Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы
Жоспар
I Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.
II Ежелгі Египет мәдениетінің қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..4-5.
1. Ерте патшалық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
2. Ежелгі патшалық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6.
3. Сәулет өнерінің алғашқы белгілері. Джоссер пирамидасы ... ... ... .. 6-8.
III Орта патшалық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-9.
1. Хеопс пирамидасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9-12.
IV Жаңа патшалық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13.
1.Ежелгі Мысыр еліндегі Сұлтан Бейбарыс мешіті ... ... ... ... ... ... ..13- 15.
V Бейнелеу және мүсін өнері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15-18.
VI Мәдениеттегі ғылыми жетістіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18 -20.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22.
VII Қосымша деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23-
Кіріспе
Көне Египет жер шарындағы тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекетгердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық -- билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Ежелгі патшалық құдай деп танылған перғауындар билейтін біртұтас Египет державасы құрылып, осы державаны қоршаған дүниеде орнықтыру дәуірі басталды. Ежелгі патшалық өнері осы орнықтыруға қызмет ету үшін жасалып, бәрінен бұрын құдай саналған қуатымен сана жетпестігін билейді. Гүлдену кезіңдегі Жаңа патшалық дәуірі - енді ешкім таласа алмайтын - орныққан Египеттің қуат күшінің салтанатты дәуірі болды.
Сонымен бірге бұл құл иеленуші топтың шектен тыс сән-салтанат дәуірі еді. Оған тек күш, тек орнығу жеткіліксіз бола бастады. Сондықтанда бұл дәуірдегі өнерге аса бір нәзіктік пен сұлулыққа, ұмтылыс пен жарқылған ұштасқан ұлан - ғайырлық пен сән-салтанат тән.
Египеттіктер табиғаттың жыл сайын жаңаратындығын аңғарып отырған, яғни табиғатта болып жатқан құбылыстар египеттіктерді негізінде өлген адам тіріледі деген діни ілімге сендірген. Сондықтан олардың алдында мәңгілік өмірді қамтамасыз ету мәселесі тұрды. Осы ілімнің барлығы пирамиданың, мумияның, сфинкстердің пайда болуына ықпалын тигізді.
Менің курстық жұмысым көне Египет(Мысыр) мәдениетімен, өркениетімен жеке дара танысу. Жұмыста мәдениеттің қалыптасу алғышарттары, оның даму жол қарастырылып, сәулет өнерінің тамаша туындылары жайлы сөз қозғалады. Бұл бейнелеу тәсілінің өміршендігі сондай, бірнеше ғасырлар бойы жан-жаққа тарап, әр ел өнерінің дамуының тарихына игі ықпалын тигізді.
1. Египет мәдениетінің қалыптасуы.
Египет - ежелгі мәдениеттер қатарындағы ең маңызды орын алатын тамаша өркениет түрлерінің бірі. Ол алып Сахара шөлімен көршілес орналасқанына қарамастан Солтүстік-Шығыс Африкада орналасқан оазиске айналды. Египет мәдениетінің жетістіктері сан алуан, әлі күнге дейін толық мәнде құпиясы шешіліп бітпеген, талай жұмбақтарды жасырған әлемнің жеті кереметінің бірі-пирамидалардың бір өзі қаншама сыр шертіп жатыр. Ежелгі Египет өркениеті шығыстық елдер мәдениетіне тән сан алуандығымен ерекшеленеді. Оның сан алуандылығын тарихқа қалтырған мұралары-деректер дәлелдей түседі.
Ежелгі Мысыр өнерінің тарихы IV мың жылдан астам уақытты қамтиды. Сол себепті Мысыр өнері үлкен қызығушылық туғызады. Өйткені адамзат тарихындағы бірінші таптық қоғам өнердің дамуын анықтаумен қатар, Мысыр құлиеленуші қоғамының өміріндегі өзгерістерді толығымен зерттеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, ежелгі Мысыр өнері тарихы мынандай кезеңдерге бөлінеді:
1. Династиялыққа дейінгі кезең немесе Ерте патшалық (б.з.д 4 мың ж.)
2. Ежелгі патшалық (б.з.д 3200-2400 жж.)
3. Орта патшалық (б.з.д XXI -- XIX ғг. басы)
4. Жаңа патшалық (б.з.д XVI -- XII ғғ.)
5. Кейінгі уақыт (б.з.д XI ғ. -- 332 жж.) -- эллинизм мәдениетіне көшу кезеңі.
Ежелгі Мысырда рулық құрылыс ыдырағаннан кейін үлкен өзендер бойында пайда болған құлиеленуші мемлекеттердің арасында Мысыр өркениеті бірінші болып, дамыған әкімшілігі орталықтандырылған ұлы державаға айналады.. Осыған орай, бұл жерде мемлекет басшыларың яғни перғауындарды -- құдай деп санайтын ұстанымдарды қабылдады. Демек, соншама құдіретті билеушілер яғни перғауындар құдай санатында болса, олар өлмеу керек, осыдан барып өлген адам тіріледі деген діни түсінік пайда болады. Осының салдарынан бүкіл өнер, оның ішінде сәулет, мүсін, кескіндеме, әдебиет, мифология осы діни көзқараспен тікелей байланыста болады. Яғни, өнер о дүниелік өмірге арналады. Тақырыптардың барлығы дерлік, діни-мифологиялық жанр теңірегінде тарқатылады. Бірақ, сонымен қатар, туындыларда халықтың өмірі, тыныс-тіршілігі, кәсібі мен тұрмысы және батырлардың ерлігі сипатталатын бейнелеу өнеріндегі көріністер де өз үлесін алады. Мәселен, мысырлықтар алғашқы қауым адамдары тәрізді діни көзқарастарын тотемизммен байланыстырады. Бірақ мұнда құдайларды тек қана жануарлар бейнесінде ғана көрсетпей, антропоморфтық образдар түрінде сомдайды, яғни жартылай жануар, жартылай адам -- таңғажайып екі бейненің қосындысын көреміз. Мысырлықтар Күнді ең басты, ең құдіретті көркем құдайымыз деп санады. Оны Амон-Ра құдайы деп атап, ол сұңқар басты адам бейнесінде бейнеленеді. Ақыл мен есеп құдайын Тот деп атап, оның денесі адам, басын ибис құсының басымен бейнелейді. Өлгендердің құдайы Анубис -- ит немесе қорқау қасқыр басты жауынгер бейнесінде мүсінделеді. Аңыз бойынша ең бірінші мумияны Анубис жасаған деп айтылады. Қасиетті жануарлардың ішінде Көкқұтан құсы Бену, Күн құдайы Амон-Раның жанын сақтаушы деп саналса, бұқа Апис бейнесі құнарлылық пен жемістіліктің белгісі ретінде қабылданады. Перғауындарды Күн құдайы балалары деп есептеді. Сондықтан күн символикасы барлық жерде бейнеленеді. Күн құдайы немесе жарық дүние құдайының екінші атауы Гор-суңқар деп аталады. Мифология бойынша, оның әкесі Осирис табиғат құнарлылығы құдайы, бір кездегі Мысыр патшасы болып, мысырлықтарды жер өңдеп, бақтар салуға үйретіпті-мыс. Өзінің бауыры Сеттің қолынан қаза болады. Сет -- зұлымдық құдайы болып есептеледі. Осиристің баласы Гор, Сетті жекпе-жекке шақырып, оны жеңіп шығады. Аңыз желісі бойынша, Гор өзінің бір көзін әкесіне беріп, оны тірілтіп алады-мыс.Сондықтан, көздің бейнесі де Күн бейнесі тәрізді киелілік символьі рөтінде көп жерлерде бейнеленеді. Бірақ, тірілген Осирис жарық дүниеге қайтып оралмай, о дүниенің патшасы болып қала береді. Оның мұрагері Гор -- жарық дүниенің патшасы болады. Бұл жерде Ежелгі Египет перғауындары өздерінің өмірлерінің үлгісін осы мифологияға сәйкестендіруге ұмтылуы туралы айтады. Сөйтіп, ендігі жерде перғауындарға мәңгі өмір қамтамасыз ету үшін олардың мүрдесін сақтап, тірлікте керек болған нәрсенің бәрімен қамтамасыз ету қажеттілігі туады. Енді, өлген перғауындардың мүрдесін бальзамдап мумияға айналдырып, оның денесіне ұқсас статуясын жасайды және сонымен бірге қызметшілерінің статуясын жасап, бірге жерлейді. Оларды Ушебти деп атаған. Айта кететіні, басқа Шығыс елдерінде, мысалға ежелгі Вавилонда бай, атақты адам қайтыс болса, онымен бірге оның әйелің қызметшілерің малдарын бірге өлтіріп жерлейтін өте қатыгез рәсім болған. Осыған қарағанда, Мысыр дінінде адам өміріне қиянат жасау рәсімдері болмаған деген тұжырымға келуге болады. Сол сияқты, Ежелгі Мысырда сәулетші мен мүсіншіні санх деп атаған. Ол өмірді қайта жасаушы деген мағынаны білдірген. Өлген адамның бейнесін жасай отырып, тіршіліктің өзін қайта жасайды деген түсінік болған. Ежелгі Мысырда адамның ка деп аталған екінші жаны өзінің иесін табу қажет болған сондықтан адамның мүсіні өзіне ұқсас болуы міндетті шарттардың бірі болды. Осыған орай, портреттік пластиканың жоғары деңгейде дамуы өз-өзінен түсінікті. Ғасырдан-ғасырға. ұрпақтан-ұрпаққа еш өзгеріссіз беріліп, мыңдаған жылдар бойы ұстанып келген діни көзқарастар, салт-дәстүрлер, канондардың (қатал қағида-ережелер) салдарынан Ежелгі Мысыр мәдениеті баяу дамыды десе болады. Бірталай ғасырлар бойы Мысыр өнерінде көбінесе бейнелеу өнерінің жетік әдістері мен мәнері, құралдары таңдалып алынып отырған. Шеберлер, күрделі де, айбынды адам кескінін канондар шегінде тамаша бейнелеуімен, мифологиялық көріністердің байлығын әсерлеп береді.
0.1 Ерте патшалық (б.з.д. 4-5 м.ж)
Ежелгі Мысырда ерте патшалық кезеңінде б.з.д. 4-5-мыңжылдықтардың соңына таман билік басына алғашқы ірі мемлекеттік басшылар келе бастайды. Дәл осы уақытта пиктографиялық, ерте бейнелі жазулар түрі қалыптасады. Осындай бейне жазу түрінің нағыз үлгісі перғауын Нармердің тақтасы, шамамен б.з.д. 3-мыңжылдықта жасалған, биіктігі 64 см тақта Каир музейінде сақталған. Бұл рельефтІк көркем туындының мазмұны -- жеңіске жеткен перғауын Нармердің ұлылығын баяндау. Сонымен, рельефті сипаттайтын болсақ, Мысыр әміршісінің қуаттылығын көрсетеді, оның жанындағы жақын шонжарлары одан үш-төрт есе кішірейтіліп бейнеленген. Құдай бейнесіндегі сұңқар Нармер патшаға жауын жеңуге өз көмегін көрсетіп тұрған сәті бейнеленген. Тақтаның астыңғы бөлігінде жаулардың алды-артына қарамай қашқан бейнелері суреттеледі. Тақтаның екінші жағында бейнеленген екі қабыланның ұзартылған мойындары композицияның негізгі орталық бөлігін құрайды. Өздеріңізге белгілі, алдында айтылып өткен адамның денесі сақталып, оны неғұрлым толық ұқсастықпен бейнелесе, өлген адамның жаны оған қайтып келеді деген түсінік болған. Сондықтан ол дөңгелек мүсінде өзінен-өзі түсінікті болса, бедерлі суретте белгілі бір тәсілдерді заңдылыққа енгізу қажеттілігі туындады және соның нақты үлгісін осы тақтада көреміз. Ол денені тұтас көрсету үшін дененің жоғарғы жағын иықты, қолды алдынан, аяқтары мен бас пішіні жанынан бейнелеу әдістері. Бұл жерде канондық бейнелеу мен иероглифтік жазулардың алғашқы қадамдары династиялыққа дейінгі кезеңде қалыптасты деген тұжырым айтуға болады
.
1.2 Ежелгі патшалық (б.з.д 3200-2400 жж.)
Ежелгі патшалық Мысыр өнерінің негізін салған өнердің классикалық кезеңі деп саналады. Бұл кезең, монументалды өнердің гүлденген уақыты болып табылады. Ол сәулет, кескіндеме, мүсін өнерлерінде өзінің керемет көріністерімен таңғалдырады. Соның ішінде, әсіресе сәулет өнерінде
-- пирамидалар бірінші кезекте тұрады. Жер бетіндегінің бәрі уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидадан қорқады деп айтылады.
1.3 Cәулет өнерінің алғашқы белгілері. Джоссер пирамидасы..
Пирамида - архитектурада төрткүл дүниенің төрт тарапына түгел қарап тұратын, төрт бұрышы ту биіктегі бір нүктеде түйісетін алып құрылыс. Пирамида тарихын зерттеуші кейбір адамдардың пікірінше, пирамида төрт бұрышының бір нүктеде түйісуі әу баста Адам Ата (ғ.с.) мен Хауа Анадан тараған адамзаттың бірлігін бейнелейді. Негізінен, пирамидаға ұқсас құрылыстар (ғибадат-хана тұғыры, космологиялық құрылыстар) Орталық және Оң-түстік Африка жерінде (біздің замаңымыздың 1-мыңжылдығы) де кездеседі. Халық арасында: Тіршілік уа-қыттан қорқады, уақыт пирамидадан қорқады, - деген қанатты сөз бар. Бұл пирамиданың мәңгілік ескерткіш етіп салынғанын, оның уақыт тезіне бой бермей, адамдарды аһ ұрғызып, сахараның күзетшісі, тарихтың куәгері ретінде тапжылмай тұра беретіндігін танытады.
Құдіретті құдай -- фараондардың о дүниеге барғанда жанға сая, басқа баспана болатын мәңгілік ғұмырдағы үйлері -- пирамидалар көргенді де, көрмегенді де таң қалдыратын дәуір ескерткіштері, әлемнің жеті кереметі аталған өнер туындыларының бірі саналады. Әлемнің жеті кереметінің бірі болып саналатын пирамидалар әлі күнге дейін бізді ерекше құрылысымен таңдандырады. Себебі адам баласын таң қалдырған мәдени мұралар күлге айналып, гүлденген қалалар жермен - жексен болды, бірінен - бірі болып жоғала бастады. Ал бүгінгі күнге кереметтердің ең көне осы Мысыр пирамидалары ғана жетіп отыр.
Сызу мен сурет салуға бейімі бар адамдар өз заманындағы қоғамдық құрылысты, соғыс қимылдарын, патша жорықтарын қайрак тастарға бейнелеп түсіріп отырды. Бір жағынан, тарихи жылнамалық белгі болып табылатын, екіншіден, өнердің озық ескерткіші саналатын бедерлеме суреті бар тақта тастың бірі -- Нармер тақтасы. Тақтада Солтүстік патшалығын тізе бүктірген Нармер патшаның әскери жорығы, жеңісі айшықты бейнелермен шебер берілген. Тақтадағы мүсіншінің құрылымдық шешімі, тақта бетіндегі ұтымды бейнелік тәсіл көрген адамды бірден баурап алады. Сол кездегі Мысыр патшалығының орталығы, әлемдегі ең көне қаланың бірі Мемфис гүлденіп, өркендеді. Мемфисте сәулет өнерінің алғашқы үлгілері пайда болды. Дәл осы кезеңде Мысыр әдебиетінің алтын тамыры болып табылатын Птаха Құдайы туралы жазылған діни-философиялық шығарма өмірге келді. Бұл тарихи өнер көзі - Ежелгі Мысыр өнерінің ең бір айтулы ескерткіші болып табылады Мысыр пирамидаларының ішіндегі ең көнесі, сол замандағы өркендеген мәдениет пен өнердің жемісі
-- перғауын Жосер пирамидасы. Оны салушы сәулетшінің есімі Имхотеп. Ежелгі Мысырда оны тек сәулетші ретінде ғана емес, сонымен бірге астроном, данышпан ретінде білген. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған медицинаныңқұдайы ретінде табынған. Оның мүсіні, сірә, ғалымдарға орнатылған алғашқы мүсін болуы да ғажап емес. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.
Жосер пирамидасы сатылы болып келген. Оны араб тілінде мастаба деп атайды, ол орындық деген мағынаны білдіреді. Қазіргі кезде бұл сөз қабірлік құрылыстарды атау үшін пайдаланады, Биіктігі 60 м бұл пирамида жоғарылаған сайын кішірейе түсетін бірнеше мастабадан тұрады. Осыдан кейін салынған пирамидалар тегіс, үшкір формалы болып келген. Бұл сәулет өнеріне үлкен бетбұрыс әкеліп, тың инженерлік жүйенің пайда болуына жол ашты. Егер бұрын Мысыр сәулет кешендері бір қабатты мастабалардан тұратын болса, бұл пирамида бақандай жеті мастабадан тұратын зәулім сәулет кешенін құрады. Сондықтан да оны сатылы пирамида деп атады. Олардың сенімі бойынша патшалардың басына қаншалықты бағалы ескерткіш қойса, қарапайым халыққа, бүкіл елге оның рақымы түсіп, ұдайы желеп-жебеп отырады-мыс. Жосер сәулет кешенінен бастау алған пирамидалар дәуірі б.з. д. VII ғасырда өзінің шарықтау шегіне жетті
2.Орта патшалық (б.з.д XXI -- XIX ғғ. басы)
Орта патшалық дәуірі кейбір діни негіздердің әлсіреу дәуірі болады. Алайда орта патшалық тұсында да перғауын бұрынғысынша құдай саналады. Ендігі жерде, пирамидалар тастан емес, шикі кесектен тұрғызыла бастайды. Перғауындардың жеке басы Ежелгі патшалықтағыдан да көрнекі дәріптеледі. Патшалардың статуялары енді тек мазарларда ғана емес, ғибадатханалар мен жай ашық алаңдарда орнатыла бастайды, мұның өзі оларды халық көріп, олардың санасына патша өкіметінің мызғымастығын күштірек сіңіру үшін жасалады. Өйткені бұл кезеңдерде патша өкіметінің мызғымастығына сенім біршама бәсеңдеп кеткен еді. Эрмитажда біз перғауын III Аменемхеттің қара граниттен жасалған статуясын -- Орта патшалық тұсындағы мүсін өнерінің осынау аса тамаша үлгісі ретінде көріп, сүйсіне аламыз. Оның басында перғауындардың бас киімі -- маңдай алдында қасиетті жыланның бедерлі бейнесі бар жолақты орамал. Ежелгі патшалық перғауыны Хефрен сынды ол да патша тағында отырған кейпінде беріледі. Бірақ ол Хефренге қарағанда анағұрлым дара бейнеленген, көздерінің тік қарауы және ірі жақ сүйекті бет-жүзіндегі жігерлілік, бұл патшаның адуындылығын танытады. Сөйтіп, біз үшін мүсіндердегі түсініксіз тұстар бірте-бірте жойыла бастайды. Орта патшалық мүсіндерінің біздің заманымызға дейін жеткендерінің ішіндегі теңдессіз көркем туынды -- перғауын III Сенусерттің басының бейнесі. Бір кезде сабырлы (эмоциясыз) бейнелетін патша жүздеріне ұқсамайды. Қара тастағы жарық пен көлеңкенің тез алмасуы бұл әміршінің дара қасиеттерін терең аша түскендей, одан әлдебір ішкі күмән мен сырт көзге елеусіз жабырқаулық аңғарылады. Храмдар мен сарайлар адында құдайлар мен патшаларды дәріптейтің төбесі иероглифтермен толтырылған биік жұқа обелискілер -- тас инелер барған сайын көптеп тұрғызыла бастайды, Иероглифтік жазулар Египет өнерінде аса маңызды роль атқарады, өйткені әрбір иероглифтер әуелгі кезде бір ұғымды немесе затты білдірген сынды сурет. Кейінірек, иероглифтік жазулар, суреттің негізгі мағынасынан тәуелсіз, белгілі бір мәні бар жүйелі жазуға айналады. Бірақ графикалық тұрғыдан сурет қалпында қала береді. Орта патшалық өнерінің тағы бір көрнекті ескерткіші -- ақсүйек Хуненнің құлпытасы, ол Мәскеудегі бейнелеу өнері мүзейінде сақталған. Ақсүйектің өзі мен әйелінің бейнелері сол жақ төменгі жақта бедерленеді. Канон бойынша, олардың бет әлпеттері мен аяқтары қырынаң кеуделері алдыңғы жағынан бейнеленеді. Олардың бет-жүздерінең отырыстарынаң салтанаттылық айқын байқалады, Ал олардың қарама-қарсысында үлкен алаңда діни мәтіндер жазылған. Ондағы адамдар, жемістер, өсімдіктер, құстар, жануарлар бейнесіндегі иероглифтік жазуларда өлгендерді жерлеген кезде оларға не құрбан етілгендігі жайлы хабар береді. Сонымен орта патшалық ежелгі патшалық кезеңінде құдай деп танылған перғауындар билейтін біртұтас Мысыр державасын орнықтыру дәуірі болды. Осылардың ішіндегі ең атақтысы және көлемі жағынан ең ірісі IV патша әулетінен шыққан -- перғауын Хуфудың немесе Хеопс пирамидасы. Екіншісі Менкаура (Микерин) пирамидасы, бұларды Гизе пирамидалары деп атайды. Оларды әлемнің жеті кереметі қатарына жатқызады Египет жерінде салынған ғибадатханалардың алдына сфинкстер тұрғызылды.
Тастан қашалып жасалған сфинкстердің денесі арыстан, ал басы адам бейнесінде болды. Оның басы перғауынды бейнеледі. Сфинкс -- Египет өміршісінің құдіреті мен күшінің оның даналығы мен жұмбақтығының жаршысы болды. Ең алып сфинкс б.з.б үшінші мыңжылдықта салынған. Ол осы уақытқа дейін Хефрен пирамидасын күзетіп түр. Тұтастай алынған жартастан жасалған бұл сфинкстің басы адамның басынан отыз есе ұлкен, ұзындығы 57 метрге жетеді.Бұл тамаша табыс -- ағылшын археологы Г. Картердің Патшалар алқабындағы ұзаққ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын. Эхнатонның мұрагері болған бұл перғауын небәрі 20 жасқа жетпей дүние салған, бірақ ол өз заманында ерекше атаққа ие бола алмаса да, осы бір сәнді дүниелері арқылы біздің заманымызда ерекше даңққа бөленді. Олай болатын себебі Египеттің бүкіл патшаларының қабірлерінің ішінде тек қана Тутанхамонньщ қабірі ғана тонаушылар қолына түспей, барлық қазынасымен сақталып қалған.
2.1 Хеопс пирамидасы
Мысыр пирамидалары - Мысыр жерінде орналасқан ежелгі пирамидалар кешені. Осынау зор тас құрылыстар Ежелгі Египет перғауындарының сағанасы болып саналады. Сағаналар осыдан 5 мың жыл бұрын салынған.
Ең үлкен пирамида Хеопс перғауынның әмірімен тұрғызылған. Оның биіктігі - 147 м. Ежелгі грек тарихшысы Геродоттың жазбасында пирамиданы 100 мың адам 20 жыл бойы салғандығы айтылады. Пирамидалардың салынуы, құрылысы жөнінде айтылған пікірлер сан алуан. Дегенмен аптапты Египет аспаны астында мыңдаған құл тас қарумен дәу тастарды бөліп алып, оны құрылыс орнына арқанмен сүйретіп жеткізген, пирамида биіктеген сайын тас блоктарды қолмен жоғары көтерген деген пікірлер басым. Алып құрылыстар осы күнге дейін көрушісін қайран қалдырады. Осы пирамидалар Әлемнің жеті кереметінің біріне кіреді.
Хеопс пирамидасы салынғалы бергі 4 мың жыл бойы осы бір сұрақ кімді де болсын мазалауын қояр емес. Ол туралы аңыз да көп. Осыншалық алып дүниені адам салуы мүмкін емес деп күмәнданатындар да кездеседі. Біреулері жындар салған болуы ықтимал десе, бәзбіреулері бұл - жер бетінде болған басқа өркениеттің белгісі дейді, енді бірі жоқ, мұндай кереметті бөтен ғаламшардан келгендер салған деген болжамдарын ұсынып бағады. Неге олай? Себебі, бүгінге дейін және технология дамыған қазіргі заманда да дәл осындай теңдессіз құрылысты адамдар әлі өз қолымен сала алған жоқ. Мысалы, 1989 жылы Париж қаласындағы Лувр мұражайының жанына салынған сәулетші Пэйдің шыны пирамидасының биіктігі 22 метрден аспайды. 1972 жылы АҚШ-тың Сан-Франсиско қаласында пирамидаға еліктеп салынған халықаралық штаб-пәтердің алып құрылысы бар. 48 қабаттан тұратын ғимараттың биіктігі 260 метр болғанмен, көлемі Хеопс пирамидасының жартысына жетпейді. Сондықтан да, Хеопс пирамидасы - адамзат тарихындағы 7 кереметтің бірі. Грек тарихшылары 7 кереметке: Олимпиядадағы Зевстің статуясын, Галикарнастағы мавзолейді, Ирактағы Семирамиданың аспалы бағын, Родос аралындағы 32 метрлік Гелиос алып мүсінін, Александрия маягын, Эфестегі Артемида ғибадатханасын жатқызады. Бірақ, осылардан бүгінге дейін аман жеткені осы Хеопс пирамидасы ғана. Аңыздарға қарамастан оны салғызған иесі мен қалай тұрғызылғаны жөніндегі деректердің анықталғаны рас.
Мысырдың Гиза жазығында тұрған Хеопс пирамидасын Ұлы пирамида деп те атайды. Себебі, 4 мың жылдан аман жеткен жалғыз жәдігер - биіктігі 147 метрге жететін әлемдегі ең алып ғимарат. Әрі өте дәл құрастырылған, ең ірі тастан жасалынған бірден-бір құрылыс. Хеопс пирамидасының жалпы салмағы 5 млн. тоннаға жетеді. Бүкіл құрылысты салуға 2 млн. куб тасблок жұмсалған. Пирамиданың ірге көлемі 5,15 гектар жерді алып жатыр. Оған 200 теннис алаңын, Римдегі Әулие Петрдің екі шіркеуін орналастыруға болар еді. Кезінде Наполеон Гизадағы басты үш пирамиданың тас блоктарымен Францияның барлық шекарасын 3 метр биік, 30 см қалың қорғанмен қоршауға жетеді деген қызық есеп шығарған екен. Осындай ақылға сия бермейтін алып дүниені IV әулеттің екінші басқарушысы перғауын Хуфу б.э.д 2551-2528 жылдары Ніл өзенінің батыс жағалауына өзінің болашақ моласы етіп салғызған. Пирамидадан бүгінге жетпей жоғалғаны - құрылыстың ұшар басынан көз шағылыстырып тұратын үшбұрышты сом алтын, пирамиданың сыртын түгелдей қаптап, алыстан аппақ қардай етіп көрсететін әктас тақталар.
Пирамидалар салынуы. Ең әуелі пирамидалардың өте дәлдікпен салынғаны таңғалдырады. Соншама көп тастардың қандай жолмен өңделіп, қалай жеткізіліп, қалайша қаланғаны да жұмбақ. Геометриялық орналасуы да ғажап: оның төрт жағы дүниенің төрт бұрышына бағытталған, бар-жоғы 8 минуттық ауытқу байқалады. (20 см). Ал, Хеопске көрші 143,5 метрлік биік Хафр пирамидасы, келесі 65 метрлік Менкаур пирамидасы үшеуі биіктен қарағанда, батысқа қарай дәл өлшеммен шұбырта бағытталып салынған. Хеопс пен Менкаур пирамидаларына қатарласа қаз-қатар үш-үш кіші пирамидалар орналасқан. Ол перғауындардың әйелдері мен апа-қарындастарына арналған молалар болған. Олардың да өзара өлшем ұқсастықтары егіз тамшыдай. Хафрдың тұсына таман салынған адам басты, арыстан денелі 20 метрлік әйгілі алып Сфинкс тұтас жартастан қашалып жасалынған. Қарапайым құрал-саймандармен мұншама сұсты дүниелерді қалай салғаны туралы дәлелді болжамдар ғана айтылады. Әйтпесе, сырлы жұмбақтар сол алып тастармен бірге қаланып, уақыт қойнауына мәңгі жұтылып кеткенге ұқсайды. Пирамидаларды салмас бұрын оның тұратын орны тегістелген. Мінсіз тегістеу үшін құрылыс алаңына су жіберілген. Құрылыс алаңы дымқылданып, жібіген соң торкөз жыралар қазылған. Жыралардың тереңдігі бірдей болу үшін арнайы таяқтармен өлшеп теңестіріп отырған Су тартылған кезде жыраларда шамалы су қалдырылған. Осылайша судың көмегімен жібітілген тасты қыртыстарды түгел тегістеген. Әрі жырадағы қалдырылған судың деңгейін бір тегіс өлшем үшін құрал ретінде қолданған. Осылайша тегістелгендіктен пирамида бір сызат түсіп жарылмай, сәл қисайып ауытқымастан мызғымай тұр.
Хеопс пирамидасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz