себептер. Дене тәрбиесі жаттығуларын қамтамасыз ететін спорт ғимараттары, жабдықтар, снарядтар, спорттық құрал-жабдықтар, спорт киімдері т.б.13
2.6 Табиғаттың табиғи сауықтыру күштері мен
гигиеналық факторлар - дене тәрбиесінің қосымша амалдары
Табиғи күштер (күннің қызуы, судың, ауаның температурасы, атмосфераның қысымы т.б.) денсаулықты нығайтуға, шынықтыруға, жұмыс қабілетін өсіруге, жаттығуларды тиімді пайдалануға көмегін тигізетін дене тәрбиесінің қосымша амалдары болып есептеледі.
Дене тәрбиесі үрдісінде табиғи күштер жаттығуларды қолайлы жағдайда орындау бағытында пайдаланылады. Еңбек және оқу тәртібінде бұл процедураларды тиімді пайдаланса, белсенді демалысқа немесе шаршаған ағзаны қалпына келтіруге қол жетеді.4
Дене тәрбиесінің бір қосымша амалы - гигиеналық факторлар. Бұл амалдың тәсілдерін екі топқа бөлуге болады.
1. Дене тәрбиесі үрдісіне кірмейтін тәсілдер. Олар: еңбек гигиенасы, тамақтану, демалыс режімдері, яғни дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысуға толық мүмкіндік беретін жағдайлар.
2. Дене тәрбиесі үрдісіне кіретін тәсілдер. Бұған марафонды жүгіру кезіндегі арнайы тамақ беру, жаттығу кезінде жайлы жағдай туғызу (ауа тазалығы, жақсы жарық беру т.б.) ағзаны тез қалыпқа келтірудің гигиеналық тәсілдері (ауаны аэронизациялау, ауа - температура ортасы) жатады.
Ауа - температура ортасы. Оларға жүзу бассейндері, су бүркетін себез қондырғылары, ванналар, монша, сауна, термокамерлер жатады.
Ауаны аэронизациялау - спортшылар дем алып жатқан жердің ауасына қосымша оттегі жіберу. Бұлардың бәрі спортшылардың көңіл-күйлерін көтеріп, бойын сергітеді.
III ДЕНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ӘДІСТЕРІ
3.1 Ойын және жарыс әдісі
Ойын әдісі
Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану - ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінің мынандай өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар:
1. Белгілі бір мақсатқа (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру.
2. Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген ұмтылысының, көңіл-күйлерінің көтерілуі.
3. Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл-әрекет жасауға шешім қабылдауы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz