Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-4
І. Мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы. Баскетбол ойынының әдістемесін пайдаланудың дидактикалық негіздемесі . . . 5-26
1. 1 . Баскетболдың даму тарихы . . . 5-10
1. 2. Баскетбол ойынының ережелері . . . 10-14
1. 3. Баскетбол бойынша Қазақстандық және халықаралық турнирлер . . .
1. 4. Допты иелену және қарсы әрекет техникасы . . .
ІІ. Баскетбол сабақтарының мәні туралы ғылыми-педагогикалық көзқарастар мен оның жалпы білім беретін мектептерде жобалануы
2. 1. Технологиялық көзқарас негізінде оқушыларда баскетбол ойыны техникасының негіздерін қалыптастыру.
2. 2. Ойын техникасының үйрету методикасы.
2. 3. Баскетболдан жарыстарды ұйымдастыру және өткізу.
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 50-51
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. XXI ғасырда өмір бізге көптеген жаңа мәселелерді айқындады, оның ішінде денсаулық сақтау, саламатты өмір салты (бұдан әрі - СӨС) әдеттерін тәрбиелеу ең өзекті мәселе болып табылады. Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және нығайту, олардың жас ерекшеліктеріне сай келетін, артық жүктемелерді жоятын және мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын сақтайтын білім беру технологияларын таңдау білім беру жүйесін жаңғыртудың жаңа кезеңінің басты міндеттерінің біріне айналды. Денсаулық сақтаушы педагогикалық технологиялар белгіленген міндеттерді шешу құралының бірі болып табылады.
Сабақтың мақсаты- егер педагог денсаулық сақтау технологияларын, яғни СӨС әдеттерін қалыптастыру бойынша ата-аналармен жұмыстың жаңа белсенді формаларын қолдану арқылы дене шынықтыру және сауықтыру бойынша балалармен және олардың ата-аналарымен жұмыс істеу жүйесі әзірленсе, балалардың денсаулығы сақталады, нығаяды және дамиды, ал физикалық қасиеттері тиімді түрде жетілдіріледі.
Зерттеудің мақсаты: Мектептерде денсаулық сақтау технологиясын енгізу, бала денсаулығы деңгейін нығайту және көтеру; педагогтарды, ата-аналарды және олардың балаларын дене шынықтыру мен СӨС тарту.
Зерттеу нысаны: оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану амалдарын қарастыру.
Зерттеу пәні: оқыту, тәрбиелеу үрдісінде байқаулар жасау, қорытынды шығару.
Зерттеудің ғылыми болжамы: дене шынықтырудың (дене жаттығуларының, ұтымды режімнің, шынықтырудың) тек барлық құралдарын кешенді қолданған жағдайда алға қойылған міндеттерді сәтті шешуге және Мемстандарттың талаптарын орындауға болады. Сондықтан да дені сау баланы тәрбиелеу жұмысы денсаулық сақтау технологияларының кешенінен тұратын дене шынықтыру-сауықтыру жұмысының жүйесі арқылы жүзеге асырылады
Зерттеудің міндеттері: балалардың денсаулығын нығайту және сақтау бойынша мектептің сапалы педагогикалық жұмысын қамтамасыз ету; оқытуға денсаулық сақтау технологияларын енгізу; сауықтыру орталықтарымен сабақтастық; ата-аналармен ынтымақтастық.
Зерттеу көздері: Философтардың, психологтар, педагогтар мен әдіскерлердің, бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқыту әдістемелеріне қатысты еңбектері, білім беру саясаты саласындағы нормативтік құжаттар:
- Қазақстан Республикасының Конститутциясы;
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы;
- «Қазақстан- 2030» даму стратегиясы;
- Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдаулары;
- Жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары және т. б. құжаттар;
Жұмыстың ғылыми жаңалығы және мәнділігі: денсаулық сақтаушы сауықтыру технологияларын ойын нұсқасында қолдану: оқыту мен сауықтыру оңай жүзеге асады, жаттығулар мен сауықтыру техникалары ұзақ уақыт бойы баланың есінде сақталады. Балабақша мен отбасы әрекеттестігінің жаңа түрін қалыптастыру, ол педагогтардың, мамандардың ата-аналармен қарым-қатынасымен ерекшеленеді және отбасының тәрбиелік әлеуетіне дұрыс ықпал етуге көмектеседі.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
1. Жалпы білім беретін мектептерде дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы.
Волейбол ойынының әдістемесін пайдаланудың дидактикалық негіздемесі
Мектептегі оқу - тәрбие жұмысының негізгі түрі - сабақ саналады деп жалпы орта білім беретін мектептердің ережесінде айтылған. Бұл көрсеткіш толығымен мектептегі дене тәрбиесі жұмысын қарастырады. Дене шынықтыру сабағына мектептің барлық оқушылары міндетті түрде қатысуы қажет. Сабақ, сабақ кестесі бойынша белгілі бір сыныпта тұрақты уақытта өткізіледі. Бұл сабақты ұтымды ұйымдастыруға ықпалын тигізеді. Мұнда тек оқушылардың дене даярлығын ескеру қажет.
Осы аталғанның бәрін бірлесе отырып іске асыру білім және іскерлік дағдыларын жүйелі түрде меңгертуді қамтамасыз етеді, оқу бағдарламасы бойынша қарастырылған міндеттер шешіледі, оқушылардың дене тәрбиесінің жан - жақты білім алуының негізін құрайды. Бұл оқушының сабақ кезінде алған қимыл қозғалыс жөніндегі білімі мен іскерлік дағдыларын іске асыруының жемісі болып табылады. Тапсырманы оқушылар өз бетімен үйде, сыныпта және сыныптан тыс уақыттарда да орындайды. Дене шынықтыру сабағында орындалатын жаттығулардың маңызы зор. Олар күнделікті өмірде және тұрмыста қолданылады. Мектептің мақсаты оқушылардың дене шынықтыру сабағында алған білім, іскерліктерін күнделікті өмірде, оқуда, еңбекте, демалыста тиімді пайдалануын көздейді. Осының бәрін оқушы ең алдымен дене тәрбиесі сабағында үйренеді.
Дене тәрбиесі сабағының құрылысы, мазмұны, ұйымдастырылуы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Сабақ үлкен залда, алаңда, дәлізде өтеді. Ал бұл өз кезегінде дене шынықтыру сабағының ұйымдастырылуының негізін құрайды. Сабақта оқушылар арнаулы спорт киімдерін киеді және басқа температурадағы кеңістікте болады. Сабақ кезінде оқушылар тұрақты бір орында емес, жаттығу жұмыстарына байланысты орындарын ауыстырып отырады және бір - бірімен жан - жақты қарым - қатынасқа түседі. Сонымен қатар мұғалімнің басшылығымен сабақ түрленіп өткізіліп отырылуы қажет. Сабақ барысындағы үйрету процесінде барлық оқушылар қимыл дағдыларын орындай білу шеберліктерін, білімнің белгілі бір көлемін меңгереді, дененің сапалық қасиеттеріне ие болады. Сабақтың ерекшелігі оқушылар ағзасының үнемі қимыл - қозғалыста болуында. Басқа сабақтарға қарағанда бұл сабақта әр оқушыларға көңіл бөлу талап етіледі. Осы ерекшеліктер мұғалімге зор жауапкершілік жүктейді.
Дене шынықтыру сабағына қойылатын талаптар:
а) белгілі міндеттің болуы, сабақ мақсатының орындалу барысында барлық оқушының қамтылуы;
ә) сабақтың әдістемелік талапқа сай құрылуы;
б) өткен сабақты қайталай отырып жаңа сабақты толық қамту және келесі сабақтың мазмұны мен мақсатынан хабардар болуы;
в) өтілетін материал оқушылардың жас ерекшеліктеріне, жынысына, дене дамуы мен даярлығына сай келуі;
г) сабақтың оқушыны қызықтыратындай және белсенділігін арттыратындай болуы;
д) дененің жан - жақты дамуына, денсаулықты жақсартуға және жұлынның (арқанның) дұрыс қалыптасуына арналған жаттығулар мен ойындардың болуы;
е) дене тәрбиесі сабағы сабақ кестесіндегі басқада сабақтармен ыңғайласып, тұрақты жүргізілуі;
ж) сабақтың тәрбиелік маңыздылығының болуы.
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлші ұғым дар, түсініктер бар: дене дамуы, дене әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті т. б. қолданылатын әр түрлі құбылыстардыкөрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр кезеңінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымының және оның практика жүзінде жүзеге асырылуын дамуына қарай тереңдеп нақтыланып келеді. Адамның түсінігі тек қоғамдық практика негізінде ғана қалыптасады.
Дене тәрбиесі - тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың дене амуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Бұл анықтама дене тәрбиесінің салыстырмалы түрде даралық ерекшелігін көрсетеді. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек т. б тәрибелермен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесінде қоғамдық тәрбие мақсатын туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады. Дене тәрбиесі ұғымын жалпы тәрбие деген кең ұғмның бір саласы деп ұққанымыз дұрыс. «Дене тәрбиесі» атауы педагогикалық процесс. Ол тәрбиелік және білімділік міндеттері шешуге тиіс. Дене тәрбиесінің басқа тәрбиелерден айырмашылығын айтатын болсақ біріншіден бұл процесті дене сапаларын дамытумен бірге тиімді дағды, әдет қозғалыстарын қалыптастыру арқылы дене жұмыскерлігін арттыру деп ұғынамыз. Қорытып айтқанда, «дене тәрбиесі» дегеніміз ол адам бойындағы морфофункционалдық қасиеттерді дамытатын, білімін байытып, шеберлігін, қозғалыс дағдыларын арттыру негізінде еңбек көрсеткіштерін жақсартумен бірге Отанымызды қорғауда жоғары жетістіктерге жетуге бағытталған педагогикалық процесс. «Дене тәрбиесі» ұғымының екі мағынасы болуы мүмкін. Біріншісі - дене жөніндегі білімділік, екіншісі - ден қасиеттерінің тәрбиесі.
Мектептегі дене тәрбиесі - жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі. Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстарымен, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.
Оқушылар ден тәрбиесі - мектепте, мектептен тыс жерлерде мектеп жасындағы балалармен жүргізілетін әртүрлі жұмыстар.
Дене дамуы - адам организмі формаларымен қызметінің индивидуальды өмір барысындағы өзгеру процесі.
Мектеп ұйымдарында дене тәрбиесін жоспарлау мен есепке алу:
Апталық жоспар
Айлық жоспар немесе әр тоқсанға арналған жоспар
Жылдық жоспар
Осы жоспарлар негізінде тақырыптқа байланысты дене шынықтыру сабағының жоспар - конспектісі міндетті түрде болуы керек. Сабақ жоспарын құрудың бірнеше нұсқасы қолданылып жүр.
Жылдық жоспарлау - бұл белгілі бір уақыт аралығында қандай құралдарымен, әдістермен, қандай ұйымдастыру формаларында дене тәрбиесінің міндеттерін шешетінін, сондай - ақ одан қандай нәтижелер алынуға тиісті екенін алдын ала көре білу.
Дұрыс жоспарлау белгілі бір жүйеде және бір ізгілікте дене шынықтыру жыттығуларын қолдана отырып, көзделген мерзімде мерзімде оқу-тәрбие жұмыстарында мейлінше жоғары нәтижелерге жетуге көмектеседі.
Есепке алу - бұл денсаулық жағдайын, дененің даму деңгейі мен дайындығын анықтау. Осы есепке алу негізінде жұмыс жоспары жасалады. Есепке алу балалардың түрлі көрсеткіштерінің өзгеруін көруге, жоспарлаудың дұрыстығын анықтауға, оған дер кезінде кейбір өзгерістерді енгізіп отыруға мүмкіндік береді.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде баланы жан-жақты тәрбиелеу: адамгершілік, ақыл-ой, эстетикалық, еңбек т. б. тәрбиелер дене шынықтыру сабағы процесінде баланың жеке басыынң жан-жақты үйлесімді дамуы баланың бойында адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық сезім мен қарапайым еңбек дағдыларын нысаналы түрде қалыптастыру жолымен жүзеге асырылады. Дене шынықтыру сабағының ерекшелігі, балалар орындайтын жаттығу уақыты тәртібінің дәлдәгәнен көрінеді, мұныңөзі жалпыға бірдей қарқынды қимыл үйлесімін, саналықты, жинақылықты, ерік-жігер күшін, тәртіптілікті қалыптастырады. Балалар үйренетін негізгі қимылдардағы жаттығу батылдық, табандылық, өзін-өзі билеуді және ептілік көрсетуді талап етеді. Бұл жатытғуларды орындау қорқыныш пен сенімсіздік сезімін жеңумен, ерік-жігер ширығуымен, мақсатқа жетудегі табандылықпен байланысты. Ережелі қимыл-қозғалыс ойындарында балалар ұстамдылық пен ерік-жігер, ойын жағдайының күтпеген жерден өзгеруіне тез реакция жасауды, сондай-ақ жолдастық, өзара көмек, әділеттілік, батылдық пен табандылық сезімін көрсете отырып жаттығады. Сабақта балаларыдң аталған қасиеттерді қайталануына және тәрбиешінің басшылығына қарай белсенділік көрсетуі біртіндеп күнделікті өмірге ауысады. Сабақ процесінде тәрбиеші балалардың бойында олардың адамгершілік қасиетіне лайық барлық нормалардың қалыптасуын бақылады. Ол қарапайым формада баланың өз қимыл-әрекеті мен жолдастарының әрекеттеріне қолайлы талдау жасауға, сын тұрғысында баға беруге үйретеді. Бұл орайда тәрбиешінің сөзі, балаларға ұсынылған тапсырманы тұжырымдаудың барынша айқындлығы, қимылды дұрыс орындағаны мақұлдацуы, кемшілік жөнінде ескерту жасауы, ойынды жігерлі түрде бейнелеп әңгімелеп беруі маңызды рол атқарады. Дене шынықтыру сабақтары баланың эстетикалық қабылдау қабілетін, талғамын, қоршаған өмірдің, сұлулықтың кейбір элементтерін қосуын дамытуға бағытталған эстетикалық тәрбиемен тығыз байланысты. Дене шынықтыру саласында оның ерекшелігіне байланысты эстетикалық қабылдау жоғары моральдық қасиетті, жан сұлулығын игерген, денсаулығы мықты, үйлесімді дамыған, күшті, ақ жарқын адамның бейнесінен басталады. Сырт көрінісі сымбпатты, сұлу тұлғаның әсемділігіне ең алдымен тәрбиеші сай болуы керек. Онымен тікелей күнделікті қарым-қатынас, оның өзін-өзі ұстау мәнерін, сөйлеу және қимыл мәдениетін, қайырымлыдық, кішіпейілдігін қабылдау балаларға игілікті әсер етеді, еліктеуге ынталандырады. Сабақ процесінде тәрбиешінің айтқан сөзі, балаларға үн қатуы зор тәрбиелік рол атқарады. Ойынның мазмұнын бейнелі, эмоциялы етіп әңгімелеп беру, тәрбиеші көрсеткен дене жаттығулары көрнекі үлгілері техникалық жағынан дұрыс болуы керек. Олардың асем, дәл орындалуы балалардың солай қайта жасауға қызығушылығын туғызады. Балалардың дербестігі мен шығармашылық белсенділігін, әсіресе ересектерін тобында нысаналы түрде қалыптастыру балаларды өз беттерінше жаттығуға және ойынға өзіндік ой қосуға, сондай-ақ өз ойларын ойлап үйретеді.
Сабақ өткізу әдістемесі. Сабаққа арнап дене жаттығуларын іріктеп алу негізінден жасалған жұмыс жоспарымен анықталады. Белгілі бір топтағы балалардың жасын, әрбір баланың жеке басының денсаулық жағдайын, дамуының жалпы дәрежесін балалар игерген қимыл дағдыларын, әрбір баланың жеке басының типологиялық ерекшелігін, жыл мезгілін, смабақ өткізу үшін жасалған жағдайды, сондай-ақ балалардың бұрынғы әрекеттерін есепке алуды да ескеретін перспективалық және календарлық жоспарларды негізге ала отырып, міндеттер белгіленеді және нақты дене жаттықтырулары іріктеліп алынады. Кезекті сабақтың жоспарын талдап жасауға бұрын өткен сабақтың, әсіресе соңғы сабақтың тиянақты талдауы алғы шарт болады. Балалардың сабақ кезіндегі зейіні, белсенділігі олардың эмоциялық жағдайы әр түрлі жастағы топтарда қимыл материалдарының іріктеп алынуына, тәрбиешінің қолданылатын тәсілдері мен сабақ кезінде балаларды ұйымдастырудың әртүрлі әдістері арқылы қимыл әрекеттерін үйрету, қимыл-қозғалыс ойындарын өткізу процесінде қимылға бір мезгілед тартылса, оларды тұрақты зейінділік, эмоциялық жағымды күй, тапсырмаға толық дәрежелі реакция байқалады.
Сабақтың типтері. Дене шынықтыру сабақтары ойын формасында өткізілуі немесе гимнастикалық жаттығуларды және қиымл қозғалыс ойындарын ұштастыру мүмкін. Жоғарыда қарастырылған бала организмінің жұмыс істеу қабілетінің динамикасын ескертетін, сабақ құрылымы сабақтың көрсетілген типтерін жасаудың негізін құрайды және олардың жоспарын анықтайды. Ойын формасындағы сабақ кез келген жастығы топта өткізіледі, әсіресе 1-4 сынып кішкентайлар тобында өткізу тиімді болады. Олар шартты формада баланы қоршаған әлемді бейнелейтін және негізі қимылдар мен денені жалпы дамытатын жаттығғулардан құралады, ал ересектер тобында сан алуан имитациялық-бейнелі элементтерінен тұратын тұтастай мазмұндық ойын жағдайының динамикасы мен жасқа байланысты мүмкіндігін ескертетін сабақ құрылымымен сай келуі керек. Ойын формасындағы сабақ мазмұны жөнінен әр түрлі қимыл-қозғалыс ойындарынана да құрылуы мүмкін, олардағы қимыл материалдарының жүйелілігі мен сипаты нақ жоғарыдағыдай құрылымын көздейді (мысалы, «Өзіңе серік тап», «Ең ынтымақ кімнің тобы?», «Тап та үндеме» ойындары) . Бұл типтегі сабақ қимыл қозғалыс ойындарының өзара байланысты жүйелілігін және басшылықтың шағармашылық әдістемесін талап етеді.
Сабақтың мазмұны мен құрылымы. Әрбір жастағы топтарға арналған бағдарламадан туындайтын және балалардың қимыл әрекеттерінен көрінетін дене жаттығулары сабақтың мазмұныны құрайды. Дене жаттығулары мазмұны жағынан әр алуан. Бұл орайда айқын әрі дәл міндетті бағдарламаның жүргізілу жүйелілігін сақтау, сондай -ақ балалардың жасына байланысты, жеке басының ерекшеліктерін ескеру міндетті түрде қажет. Сабақтың құрылымы жене жаттығуларын жүйелі түрде қажет. Сабақтың құрылымы дене жаттықтыруларын жүйелі түрде орындауынан көрінеді. Дене шынықтыру сабақтары өзара байланысты үш бөлімнен кіріспе дайындық (мотивациялық-қозғаушылық), негізгі (ұйымдастыру-іздестіру) және қорытынды (рефлексивті-түзетушілік) бөлімдерден тұрады. Сабақтың әрбір бөлімі үшін барлық білім беру, тәрбиелеу және сауықтыру міндеттерінің бірдей зор маңызы бар. Көрсетілген міндеттердің орындалуы балаларға жан-жақты ықпал етуді қамтамасыз етеді. Баланың ойының ширақ жұмыс істеуіне, сезіміне, игерген дағдыларына байланысты, тапсырмаға баланың реакциясы сабақтың кез келген бөлімінен және әрекеттің бүкіл сан алуандылығынан көрінуі тиіс.
Дене шынықтыру сабақтары. Сабақтың жалпы сипаттамасы. Дене шынықтыру сабақтары - балаларға дене шынықтыру жаттығуларын жүйелі түрде үйретудің негізгі формасы. Сабақтың арнаулы міндеті барлық жастағы топтардың балаларын дұрыс қимыл қозғалысқа үйрету, дене қасиетін тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың маңыздылығы өзара байланысты сауықтыру, білім беру, тәрбиелеу міндеттерін жүйелі түрде жүзеге асыру олардың орындалуы баланың дене күшінің дамуын, денсаулығының нығаюын, олардың дұрыс қитмыл-қозғалыс дағдыларын игеруін дене тәрбиесі мен спортқа эмоционалды-жағывмды қатынасын қалыптасрыуды, оның жеке басын жан-жақты қамтамасыз етеді.
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі пәні, мақсаты, міндеттері, мазмұны. Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Дене тәрбиесі теориясы дене тәрбиесі жүйесінің мақсатын, міндеттерін, қағидаларын зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен-ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық еңбек еңбек тәрбиесі мен дене тәрбиесінің заңды байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбеисі құралдарын оқып-білуге, дене жаттығуларын үйрету қағидалары мен әдістерін ашып көрсетуге дамытуға, спорттық жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі формаларын сондай - ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке алуға көп көңіл бөлінеді. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі үнемі қоғамдық практикамен біргелікте дамып келеді.
Волейбол ойынының қозғалысы адам баласына аса пайдалы табиғи қозғалыс пен дене мүшелерінің қимылынан жүгіру, жүру, секіру, лақтыру т. б. жаттығулардан тұрады. Бұл ойынды он жасар баладан бастап қай жаста болмасын ойнай береді. Сондықтан да, волейбол дене тәрбиесі пәні жаттығуларының бірі ретінде ең тиімді де ағзаға пайдалысы болып табылады. Ойын барысында нақты қозғалыс нәтижесінде ең бастысы адамның кординациясы қалыптасады. Қандай жаттығу болмасын, қозғалыс барысында нақтылы орындалады. Айталық, щабуылдау кезінде допты қарсыласының алаңға дәл түсіру, болмаса допты әріптесіне дәл бере білу, допты қарсыласының алаңына алдап тастау т. б. Демек адамның барлық қабілет-қасиетін қалыптастыратын ойынның бір түрі.
1. 1. Волейболдың даму тарихы
Волейбол (( volley - «қалқып ұру», ball - «доп») ) - ойын спорты. 1995 жылы әлемдік спорт шеберлері волейболдың 100 жылдық мерейтойын тойлады. Бұл ойынның ресми күні 1895 жыл деп есептелінеді. АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған. Оның басты қағидалары төмендегідей:
- Алаңның ауқымы белгіленуі тиіс.
- Алаң аумағы: 25х50 фут (7, 6х15, 1 м) .
- Себеттің көлемі 2х27 фут (0, 61х8, 2 м) .
- Биіктігі: 6, 5 фут (198 см) .
- Доп резіңке теріден жасалуы керек. Оның салмағы - 340 г.
1-сурет. Волейбол алаңы
Уильям Дж. Морган бұл ойынды «МИНТОНЕТ» деп атаған екен. Негізінен волейболдың тарихы он тоғызыншы ғасырдан бастау алады. Кейбір ақпараттарға сүйенсек, Еуропа, Орталық және Оңтүстік Америка халықтары осы тектес ойынды мыңдаған жыл бұрын ермекке айналдырған көрінеді. Ежелгі Рим жылнамаларында да б. э. д III ғасырда волейбол сынды фаустбол ойын түрі ұйымдастырылып тұрған. Олар әр командада 3-6 ойыншыдан бөлініп, допты аласа қабырғадан лақтыруға тырысқан. Фаустбол ойыны әсіресе, Еуропа халықтарына кеңінен танылған. Ойын 15 минуттан 2 таймға созылған. Десе де, волейболдың ресми күні 1895 жыл деп белгіленді. Оны алғаш ойлап тапқан- У. Дж. Морган. Арада бір жыл өткен соң, яғни 1896 жылы «минтонет» ойыны Спрингфилде ( АҚШ, Массачусетс штаты) Христиан Жастар Одағының конференциясында назарға ұсынылды. Аталмыш одақ волейболдың бастамашылары бола білді. Кейіннен тас қамалдан емес, арнайы тордан допты лақтыру мүмкіндігі пайда болған кезде профессор Альфред Хальстед «минтонетті» «волейбол» атауымен алмастыру қажет деп мәлімдеме жасады. 1897 жылы Христиан жастары қауымдастығы волейболдың ресми шарттарын айқындап, арнайы анықтама ретінде шағын кітапша басып шығарды.
АҚШ-тың Массачусетс штатындағы белгілі Гелиокс колледжінде дене шынықтыру пәнінен сабақ берген американдық азамат Уильям Дж. Морган 1897 жылы волейболдың 10 шартын ұсынған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz