Tiк кен қазбалары жайлы мәлімет



Пән: Тау-кен ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Tiк кен қазбалары
Tiкқазбалар тобына мыналар жатады: шахта оқпаны (шахтный ствол), шурф және тұйық оқпан (сленой ствол).
Шахта оқпаны дегеніміз жер бетіне тікелей қатысы бар және жерасты жұмыстарына қызмет атқаруға арналған күрделі жерасты Tiкқазбасы. Атқаратын міндетіне байланысты шахта оқпандары басты (главный) және көмекші (вспомогательный) болып белінеді.
Басты шахта оқпаны негізінен өндірілген пайдалы қазындыны жер бетіне көтеруге арналады және оны скиптік оқпан (скиповой ствол) деп те атайды. Шағын шахталарда басты оқпан кемекші жұмыстарды да атқарады, яғни пайдалы қазындыны жер бетіне көтерумен қатар адамдарды да (материалдарды да) түсіріп - шығарады. Сондықтан мұндай оқпан скиппен қатар клетпенде жабдықталады.
Kөмeкшiшахта оқпаны негізінен кемекші жұмыстарға арналады: адамдарды, материалдарды және жабдықтарды түcipiп-шығаруға, бос жыныстарды жер бетіне көтеруге, электр қуатын, сығылған ауаны, суды келтіруге, қазбаларды желдетуге және жерасты суын төгуге. Оны клеттік немесе желдетпелік (клетьевой или вентиляционный) оқпан деп те атайды.
Шахта оқпандарының көлденеңқима пiшiнi, тұру мерзіміне және айналасындағы жыныстардың бекемдігіне байланысты төртбұрышты, дөңгелек немесе элипс тәрізді болулары мүмкін (1-сурет). Қимасы дөңгелек оқпан негізінен тұтас бетонмен (монолитным бетоном) бекітіледі және диаметрі 4-9 м аралығында болады.

1-сурет. Шахта окпандарыныңқимасы. 1-клеть бөлімшесі; 2-скип бөлімшесі; 3-сатылықбөлімше

Қимасы тікбұрышты оқпан ағашпен бекітіледі және көлденең қима ауданы 30 м2 дейін барады. Атқаратын міндетіне байланысты оқпанныңқима ауданы бірнеше бөлімшелерге бөлінеді, клеть бөлімшесі (адамдар және материалдар түcipiп - шығарылады); скип бөлімшесі-2 (өндірілген пайдалы қазындыны жер бетіне шығаруға арналған) және сатылық бөлімше- 3 (клеть жұмыс (істемеген жағдайда адамдар түсіп - шығуға).
Әpбip оқпан үш элементтен тұрады: аузы (устье), негізгі бөліп (основная часть) және зумпф (окпанныңтүбі).
Оқпанның аузы дегеніміз оның жер бетіне шығатын үстіңгі жағы. Ол күшейтілген бекітпемен бекітіледі, өйткені оқпанның аузы тасынды жыныс қабатында жүргізіледі және жердің бетіндегі окпан құрылыстарының салмағы осы белікке түседi.
Оқпанныц негізгі бөлігі дегеніміз оқпанның аузы мен зупмфтын аралығындағы ең ұзын бөлік. Оның міндеті жұмыс жасайтын қабатпен жердіңц бетін жалғастыру.
Вумпф дегеніміз, шахтаның жұмыс жасап жатқан қабатынан төмен орналасқан, оқпанның ең төменгібөлігі. Ол оқпанның бойымен аққан суды жинайтын ыдыс ретінде және көтерме ыдыстарды (скипті немесе клетті) тиегенде немесе босатқан кезде орналастыратын орын ретінде пайдаланылады.
Шахта оқпанының тереңдігі, пайдалы қазынды кен орындарының жатыс тереңдігіне және шахта алабының шекарасына қатысты орналасу қашықтығына байланысты 1600 м дейін, ал кейде одан да артық тереңдікке барады. Олар тереңдігі жөнінде, мына топтарға белінеді терең емес 300 м дейін; орташа терең 300-700; терең 1200 м; өте терең-1200 м-ден артық.
Шурф дегеніміз барлау жұмыстарына арналған көлденең қима өлшемдері үлкен емес (4-6 м2, кейде 20 м2 дейін) және онша терең емес (40-60 м, кейде 150 м дейін барады), жер бетіне тікелей қатысы бар жерасты тік қазбасы. Онымен адамдар түсіп-шығады, казбалар желдетіледі су төгіледі және материалдар түсіріледі. Шурфтардың көлденеңқимапішіні негізінен тікбұрышты болады (ағашпен бекітіледі) және шахта алабыныңқанатында орналасады. Шурфтың ерекшелігі - шахтада өндірілген өнім онымен жер бетіне көтерілмейді.
Тұйық оқпан (сленой ствол) дегешміз адамдар жұрт-тұруға, қазбаларға ауа келтіруге, жабдықтар мен материалдарды жоғарғы қабаттан төменгіқабатқа Tүcipyгe немесе теменгіқабаттан жоғарғы қабатқа көтеруге арналған, жер бетіне тікелей қатысы жоқ жер астындағы тік қазба. Жүкті жоғарғы қабаттан төменгі қабатқа түсipy үшін арналған тұйық оқпанды гезенк деп те атайды.

Оқпанның аузын қазу
Оқпандардың аузы негізінен осал (нашар) тұрақсыз, тасынды жыныстарда, ал кейде сулы жыныстарда қазылатын болғандықтан, күрделі жұмыс болып есептеледі. Оныңқұрылысы атқаратын міндетіне, қабырғаларына әсер ететін вертикаль және горизонталь күштердің мөлшеріне, жыныстардың жатыс жағдайына, физика-механикалық касиеттеріне, жерасты суының енуіне, бекітпе материалдары мен жұмысты орындау әдісіне байланысты белгіленеді.
Окпанның атқаратын міндетіне байланысты оның аузы қазбаны жүргізген кедергі немесе пайдалану кезіндегі тұрақты копердің (окпанныц устіндегі мұнара) фундаменті ретінде, сондай-ақ уақытша бекітпе және бірқатар жабдықгарды ілуге арналған тірек ретінде қызмет атқарады. Оқпанға жер бетіндегі сулар кетпес үшін оның азуы жердің бетінен 200 мм жоғары жасалады. Аузының тереңінен нақты кен-геологиялық жағдайларға, желдетпе және колориферлік (ауаны жылытатын құрал) арналардыңөлшемдері мен орналасу тереңдіктеріне, сондай-ақ тығыз жыныстардың жатқан тереңдігіне байланысты анықталады. Әдетте оқпан аузының тереңдігі 10-20 м болады.
Окпанның аузы бастан (оголовок), белдіктен (средняя часть) және тірек венецінен (опорный венец) тұрады (2 -сурет), тұтас бетонмен немесе темірбетонмен бекітіледі, ал кейде тeмip немесе темірбетон тюбингілері (сәл иілген тақта тәрізді бекітпе) қолданылады.
Оқпандардың аузының жоғарғы жағы кебіне тұрақсыз жыныстарда жүргізіледі. Сондықтан алғашқы 3-5 м ашық жұмыстар арқылы, экскаватормен қазылады. Содан кейінқазаншұңқырда (котлован) бетоннан оқпанның басы тұрғызылады (3-сурет). Оқпанның аузы бекітіліп болғаннан соң, қазаншұңқыр топырақпен кемшеді және мұқият нығыздалады.

2-сурет. Окпандардың ауызтүрлері
а-оқпанның аузы коперге тірек болған кезде; г-Koпepдi арнайы фундаментке орнатқанда;б-оқпан тасынды жыныстарда жүргүзілген кезде.
1- оқпанның аузының басы; 2-белдік; З-тipeк венеці

3-сурет. Окпан аузынын басын салу.
а-қазаншұңқырдың топырағын экскаватормен қазу;ә-қалыпты құрастыру және бетондау; б-бекітпенің сыртын топырақпен көму
Оқпандардың аузы қолайлы гидрогеологиялық жағдайларда eкi улгімен жүргізілуі мүмкін: 1) оқпанның аузын қазуға арналған жылжымалы қазба жүргізгіш жабдықтарды қолдану арқылы, 2) оқпанның негізгі белігін қазуға арналған жабдықтарды қолдану арқылы. Оқпандардың аузыңң қазуға арналған жылжымалы жабдықтарды қолдану арқылы жүргізу тізбекті немесе біріктірелген әдістермен орындалады.
Тізбекті технологиялықәдic бойынша оқпанның аузын жүргізгенде жынысты қазу және уақытша бекітпені орнату жұмыстары, тұрақтылығы жеткіліксіз жыныстарда бөліктерге белініп (звеньями) орындалады, ал тұрақты жыныстарда бөлінбей жүргізіледі. Тұрақты бeкiтпe әpбip бөлек қазылганнан соң немесе оқпанның аузы бүкіл тереңдікке жүргізгеннен кейін, төменнен жоғары қарай орнатылады (4-сурет).
Жұмысты орындау кезектігі төмендегідей: оқпан аузыныңбасы Э-153 типте экскаватормен қазылады да, қабырғалары тұтас бетонменнемесе темір бетонмен қаланады. Бекітпенің төменгі жағына, уақытша бекітпені ілетін анкер қармактары бекітіледі. Содан кейін оқпанның аузы бүкіл тереңдікке немесе бөлік бойына қазылады және забойдың iлгepi жылжуымен қатар уакытша бекітпемен бекітіліп отырылады, тірек венецтерінің орны дайындалады, оныңүстіне тұрақты тұтас бетон немесе темірбетон қаланып уақытша бекітпелер алынады.
Бұл технологиялықүлгінің жақсы жағы - дайындық жұмыстарының аздығы. Keмшіліктері: жұмыстың ауырлығы, техника-экономикалық көрсеткіштерінің төмендегі, кейде уақытша бекітпені алуға мүмкіндіктің болмайтындығы.

4-сурет. Оқпанның аузын тізтекті әідісімен жүргізу әдісі.
рама. 2- көтерме шығыр; 3-кранның жебесі; 4-сым арқан;5- түсірме станогі; 6-грейфер; 7-машина; 8-забойлық насос

Бipiкmipілген технологиялықәдic бойынша оқпанның аузын жүргізгенде жынысты қазу және тұрақты бетон бекітпелерін орнату жұмыстары өнбемен (заходками) жоғарыдан төмен қарай секциялы темір қалып қолдану арқылы немесе темірбетон (шойын) тюбингілерін пайдалану арқылы орындалады (5-сурет). Енбенің биіктігін жыныстардың тұрақтылығына және қалыптың биміктігіне байланысты таңдайды.
Бipiкmipілгенәдістің жақсы жақтары: дайындық жұмыстары көлемінің аздығы, жұмыстың ауыр еместігі және тізбекті әдіске қарағандақұнының төмендігі, уақытша бекітпенің жоқтығы, қазба жүрзу жылдамдығының жоғарылығы. Keмicтiгi - оқпанның негізгі бөлгін жүргізу үшін, қайта жабдықтау жұмыстарының көп уақыт алатындығы.

5-сурет. Окпанның аузын бipiкmipілген әдіспен жургізу үлгici:
1-қауға; 2~желдеткіш құбыр; 3-шығыр; 4-эстакада; 5-скип; 6 копер: 7-көтергішқондырғы; 8-бетон құбыры; 9-қалып; I0-KC-3 қысымтиегіші
Окпандардың аузын қазбаның негізгі белігін қазуға арналған жабдықтарды қолдану арқылы жүргізгенде, жабдықтарды пайдаланудың мына үлгiлepi қолданылады:
уақытша - уақытша коперлер мен кетергіш машиналарды пайдалану арқылы;
тұрақты - тұракты коперлер мен кетергіш машиналарды пайдалану арқылы;
құрастыръшан - коперлер мен кетергіш машиналардыңәр түрлерін (тұрақты копер мен уакытша кетергіш машинаны немесе уақытша копер мен тұрақты кетергіш машинаны) пайдалану арқылы.
Бұл жабдықтау үлгілерініңқайсысы болмасын, жынысты қазу және тұракты бекітпені орнату жұмыстары тізбекті болғанда немесе біріктірілгенде технологиялықәдістермен орындалулары мүмкін. Ол жыныстың кен-геологиялық сипаттамаларына және технологиялық жағдайларына, сондай-ақ варианттардың техника-экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Оқпанның аузын жүрзудің ақырғы технологиялық тәсілін және жабдықтау үлгісін таңдағанда мына керсеткіштер ecкepiлyi керек: жалпы оқпанды салу уақыты және еңбек шығыны аз болуы керек, ал салу жылдамдығы үлкен болтаны дұрыс.
Жынысты қопсыту және тиеу. Оқпандардың аузы әдетте тасынды жыныстарда жүргізіледі. Сондықтан, ондай жыныстарды қопсыту үшінқопарғыш балгалар (отбойные молотки) қолданылады, ал орташа бекем және қатты жыныстарды бұзу үшін тереңдігі 1,0-1,5 м шпурлар бұрғыланып атылғыш заттар арқылы қопарылады.
Оқпанның аузы онша терең болмаған жағдайда қопарылған жыныс жердің бетіне тікелей грейферлер немесе қауға арқылы шығарылады.
Оқпанның забойы жердің бетінен 12т-15 м төмен кеткеннен кейін оның аузы нөлдік рамамен жабылады және раманыңүстіне қысым тиегішті (грейфердіілетін шығыр орнатылады.
Қопарылған жыныс массасы қауғаға қолмен жүргізілетін КС-3 типті грейферлі тиегіштер арқылы тиеледі (6-сурет). Тиегіштер автомобиль кранына немесе шығырға ілінеді. Қауғадан жыныс шоғырландыру шанағына (накопительный бункер) немесе станокке орнатылған арнаға (лоток) аударылып босатылады. Шанақтан жыныс үйіндігеe (отвал) автосамосвал арқылы, ал арнадан бульдозерменжеткізіледі.

6-сурет. Окпандардың аузын жүргізетін жабдықтар жиынтығы.
1-қол тиeгіштіілетін автокран; 2-грейферліқол тиегіш; 3-жылжымалы қалып; 4-қалыпты iлeтін шығыр; 5-қауғаны көтеретін кран; 6-қауға; 7-нөлдік рама; 8-бетон қоспасына арналған шанақ, (бункер); 9-бетон құбырыныңворонкасы

Бекіту. Оқпанның аузы негізінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарқаралы өңірінің ежелгі металлургия ескерткіштерін зерттеу тарихы
Шахтадағы қазу жұмыстары
Соққы қаупі бар кен орындарын өңдеудің қауіпсіздігі бойынша негізгі шаралар және олардың орындалу әдістері, шаралар мен әдістерді таңдау және бейнелеу
Африка құрлығын оқыту
«Пайдалы қазба кенорындарынашу және даярлау». Пәннің оқу-әдістемелік кешені
Желі жыныстары палеозойлік
Қазақтың ұсақ шоқыларына физикалық-географиялық сипаттама
Жер асты кен қазу
Шығыс Қазақстанның географиялық орны мен геологиялық уақыт ішіндегі табиғатының даму тарихы
Палеозойға дейінгі кезең
Пәндер