САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ



Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
САПА МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІН КӘСІПОРЫНҒА ЕНГІЗУ

Жоспары
КІРІСПЕ
1.Кәсіпорындағы сапа жүйесінің құрылымы ретінде үдерістік тәсіл;
2.Өндірістік кәсіпорындағы үдеріс түрлері;
3.Үдеріс оптимизациясы және тұрақты даму;
4.Өнім сапасына әсер ететін факторлар. Жүйелі ыңғайдың пайда болуы

ҚОРТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ
Сапа экономикасы - ғылым саласы ретінде, өндіру және дайын тауарды өткізу саласында, сапа көрсеткіштерінің биік жетістіктеріне бағытталған, менеджмент жүйесін тиімді құру процесіндегі, шаруашылық субьектілердің іс-әрекеті. Сапа экономикасының обьектісі - қазіргі сапа жүйесін құрастыру саласындағы, халықаралық трендтер және кәсіпорындардың қазіргі қызметтері жатады.
Сапа - тиісті сипаттамалар жиынтығы талаптарға сәйкес келетін дәреже.
Сапа менеджменті - саясат пен мақсатты әзірлеу және бұл мақсаттарға жету жүйесі.
Сапа менеджменті жүйесі - ұйымды сапаға қатысты басқару және басшылық ету менеджментунің жүйесі.
Сапа менеджмент жүйесі (СМЖ) - сапаны басқаруға қажет, үдерістер мен құралдар, әдістер, ұйымдастырушылық құрылымдар жиынтығы. Кәсіпорын менеджмент жүйесінің элементті, сапа менеджмент жүйесі болып табылады. Сапа менеджмент жүйесінің мазмұнының жалпы түрі 1- суретте көрсетілген.
Сапа менеджмент жүйесінің мақсатты нысаны болып, келесілер саналады:
- кәсіпкерлік қызметті үздіксіз жақсарту;
- халықаралық және отандық нарықтарда кәсіпорынның бәсекелестігін көтеру;
- кәсіпорын қызметінің тиімділігінің жалпы көрсеткіштерін көтеру.

1-Сурет - Сапа менеджмент жүйесінің мазмұны

1.Кәсіпорындағы сапа жүйесінің құрылымы ретінде үдерістік тәсіл
Сапа жүйесі принциптерін негізін құрушылардың бірі - үдерістік тәсіл принципі болып табылады. Тауар өндіру, қызметтер, оған байланысты үдерістердің өзара байланысқан жүйесі ретінде, ал әр үдеріс - өз тұтынушылары мен жеткізушілері бар және үдерісті өзгертуші, мақсатқа бағытталған операциялардың жиынтығы ретінде қарастырылады. (2сурет) Осы принципті жүзеге асыруға, иерархиялық өнеркәсіптік құрылымның негізін құрайтын, басқаруға үйлестірілген түбегейлі принцип әсер етеді.

2 сурет - Кәсіпорын қызметтің құрудағы үдерістік тәсіл
Үдерістік тәсіл жобалайды:
- бар үдерістерді анықтау және сәйкестендіру;
- бар үдерістерді қайта жобалау (реформалау немесе реинжиниринг)
- үдеріске дәл жауаптылықты орнату (элементтерге және функцияларға емес);
-ішкі және сыртқы жеткізушілерді және тұтынушыларды анықтаушы үдерістердің қаржылық ұйымдасуын қамтамасыз ету;
- үдеріс параметрлерінің анализін және мониторнингін, жүйелерді өлшеу құрылымын, үдерістерді орындау тиімдігінің критерийлерін анықтау;
- үдерістік процестті басқарудағы артықшылық, үдерістердің әрекеттестігі және комбинациясы;
Үдерістік тәсілде, сапаны бақылау, жоспарланған сапа көрсеткішін, оның шың мағынасымен салыстыру арқылы жүргізледі, егер сапаны бақылауға болса, онда оны басқаруға да болады.
Үдерістік тәсіл (ISO 9001:2008; ISO 14001; OHSAS 18001 және т.б.) халықаралық менеджмент стандарттарының негізіне алынған:
- әртүрлі жұмыс, үдерістер көмегімен орындалады; - әрбір ұйым құнды қосу, жұмысты орындау үшін әрекет етеді;
- ұйым, өз үдерістер желісін және интерфейсін анықтау және орнату қажет және оларды басқару қажет.
Құру реттілігі және сапа менеджмент жүйесін оңтайландыру, келесі кезеңдерге әкеледі:
- үдерістік тәсіл негізінде, болашақ менеджментті жасау;
- үдерістік ойлау (оқыту және ақпараттану) енгізу;
- кәсіпорында әрекет етуші, үдерістер анализі;
- бірігу ұғымы және үдерістерді жіктеу;
- үдерістерді класификациялау және топтастыру;
- үдерістерді бағалау және класификациясын анықтау;
- бүкіл жүйеге құжаттардың құрылымы;
- үдерістерді оңтайландыру.
Соңғы кезең өте жауапты және соңғы шешім қабылдаумен байланысты. Кәсіпорындағы үдерісті үздіксіз жақсарту, ұзақ мерзімді табысты қамтамасыз етеді, жүйелерді өңдеу сапасының авторитетің ұстайды, кәсіпорын ішінде тиімділіктің жағдайын туғызады.
2.Өндірістік кәсіпорындағы үдерістердің түрлері
Өндірістік кәсіпорында, негізігі үдерістер, ұйымдастырушылық- экономикалық механизм ретінде орналастырылуы мүмкін, 3 суретте көрсетілген.
Өндірістік кәсіпорын кешеніңде, келесі үдерістерді белгілеуге болады: 1) экономикалық-инвестициялық үдеріс
- нарықты дамытуды жоспарлау және болжау;
- кәсіпорынның негізгі қызмет бағыттарын басқару және олардың өмірлік циклы;
- кәсіпорындағы өндірістік бағдарламаны басқару;
- негізгі қорларды және өндірістік әлеуетті басқару;
- кәсіпорынның айнымалы құралдарын басқару;
- кадрларды басқару (жұмыс ресурстары);
- инновациялық үдерісті басқару; - маркетинг үдерісін басқару.
2) Өндірістік үдеріс:
- кәсіпорында еңбекті ұйымдастыруды басқару;
- өндірістік үдерістердің кезеңдерін басқару;
- өндірістік үдерістің технологиясын басқару;
- өндірістік үдерістің технологиясын басқару.

И - қай түрдегі болмасын инвестиция
ИТ - инвестицияның тауалық түрі НК - негізгі капитал
АК - айнымалы капитал
ИК - инновацияларға капиталдық салым
ЕР - еңбек ресурсы
Ө - өндірістік үдеріс
Т - тауар (дайын өнім)
А - ақшалай қаражат
С - кәсіпорын шығындары

С1 - кәсіпорынның қаржылық шығындары
С2 - амортизациялық аударым
С3 - еңбекті төлеуге кеткен шығындар
С4 - басқада шығындар (кезең шығындары
СТ - салықсалынатын табыс
ТТ - таза табыс
С - бюджетке төленетін салықтар
ЖҚ - жинау қорлары
ЖҚ1 - ұлғаймалы ұдайы өндіріс қорлары
ЖҚ2 - дивидент қорлары
ЖҚ3 - әлеуметтік дамыту қорлары
3) Өткізу үдерісі:
- дайын өнімді бөлу жүйесін басқару;
- келісімді қарым-қатынас жүйесін басқару;
- тұтынушыларды қолдау жүйесін басқару.
4) Қаржылық үдеріс:
- ақшалай қаражатты шоғырландыру жүйесін басқару;
- ақшалай қаражатты бөлу жүйесін басқару.
3.Үдерістерді оптимизациялау және үздіксіз жақсарту
Кәсіпорынның стратегиялық мақсаты, мүдделі тараптардың пайдасын қамтамасыз ету және қызметті жетілдіру үшін, үдерістерді үздіксіз жақсарту болып саналады.
Үдерісті жақсарту қалып жатқан мәселелерге байланысты, сондай-ақ мақсаттарды жасағанда және ары қарай дамыту бойынша шешім қабылдағанда қолданылады.
Басқарушылық қызметті дамыту туралы жұмыскерлерді хабар ету және қатысуға жәрдемдесу үшін, келесідей шараларды орындау қажет:
- көшбасшыларын өздері таңдау арқылы, үлкен емес топтарды құру;
- сапа менеджменттінің ұйымдастырушылық қызметінің жалпы бөлігі сияқты, жұмыскерлердің дағдысын жақсарту және тәжірибе жинау, білім деңгейін көтеру.
Үдерістерді үздіксіз жақсартудыды жүргізудің екі негізгі тәсілі бар:
- жаңа үдерістерді енгізу немесе бар процестерді жақсартуға және қайта қарастыруға әкелетін, жарып өту жобалары;
- бар үдерістер шеңберінде, жұмыскерлермен жүргізілетін, кезеңдік үздіксіз жақсарту қызметі.
Жарып өту жобалары, бар үдерістерді қайта жобалауды әдетте жүзеге асырады және өзіне келесілерді қосады:
- жақсарту бойынша жобаға қысқаша шолу және мақсаттарды анықтау;
- бар үдерістердің анаизі және оны өзгерту мүмкіндігі;

- үдерісті жақсартуды анықтау және жобалау;
- жақсарту енгізу;
- үдерісті жақсартуды анықтау және сенімділігін тексеру;
- жақсартудың қол жеткізген бағасы, соның ішінде алған қорытындылар.
Жарып өту жобалары, менеджмент жобаларының әдістерін қолданушы, жетістікті және тиімді әдіспен басқарылады. Өзгертулер енгізген соң, жобаның жаңа жоспары, үздіксіз менеджмент үдерісінің негізі боп қызмет етеді.
Ұйым қызметшілері үдерісті жақсарту бойынша, жақсы ойларды ұсынушылар болып саналады және жұмыс тобыңа үнемі қатынасып отырады. Үдерісті үздіксіз жақсартудың нәтижелерін түсіну үшін, кезеңдік қызметті басқару қажет. Кәсіпорында, жұмыска тартылған қызметкерлерді, жақсартуға байланысты өзгерісер үшін, лауазыммен, техникалық қамтамасыз етумен, қажет ресурстармен қаматамсыз ету қажет.
Үздіксіз жақсарту, екі көрсетілген әдістердің біреуі арқылы қарастырады:
- жақсарту себебі - оған жұмыс істеу мәселесін көрсете, жақсарту үшін аймақ таңдау арқылы, үдеріс мәселесін анықтау қажет;
- нақты жағдай - көбінесе пайда болатын мәселелер түрін анықтау үшін, мәліметтерді талдау және не үшін жинау қажет, қызмет етуші үдерістердің тиімділігін және нәтижелігін бағалау қажет;
- анализ - мәселенің басты себебін анықтау және тексеру қажет;
- шешімдердің мүмкін идентификациясы - қайта пайда болуын жоққа қылдыратын және ең басты мәселерді жойатын, ең жақсы шешімдерді таңдау және енгізу, балама нұсқаларды зерттеу қажет;
- зардапты бағалау - жақсарту бойынша тапсырма орындалды және шешім іске асты, мәселе және басты себеп жойылды, олардың әсері азайғаның расстау қажет;
- жаңа шешімдерді енгізу және стандарттау - ескі үдерісті, жетілдірілгенге ауыстыру қажет, сөйтіп басты мәселенің және мәселенің қайта пайда болуын болдырмау.
- жақсарту бойынша әрекетті аяқтағанан кейін, үдерістің тиімділігін және нәтижелігін бағалау - жақсарту бойынша, жобаның нәтижелігін және тиімділігін, оның шешім қабылдауын ұйымдастыруда, қарастыру және бағалау қажет.

4.Өнім сапасына әсер ететін факторлар. Жүйелі ыңғайдың пайда болуы
Өнімнің сапасы мен олардың қауіпсіздігі тікелей адам өмірі мен денсаулығына әсер етеді.
Соңғы жылдары өнім түрлері аса маңызда көбейді және олардың сапасы да жоғарылады сапаның ассортименті мен олардың сапасы сұранысқа жауап беретін болуы керек және бағасы қол жететіндей болуы қажет.
Өнім сапасының деңгейін - еңбек құралының, материалының және дайындау технологиясының сапасына қойылатын талаптар арқылы анықталады.
Сапаның деңгейі жоғары болуы тек - қана сұранысты ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АҚ "Сүт" кәсіпорнында сапа менеджмент жүйесін енгізу. Зертхана меңгерушісінің қызметі
Сапа менеджменті жүйесі
Сапа менеджмент жүйесінің мазмұны
Сапа менеджменті пәнінен дәрістер
Сапа жүйесінің аудиті
Бәсекеге қабілетті кәсіпорынның факторы ретінде өнім сапасын басқару
Сапа менеджменті жүйесінің әзірленген бағдарламасын енгізу
Қазақстан Республикасында сапа жүйесін сертификаттау
OHSAS менеджмент жүйесіне қойылатын талаптар
Тағам өнімдерін өндіретін кәсіпорында стандарттардың талаптарына сәйкес сапалы және қауіпсіз өнімдерді қамтамысыз ету
Пәндер