ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Заңдылық адамдарды басқарудың ең ежелгі және өркениетті тәсілі. Қазір ол барлық демократиялық елдерде, әлемдік қоғамдастықта жалпы қабылданған. Ертеден бері келе жатқан заңгер ғалымдар және бүтіндей қоғамның назарына заң ғылымы мен тәжірибесінің көптеген мәселелерінің ішінде құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселесі ерекше орын алады.

Курстық жұмыстың пәні болып заңдылық пен құқықтық тәртіпті орнату болып табылады.

Курстық жұмысының мақсаты - құқықтық тәртіп түсінігін, заңдылық, құқықтық тәртіп пен демократияның арақатынасын зерттеу.

Курстық жұмыс міндеттері. Қойылған мақсаттан біздің алдымызда келесі міндеттер бар:

- құқықтық қоғамда заңдылық түсінігін және кеңес, Қазақстан құқығындағы «заңдылыққа» деген көзқарастарды қарастыру,

- «құқықтық тәртіп» ұғымын зерделеу, бұл категорияға деген көзқарастар дамуы динамикасын және қазіргі кездегі құқықтық тәртіп түсінігін қарастыру,

- құқықтық тәртіптің нгізгі белгілерін, оның мазмұны мен нысанын анықтау,

- құқықтық тәртіп қызметін және оның қағидаларын анықтамалау - құқықтық тәртіп, заңдылық және демократия арақатынасын анықтау,

- заңдылықты күзету (қорғау) түрлерін қарастыру,

- құқықтық тәртіптің даму тенденциясын зерделеу.

Құқықтық тәртіп азаматтық қоғамның құқықтық негізін құрады. Оған оның барлық салалары негізделеді: әлеуметтік, мәдени, экономикалық және саяси. Сәйкесінше ол барлық мемлекеттік нақтылықтың құқықтық негізі болады» дей келе құқықтық тәртіп пен заңдылықтың өзектілігі айқындалады

Ежелгі Рим заңгерлері заңның қаталдығына қарамастан оны орындау әрбір адамның міндеті деп санаған «Заң қатал, бірақ ол заң» деген қанатты сөзді ұрпаққа қалдырған. Франция буржуазиясы 1848 жылғы революция кезінде көтеріліске шыкқан жұмысшыларға қарсы күрес жүргізуде заңдылықты ең күшті кедергі деп таныды. Сол кезде өзінің қаталдығымен көзге түскен, буржуазия өкілінің бірі Одилон Барро: «Заңдылық бізді өлтіруде», - деп, көтерілісті басып жаншуға адам құқықтарын аяққа таптауға заңдылықтың кедергі болып тұрғанын тілге тиек еткен.

Заңдылық туралы заң ғылымында құнды зерттеулер мен монографиялар жарық көрді. Көптеген ғалымдар зандылықты екі мағынада түсінеді: Бірінші топтағы ғалымдар заңдылықты мемлекеттегі басқару режимі десе, екінші топтағы зерттеушілер заңды бұлжытпай орындау деген идеяны алға тартады. Сонымен қатар заңдылық құл иеленуші және феодалдық мемлекеттерде болмаған деген пікір қалыптасқан.

Заңдылық дегеніміз - құқық субьектілерінің мемлекеттің заңдарын дәл және қатаң орындау мен қадағалау, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш талаптан құрылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы.

1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің заңдары бостандықты, теңдікті, адамгершілікті, инабаттылықты, парасаттылықты т. б. жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс басқаруы.

2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау. “Сөз бен іс бір жерден” шығу.

3. Конституция мен заңда халықаралық құқықтың принциптерін қатаң қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.

Заңдылықтың заңы категория ретіндегі түсінігі мен мәні.

Заңдарды дәл және қатаң орындау мен қадағалау, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңдылық мемлекеттік билік жүргізудің негізгі қағидасы ретінде өзіне тән мәнге ие. Сол мән арқылы зандылық бассыздық пен күш қолдануға тосқауыл қояды, адамдардың санасын заңға бағыну, талаптарын орындау идеясын жариялайды

Заңдылықты екі мағынада түсінеміз:

- заңдылық - мемлекеттегі басқару режимі;

- заңды бұлжытпай орындау.

ЗАҢДЫЛЫҚ - мемлекеттік билік жүргізудің ең негізгі қағидасы ретінде барлық органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, адам, дара азаматтардың заңдар мен заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқық кесімдерді бұлжытпай орындау және қатаң сақтауы

Заңдылық үшін екі жақ тән:

1) МАЗМҰНДЫҚ ЖАҒЫ - құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы;

2) ФОРМАЛЬДЫ ЖАҒЫ - оларды орындау

Заңдылықтың өзіне тән мәні және ерекшеліктері:

Біріншіден, заңдылық барлық мемлекеттік ұйымдардың, қоғамдық ұстанымдардың, азаматтардың іс-әрекеттерінің тек заңға сәйкес болуы қажет екенін жаппай талап етеді. Сәйкес мінез-құлық қалыптасса зандылық іс жүзіне асады, олай болмаған жағдайда зандылық бұрмаланады

Екіншіден, заңдылық іс жүзіне асу үшін ғылыми негізде, қоғамның даму зандылығын көрегендікпен болжаған тиімді заңдар қабылданып, оларды бұлжытпай орындау тетіктері жасалуы тиіс

Заңдылықтың кепілденуі

Бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етететін құралдар мен жағдайлар

Құқықтық тәртіп түсінігі және мәні

Құқықтық тәртіп деп - заңдылық қағидаларын іс жүзіне асыруда қоғамдық қатынастардың жүйелі түрде құқық нормаларымен реттелуін және тиімді қорғалуын айтады

Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты:

• адамдардың құқықтық сауаттылығын оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы түсінуін қамтамасыз ету

• адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін жақсарту;

• адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, қатаң орындау тәжірибесін жақсарту

Заңдылық пен құқықтық тәртіп арақатынасы

Құқықтық тәртіп - құқықпен реттелінетін, қоғамдық қатынастың тәртібі, құқықтық қатынас мүшелерінің субъективті құқықтарының іске асуы мен заңды міндеттерінің орындалуы мемлекетпен кепілденеді, заңдылықтың іске асуы, құқыққа сай заңды мінез-құлық қамтамасыз етіледі.

Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар

қолданылады;

2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жетуге мүмкін емес;

3) заңдылықты нығайту - құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;

4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады

  1. ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ

1. 1 Заңдылық түсінігі, негізгі сипаттары

Заңдылық туралы заң ғылымында құнды зерттеулер мен монографиялар жарық көрді. Көптеген ғалымдар зандылықты екі мағынада түсінеді: Бірінші топтағы ғалымдар заңдылықты мемлекеттегі басқару режимі десе, екінші топтағы зерттеушілер заңды бұлжытпай орындау деген идеяны алға тартады. Сонымен қатар заңдылық құл иеленуші және феодалдық мемлекеттерде болмаған деген пікір қалыптасқан.

Адамзат тарихында қабылданған тарихи-құқықтық ескерткіштерге назар аударсақ, зандылық құлиеленуші, феодалдық мемлекеттердеде болған, бірақ мүддені қорғауда тар шеңбер аумағында, таптық сипат деңгейімен ғана шектелген. Мысалы, ежелгі Римдегі Юстинианның Дигестерінде заңдылық туралы мынандай норма бар: «Заң деген ол сол, оған барлық адамдар бағынулары тиіс». Хамурапи, Ману зандарынан да осындай талаптар аңғаруға болады. Мысалы, б. э. дейін XVIII ғ., қабылданған Хамурапи заңының шығуы мынандай қағида негізінде қабылданған: « . . . елге әділеттіліктің нұрын беру үшін, заңсыздықпен жауыздарды құрту үшін, күштілер әлсіздерді жәбірлемес үшін». Немесе Ману зандарында: «Егер патша жазаны лайықты болғандарға үзбей қолданбаса, күштілер әлсіздерді істікте балықша қақтаған болар еді», - делінген.

Әрине, заң шығарылған соң да үстем тап өкілдері тарапынан кысым, басқыншылық, әділетсіздік жасалған. Бірақ, қалай айтсақ та заң күштілердің жүгенсіздік, бассыздық, заңсыздық әрекеттерін тежеп отырған. Құқық өзінің табиғатымен, құндылық қасиеттерімен және жауапқа тарту ессімен жалпы адамзаттық игіліктер мен әділеттіліктің рәмізі ретінде санамен қабылданған. Сондықтан зандылық идеясы мемлекетпен құқықтың ажырамас бөлігі деп қабылдануы тиіс.

Ежелгі Рим заңгерлері заңның қаталдығына қарамастан оны орындау әрбір адамның міндеті деп санаған «Заң қатал, бірақ ол заң» деген қанатты сөзді ұрпаққа қалдырған. Франция буржуазиясы 1848 жылғы революция кезінде көтеріліске шыкқан жұмысшыларға қарсы күрес жүргізуде заңдылықты ең күшті кедергі деп таныды. Сол кезде өзінің қаталдығымен көзге түскен, буржуазия өкілінің бірі Одилон Барро: «Заңдылық бізді өлтіруде», - деп, көтерілісті басып жаншуға адам құқықтарын аяққа таптауға заңдылықтың кедергі болып тұрғанын тілге тиек еткен.

Заңдылық деп мемлекеттік билік жургізудің ең негізгі қағидасы ретінде барлық органдардың, заңды және жеке тұлғалардың, адам, дара азаматтардың заңдар мен заңға сәйкес қабылданған нормативтік құқық кесімдерді бұлжытпай орындау және қатаң сақтауды айтады.

Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеудің жақсы дамуы мемлекеттің, бірлестіктердің, саяси ұйымдардың, дұрыс әділетті жұмыс жасауының сипаттамасы; халықтың бостандығы, теңдігі дамып, жеке адамның, қоғамның мүдде-мақсаттары бірігіп қалыптасуының сипаттамасы.
Заңдылық дегеніміз - құқық субьектілерінің мемлекеттің заңдарын дәл және қатаң орындау мен қадағалау, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш талаптан құрылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабы.

1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің заңдары бостандықты, теңдікті, адамгершілікті, инабаттылықты, парасаттылықты т. б. жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс басқаруы.

2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау. “Сөз бен іс бір жерден” шығу.

3. Конституция мен заңда халықаралық құқықтың принциптерін қатаң қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.

Міне, осы талаптар, іс жүзінде бірігіп, қалыптасса қоғамда заңдылық орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.

Заңдылық субъектілері:

мемлекет пен оның органдыры;

қоғамдық ұйымдар;

еңбек ұжымдары;

лауазымды тұлғалар;

- азаматтар

Заңдылықты қорғау субъектілері: мемлекет, оның органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар егерде заңды рұқсаты болса. Жеке тұлғалар азаматтар заңдылықты қорғаудың субъектісі болмайды. Олар заңды бұзса құқықтық тәртіпті бұзған болып саналады.

Заңдылық дамыған елдердің саяси, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік құрылысының негізі. Қатаң заңдылық қоғамның барлық саласына өзінің әсерін, ықпалын тигізеді.

Заңдылықтың өзіне тән ерекшеліктері:

заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау, дамыту барлық қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың міндеті, бақылау мемлекеттік органның жұмысы.

заңдылық нормативтік актілер мен тығыз байланыста дамиды. Олар бір-біріне зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса, екіншісі де жақсы дамиды, нашар дамыса екеуінің де деңгейі төмен болады.
Сондықтан, заңдылық пен мемлекеттің бір-бірімен тығыз байланыста атқаратын қызметтері:

заң шығаруды сапалы дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу, заңды бұлжытпай, уақытында орындау; заңның үстемдігін орнату;

адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан келтірмеуге міндетті;

құқықты бұзушылықпен қатаң күрес жүргізу.

1. 2 ЗАҢДЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАЛАРЫ

Заңдылық мемлекеттік билік жүргізудің негізгі қағидасы ретінде өзіне тән мәнге ие. Сол мән арқылы зандылық бассыздық пен күш қолдануға тосқауыл қояды, адамдардың санасын заңға бағыну, талаптарын орындау идеясын жариялайды. Заңдылықтың өзіне тән мәні және ерекшеліктері бар.

Біріншіден, зандылық барлық мемлекеттік ұйымдардың, қоғамдық ұстанымдардың, азаматтардың іс-әрекеттерінің тек ғана заңға сәйкес болуы қажет екенін жаппай талап етеді. Сәйкес мінез-құлық қалыптасса зандылық іс жүзіне асады, олай болмаған жағдайда зандылық бұрмаланады.

Екіншіден, зандылық іс жүзіне асу үшін ғылыми негізде, қоғамның даму зандылығын көрегендікпен болжаған тиімді заң-дар қабылданып, оларды бұлжытпай орындау тетіктері жасалуы тиіс. Бұл мәселені іс жүзіне асыру үшін мынандай мәселелерді шешу қажет:

а) Парламент шығарған зандардың орындалуын, іс жүзіне асуларын бақылайтын өкілетті органның функциясын қалыптастыру қажет.

ә) Атқарушы органдардың заңға сәйкес қабылданатын нормативтік құқықтық кесімдердің көлемін шектеу қажет. Көп жағдайда заң орындалмайды, ал «заңға сәйкес» деп қабылдан-ған кесімдер атқарушы органдарға «ең қастерлі» болып санала-ды. Себебі заң нормаларының қажетті талаптары ведомстволық нормативтік кесімдермен (ереже, бұйрық) басқаша бұрмаланып, басқа мазмұнмен орындалуға ұсынылады.

б) Зандылықтың дағдарысқа ұшырауының себебі заңды бұрмалаған, орындамаған лауазымды тұлғалардың қатаң түрде жауапқа тартылмауы. Атақ, дәреже, қызметіне қарамастан, кім болмасын заң алдында тең екендігі Конституция жариялаған тілек ретінде емес, аксиома ретінде құқықтық қатынастардың барлық субъектілерімен бірауыздан мойындалуы тиіс. Мысалы, осыдан біраз жыл бұрын Ұлыбританияда 16 адам ауыр қылмыс істегендері үшін жауапқа тартылмай, сот залынан босатылды. Себебі, «айыптаушының сот процесіне келмеуі». Судьяның заңды бұзуға кұқы жоқ. Айыптаушы келмесе сотталушының кінәлары жоқ, заңды бұзған айыптаушы. Судья занды бұлжытпай орындады.

в) Зандылықтың бұрмалануына Парламент шығарған зандар мәтінінің «каучук тәріздес» болып, қолдану кезінде қиындықтар мен шатастыруларды туғызуы. Осы күнге дейін зандардың мазмұны түсініксіз, аударуы дұрыс емес ол қылықтар жиі кездеседі.

г) Заңдардың орындалуы үшін мынандай мәселелерді шешу қажет:

Біріншіден, бізде әлеуметтік тәжірибені объективтік түрде талдау жасау мүлдем жоқ деуге болады. Қабылданған зандар өмірден мүлдем алшақ, коғамдық қатынастарға сәйкес келмейді, сондықтан тиімді реттемейді. Заңды дайындау процесі дұрыс жолға қойылмаған, заң кабинетте дайындалады, көп зандарымыз Ресейдің шығарған зандарынан көшіріп алынады. Бұл жұмысты жақсарту үшін заң дайындалатын парламенттік комиссия фирмалардың, ғалымдардың, жеке адамдардың, саясат-танушылардың, сол саланың тікелей мамандарымен кездесіп, олардың пікірлері негізінде заңның алғашқы жобасын қалыптастырып, оны тыңдауға өнеркәсіпшілдерді, ауыл шаруашылық мамандарын, профессорларды, мүдделі қоғамның өкілдерін шакырып, талқылауға салу қажет. Олардың барлық ескертулері мен ұсыныстарын қорытындылап, тағы талқыға салып, Парла-ментке түсіру керек.

Екіншіден, әрқашан заң шығаруда ғылымның ұсыныстарын міндетті түрде ескеру қажет. Бізде осы күнге дейін заңның жобасын жасауға мүдделі, құштар мекемелер мен органдар қатысады. Ал, олар өздеріне қажетті заң жасауды көздейді. Одан кейін ол заң қалай орындалсын, оны аттап өтудің тетіктерін өздері жазып қойса.

Үшіншіден, сапалы, орындалатын заң шығару үшін кәсіби парламент құрылуы қажет. Сайланған депутаттарымыз жоғарыда көрсетілген факторлардың тетіктерін жақсы менгерген маман, заңгер-ғалым, экономистерден сайлануы керек. Жалпы апараттық қажетттерден ада, оқшау ойлары бар білімпаз қайраткерлер болуы тиіс.

Төртіншіден, заңның орындалмауының себебі, қоғамда кең қанатын жайған құқықтық сауатсыздық. Заңның не екенін, оның мазмұнын, қолдануын түсінбейтін халық занды қалай орындайды?!

д) Заңдылық демократияның ең негізгі және маңызды ажырамас бөлігі болып саналады. Тек зандылық арқылы демократия толыққанды дәрежеде пайдаланылады, іс жүзіне асады. Тек зандылық ғана анархия, бассыздық, өз беттерімен кеткендерге тосқауыл болады.

ж) Зандылық жалпы мемлекеттік тәртіптің негізі болып табылады. Мемлекеттегі тәртіпті нығайту зандылықты нығайтудың кепілі.

Заңдылық мынандай қағидаларға ие:

Заңның ерекше пұрсаттылығы. Мемлекетте Парламент қабылдаған заңның ең жоғарғы күшке ие болуы. Барлық нормативтік құқықтық кесімдер занды іс жүзіне асыру үшін қабылданады. Оған ешқандай кесім қайшы келмеуі керек.

Заңды қолданудағы бірлік және бірыңғайлық. Зандылық әр аймақтық, аумақтық болып бөлінбейді. Қазақстан Республикасында Конституция бекіткен Конституциялық құрылым, демократия, билік жүргізу, адам құқықтарын қорғау бірыңғайлы, жүйелі мағынада іс жүзіне асырылады.

Заңдарды жаппай сақтау және орындау. Бұл қағида - Конституциялық талап. Заңды орындау әрбір адамның ішкі жан дүниесінің, ой-өрісінің қажеттілігі болуы тиіс.

Зандылық пен мәдениеттіліктің тыгыз байланыстылығы. Заңдылықты нығайту репрессиялық тәсілдерге емес, мәдениеттілікті меңгеру, дамыту арқылы іске асырылады.

Адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі. Зандылық аркылы адам құқықтары мен бостандықтары тиімді қорғалады және қамтамасыз етілді.

2 ЗАҢДЫЛЫҚТЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ӘДІСТЕРІ МЕН КЕПІЛДІКТЕРІ

Заңдылық - бұл қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының құқық нормаларын қатаң түрде сақтауы.

Заңдылық үшін екі жақ тән:

а) мазмұнды жағы - құқықтық, әділ, ғылыми негізделген заңдардың болуы;

ә) формальды жағы - бұл оларды орындау, себебі, орындаусыз, кемшіліксіз заңдардың болуының өзі де жеткіліксіз.

Заңдылықтың субъектілері болып қоғамдық қатынастардың барлық қатысушалары табылады, нақты айтқанда: мемлекет және оның органдары; қоғамды және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері табылады.

Заңдылықтың қағидалары - бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:

1) заң үстемдігі-барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;

2) заңдылықтың тұтастығы-нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;

3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестілігі-құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;

4) заңдылықтың шынайылығы- құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.

Заңдылықтың кепілденуі - бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын, азаматтардың құқықтарының, қоғам мен мемлекеттің мүдделерінің ешбір кедергісіз жүзеге асырылуын қамтамасыз етететін құралдар мен жағдайлар. Заңдылықтың кепілденуінің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

1) әлеуметтік-экономикалық-бұл қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі, оның жағдайының деңгейі, меншік нысанының алуан түрлілігі, экономикалық бостандық және т. б;

2) саяси - бұл конституциялық құрылымның қоғамның саяси жүйесінің демократиялылығының дәрежесі, биліктің тармақтарға бөлінуі және т. б. ;

3) ұйымдастырушылық - бұл заңдар мен заңға сәйкес актілердің орындалуын бақылайтын арнайы органдардың(прокуратура, сот, полиция және т. б. ) қызметі;

4) қоғамдық - бұл заңнаманы бұзумен күресу мақсатында қолданылатын алдын алу және басқа да шараларының мемлекетте қалыптасқан кешені;

5) идеологиялық - бұл құқықтық сананың дамуының, азаматтар арасында заң білімдерінің таралуының, заң талаптарының орындаудың дәрежесі, қоғамдағы адамгершілік тәрбиелеудің деңгейі;

6) арнайы-заңды - бұл құқықтық талаптарды бұзудың алдын алу, болдырмау және қудалау мақсатында қолданыстағы заңнамада бекітілген тәсілдер мен құралдар.

Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің арақатынасы мыналардан көрінеді.

1) құқықтық тәртіп құқықтық тәртіптің мақсаты болып табылады; құқықтық тәртіпке жету үшін заңдар мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер қабылданады, заңнаманы жетілдіру жүзеге асырылады, заңдылықты нығайтуға байланысты шаралар қолданылады;

2) құқықтық реттеуді жетілдіру мен заңдылықты қамтамасыз етуден басқа тәсілдермен құқықтық тәртіпке жетуге мүмкін емес;

3) заңдылықты нығайту құқықтық тәртіпті нығайтуға алып келеді;

4) құқықтық тәртіптің нақты мазмұны заңдылықтың мазмұнына байланысты болады.

2. 1 Құқықтық тәртіптің заңдылықтың ажырамас бөлігі ретіндегі

ерекшеліктері

Құқықтық тәртіп - заңдылық қағидаларын іс жүзіне асыруда қоғамдық қатынастардың жүйелі түрде құқық нормаларымен реттелуін және тиімді қорғалуын айтады.

Құқықтық тәртіп зандылықтың ажырамас бөлігі болып табылады. Құқықтық тәртіпті нығайту қоғамдық тәртіпті және заңдылықты нығайтуға тікелей әсер етеді. Керісінше, коғамда құқықтық тәртіп әлсіресе қоғамдық тәртіп те, зандылық та әлсірейді, дағдарыс процесі дамиды. Құқықтық тәртіпті нығай-ту негізінде мемлекеттің құқық қорғау функциялары арқылы іс жүзіне асырылады. Сот, прокуратура, полиция, ұлттық қауіпсіздік комитеті сияқты органдар өздерінің құзырымен міндеттеріне байланысты құқықтык тәртіпті нығайту ісіне үлестерін қосады. Бұл жерде әр мемлекеттік органның функциялары ведомстволық мүддемен шектелмеуі тиіс. Бірігу, координациялық шаралар арқылы құқықтық тәртіпті нығайту, олардың басты міндеттерінің бірі.

Құқықтық тәртіпті нығайтуда азаматтық қоғамның үлесі зор. Бұл мемлекеттік емес қоғамдық қатынастар арқылы жеке адамдар мен ұжымның мүдделері құқық шеңберінде іс жүзіне асырылады «тыйым салмағанның бәріне рұқсат» қағидасы аясында құқықтық тәртіп нығаяды. Бірақ мемлекет азаматтық қоғамның барлық институттарының іс-әрекеттерінің Конституцияға сәйкес болуын бақылайды, зандарды қатаң сақтауын талап етеді.

Құқықтық мемлекеттің басты максаттарының бірі құқықтық тәртіпті сақтауды әрбір азаматтың ішкі жан дүниесінің, психологиясының қажеттілігіне айналдыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп
ЗАҢДЫЛЫҚ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТӘЖІРИБЕ
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік заңдылық және құқықтық тәртіп
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Құқық және заңдылық, құқықтық тәртіп
Заңдылық құқықтық мемлекеттің қағидасы ретінде
Халықаралық және мемлекет ішіндегі құқықтың арақатынасы туралы доктрина
Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Кұқықтық режимнің дамуындағы тенденцияларды қарастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz