Жазық кен қазбалары жайлы ақпарат


- Жазық кен қазбалары
Жазық қазбалар тобына штольня, квершлаг, штрек және орт жатады.
Әдетте жазық қазбалардың көбі қатаң горизонтальды емес, жүкті тасымалдауды су ағызуды жеңілдету мақсатында, жүк таситын бағытқа қарай еңіс (0, 0004-0, 005) жүргізіледі.
Штольня дегеніміз адамдар жүріп - тұруға, жүкті тасымалдауға, материалдарды жеткізуге, жерасты қазбаларын желдетуге және жерасты суын ағызуға арналған жер бетіне тікелей қатыс бар күрделі жазық жер асты қазбасы.
Штольняны тек қана рельефі қолайлы жағдайда жүргізуге болады, яғни таудың етегінде орнатылады. Бұл жағдайда штольня шахта оқпанының мідетін атқарады. Артықшылығы - жүкті жер бетіне көтеретін көтерігш машинаның және суды механикалық әдіспен төгудің қажет еместігі, өйткені су өздігінен ағады.
Жердің қыртысына байланысты штольня кеннің созылымына көлденең де, бойымен де жүргізілуі мүмкін.
- - сурет. Жерасты кен қазбалары.
1 -копер; 2 - оқпан; 3 - квершлаг; 4 - штрек; 5 - өрмеле; 6 - гезеник немес тұйық оқпан; 7 - оқпан албары; 8 - камера; 9 - зумпф; 10 - кесінді
Квершлаг дегеніміз кеннің сөзылымына көлденең немесе бірқатар бұрышпен, бос жыныстың ішінен жүргізілетін, жер бетіне тікелей қатысы жоқ күрделі жазық жерасты қазбасы (1. 1 - сурет) . Атқаратын міндетіне байланысты квершлагтар тасымалдық (транспортный) және желдетпелік (вентиляционный) болып бөлінеді. Сонымен ұатар, адамдар жүріп - тұрады, су ағызылады және электр қуаты мен сығылған ауа келтіріледі.
Штрек дегеніміз кеннің созылым бойымен немесе созылымына параллельді бос жыныстың ішімен жүргізілетін, жер бетіне тікелей қатыс жоқ, жазық жерасты қазбасы (1. 1 - сурет) . Бос жыныстың ішімен жүргізілетін штректі далалық штрек (полевой штрек) деп атайды. Атқаратын міндетіне байланысты штректер де тасымалдыық және желдетпелік болып бөлінеді. Кквершлаг сияқты жұмыс жасайды.
Кеңістіктегі орнына баййлнысты штректер магистральдық (басты) және аралық болып келеді.
Магистральдық штрек дегеніміз, бүкіл шахта алабының шекарасы бойына дейін жүргізілетін және пайдалану мерзімі ішінде ұстап тұартын штрек. Бұл штрекпен жүктер тасымалданады (тасымалдық штрек) немесе ластанған ауа сыртқа айдалады (желдетпелік штрек) .
Аралық штрек (промежуточный штрек) деп екі басты штрек аралығында немесе магистральдық штрекпен шахта алабы шекарасы аралығында жүргізілетін штректі айтады.
Орт дегеніміз кеннің ішімен оның созылымына көлденең жүргізілетін, жер бетіне тікелей қатысты, жерасытндағы жазық қазба. Орттың жүргізілу бағыты мен квершлагтың жүргізу бағыты бірдей. Айырмашылықтары: квершлаг - бос жыныстың ішіме жүргізілді; орт - кеннің ішімен жүргізіледі.
Жазық қазбалардың көлденең қима пішіндері айналасындағы жыныстардың қасиеттеріне жәнее қолданылатын бекітпе материалдарына байланысты тік бұрышты, траапеция тәрізді, тікбұрыш күмбезді, арқа күмбезді және дөңгелек болулары мүмкін. (1. 3 - сурет)
Кен қазбаларын ұстап тұрудың ең көп тараған түрі ол бекіту болып есептеледі, яғни қазбаның керекті (жобалық) өлшемдерін кемітпей және айналасындағы жынысты құлатпай қстап тұратын жасанды құрылысты пайдалану. Бекітпе мықты, тұрақты болуы, әрі көп орын алмауы қажет және ауаның жүрісіне кедергі жасамауы керек.
Жазыө өазбалар өте бекем жыныстарда жүргізілетін болса, бекітілмеуі де мүмкін. Бқл жағдайда, қазбаның тұрақтылығын күшейту мақсатында оған күмбез пішін беріледі.
Тікбұрышты және трапеция тәрізді қазбалар, тұру мерзіміне байланыстыағаш немесе қатаң металл (жесткий металл) рамаларымен бекітіледі. Ағаш бекітпелер қазбаның тұру мерзімі 2-3 жылға дейін жіне тау ұысымы тұрақсыз болған кезде қолданылады. Ал қазбаның тұру мерзімі 3 жылдан артық және тау қысым аймағы тұрақталған болса, қатаң металл бекітпелерін қолданған дұрыс.
- - сурет. Жазық қазбалардың көлденең қима түрлері.
а - тікбұрышты; ә - трапеция тәрізді; б - тікбұрыш күмбезі; в - дөңгелек; г - арқа күмбезі.
Тікбұрыш күмбезді қазбалар шектес жыныстардың қасиеттеріне, тау қысымының мөлшеріне және қазбаның тұру мерзіміне байланысты, отырма металл (податливый металл), анкер шашыранды бетон және бетон бекітпелермен бекітілуі мүмкін.
Жазық қазбалардың көлденең қима өлшемдері жүктерді тасымалдайтын вагондардың, механизмдердің, локомотивтердің өлшемдеріне, олардың өзара жіне қазбаның қабырғасына дейінгі қауіпсіздік ережелері бойынша белгіленген саңылауларға байланысты анықталады.
- Шашыранды бетон бекітпесі
Шашыранды бетон бекітпесі жай бетон бекітпесінің бір түрі деп есептеуге болады. Ол тұрақты және жарықшақтығы көп емес жыныстарда жүргізілетін қазбаларды бекітуге қодданылады.
Цемент пен құмның немесе цементтің, құмның және ұсақ фракциялы қиыршық тастардың құрғақ қоспасы, арнайы машинамен үздіксіз, сығылған ауа жүретін шланг арқылы бекітетін жерге жеткізіледі. Қоспаны тасымалдау қашыктығы - жазық бағытта 200 м дейін, ал вертикаль бағытта 30 м дейін. Қоспа шлангтан шығатын жерінде басқа шлангпен келтірілген сумен арнайы тетік арқылы араласады. Қоспаның сумен араласқан ерітіндісінің сұйық-қоюын арнайы тәжірибелі жұмыскер бақылап, реттеп тұрады.
6. 30-сурет. Қазбаны шашыранды бетонмен бекіту.
І-БМ-68 машинасы; 2-ленталы тиегіш: 3-су цистерні;
4-бетон қоспасы тиелген вагон
Шашыранды бекітпені қазбаның қабырғаларына калыпсыз арнайы машинамен шашыратып жапсырады (6. 30-сурет) . Бұл бекітпе тез қатады; жаныңдағы жыныстармен жақсы байланысады және суды өткізбейді. Әдетте шашыраңды бетон бекітпесін аттыру жұмыстарының әсерінен қауіпсіз қашықтықта (забойдан 30-50 м жерде) бекітеді.
Шашыранды бетон бекітпенің қалыңдығын қазбаның ені 6 м дейін болғанда, мына формуламен анықтауға болады:
м, (6. 60)
мұнда Р - қазбаның төбесіне түсетін қысым, Па;
- шамадан артық салмақты ескеретін коэффициент ( . = 1, 2) ;
- шашыранды бетонның созылымға есептік қарсылығы
( 10 6 , Па) ;
- бекітпенің жұмыс жағдайын ескеретін коэффициент ( =0, 85) .
Нормаға сәйкес шашыранды бетонның қалыңдығы 20 60 мм шашыранды бетонмен 1м қазбаны бекітуге жұмсалатын бетон және еңбек шығыны жай бетон бекітпесін қолданғанда қарағанда 3-4 есе кем.
- Анкер бекітпесі
Анкер (штанга, болт) бекітпесі дегеніміз, қазбаның айналасындағы қрағалы тұрған жыныс қабаттарын біріктіріп ұстап тұруға арналған, шпурға кіргізіліп орнатылатын темір, темірбетон, ағаш немесе полимер (пластмасса) материалдарынан жасалған стержень (6. 31-сурет) . Анкер бекітпелерін жыныстық бекемдік коэффициенті f 4 болған кезде қолданған тиімді.
6. 31-сурет. Анкер бекітпелерінің конструкциялары. а-ағаш штанга; з-темір сыналы штанга, б-темір керме штанга; в-темірбетон штанга; 1-сына; 2-аша; 3-сабақ; 4-стержень;
5-пластинка; 6-гайка; 7-кергіш муфта; 8-арматура;
9-бетон; 10-шпур
Анкер бекітпелерін пайдалану үшін қазбаның төбесінде (қабырғаларылда) шпурлар (ұңғылар) бұрғыланады. Шпурға ұзындығы 0, 7 3, 0 м, диаметрі 20-25 мм, темірден немесе басқа материалдан жасалған, штанга (стержень) кіргізіледі. Штанганың шпурға кіргізілетін басы сына кіретін аша (6. З1а, ә-суреттер) немесе конус тәрізді болтқа бұралатын гайка (6. 31 в-сурет) болып келеді. Штанганың арт жағы гайка бұрайтын d = 100 - 150 мм бұрандамен аяқталады.
Штанганы ұңғыға бекітудің екі түрі бар - саңылау-сыналы (клино-щелевой) және кермелі (распорный) .
Саңылау-сыналы анкер, басында ені 3-5 мм және ұзындығы 150- 300 мм ашасы бар, диаметрі 20-25 мм стерженьнен жасалады. Стерженнің түп жағы бұрандалы болып келеді. Анкерді шпурға бекіту үшін стерженьсынамен бірге шпурға енгізіледі. Сына шпурдың түбіне тірелгеннен соң штанганын түп жағынан балғамен ұрып, сынаны тереңдетіп кіргізеді. Соның нәтижесінде стерженьнің ашасы ашылып, шпурдың бүйіріне бекітіледі.
Кермелі анкердің бас жағы сына тәрізді сегменттермен және конус болтпен жабдықталған. Штанганы бұраған кезде басындағы сегменттер болттың конусыла бұралып, диаметрі үлкейіп шпурдың бүйіріне бекітіледі.
Анкер шпурға бекітілгеннен соң стерженнің шпурдан шығып тұрған бұрандалы басына тірек пластинкасы кигізіліп, гайкамен мықтап бұралады.
Анкер бекітпелерінің ішіндегі ең кеп тарағаны темірбетон штангасы. Шпурға цементті-құм ерітіңдісін (қатысы Ц : Қ = 1 : 3) айдағаннан кейін, оның ішіне диаметрі 16 22 мм, ұзындығы 1, 6 2, 5 м стержень кигізіледі. Ерітіңді қатқаннан кейін анкер ұзына бойы жыныстармен мықтап байланысады және айналасындағы жыныстардың тұрақтылығы нығаяды.
Анкер бекітпелерінің өлшемдері мына жорамалға сәйкес есептеледі. Қазба қазылғаннан соң оның төбесіндегі жыныс қабаттарының жиектері ашылып бір-бірімен байланысы төмендейді. Сондықтан, төбесіндегі жыныстың құлауын болдырмау мақсатында, табиғи тепе-тең күмбездің жоғарғы тың сілем жынысына түсейін деп тұрған жыныс қабаттары анкер арқылы байланыстырылады. Анкер бекітпелерін негізінен жыныс тұрақты және бекемдігі f 4 болған кезде қолданған тиімді.
Бекітілетін шпурға кигізетін анкердің (штанганың) ұзындығын жыныстың бекемдігіне байланысты мына формуламен анықтауға болады:
(6. 61)
Бір анкер ұстап тұратын қазбаның төбесінің ауданы:
(6. 62)
мұнда - бір анкерге түсетін күш мүмкіндігі (Р ан = 5 4 7 10 4 , Н) ;
- бұзылған жыныстың көлемдік сапмағы ( = рg, Н/м 3 ) .
Әдетте бір анкерге келетін қазба төбесінің ауданы 0, 5 2, 0 м 2 . Қазбаның ұзына бойына анкер қатарының арақашықтығы 0, 7 1, 5 м, ал қатардағы штангалар араларының қашықтығы шамамен 0 ; 7
Ұзындығы L метр қазбаның төбесіне орнататын анкерлердің санын төмендегі формула арқылы анықтауға болады:
(6. 63)
Мұнда - табиғи тепе-тең күмбездің ішіндегі түсейін деп турған жыныс қабаттарының салмағы, Н. (4. 17 формула) ;
- бір анкер ұстап тұра алатын жыныстың салмағы, Н ( 6 14 = 40 60кН) ;
1, 5 - анкерге түсетін күштін тураксыздығын ескеретін коэффициент.
Егерде қазбаның айналасындағы (төбесіндегі) жыныстар қатты, бірақ өте жарықшақты болса, қазба төбесінің ішкі жағынан анкерге темір тор кигізіліп бекітіледі.
- Кен қазбаларын жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру
Жұмысты жоғары деңгейде ұйьгмдастыру кен қазбаларын жүргізгендегі техника-экономикалық көрсеткіштерін көтерудің басты жолдарының бірі болып келеді. Жазық және көлбеу қазбаларды бұрғылап- аттыру әдісімен жүргізгенде жұмысты ұйымдастыруды жетілдіру мына бағытта жүргізіледі: жұмысты циклдік кесте бойынша орындау; механизмдердін тоқтаусыз жұмыс жасауын қамтамасыз ету ушін оларды уақытыңда жоспарлы-сақгық (планово-предупредительный) жөндеу; бригаданы білікті қазба жүргізушіпермен толықтыру; үздіксіз материалды- техникалық және энергетикалык жабдыктау.
Жұмысты дұрыс ұйымдастыру мына проблемаларды камтиды: негізгі және көмекші операциялардың орындалуын тездету; звено және бригада жұмыскерлерінің тиімді санын белгілеу; кейбір жұмыстардың қатар орындалуын айқындау; жұмыс уақытын унемді пайдалану, т. с. с. Жұмыстың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету негізінен қазбаны жұргізудің технологиялық тиімді түрін пайдалануға байланысты.
Еңбекті ең прогрессивті ұйымдастыру түрі жұмысты циклдік кесте бойынша жүргізу.
Цикл дегеніміз өндірістік операциялардың орындалуының кезекпен қайталанып отыруы. Жұмысты циклдік кестесі бойынша ұйымдастыру дегеніміз, қазбаны жүргізудің технологиялық процестерін графикпен белгіленген уақытта, белгілі бір кезекпен орындау.
Қазба жүргізу циклінің ұзақтығы бір процестің басталып (мысалы шпурларды бұрғылау), циклге кіретін барлық процестер біткеннен соң, қайталануға дейінгі уақытпен анықталады.
Жазық және көлбеу кен қазбаларыл бұрғылап-аттыру әдісімен жүргізгенде забой маңынца кезекпен мына жұмыстар атқарылады, яғни цикл төмендегі процесгерден құралады: шпурларды бұрғылау (t ш ) : оқтау және аттыру (t оа ) ; қазбаны желдеіу (t ж ) ; забойды тексеру және қауіпсіз жағдайға келтіру, уақытша немесе тұрақты бекітпені орнату (t б ) ; жынысты жинау және таситын ыдыска тиеу (t т ) . Негізгі бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысқанда көмекші операциялар (бұрғылауға, жынысты тиеуге, қазбаны бекітуге, т. б. дайындық жұмыстар) орындалады (t к ) :
t ж + t оа + t ш + t б + t т +t к (6. 64)
Бұл жұмыстар кезекпен немесе бірқатары бір мезгілде орындалулары мүмкін. Жұмыстарды бір мезгілде істеу деңгейі қолданылатын технологияға және жұмысты ұйымдастыруға байланысты. Әдетте, шпурларды бұрғылау мен жынысты тиеу жұмыстары бекітпені орнату, рельс жолдарын және құбырларды ұзарту, су ағатын жыраны жасау, т. с. с. жұмыстармен жартылай қатар орындалады.
Барлық жағдайлары бірдей болған кезде жыныстың қаттылығы, қазбаның көлденең қима ауданы мен шпурлардың тереңдігі өскен сайын, сондай-ақ қазба жүргізушілердің саны жеткіліксіз, мамандықтары төмен болса, циклдің ұзактығы арта түседі.
Қазбаны жүргізгенде жұмыс әдетте жынысты жинаудан басталады, өйткені алдыңғы смена жұмыстың аяқ кезінде жынысты аттырып, қазбаны желдетіп кетеді. Сондықтан, қазба жүргізушілер жынысты жинамас бұрын, алдымен забойды қауіпсіз жағдайға келтіреді (түсейін деп тұрған тастарды түсіреді, керек болған жағдайда уақытша бекітпе орнатылады, т. с. с. ) .
Жынысты жинау процесі қазба жүргізу циклінің шамамен 30 % уақытын алады. Жынысты жинау ұзақтығын мына формуламен анықтауға болады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz