КАБЕЛДЕРДІҢ ТҮРІН ЖӘНЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ



Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Қазақстанда қазіргі кезде байланыс құралдарының ең жаңа үлгілері іске қосылуда. Республикамыздың байланыс жүйесінде сандық телефон станциялары, ұялы телефон, арнайы карточка көмегімен байланысқа шығуға мүмкіндік беретін таксофондар, факс және пейджинг, жердің жасанды серіктері арқылы байланысу елеулі орын ала бастады. 1994 жылдан бері Қазақстан әлемдік интернет жүйесіне тұрақты қосылды.
20 ғасырдын басында Қазақстанда 250 почта - телеграф пункті болды. Электр Байланысның техника құралдары мен телевизияны пайдалану 1950 -- 1960 жылдары басталды. Осы кезеңге дейін республикалық байланыс құралдарының негізін бағаналы желілер мен коммутациялық қондырғылар құрады.
20 ғасырдың аяғына қарай Қазақстандағы Байланыс желілері телекоммуникацияның цифрлы жүйелері негізінде өзгертіле бастады. Республикадағы халықаралық телефон байланысы 2 жер үстілік телепорттар арқылы жүзеге асырылады. Республикада халықаралық телефон байланысы 1992 жылы Алматыда және 1995 жылы Ақмолада Жер серігі телеайлақтары арқылы қамтамасыз етілді. Аумағы зор, халқының орналасу тығыздығы әркелкі, кабель желілерін тартуға болмайтын қиын жерлері көп Қазақстанда ғарыштық спутник арқылы байланыс аса тиімді.
20 ғасырдың 90-жылдары Қазақстанда байланыстың телефакс, ұялы радиобайланыс, пейджинг, транкинг, интернет сияқты жаңа түрлері пайда болды. 1996 -- 1997 жылдары пайдалануға берілген Ақмола -- Қарағанды талшықты-оптикалық желі Қазақстандағы халықаралық цифрлы байланыс торабының негізін қалады.
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан 2050" стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты" Қазақстан халқына Жолдауынан:
"Инфрақұрылым, әсіресе көлік пен байланыс. Біз инфрақұрылымды дамыту міндетін алға қойдық. Біз мұны еңсердік. Өткен жылдар ішінде өнеркәсіп,көлік инфрақұрылымы мен тыныс-тіршілік инфрақұрылымның ірі стратегиялық объектілері іске қосылды. Бұл-автомобиль және темір жол магистральдары, құбыр жолдары, логистикалық орталықтар, терминалдар, әуежайлар, вокзалдар, порттар және табы басқалар.
Осының барлығы көптеген қазақстандықтарға жұмыс тауып берді, біз өңірлік және жаһандық шаруашылық байланыстар жүйесіне кірістік.
Жыл сайын телекоммуникация тұтынушыларының саны өсе түсуде. Бұл станционарлық телефондарға да, ұтқыр байланысқа да,интернетке де қатысты.
Соңғы 11 жылда автомобиль жолдары,саласын дамытуға 1263,1 млрд. теңге жұмсалды. Осы жылдар ішінде ортақ пайдаланудағы 48 мың шақырымнан астам жол, сондай-ақ 1100 шақырым темір жол салынды және реконструкцияланды.
Қазіргі уақытта біз "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" магистралды көлік далезін салып, Жаңа Жібек жолын жаңғыртамыз.
Біз "Өзен-Түркіменстан шекасы" темір жол желісін салып, Парсы шығанағы мен Үлкен Шығыс елдеріне жол аштық. "Қорғас-Жетіген"жолын тесіп, Қытайдын және күллі Азия құрылығының нарықтарына еніп, Шығыс қақапасын айқара аштық.Біз "Жезқазған-Бейнеу" темір жолын салуды бастадық".

1. ТРАССАНЫ ТАҢДАУ

Менде магистральды бағыты АВГ. Трассаны таңдаудын бірінші этабында картографиялық материалды іріктейді, ауданда ауа-райының жағдайын трассаның өтуімен қарастырады, архивтік материалдармен қолданылып жатқан жобалардың шойын, темір жолдармен, инженерлік жабдықтармен, магистралдық трассадағы жобалардың бағытымен келісетін қондырғыларын зерттейді.
Өзеннің ені - 267 м Мекендердің ара-қашықтығы - 68км Бөлімшелері - ВГ (2 пункт) Келесі мекендерде бөлініп кетуді қамтамасыз етуі - Д.
Бұл магистральды бағыт келесі қоршаулардан өтеді: автомагистралды жол, өзен, тағыда бір өзен. Екінші этапта анықтау мақсатымен рекогносцировканы жергілікті жерде іздестіреді және карта бойынша трассаны түзету. Жобалау трассасына жақындау болатын күшейту пунктарының тұрған орындарын анықтау, электрлік темір жолының керекті мәліметтерін табу.
Грунттың категориясын анықтау үшін ара - қашықтығы 1 км, тереңдігі 1,2 м шурфование жасалады, қолайсыз грунттары бар бөлімшелер табылады. Үлкен су қоймаларынан кесіп өткенде трассаның геодезиялық түсірмесі жасалады, ауысу профилін жасау үшін тереңдігі өлшенеді және грунттың мінезін анықтауына түбін шурфовайтетеді.

2. КАБЕЛДЕРДІҢ ТҮРІН ЖӘНЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ТАҢДАУ

Бөлімшедегі телефон каналдар саның есептеу: 1800x2+870=4470, яғни менде телефон каналдарының саны 4470 болды, бірақ әр кабельдің түрінде өзінің нақты телефон каналының саны болатындықтан, мен каналдар санына сәйкес келетін беру жүйесін 3.1 кесте арқылы анықтадым.
Беру жүйесі К-3600, кабель түрі стандартталған коаксиалды КМ-4, телефон каналының саны 7200. Көпканалды қуаты күшті магистраль салғанда және телевизиондық бағдарлама ұйымдастырғанда қолданылады. Содан соң 1 км кабельге қанша түрлі түсті металл жұмсалатындығын анықтадым:

59268=0.08x Х=68кмx0,08592=0,0091 мыс
167568 = 0,23x Х=68кмx0,231675=0,0093 қорғасын

Кабельдің жалпы құның анықтау:
1 км кабельдің құны 405000 тг.
Кабельдің жалпы ұзындығы 68 км.
405000тгx68км=27540000тг.

3. КҮШЕЙТУ ПУНКТАРЫН ОРНАЛАСТЫРУ. КҮШЕЙТУ ПУНКТАРЫНЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫН ІСКЕ ҚОСУ

Менің магистралдық трассам АВГ. Кабелімнің түрі КМ-4. КМ-4 коаксилді кабель. Сол себепті НУП пен ОУП ты орналастырамыз. НУП пен ОУП кабель түріне байланысты орналастырылады,яғни әр кабельде НУП пен ОУП тың орналастыру арақашықтығы әр түрлі.
ОУП-ты орналастыру.
АВГ магистралдық трассам А,В,Г мекендерінен тұрады. ОУП-тар, яғни қызмет көрсетілетін күшейткіш пунктер көбіне, қала маңында немесе үлкен елді мекендерде орналастырылады, өйткені жергілікті электр қуатының көзінен аппаратураның қоректенуін қамтамасыз етуге қажет. Яғни әрбір мекенде бір-бір ОУП-тан орналастырам. Үш елді мекен 3 ОУП.
НУП-ты орналастыру.
НУП - қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пунктер АВГ магистрал трассасында орналасады.
НУП - ты есептеу.
АВГ трассының жалпы арақашықтығы 68 км. Кабель түріне байланысты НУП - тың арақашықтығы - 3 км.
Осыдан НУП - ты есептейміз:
АВ трассасы 48,8км.
АВ(НУП) - 48,83=13,6 жуықтап алғанда 14 НУП.
ВГ трассасы 27 км.
ВГ(НУП) - 27,23=9,06 жуықтап алғанда 9 НУП.
Магистралдық трассамда 3 ОУП және 23 НУП орналастыру керек.

4. КАБЕЛДЕРДІ ЖАТҚЫЗУ ЖӘНЕ МОНТАЖДАУ

Кабельдерді жатқызу келесі этаптардан тұрады:
1.Жобалау-ең алдымен жұмысты бастамастан оны қағазға жоболап аламыз.
2.Жергілікті табиғатты зерттеу-кабельді жатқызатын жерді түгелімен қарап шығу,жолда қиындық тудырытын кедергілер (тау, орман т.б) бар жоғын анықтау.
3.Жергілікті жерді бақылау-яғни бұл дегеніміз мұнай, газ құбырлары және т.б. кедергілер бар жоғын анықтау.
4.Құжаттарды жасау- дегеніміз жерге траншея қазуға рұқсат алу және мұнай, газ құбырлары кездессе солардың жанынан кабельдарді жатқызуға рұқсат алу.
5.Жұмыс жобасын жасау-траншея қазуға техниканы жалдау және жұмысшыларды жалдау.
6.Өндірістік өлшемдерді ұйымдастыру-дегеніміз қанша кабель керек екенін есептеп кабель сатып алу және жұмсалатын қаражатты есептеу.
7.Кабельдерді төсеуге дайындау-кабельдерді әкеліп катушкадан кабельді бүлдірмей шешіп төсеуге дайындау.
8.Кабельдік желілерді төсеу.
9.Құрастыру алдында бақылау өлшемі.
10.Кабельді құрастыру.
11.Күшейткіш пунктарын орналастыру (НУП,ОУП,НРП,ОРП).
НУП-қызмет етілмейтін күшейткіш пункті.
ОУП-қызмет етілетін күшейткіш пункті.
НРП-қызмет етілмейтін регенерациондық пункті.
ОРП- қызмет етілетін регенерациондық пункті.
12.Бақылау-қабылдау өлшемдері және құжаттауы.
13.Пайдалануға тапсыру.

Кернеулігі 10 кВ дейінгі кабелдерде ұштама мен жалғаушы муфталардың барлық түрлерін монтаждау. Қимасы 240 мм² үлкен кабельдерді барлық тәсілмен ұштау. Болат жалғаушы муфталарды жасау. Күшті және бақылау кабельдерін (май толтырылғандарынан басқа) орларда, арналарда, туннельдер мен ғимараттың ішінде (жарылыс қаупі бар аймақтан басқа) кабель тартқыштарды қолданбай барлық әдіспен тарту. Кабельдерді таңбалау. Кабельдерді фазалау және қосуға дайындау. Май қысымын өлшеу. Май толтырылған кабель желілеріне арналған май сорғыш агрегаттарды монтаждау. Үштік тармақтағышты дайындау және жинау. Кабель желілерін өртке қарсы қорғау. Тірек құрылымдарын орнату орны мен кабель тарту трассаларын белгілеу тәртібі; күшті және бақылау кабельдерін бөлу және монтаждау тәсілдері; өткізгішті фазалау тәртібі және орындалған үлгілерді тексеру әдістері; кабельдік өткізгіштерді өлшеу және нобайын жасау тәртібі.
Кабель тарту трассаларын белгілеу. Кернеулігі 110 кВ дейінгі май толтырылған кабельдерді монтаждау. Барлық типтегі күшті және бақылау кабельдерін (май толтырылғандарынан басқа) кабель тартқыштың көмегімен тарту. Кернеулігі 110 кВ дейінгі кабельдерде ұштама мен жалғау муфталарының барлық түрлерін монтаждау. Жерді ою. Муфталар мен құбырларды кептіру, вакуумдау және азотпен толтыру. Муфталар мен құбырларды маймен толтыру. Құрылғылардағы майды газсыздандыру. Қысым бактарын жабдықтау және оларды ауыстыру. Жабдықтаушы жүйені сынау. Қысымды таратушы құрылғы. Трансформаторлардың қосымша кабельді желілік іске қосқыштарын монтаждау, вакуумдау және оларды маймен толтыру. Кабельдерді теріс температура кезінде қыздыру.
Май толтырылған кабельдерді монтаждау тәртібі; типі мен кернеулігі әртүрлі кабельдердің, жабдықтар мен аппаратуралардың құрылысы; кабельдерді әртүрлі жағдайда тартудың және оларды пайдалануға тапсырудың техникалық жағдайлары.

5. ҚОРШАУДЫ ӨТУ ҚҰРЫЛҒЫСЫ

Менің байланыс кабелім келесі кедергілерден өтеді
- автокөлік жолы
- өзен (ені 267м)
- өзен
Кабель трассаының кедергілерді өткенде рұқсат етілетін арақашықтығы:
- автокөлік жолдары және магистралдық бағыттағы темір жолдар - 1000м
- өзен ағымымен жібермейтін және кеме жүрмейтін өзендер - 50, 100м
өзен арқылы автокөлік көпірінен және темір жол жергілікті жерге арналған:
- кеме жүретін - 200м
- басқалары - 50, 100м
Кабель трассасымен орман ара-қашықтығы 3км кем болмауы керек. Орманды жерде жалпақтығы 6м - ден ағаштарды кесіп, жол ашады, алаңқайдың жалпақтығы түбірлерін алады да жалпақтығы 3м алаңға жоспар жасайды. Жер бөлімшелерінің известік топырақтармен, ағатын сулармен, қоқыстар және де басқа да тот басуға қауіпті жерлерді айналып өту керек. Кедергі жолдарын айналып өту неғұрлым қысқа болуы керек.
Байланыс кабелі су құбыры мен канализациядан өткенде 0.5м, мұнай және газ құбырында өткенде 1м-ден жақын жатқызуына тыйым салынады. Теміржол жолдары мен автокөлік жолдарында байланыс кабелін жатқызу тереңдігі 1м-ден кем болмауы керек.
Су асты кабелінің трассасын таңдау кезінде келесі мәселелер қарастырылады:
- су кедергісінің ені
- түбі бір деңгейі болуы тиіс
Кабельді кемелердің қыстау орнында, мал бағу орнында және бағыты өзгеріп отыратын өзендер немесе көлдерде салуға тыйым салынады. Кабель желісінің құрылысы кезінде автокөліктердің жүрісін тоқтатпау үшін, шоссе және темір жол трассаның қиылысында кабельдерді алдын-ала, жүретін жолдың астындағы трубаға салады.

6. ТҰРАҚТЫ ЖОҒАРҒЫ ҚЫСЫМДАҒЫ КАБЕЛЬДІ ҰСТАУ

Байланыс кабельдарын пайдаланғанда металды қабыршықтары әртүрлі механикалық және электрохимиялық ықпалдары қсер етеді де, олардың зақым келуіне, тоқ өтетін жолдарына су өтіп, байланыстың тоқтауына әкеп соғады. Тұрақты жоғарғы қысымда кабелді ұстау, жұмыс істеу қабілетін сақтай отырып кабелдің сыртқы қабыршықтарының бұзылуын байқайды.
Міндетті жағдайда тұрақты жоғарғы қысымда тұрған кабелдарды алдын ала, құрылысы кезінде, кабелдің бүкіл ұзындығының қабыршықтарын герметтеу, сонымен қатар соңғы құрылымын герменттеу.
Құрылыс кезінде герменттілігін тексереді: кабелдік алаңда кабелдің құрылыс ұзындығын, салар алдында, салғаннан кейін монтаж алдында; қосатын, тармақтайтын және басқа муфталар; енгізу-кабелінің жабдықтарын, сонымен қатар кабелді жоғарғы қысымда ұстау жабдықтарын; кабелдің жинақталған секцияларын, кушейту телімдерін және кабелдік кірістемелерін.
Кабелдің құрылыс ұзындықтары, жасайтын заводтантүскенде, А соңында вентил болуы керек (қысымы 0,45-0,6 кгссм). Сынау алдында бақылау және жұмыс манометірлері эталонмен тексереді.
Түсніктеме хатта міндетті түрде техникалық шешімде, жүйедегі қалааралық жоғары қысымдағы кабелдің сипаттамасы және кабель қабыршығының жағдайының бақылауы болу қажет. Алған қондырғының схемасын келтіру, жұмыс қағидаларын баяндау (схемаға сілтемей отырып).

Схемада көрсетілген: 1-жоғарғы қысымдағы балон; 2-клапан; 3-манометр; 4-құрғату камерасы; 5, 9, 13-редукторы; 6-дроссель; 7-АДУ; 8, 10 манометры; 11-таратқыш; 12, 15-вентилдер; 14-жалпы вентиль; 16-газ бөлшегі менбранасы бар құрылғы.

7. БЕРУ ПАРАМЕТІРЛЕРІН ЕСЕПТЕУ

1. Активті кедергі:
R=Ra+Rб=(√2k4PIσ(1ra+1rб)
2. Индктивтілік:
L=2lnrвra+2μ4PIk(1ra-1rб)10
3. Сыйымдылық:
C=ε1018lnrбra
4. Өткізгіштің изоляциясы:
G=G=1Rиз+ωСtgδ
5. Толқындық қарылық:
Zвһ60ε(lnDd)
6. Сөну коэффиценті:
α=R2CL+G2LC, Нпкм
7. Фазаның коэффиценті:
β=ωLC=ωεc, радкм
c-жарық жылдамдығы
8. Тарату жылдамдығы
v=ωβ=c√ε, кмс
9. Таралу уақыты:
T=√LC, мкскм
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бөлімшедегі байланыс желісінің құрылысы
Желіні күйге келтіру
Алматы-Атырау учаскесінің проблемалары
Қонақ үйдегі сигнализация жүйесі.
DOORS фирмаcына жергілікті желіні құру
Кабельдік теледидарлы желі технологиясы
Оптикалық таратқыш муфта
Желілік байланыстардың сипаттамасы
Бағыттаушы электрбайланыс жүйелері
Жергілікті есептеу желілері және олардың ақпараттық жүйесі
Пәндер