Жүзімді өсіру технологиясы



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
3 Жеке тапсырма: Жүзімді өсіру технологиясы.

Жүзім өнімдерін өндіруде қазіргі заман озық технологиясын өндіріске
ендіру, еңбекті механизациялау жүзімдіктерді егуге, күтуге және жинауға
кеткен еңбектің шығынын төмендетеді. Бұл технологияларды өндіріске ендіру
үшін әртүрлі инновациялық технологияларды тарту жұмыстарын жүргізіу қажет.
Жүзім шаруашылығын дамыту жолында бірқатар шешімін таппай тұрған
мәселелер баршылық.
Республиканың қалған аймақтарында қыс уақытының қатаңдығынан және
бүршiк жару кезеңiндегi жеткiлiксiз жылумен қамтамасыз етiлуiнен тауарлы
жүзiм шаруашылығын дамыту үшiн жағдайлар жоқ.
Сондықтан Қазақстанда жүзімді жылы жайларда өсірудің технологиясының
кейбір әдістерін зерттеуді қажет етеді.
Жүзім дақылын жылыжайда өсіру ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында
Бельгия, Англия, Франция және басқа да бірқатар елдерде едәуір кең таралды.
Жүзім дақылын жылыжайда өсіру Латвия, Эстония, Литвада, елдің орталық,
шығыс және солтүстік аудандарында, әсіресе, ірі қалаларға (Мәскеу, Санкт-
Петербург және т.б.) таяу жерлерде орын алды, оны дамытудың келешегі бар
екені Сібірдің өндірістік орталықтарында және басқа өңірлерде байқала
бастады.
Жүзімді жылыжайларда өсіру негізінен, климаттық жағдайларға қарай ашық
жерде жүзім өсіруге мүмкіндік жоқ аудандарда жүргізіледі. Жүзім дақылы жыл
өткен сайын жылыжайлардан барынша мол орын ала бастайды.
Жүзім өсімдігін жылы жайда өсірудің тиімділігі.
а) жүзім шоқ жемістерін аса ерте мерзімде – жинап алу (маусым–шілде
айларында);
ә) жылыжайда өскен жүзім жидектерінің сапасы ашық жерде өскен
жидектерден кем түспейді, кейде асып түседі;
б) жылытылмайтын жылыжайларды пайдаланудан өзіндік құны ашық жердегі
жылыжайларды пайдаланудан гөрі анағұрлым төмен жүзім алынады;
в) жылыжайларда жүзім шоқ жемістері өнімінің 1 м-ден 4,5 кг-ға дейін,
ал тығыз отырғызылғандарында 1 м-ден 6–8 кг -ға дейін;
г) жүзімдіктің аралық қатарында басқа ерте пісетін дақылдарды өсіру
мүмкіндігі қосымша кіріс келтіруге жағдай туғызады, сөйтіп тұтастай
жүзімдік жылыжайдың пайдалылығын көтереді және жылыжай  құрылысы мен
жүзімдік салуға алынған несиелік қаржының қайтарылу мерзімдерін қысқартады;
ғ) қиын табиғи жағдайларда (қатты аяздар, бұталардың мұздауы кеш
көктемдегі суықтар) жылыжайдағы жүзімнен жақсы өнім алуға болады, оның құны
ашық жердегі өнімнің кем шығу себебіне байланысты едәуір өсе түседі;
д) жабық жердегі жүзімдік жауатын бұршақтан, зиянкестерден қорғалған,
мильдья мен өңдеулер мөлшері төмендейді;
е) жүзім бұтасымен қысқы-жазғы кезеңдерде жұмыс істеудің ыңғайлы
жағдайы жүзімдіктегі еңбек өнімділігін едәуір арттырады;
ж) жүзім өндірудің табыстылығы жоғарылаған сайын шағын жер телімдері
барынша тиімді пайдаланылады.
–жүзімнің үлкен көлемдегі жеміс шоғының ерте пісу мерзімі шілденің
алғашқы онкүндігінде. Ал жылыту құрылғысы орнатылған жағдайда мамыр, маусым
айларында пісіп жетіледі.
–жылыту құрылғысы орнатылмаған жылыжайларда жүзім өсіру әлде қайда
арзанға түседі, әрине, бастапқы жылы жайдың құрылысына кеткен қаражатты
есептемегенде.
–1 метр квадрат жылыжайларда 4,5 кг, ал 1 гектар жерден 45 тонна дейін
жүзім өнімін алуға болады. Ал тығыз орнатылған егістіктен 1 метр квадрат
жерден 6 – 8 кг 1 гектар егістіктерден 60 – 80 тоннаға дейін өнім алуға
болады.
Алайда, жүзімді жылыжайда өсіру оңай емес, бұл белгілі бір біліктер мен
дағдыларды қажет етеді. Жылыжайларда жүзім дақылының биологиялық
ерекшеліктері біршама өзгереді, мұны еккен кезде ескеру керек.
Жүзім өсіру үшін ең қажетті экологиялық себепшарт бұл– жылу. Сондықтан
жаз қаншалықты жылы болса, оның өнімі де соншалықты мол болмақ. Әдетте,
жүзімді ашық аспан астында да, жылыжайда да өсіріп жатады. Рас, жылыжайда
өсірілгендер ашық аспан астындағыға қарағанда өнімді шамамен, екі еседей
артық беріп, екі апта бұрын пісіп-жетіледі. Мұндағы әрбір шоқ жүзімнен
50–60 кг-ға дейін өнім алынса, ашық аспан астындағы жақсы
өңделгенсұрыптардан 40 килограмға дейін өнім алуға болады.
Жүзімнің ерте пісетін түрін жылыту құрылғысы орнатылмаған, әдетте,
қияр және қызанақ егуге арналған жылыжайларда өсіруге болады. Кей жағдайда
қызанақ өсіруге арналған жылыжайға 1 – 2 бұта жүзімді өсіріп көруге болады,
ол үшін жылыжайдың биіктігі 3 – 5 метр болуы керек және жүзімнің түрін
дұрыс таңдап және егістікке байланысты ережелерді толығымен сақтауы тиіс.
Десек те жылыжайда өсіретін жүзімнің түрлері жылдан - жылға көбейіп
келеді, бірақ олардың барлығы сәтті шығады деп айта алмаймыз. Жылыжайда да
қатал сақтайтын ережелердің бірі ол, биікке тез бой алып өсетін жүзім
түрімен жай бой алып өсетін жүзімді қатар егуге болмайды.
Сонымен қатар жүзім түйнек салғаннан кейін бұтақты асылдырып іліп
қояды, бұл жағдай түйнектің жақсы өсуіне көмек береді. Шілде айының
ортасынан бастап суару тоқтатылады және түйнек салғаннан кейін жылыжайды
желдетіп тұру керек, бұл топырақты шіріп кетуден және түйнекті жарылып
кетуден сақтайды. Бұтақтардың жақсы бой алып өсуіне және түйнек салуына
қолайлы температура 28 – 32ºС, ал бастапқы уақытта температура 12 – 14 ºС
болуы керек. Суғару режимі құрғап қалған жағдайда  аптасына бір рет
жүргізіледі.
Жылы жайдың көлемі мына жағдайда дұрыс деп есептеуге болады. Ені – 20
м, ұзындығы –20 м, биіктігі – 3м. Бірақ бұл қатып қалған заңдылық емес
жылыжай көлемін өз қалауыңша жасауға болады, тек өсімдікке ыңғайлы болса
болды. Жылыжайда өсіретін жүзім түріне дұрыс таңдау керек. Жүзім өсіп шығу
мерзіміне қарай таңдау жасайды. Оның түрлері жай, ерте пісетін, кеш пісетін
болып бөлінеді. Жылыжайда өсіруге әдетте, эмиль, рояль, мускат, аликант
деген түрлері дұрыс таңдау болып танылады. Әдетте, уақытта өнім алу үшін
егістікті наурыз, сәуір айларында бастау керек және ауа райы жылынған
тұрақтанған сәтте жылыжайды жылытуды тоқтатуға болады. Ал ерте өнім алу
үшін жүзімнің франкекталь, фостер, жемчуг саба, рояль деген сұрыптарын
таңдаған дұрыс. Бұл жағдайда егістік қараша, желтоқсан айларынан бастап,
сәуір айында өнімге қол жеткізуге болады. Ал кеш өнім беретін жүзім
түрлері–гро, кальман немесе александр мускаты.
Жүзімді отырғызар алдында жылыжайды қарапайым жолмен
дайындайды. Отырғызу алдындағы топырақ өңдеудің жүзімнің жақсы өсіп, жоғары
және тұрақты өнім алудағы мәні зор. Оның мақсаты топырағы құнарлы әрі
қуатты қабат жасауға тіреледі. Бұған терең аударыстыра жырту 60–70 см,
соған қоса 1 гектарына 35–40 тонна көн, 5 центнер суперфосфат және 2
центнер калийлі тыңайтқыштар сіңіру арқылы жетуге болады.Жылыжайға қажетті
жерді таңдағаннан кейін сол жердің топырағын зертханаларда зерттеп топырақ
құрамын анықтайды. Қажетті тыңайтқыштарды жылжайдың толық аумағын алатындай
етіп және жылыжайдың аумағынан айналдыра 1 метр қашықтықта еккен жөн. Өте
жақсы жетіліп кетуі үшін жүзімдікке тамыр жүйесі жақсы дамыған бір жылдық
көшеттерді ғана отырғызу керек. Жылы жай жағдайында жүзімді күзде де,
көктемде де отырғызуға болады. Сонымен қатар қосалқы тыңайтқыштарды қолдану
керек болады. Жер жырту мерзімі жылыжайдың ішкі ауа режиміне байланысты
басталады. Жүзімді отырғызғанда арасындағы тығыздық 1 метр болу керек. Ал
бұтақтарының қабырғадан алшақтығы 75 см-ге дейін жетуге тиіс. Осыдан кейін
жылыжайда жақсы жағдай ашық аспан астындағы ауарайына ұқсас температура
орнату қажат. Ауарайының ылғалдығын және топырақтың құнарлығын әр кез
қадағалап отыру керек. Жылыжайда ауаның температурасы 10ºС -дан жоғары
болғанда жүзім көшеті отырғызылады. Жүзім түйнек салған кезде күндіз ауа
температурасы 28ºС, ал түнде 19ºС болуы керек. Жүзім пісіп жетілер шағында
ауа температурасы 20ºС -тан төмен болмау керек, өнімді жинау кезінде ауаның
температурасын біртіндеп түсірген жөн. Өнімге жақсы жағдайда қол жеткізу
үшін ауа температурасын +5ºС -қа дейін төмендетуге болады. Сомен қатар
жылыжайда ылғалды желдетуге аса мән берген жөн. Жыл сайын күзде және жазда
тиісті тыңайтқыштарды пайдаланып отырады. Бұл топырақтың құнарлығын
арттыруға көмектеседі.Қатар аралықтарына қызанақ, картоп, бұрыш және т.б.
егуге болады.
Жүзім жылу сүйгіш дақыл, сондықтан да оны солтүстік облыстарда қосымша
ғимараттарсыз ашық жерде өсіру қиын, тіпті, мүмкін емес. Егер жүзімші жақсы
асханалық сұрыбынан жақсы өнім алуды ойластырса, осыны ерекше ескеру керек.
Жылы жайларда жүзім өсірудің бір қанша тәсілдері бар:                
Бірінші тәсіл – жүзімді оңтүстікке қараған тас қабырғаның жанына немесе
дуалдың қасына отырғызу. Мұндай қабырғалар күні бойы қызып, шоғырланған
жылуды бұтаға береді, түнде бұтаны матамен жауып қояды. Мұндай бұталарды
өніммен жүктеме беруге болмайды, өсімдік жақсы, ірі  және құрамында қанты
көп шоқ жемістерді қоректендіріп үлгеруі керек. Бұл жердің суық желден
қорғалғаны, ықтасында болғаны абзал. Топырақ құнарлы және жақсы құрғатылған
болуы керек, су тоқырау кезі келгенде, сусіңгіш шұңқыр қазу немесе
бағыттаушы құбырлар салу қажет. Тамырлар суық, тығыз және сулы топырақта
жүзім түбіне қауіп болады.
Екінші тәсіл – полимерлік үлпектермен немесе тоқусыз материалдармен
жабу. Бұл тәсіл өсімдікті көктемгі және күзгі суықтардан қорғауға жағдай
жасайды, көбінесе, өсімді ертеден күтпеген мерзімде алуға қолайлы келеді.
Өнім 15–20 күн ерте алынатын болады. Дәл осылайша, жүзімдікті шынылы
жақтаулармен немесе қос қабатты тұнық қабықшамен жабуға
болады.  Жақтаулардың түбі көміледі, ал бүйірлері қажеттілікке қарай
ашылады немесе жабылады. Сөйтіп, жылжымалы жылытылмайтын жылыжай жасалады,
мұнда өнім 2–3 апта бұрын ерте жетіледі. Бұл нұсқа белсенді
температуралардың қосындысы 2000°C шамасындағы аудандарға жарайды. Үшінші
тәсіл – жүзімді қабырғалық дақылда өсіру. Кейбір еуропалық елдерде жүзімді
осылай өсіреді. Әуелі тастан, бетоннан немесе кірпіштен биіктігі 1,5–3м
арнаулы қабырғалар салынады. Мұндай қабырға күні бойы барынша қызатын болуы
үшін ықтасын жерде орнатылуы керек. Қабырғалар әктелуі қажет (ақ түс жақсы
кескін жасайды). Қабырғаның бойына жүзім отырғызылады. Аса ерте
пісетін және ашық сұрыптарға артықшылық беріледі, өйткені олар
жылу талғамайды. Қабырғаның жоғарғы бүйірінен 30см шамасындағы маңдайша
шығып тұруы керек. Сол маңдайшадан топырақ үстіне қабықшалы немесе шынылы
жақтау түсіріледі немесе үлдірлі перде тұтылады. Мұндай қабырғалар үшін
бұталар көлденең немесе тік қоршау түрінде қалыптастырылады.
Төртінші тәсіл– жүзімді жылыжайда өсіру, бұл жүзімді ашық түрде өсіруге
болатын жерде қолданылады. Бельгияда, Германияда, Балтық жағалауы
елдерінде, Сібірде. Ресейдің Мәскеу және Ленинград облыстарында –жүзімді
жылыжайда өсіру технологиясы жасалынған. Мәселе жылыту құнында және
ғимараттың өз құнында жатыр. ТМД елдерінде мұндай жылыжайлар ірі
өндірістерде жанама жылуды қолдану үшін салынды. Бірақ жылыжайлардың
жүзімді жыл бойы өсіру үшін жылытылатыны, маусым кезінде өнім алу үшін
жылытылмайтындары да болады. Жылыжай көлемі: ені 7–8м, ұзындығы 50 м,
биіктігі 3–3.5 м. Жылыжай көбінесе қос ылдилы, шыныланған қақпағы мен
қапталдықтары бар. Өсімдікті жылыжайдың ұзын қабырғасы бойына, аралары 1м
қатарлары, шыныдан 0,75м әрі орналастырылады. Отырғызу тереңдігі 0,45–0,3
м. Бұталар әр алуан тік және көлденең кордондарда орнықтырылады.
Аспалық  сымдар 20 – 30 см-ден соң тартып қойылады. Жүзімнің көктеуі
наурыз–сәуірден ерте бастау тиімсіз, жылу мен жарықтың шығыны тым үлкен
болады. Қыста жүзімді көңмен және қимен жауып қояды.
Бесінші тәсіл– жүзімді терезеде шағын бөлме ішінде қыш құмыраға салып
өсіру.
Отырғызу материалы ретінде бәрінен жақсы жарайтын – бір көзшелі
қаламшадан алынған екпе көшет. Мұндай өсімдіктердің ықшам ұйысқан тамырлар
жүйесі бар және олар шағын ыдысқа сиып кете алады. Аласа бойлы сұрыпты
таңдау қажет. Жер борпылдақ және құнарлы болуы керек, дайынын сатып алуға
болады. Әуелі сеппе көшетті аумағы 3–4л қыш құмыраға орналастырады, келесі
жылы  оны сыйымдылығы 10–12л пластик шелекке отырғызу керек. Бөлшелік жүзім
оңтүстік жақтағы терезеде немесе жарық лоджияда орналастырылады. Өсімдік
ықшам қалыпқа келтіріледі, бұл желпуішті пішін немесе кордон  болуы мүмкін.
Мұндай бұтаны бөлмеде жыл бойы ұстауға болады, жылумен және жарықпен жақсы
қамтамасыз етілсе, өсімдік үздіксіз өнім беретін болады және жапырақтарын
түсірмейді. Күзде  оны салқын орынжайға қоюға болады, сол жерде ол мәжбүрлі
тыным жағдайына өтеді. Бұтаны суару мен тыңайту үнемі және бірқалыпты болуы
керек. 5–6 жылдан соң бұтаны 30–40 л күбіге ауыстырып отырғызу керек, сонда
күбі бөлмеде тұра береді, 10–15 жылға жетеді. Содан кейін оны кесек
топырағымен бірге баққа отырғызуға болады, ал оның терезедегі орнын жаңа
қаламша басады. Жерді өңдеу құрылыстарын пайдалану кез келген жағдайлардағы
бірқалыпты климатта жүзімнің өте ерте, орташа сұрыптарынан жақсы өнім алуға
қолайлы жағдай тудырады. Жылыжайға жүзімнің аса нәзік, оңтүстік сұрыптары
отырғызылады. Жүзімді шағын жылыжайдың ішіне де, сыртына да отырғызуға
болады. Екінші нұсқада өркендер жерден тура ғимараттың ішіне отырғызылады.
Нұсқа ретінде кеспектердегі жүзім пайдаланылады. Жылыжайдағы топырақ
борпылдақ және құнарлы болуы керек, суы сарқылып қалмауы тиіс. Сеппе
көшеттер қабырғалардың бойына отырғызылады, қапталдағы қабырғадан 30см
алшақ орналастырылады және  тігінен жоғары қаратылады[2,3]. Егер жылыжай
шағын болса, есіктен түпкірге қарама–қарсы бір бұта отырғызылады және
көлденең қалыпқа келтіріледі. Бүйіріндегі салалы бұтақтары 90 градусқа
бұрылып, орталық діңге бағытталады. Олар қапталдағы қабырғалардың сымдарына
жетеді де,  топыраққа түседі.Қаңтардан наурызға дейінгі аралықта жылыжайды
желдетіп алу қажет.Сәуірден бастап жүзімді көктетуді бастай беруге болады.
Бұталар бүршік атқанға дейін тіке байламайды, басы төмен иілген күйі
қалдырылады. Бұл тікелік кереғарлықты босаңсытуға жағдай жасайды. Өркендер
өсе бастағанда, кордон аспаның көмегімен қалпына келтіріледі. Температураны
баяу жоғарылата отырып, +18+20°C -қа дейін жеткізу керек. Ауаның
оңтайлы  ылғалдығын сақтау қажет. Қалыңдап кетуін болдырмау үшін барлық
жұмыстар дер кезінде жасалғаны жөн. Шоқ жемістен кейінгі 4 жапырақ арасынан
өркенді шырпу, әр бұтада бір өркен қалдыру керек. Шоқ жемісі бар әр өркен
көлденеңінен байлануы қажет. Өгей бұтақшалар шырпылады, бір жапырақ
қалдырылады.
Жаңа жүзімдіктер отырғызған кезде бұталарын құрғақ және суық желдерден
сақтап, топырақта ылғал жиналуына ықпал ететін сондай-ақ көктемгі суықтың
зиянды әсерін төмендететін ағаштар отырғызу қарастырылады. Әдетте
жүзімдіктің сыртын қоршай айнала 3—5 қатар алқап отырғызылады.
Кварталаралық алқаптарда екі және бір қатарлы жел сындырғыш линиялар
тартылады. Отырғызу алдындағы топырақ өңдеудің жүзімнің жақсы өсіп, жоғары
және тұрақты өнім алудағы мәні зор. Оның мақсаты топырағы құнарлы әрі
қуатты қабат жасауға тіреледі. Бұған терең аударыстыра жырту 60—70 см,
соған қоса 1 гектарына 35—40 тонна көн, 5 центнер суперфосфат және 2
центнер калийлі тыңайтқыштар сіңіру арқылы жетуге болады. Бұл жұмысты
жүргізудің қолайлы кезі жаз болып табылады. Облыс жағдайындағы қатарлар мен
бұталар арасының ең жақсы орналасу қашықтығы мынандай болып келеді: күшті
өскен сорттар үшін — 2,5X2, әлсіз өскен сорттар үшін 2,5х1,6 және 2,5х1,5
метр. Өте жақсы жетіліп кетуі үшін жүзімдікке тамыр жүйесі жақсы дамыған
бір жылдық көшеттерді ғана отырғызу керек. Оңтүстік Қазақстан облысы
жағдайында жүзімді күзде де, көктемде де -отырғызуға болады[4,6]. Көп
аудандарда отырғызу март айының ортасынан басталып, сәуір айының ортасына
дейін созылады. Күзгі отырғызудағы ұтымды кез қазан айынын. басы болып
табылады. Соңғы жылдары жүзім отырғызуға сумен бұрғылау, сондай-ақ ВУМ-60-
қа орнатылған жүзім отырғызу машиналары кеңінеп қолданылып жүр. Сонан кейін
қарық бойынша баяу ағызып суаруды ұйымдастыру қажет. Күзде отырғызғанда
суарғаннан кейін дереу қысқа топырақпен мұқият көміп тастайды. Қатар
аралықтарын таза парда ұстаған жөн. Көктем-жаз кезеңдерінде 5—6 рет 10—12
см тереңдікте қопсыту қажет. 3—4 жылдан кейін әрбір 1 га жерге 30—40 т көң,
2—3 ц суперфосфат және 2—3 ц калий тұзын енгізу жақсы нәтиже береді. Жас
жүзімдік екі қарық бойынша, жеміс беретін жүзімдік бір қарық-жырамен
суарылады. Тасты топырақ вегетация дәуірінде 4—6 дан 10—12-ге дейін
суарылады; сұр және қызыл қоңыр топырақты жерлерде ылғал жабу үшін 2—3 және
1—2; ыза суы жер бетіне жақын жатқан жерде не бары 1—2 суарылады. Бұталарды
жабуды кеш пісетін сорттарды жинағаннан кейін және бұтақтарын күзгі кесуден
өткізгеннен соң дереу бұталарды жабатын машинамен тез арада жүргізу керек.
Жүзімдікті жабудың жақсы мезгілдері 4—5° салқын түскенше, 10 қазанға
дейінгі аралық қазіргі уақытта негізінен әр бағытта пайдаланылып, әр
мезгілде пісетін, көбіне аудандастырылмаған аралас сортты жүзімдер егіліп
жүр. Мұндай жүзімдіктерден сорттық агротехникалық шаралар қолдану арқылы
жоғары өнім алу мүмкін смес. Мұндай бағасы төмен жүзімдіктерді жоғары
сапалы өнімді сорттармен ауыстыра отырып, бірте-бірте қайта жасау керек.

3.1 Жүзімнің жалпы ерекшеліктері және қолданылуы.

Жүзім – шырмалып өсетін жүзімділер тұқымдасы, 70-ке жуық түрі
бар. Зерттеушілер тұқымын тауып, 60 миллион жыл бұрын, яғни жер бетіне
адамдар болмаған кезде жабайы жүзім болғандығын дәлелдеген. Қазіргі кезде
4000-нан аса мәдени түрі тропикалық және субтропикалық  аймақтарда өседі.
Жүзім өзінің жақсы қалыптасқан тамыр жүйесімен ерекшеленеді. Сабақтарынан
өсіп шығатын мұртшалары арқылы жүзім шырмалып өседі. Жапырақтары ірі, 3-5
салалы болады. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Жемісі шырынды, ішінде 1-4-ке дейін
сүйекшелері болады. Кейбір мәдени түрлерінде сүйекшелер
болмайды. Сұрыпына қарай жемісінің пішіні домалақ, ұзынша-сопақтау болады.
Жемісінің түсі жасыл, сары, қызғылт-сары, күлгін т.б. болады. Жемістері
шоғырланып өседі. Бір шоқта 100 данаға дейін жүзім болады. Дұрыс күтім
жасалса, жүзім 50 жылға дейін жеміс береді. Жүзімді тұқымы, қалемшесі және
ұластыру арқылы көбейтеді. Жүзім отырғызылғаннан кейін 2-3 жылда жеміс бере
бастайды. Жүзімнің түбін ашу мерзімін дұрыс білгеннің маңызы зор[7]. Егер
жүзім түбі ерте ашылса, үсіп кетуі ықтимал, ал кеш ашылса, шіріп кетуі
мүмкін. Дұрысы, жүзім түптерін ашуға сөл жүре бастаған кезде кірісіп,
бүршік бөрте бастағанға дейін аяқтау қажет. Мол және тұрақты өнім алу үшін
жүзімді уақтылы тыңайтып отыру қажет. Жүзімнің гүл шоғырлары өсіп келе
жатқанда азотпен, жеміс өсе бастағанда фосфор және калий тыңайтқышымен
қоректендіреді. Жүзім сабағын аспаларға өнімнің салмағын көтере алатындай
берік жіппен байлау қажет. Өсу кезеңі ішінде жүзім сабағы жуандайтын
болғандықтан, байлаған жіп сабақты қиып кетпуі үшін, кеңірек етіп байлау
керек. Синтетика жіпті және сымды пайдалануға болмайды. Көктемде қырқу-кесу
жұмыстары жүргізілмесе, онда күзде міндетті түрде жасау қажет, өйткені
бұтақтары жиі болып кеткен жағдайда, жеміс беру сапасы нашарлайды. Діңі –
шырмауық тәрізді оралып өсетін өсімдік. Көп жылдық жүзім сабақтары жуан, ал
бір жылдықтары ұзын (3 – 5 м), жіңішке болып келеді. Жапырағы кезектесіп
орналасқан, бүтін жиекті не тілімделген. Гүлі ұсақ, жасыл түсті. Гүлшоғыры
сыпыртқы тәрізді. Айқас (жәндіктермен не желмен) немесе өздігінен
тозаңданады. Жемісі – жидек. Жидегінің шырын құрамында: су (65 –
80%), фруктоза, глюкоза (15 – 35%), органикалық қышқылдар (4 – 11%), пектин
(0,3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
Жүзім өңдеудің жалпы технологиясы және шарап материалдарын алу
Жүзім сорттары
Жүзім шаруашылығы
Жеміс-жидек өсімдігі мен жүзім
Жүзім - жүзім тұқымдасына жататын өсімдік
Кизельгурдық фильтр арқылы, шараптың бағытын жобалап алу
Жүзім маркасынан жеңіл арзан шарап
Италияндық хош иісті шараптар
Орташа деңгейдегі жеміс
Пәндер