Жазық кен қазбалары



Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Жазық кен қазбалары
Жазық қазбалар тобына штольня, квершлаг, штрек және орт жатады.
Әдетте жазық қазбалардың көбі қатаң горизонтальды емес, жүкті тасымалдауды су ағызуды жеңілдету мақсатында, жүк таситын бағытқа қарай еңіс (0,0004-0,005) жүргізіледі.
Штольня дегеніміз адамдар жүріп - тұруға, жүкті тасымалдауға, материалдарды жеткізуге, жерасты қазбаларын желдетуге және жерасты суын ағызуға арналған жер бетіне тікелей қатыс бар күрделі жазық жер асты қазбасы.
Штольняны тек қана рельефі қолайлы жағдайда жүргізуге болады, яғни таудың етегінде орнатылады. Бұл жағдайда штольня шахта оқпанының мідетін атқарады. Артықшылығы - жүкті жер бетіне көтеретін көтерігш машинаның және суды механикалық әдіспен төгудің қажет еместігі, өйткені су өздігінен ағады.
Жердің қыртысына байланысты штольня кеннің созылымына көлденең де, бойымен де жүргізілуі мүмкін.

- сурет. Жерасты кен қазбалары.
1 -копер; 2 - оқпан; 3 - квершлаг; 4 - штрек; 5 - өрмеле; 6 - гезеник немес тұйық оқпан; 7 - оқпан албары; 8 - камера; 9 - зумпф; 10 - кесінді
Квершлаг дегеніміз кеннің сөзылымына көлденең немесе бірқатар бұрышпен, бос жыныстың ішінен жүргізілетін, жер бетіне тікелей қатысы жоқ күрделі жазық жерасты қазбасы (1.1 - сурет). Атқаратын міндетіне байланысты квершлагтар тасымалдық (транспортный) және желдетпелік (вентиляционный) болып бөлінеді. Сонымен ұатар, адамдар жүріп - тұрады, су ағызылады және электр қуаты мен сығылған ауа келтіріледі.
Штрек дегеніміз кеннің созылым бойымен немесе созылымына параллельді бос жыныстың ішімен жүргізілетін, жер бетіне тікелей қатыс жоқ, жазық жерасты қазбасы (1.1 - сурет). Бос жыныстың ішімен жүргізілетін штректі далалық штрек (полевой штрек) деп атайды. Атқаратын міндетіне байланысты штректер де тасымалдыық және желдетпелік болып бөлінеді. Кквершлаг сияқты жұмыс жасайды.
Кеңістіктегі орнына баййлнысты штректер магистральдық (басты) және аралық болып келеді.
Магистральдық штрек дегеніміз, бүкіл шахта алабының шекарасы бойына дейін жүргізілетін және пайдалану мерзімі ішінде ұстап тұартын штрек. Бұл штрекпен жүктер тасымалданады (тасымалдық штрек) немесе ластанған ауа сыртқа айдалады (желдетпелік штрек).
Аралық штрек (промежуточный штрек) деп екі басты штрек аралығында немесе магистральдық штрекпен шахта алабы шекарасы аралығында жүргізілетін штректі айтады.
Орт дегеніміз кеннің ішімен оның созылымына көлденең жүргізілетін, жер бетіне тікелей қатысты, жерасытндағы жазық қазба. Орттың жүргізілу бағыты мен квершлагтың жүргізу бағыты бірдей. Айырмашылықтары: квершлаг - бос жыныстың ішіме жүргізілді; орт - кеннің ішімен жүргізіледі.
Жазық қазбалардың көлденең қима пішіндері айналасындағы жыныстардың қасиеттеріне жәнее қолданылатын бекітпе материалдарына байланысты тік бұрышты, траапеция тәрізді, тікбұрыш күмбезді, арқа күмбезді және дөңгелек болулары мүмкін. (1.3 - сурет)
Кен қазбаларын ұстап тұрудың ең көп тараған түрі ол бекіту болып есептеледі, яғни қазбаның керекті (жобалық) өлшемдерін кемітпей және айналасындағы жынысты құлатпай қстап тұратын жасанды құрылысты пайдалану. Бекітпе мықты, тұрақты болуы, әрі көп орын алмауы қажет және ауаның жүрісіне кедергі жасамауы керек.
Жазыө өазбалар өте бекем жыныстарда жүргізілетін болса, бекітілмеуі де мүмкін. Бқл жағдайда, қазбаның тұрақтылығын күшейту мақсатында оған күмбез пішін беріледі.
Тікбұрышты және трапеция тәрізді қазбалар, тұру мерзіміне байланыстыағаш немесе қатаң металл (жесткий металл) рамаларымен бекітіледі. Ағаш бекітпелер қазбаның тұру мерзімі 2-3 жылға дейін жіне тау ұысымы тұрақсыз болған кезде қолданылады. Ал қазбаның тұру мерзімі 3 жылдан артық және тау қысым аймағы тұрақталған болса, қатаң металл бекітпелерін қолданған дұрыс.

- сурет. Жазық қазбалардың көлденең қима түрлері.
а - тікбұрышты; ә - трапеция тәрізді; б - тікбұрыш күмбезі; в - дөңгелек; г - арқа күмбезі.
Тікбұрыш күмбезді қазбалар шектес жыныстардың қасиеттеріне, тау қысымының мөлшеріне және қазбаның тұру мерзіміне байланысты, отырма металл (податливый металл), анкер шашыранды бетон және бетон бекітпелермен бекітілуі мүмкін.
Жазық қазбалардың көлденең қима өлшемдері жүктерді тасымалдайтын вагондардың, механизмдердің, локомотивтердің өлшемдеріне, олардың өзара жіне қазбаның қабырғасына дейінгі қауіпсіздік ережелері бойынша белгіленген саңылауларға байланысты анықталады.
Жазық казбалардың көлденең кима түрлері және өлшемдері
Жазық қазбалардың көлденең қима түрлері қазбаны қиып өтетін жыныстардың қасиеттеріне, тау қысымының мөлшері мен сипатына, қолданатын бекітпенің құрылымы мен материалына, қазбаның міңдеті мен тұру мерзіміне және оны жүргізу тәсіліне байланысты. Жалпы жазық қазбалардың көлденең қима түрлері тікбұрышты, трапеция тәрізді, тікбұрыш-күмбезді, арқа-күмбезді, таға тәрізді және дөңгелек болулары мүмкін.
Пішіні тікбұрышты және трапеция тәрізді казбалар негізінен ағашпен, коставролы арқалықтармен (двутавровые балки), швеллер бекітпелерімен бекітіледі. Жыныстарды ұстап тұру кажеттілігі жоқ тұрақты бекем жыныстарда қазбаларға тікбұрыш-күмбез пішін беріледі немесе олар бетонмен, шашыранды бетонмен және анкер бекітпелерімен бекітіледі. Арқа-кумбезді және таға тәрізді казбалар негізінен СВП типті (өзара алмастырылмалы арнайы пішінді) немесе анкер бекітпелерімен бекітіледі, сондай-ақ тастармен қалануы мүмкін. Ал қазбаның түрі дөңгелек болса темірбетонмен немесе құрама металл тюбингілерімен бекітіледі.
Қазбалардың көлденең қима өлшемдері негізінен олардың атқаратын міндетіне байланысты. Жазық қазбаның көлденең қима ауданы мына түрлерге бөлінеді: ішкі (в свету), сыртқы (вчерне) және жүргізгендігі (в проходке).
Қазбаның ішкі көлденең ңима ауданы дегеніміз - казба бекітпесінің ішкі жағымен және темір жолдың жолтөсем кабатының (балластный слой) жиегімен шектелген келденең қима аудан.
Қазбаның сыртқы көлденең қима ауданы дегеніміз - оның жобалық жиегінің немесе бекітпенің сыртқы жағынан есептегендегі ауданы.
Қазбаның жүргізгендегі көлденең қима ауданы дегеніміз-казбаның забой жиегінің шектеу немесе қазба бекітілмей тұрғандағы ауданы.
Қазбаның ішкі көлденең қима ауданының өлшемдерін есептеу арқылы немесе кесте кұру арқылы анықтауға болады. Олар қазбаның атқаратын міндетіне байланысты және тасымалдау құралдарының көлеміне, темір жолдың санына, жылжымалы құрамының шығыңқы бөлігі мен бекітпе арасындағы саңылауға байланысты анықталады. Жерасты қазбаларына арналған сериялы жасалатын тасымалдау кұралдары (электровоздар, тиегіш машиналар, вагондар, сырмалар, т.б.) типтелген. Олардың өлшемдері анықтамаларда келтіріледі, ал ара саңылаулары қауіпсіздік Ережелеріне сәйкес алынады:
қазбаның биіктігі темір жол рельсінің басынан (немесе тактай төсемнен-траптан) бекітпенің маңдайшасына дейін, өздігінен жүретін механизмдерді немесе аккумуляторлы электровоздарды колданғанда, 1800 мм кем болмауға тиісті;
түйіспе (контактный) электровоз колданатын болса рельстің басынан түйіспе сымның ілінген биіктігіне дейін 2000 мм-ден және түйіспе сыммен маңдайшаның аралығы 200 мм-ден кем болмауға тиісті;
жылжымалы құрамның ең шығыңқы бөлігімен қазба бекітпесінің арасындағы саңылау (төсемнен 1800 мм биіктікте) бір жағында 250 мм- ден, ал екінші адамдар жүретін жағыңда 700-50 мм-ден кем болмаулары керек (700 мм қазба бетонмен бекітілгенде, 750 мм қазба ағашпен бекітілген болса);
темір жолсыз өздігінен жүретін жабдықтарды, сырмаларды қолданғанда жабдықтың екі жағындағы саңылауда 500 мм-ден кем болмауға тиіс;
екі темір жолды казбада жылжымалы құрамдардың арасындағы саңылау 200 мм-ден кем болмауға тиіс;
забойда уақытша жол пайдаланылатын болса қазбаның табанынан рельстің басына дейінгі биіктік 200 мм (уақытша жолға жолтөсем-балласт төселмейді), ал тұрақты жолда 350 мм болады;
екі жолды қазбаның маневрлік жұмыстары істелетін және вагондарды тіркеп-ағытатын жерлерінде, сондай-ақ бір жолды оқпан албарында, жолдың екі жағындағы саңылауда 700 мм-ден болуға тиіс;
жолаушылар поезына отыратын жерде, оның ұзына бойына, адамдар жүретін жолдың ені 1000 мм кем болмауға тиісті;
оқпан албарындағы туйіспе сымнын іліну биіктігі 2200 мм-ден кем болмауға тиісті.
Трапеция тәрізді қазбалардын өлшемдерін есептеу үшін керекті басқа мәліметтер төменде келтірілген.

Транспорттық жабдықтардың Жабдықтың техникалық
биіктігі Н және ені А сипаттамасынан алынады
Адамдар жүретін қазбаның биіктігі... Һ=1800 мм
Қазбаның табанынан рельстін басына дейінгі биіктік, мм:
шпал казбаның табанына төселгенде h1=hш3+hр (h-шпал, h-рельс)
шпал жолтөсемге төселгенде Һ1= һб+ Һш3+ Һр, (һ6-жолтөсем)
рельстің басынан маңдайшаға дейінгі биіктік ... һ3=1800 мм, (2200 мм)
Қазбаның ішкі биікгігі, мм:
жынысты сырмамен жинағанда. һ4=һ
жолтөсемсіз рельс болғанда һ4=һ1+һ3
рельс жолтөсемге төселгенде һ4=һ1+һ3+һб
Қазбаның сыртқы биіктігі, мм һ5= һ4+һм+tт, (tт, tт-С маңдайша тартпаның қалыңдықтары)
Қазбаның һ биіктіктегі ішкі ені, мм:
жынысты сырмамен жинағанда l=А+2т1 (т1 =500 мм)
бір рельсті жол болғанда l=А+т+п, (т=250мм, п=700мм)
екі рельсті жол болғанда l=2А+т+п+р, (р=200мм)
Қазбаның маңдайша тұсындағы ішкі ені:
Рельс жолы болмағанда l1=l-2(һ-Н)ctgα (α=800)
рельс жолы болғанда l1=l-2(h3 -H) ctgα
Қазбаның табаны тұсындағы ішкі ені, мм:
рельс жолы болмағанда l2=l+2H ctgα
рельс жолы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желі жыныстары палеозойлік
Жер асты кен қазу
«Пайдалы қазба кенорындарынашу және даярлау». Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Жазық қазбалар тобына штольня, квершлаг, штрек және орт жатады
Елтану курсынан дәрістер
Көмір өнеркәсібіндегі еңбек гигиенасы
Жазық кен қазбалары жайлы ақпарат
Солтүстік Американың географиялық орны
Солтүстік Американың географиялық орны. Ашылу және зерттелу тарихы
Пәндер