МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мемлекеттік билік органдарының тамыр тартқан тереңі мен даму, жалғасу
жолдары – қазіргі құқықтану ғылымының, оның ішінде мемлекет және құқық
теориясының үлкен де күрделі, маңызды да мәнді мәселелерінің бірі.
Мемлекеттік билік органдары Қазақстан құқық және мемлекет теорияларында
ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық зерттеле қойған жоқ. Себебі бәрімізге
белгілі жас мемлекетіміз – Қазақстан Республикасының өз алдына дербес отау
тігіп, тәуелсіздік алғанына он төрт жылдың жүзі болды. Көптен күткен
тәуелсіздігіміздің арқасында қазақ топырағында мемлекеттік билік органдары
қалыптасты. Тәуелсіздік алғаннан бергі он төрт жылда еліміздегі мемлекеттік
билік органдарының тұрақты қалыптасуының өзі соңғы бес-алты жыл болар. Олай
болса, отандық мемлекет және құқық теорияларында мемлекеттік билеу
органдары туралы ғылыми зерттеулер өте аз деп реніш айтқанымыз орынсыз
болар. Ендеше, неге болашақтан үміт күтпесе, еліміз тыныш, халқымыз аман
келешекте ғалым, заңгерлеріміз Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік
органдары туралы әлі талай еңбектер жазары сөзсіз?!
Біз бұл еңбегімізде мемлекеттік билік органдарының түсінігін, түрлерін
ресейлік және қазақстандық ғалымдардың зерттеулері мен ой-пікірлерін
қолдана отырып ашық көрсетуге тырыстық. Бұл жөніндегі еңбектерден
Ғ.Сапарғалиевтың Қазақстан Республикасының конституциялық құқығын,
А.М.Барнашевтың Теория разделения властей. Становление, развитие,
применение - деп аталатын әдебиетін, А.А.Гарановтың Парламент и
законодательная власть Казахстана монографиясын, тағы басқа бір қатар
еңбектерді атар едік.
Біз осы еңбекті жазарда алдымызға еңселі мақсат қойдық. Ол халық
игілігі аталатын мемлекеттің билік органдарын жинақталған материалдар мен
өзіміздің түйген ой-пікірлерімізді жүйелеп, саралап, тереңірек зерттеу.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары туралы бір ауыз
сөз айтып, мақала жазбаған ғалымдар, заңгерлер, студенттер кемде-кем. Соған
қарамастан мемлекеттік билік органдары әлі толық зерттеліп болған жоқ.
Мемлекеттік билік органы бұл – күрделі тақырып. Ал еңбектің басты
мақсаты – осындай күрделі құқықтық құбылыстың түсінігін ашып, түрлерін
айқындап, жан-жақты тану.
Өскен, өркендеген елдерде мемлекеттік билік органдары сияқты даңғыл
жүйелердің түсінігін, түрлерін, қызметтерін оларды, қайта құру жобаларын
жілікше шағып, егжейлі-тегжейлі талдаумен тынбай, мемлекеттік билік
органдарының жасаған әр қадамын, қызметтерінің әр сәтін үлкен әнгіменің
арқауы етіп жатады. Осындай мінез бізге де ауадай қажет. Жас алаш
газетінің 2003 жылы 16 мамырдағы 57 номерінде Ақ жол партиясының саяси
реформалар бағдарламасы шықты. Ал осы бағдарлама біздегі мемлекеттік билік
органдарының қалыптасып, нығайюына үлкен ықпал етер еді. Біздің
тарапымыздан бір ұсыныс – Қазақстан Республикасындағы барлық саяси
партиялар саяси реформалар бағдарламасын әзірлеп – халыққа, ел басына
ұсынса. Ал осындай істердің нәтижесінде бағдарламада көзделген жүйелі
амалдар қорытындыланып, Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік
органдары жаман жақтары болса, солардан арылып жақсы істерге бет бұрар еді,
сонымен қатар мемлекеттік билік органдарының құрылымына өзгерістер,
жаңалықтар енеді.
Біздің бұл еңбегіміз Мемлекеттік билік органдары: түсінігі және
түрлері деген тақырыпта өрбіп отырғандықтан әңгіме өзегі – Қазақстан
Республикасының мемлекеттік билік органдары. Еңбегіміз екі тараудан тұрады.
Бірінші тарау – мемлекеттік биліктің құқықтық табиғаты деген атауға ие. Бұл
тарауда үш бөлім мазмұндалған. Осы үш бөлім мемлекеттік биліктің құқықтық
табиғатын, мазмұнын, биліктің, бөліну теориясын құрайды. Екінші тарау –
мемлекеттік билік органдары деп аталған. Мұнда Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік билік органдарын толық, әрі жан-жақты қарастырдық.
Жалпы, еңбегіміз мемлекеттік билік органдарын толық қамтыды.
Әдебиеттердің тапшылығы кедергі келтіргенмен көздеген мақсатымызға
жеткендей болдық.
Жұмыс барысында мемлекеттік биліктің бүгінгі көрінісі туралы қолдан
келгенше ой түюге әрекет жасадық.

І МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ

1.1 БИЛІК ЖАЛПЫ ӘЛЕУМЕТТІК КАТЕГОРИЯ

Мемлекеттік билік органдарын толыққанды талқылау үшін алдымен билікті
жалпы әлеуметтік категория ретінде қарастырып, мазмұнын, мағынасын ашып
алуымыз қажет.
Билік болып қоғамда белгілі бір субъектінің (жеке тұлғаның, ұжымның,
ұйымның) екінші бір субъектіге (жеке тұлғаға, ұжымға, ұйымға) бағынып, яғни
сол субъектінің мүддесіне, еркіне бағынып, мінез-құлық дәріптеуі танылады.
Адамзат баласы өмір сүріп отырған қоғамда биліктің көптеген түрлері
тараған. Атап айтар болсақ: ру, тайпа билігі, экономикалық билік, қоғамдық
ұйымдардың билігі, ата-аналық билік, діни ағымдағы билік, осылардың
арасында ерекше орын алатын, қоғамға кең тараған, қазіргі біздің
мемлекетіміздің қадасын қағып, керегесін кеңейтіп отырған, осы еңбегіміздің
басты тақырыбының іргетасы болып отырған билік - саяси (мемлекеттік) билік.
Осы аталған саяси билік негізгі заңдық мағынада мемлекеттік билік болып
түсіндіріледі және мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылады.
К. Маркс мемлекеттік билікті жүзеге асыратын мемлекет пен оның әр-
түрлі органдары азаматтық қоғамның саяси тірегі болып табылады деп пікір
айтқан.1 Бұдан шығатын қорытынды мынадай: мемлекеттік билік - тікелей
мемлекетпен жүзеге асыратын, мемлекеттік органдардың өкілеттігі мен қолдауы
бойынша жүргізілетін, мемлекетпен белгілі бір әрекеттілік берілген немесе
санкцияланған қоғамдық биліктің айрықша нысаны.
Сонымен қатар Ф.Энгельс саяси (мемлекеттік) билік ерекше жариялылыққа
ие билік деп атап айтқан. 1

1Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т 4 С 447

Биліктің маңызды белгісінің бірі – күш. Себебі, әр мемлекетте билік әр-
қилы жағынан көрініс табады, мысалы бір мемлекетте мемлекеттік билік
мемлекет тарапынан тікелей зорлыққа бағытталса, екіншісінде – жасырын
мәжбірлеуге ие, сондай-ақ үшіншісінде ұйымдастырушылық қызметке ие. 2
Билік күші физикалық күш, қару-жарық күші (дубина, қару, атом бомбасы)
немесе бедел, ақыл-ой күші болуы мүмкін. Енді осы билік жайында ежелгі
ойшыл – ақылмандардың пікірлерін, ұстанған қағидаларын, бағыт-бағдарларын
толғап өтсек. Ежелгі ақылман Никколо Макиавелли өзінің Тақсыр атты
кітабында: Билік иесі елді әр-түрлі тәсілмен басқарады. Бірі - қабылдаған
заң жолымен, екіншісі- күш қолдану арқылы. Алғашқысы адамға, кейінгісі
айуанға тән. Елде тәртіп орнатайын десе, билік иесі осы екі тәсілді де тең
ұстағаны абзал, түсінігі молдарға заңды құрметтеуді үйрет, көнбегендерге
амал жоқ, күш қолдан.
Өз бойыңа арыстан мен түлкінің мінезін қалыптастыр. Арыстан-айбатты,
түлкі-айлакер. Мұның бірін сыртқы, екіншісін ішкі жауыңа пайдалан. Қорқыт
та алдай біл, алда да қорқыта біл. Сонда ғана елдің тізгінін нық ұстайсьң
- деген.1
Иә, әр ғасырлардың, әр қоғамдық құрылыстардың өзіндік билік құпиялары
болған. Ең бастысы билік иесі-жоғары лауазым иесі қарамағындағы, адалдық,
адамгершілік, жан тазалығы және өз-өзіне сенімділік мен мұндалап, көзе ұрып
тұруы шарт.
Жоғарыда атап өткен Тақсыр атты кітапшада, бұған керісінше, билеушіні
орға жығатын бес бірдей сүйкімсіз мінез көрсетілген. Олар: тұрақсыздық.
Жеңіл ойлылық, дөрекілік, сезімсіздік және дұрыс шешім қабылдай
алмаушылық.3
Шығыс филасофтарының көне жазбаларында билік иелерін үш топқа бөледі
екен.

1Маркс К., Энгельс Ф. Соч. Т 4 С 313
2Барнашов А.М Теория разделения властей: становление, развитие,
применение. Томск. 1988. С. 6
3Маккиавелли.Н. Государь М. 1967 Е 74

Біріншісі – кұдайдың өзі туа бітті ақыл дарытқандар. Мұндай билік
иелері ұзақ мерзім билік құрады және еліне көп жақсылық әкеледі.
Екіншісі - өзгенің істегенін көріп, әрекет жасайтындар. Бұлар көбінесе
қу болып келеді. Қоғамға өзгеріс әкелетіндей жаңалық жасай алмайды. Тек
ескіні ғана нығымдап ұстауға бейім тұрады.
Үшіншісі - өзі білмейтін және өзгеден тәлім алмайтындар. Бұлар билік
басына кездейсоқ келеді, олар кез-келген істі айқаймен, дауды соғыспен
шешуге құмар. Мұндай билік иелері бар ел түбінде қырғынға, байлығы тонауға
ұшырайды.1
Наршахи деген ақылман: Халқың, қара нан жесе, сен де қара нан же,
әйтпесе сенімнен айырыласың. Биліктен ажырайсың - деп жазыпты. Өнеге сөз.
Қырғыз жазушысы, адамзаттың Айтматовы: Мен білетін биліктің екі тармағы
бар. Бірі - халқына қызмет ететін, екіншісі -өзіне және туған-
туысқандарына, тұқым-жұрағатына ғана көлеңкесі түсетін билік. Алғашқысы –
жауапкершілікті терең сезінуден, адалдықтан, кейінгісі эгоизм
парықсыздықтан туындайды - деген.2 Десе де, қазіргі біздің билік иелеріміз
кімнің, күйін күйттеп отыр, өзінің бе, жоқ әлде халқының ба? Халқының күйін
күйттеп, жоғын жоқтар билік иелері көп болса, біздің қоғамымызда қолын
созар қайыр-садақа сұраған қайыршылар саны азаяр еді. Осыны көріп
еліміздегі билік иелері өзімшіл ме деп қаласың.
Біздің пікірімізше, қоғам рахаты тек мемлекет басшысына тәуелді.
Себебі, мемлекет басшысы айналасына жинайтын билік иелерін дұрыс саралауы
тиіс. Егер, мемлекеттік билік басына өңкей жағымпаздарды жинаса, өзінің де,
елінің де күні қараң. Өйткені жағымпаздар басшыны мақтамай тұра алмайды.
Ал, мақтау сөз у тәрізді, тұла бойыңды түгел билеп алады.

1Макиавелли.Н. Государь М. 1967 С 56
2Айтматов.Ш, Шаханов.М, Құз басындағы аңшынын зары. А. Рауан. 168.

Алды-артыңды болжаудан қалдырады. Осының салдарынан халқыңды ұмытасың.
Қаптап жүрген мүсәпір - қайыршыларды көрмейсің. Сондықтан Президент
Үкіметті құруда мүше болушылардың психологиясына терең үңілуі тиіс.
Афина патшасы Амасиске ғұлама Солон: Менің пікірімше үкімет билгін
халық билігіне айналдыра алған патша ғана даңқты болады-деп кеңес берген.
Олай болса, билік тізгінін ұстаған ақылмандардың кемеңгерлігі - ел
бақыты. Конфуций – біздің дәуірімізге дейінгі 551- 479 жылдары өмір сүрген
қытай халқының атақты философы, ойшылы. Оның ұлы қағидалары мен
өсиеттерінен көне қытайдың көптеген билеушілері тәлім алған. Тіпті ең бір
қаһарлы императордың өзі: Ел басқару ісінде қателессек, ұлы ұстазымыз
кешірмейді-ау - деп қорыққан. Конфуцийдің билік туралы ұлағатты сөздері
бұл күнде әлемнің барша тіліне аударылған.
Әр адам өз ісін адалдықпен атқара білсін. Билеуші елді билесін,
жұмысшы еңбек етсін, әке-әке, бала-бала орнында болсын. Тұрақтылықтың осы
қарапайым қағидасы бұзылса, мемлекет іштен іриді. Үлкен өрт кішкене шақпақ
тастан шыққан ұшқыннан басталады.
Конфуцийдің қағидаларын Қытай көсемдері әлі күнге басшылыққа алып
отырады екен. Ал біздің билеушілеріміз, кешегі алты алашты аузына қаратқан
үш жүздің үш тарланы Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің тағылымы мол
сөздерін біле ме екен ?!
Жалпы, билік иесі болу бақытына алуан салалы қызметтің, саяси
қақтығыстардың қойнауына түсіп ысылып, сыналған, ақылы мен парасаты,
кемеңгерлігі мен кеңдігі келіскен өзге тұстастарынан оқ бойы озық тұлға
ғана ие болуы тиіс қой.
Алайда бұл ереже біздің мемлекеттік органда отырған азаматтарымызға тән
емес. Мысалы, елімізде бір жылдары өткен Парламент депутаттарын сайлау
кезінде небір пәлелер болмады десеңізші. Бір депутатқа талапкер
сайлаушыларына аяқ киім үлестірген. Бірақ бәріне бір-бір сыңардан ғана.
Әлгі өлермен:
- Маған дауыс беріңдер. Қарсыластарымды жеңіп шықсам, екінші сыңарын
аласыңдар деп қоңторғай болып жүрген халықтың осал жерін басады. Қалған
талапкер - бақталастары қалсын ба, ақшаны оңды-солды шашып, судай ағызған.
Нәтижесінде аяқ киім үлестіргеннің бағы жанбады. Десе де, осындайлардьң
талайы Парламентке өтіп кетті. Бір кезде рухани жағынан таяз, бір жолғы
қызығы, мансабы, үшін халық мүддесін сатып жіберетін алаяқтардың талайы
қазір көзін ашып-жұмып Парламент залында отыр. Қарапайым жұрттың тағдыры
осындай азаматтарға қарап калды. Осы жайттарды зерделесек, бұл - біздің
демократиядан тапқан бір ұтылысымыз - осындай депутат ағаларымыз бен
апаларымызға қарап отырып кешегі грек саясаткері Солон еріксіз еске түседі.
Ол Саясаткерлік деген – алдампаздық демеп пе еді.
Еліміздегі мемлекеттік билік органдарының алшың басуы-қоғамымыздағы
демократияның бір көрінісі. Осыны пайдаланып, билік иелер әй дер әжеге, қой
дер қожаға құлақ аспауда. Алайда, демократия дегеніміз - өзіне тән шектеуі
мен шекарасы бар қатаң тәртіп.1 Қарапайым ғана мысал. Отбасы - мемлекеттің
үлгісі. Оның да көсем басшысы, сенімді қосшысы, орнықты орындаушылары бар.
Демократия, аузыма не келсе соны көкуге еркім бар деп, келін атаның
сақалына жармасып, ұл шешесінің бетінен алып жатса не болмақ? Ырыс емес, үй-
ішіне қып-қызыл төбелес алып келетін, рухани мәдениетке тамыр жібермеген
демократиядан не қайыр?!
Бақ пен сордың арасы - бір-ақ қадам депті императорлық тақ пен тәжден
айырылып, әулие Елена аралына жер аударылып бара жатқан Наполеон Бонапарт
өкініштен бармағын шайнап. Сол сияқты - біздегі билік иелері аңдап баспаса,
абайлап ұстамаса қолындағы биліктен айырылып қалуы ғажап емес.

1Керимсв.Д.А. Философские проблемы права. М. 1972 С 407

Жалпы тілмен айтсақ билік - айбалтаның басы да, демократия - сабы. Ал
сабын ұстайтын әулетті қолдың иесі қашан да халық екенін естен шығармаған
жөн. Сондықтан бұл екеуін бөле жара караудың қажеті жоқ. Осы екі тірліктің
бірі бұзылса, екіншісі қисаймай тұрмайды. Мысалы, Люксембургте, көшеде келе
жатқан адам жолда жатқан әмиянды тауып алса, ол оны міндетті түрде
полицияға апарып тапсырады екен. Байыппен қарасақ. Бұл - қалыптасқан мінез
бен демократияның шынайылылығы.
Ал жоғалғанды тауып бермек түгілі, қолыңдағыны жұлып алатын біздің
қоғамда, демек билік те, демократия да, дұрыс орнықпай жатқаны-ау! Ендеше,
біз демократияға қол жеткіздік, аспаннан алтын жауады екен деген ұғымнан
арылуымыз қажет. Біз үшін - идеал қоғамның ауылы алыс. Осыны жан –
тәніңмен, бүкіл болмысыңмен түсіну парыз. Қолдағы билік пен мүмкіндікті
жалаң өз басына пайдаланбай, еліне жақсылық жасауға ұмтылса ғана
демократияның бағы жанады.
Ежелгі заң реформаторы Солон өз билігі хақында былайша толғанған: мен
халыққа билікті олар қажет еткен мөлшерде бердім. Олардың абыройын
шектемедім, бірақ артық құқық берген жоқпын1 Солон болса бұдан ұтылмады,
керісінше үнемі ұтыста болды.
Демек, біздегі билік иелері өз дәуірінде де, болашақ алдында да ұтылмау
үшін халық мүддесін өз мүддесінен артық қоюы керек. Сонда ғана қоғамда
демократия аясындағы билік салтанат құрары сөзсіз.

1.2. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ

Сонымен, мемлекеттің бірден-бір орталығын құрайтын саяси (мемлекеттік)
билік дегеніміз не? Енді осы сұраққа жауап іздеп көрсек.

8Айтматов Ш., Шаханов М. Билік мен рухани байлық Құз басындағы
аңшының зары. А.: Рауан 147 бет.

Билік бұл - бір жеке тұлғаның немесе топтың шешім қабылдау құқығы мен
мүмкіндігіне көрініс табатын өзге де жеке тұлға немесе топ үшін міндетті
сипатқа ие әлеуметтік қатынас, әлеуметтік институт, басқаша айтқанда бұл
басқару-орындау қатынасы, кейде бұл бұйрық берушілік пен
бағынушылықтың қатаң нысанында көрініс береді. Бір адамның басқа адамға
бағыну негізінен теңсіздікке жатады: табиғи теңсіздік (физикалық,
интеллектуалдық) және әлеуметтік теңсіздік (мәртебелілік, экономикалық,
білімділік және т.б).1
Табиғи теңсіздік негізінде пайда болатын билік қашанда жеке тұлға
аралық қарым-қатынас сипатына ие. Бұл жағдайда біз бір адамға бағынамыз.
Алайда жаңадан пайда болған жағдайда ол адам өз үстемдігін, артықшылығын
көрсете бере алмайды, біз оның өкімін орындамауымыз да ғажап емес.
Әлеуметтік теңсіздікке негізделген билік өзінің персоналдық нысанын
жоғалта алады. Себебі біз қызметте физикалық тұрғыдан күшті, қуатты болсын
немесе бізге ұнасын, ұнамасын бастықтың өкімін орындауға мәжбүрміз. Ол
қоғамда да өзінің нақты қатысушыларынан тәулсіз және әлеуметтік кеңістікте
жеткілікті дәрежеде тұрып, жүзеге асырылады. мысалы, отағасы, діни
қауымдастықтың рухани басшысы, мекеме жетекшісі, партия қолбасшысы бұлардың
барлығы әлеуметтік кеңістікте әртүрлі орында тұрса да өзінің бағдарламасы
бойынша міндетті шешімдерді қабылдауда айрықша құқыққа ие. Мұндай биліктің
тұрақты болуының себебі оның институциализациясында, әлеуметтік теңсіздікке
негізделген билік әлеуметтік институт болып табылады.
Яғни, билік әлеуметтік теңсіздік негізінде пайда болады, бірақ бұл
теңсіздік автоматты түрде билік қатынастарына ықпал етеді деген сөз емес.
Мысалы, мекеме директоры көрші заводтың жұмыскерлеріне өкім бере алмайды.
Билік беруге басқару, екіншісіне бағынуды мазмұндайтын нормалар мен
ережелер бекітілгенде ғана және осы ережені бұзғандар бойынша санкция
шыққанда ғана пайда болады. Міне, біз осы ережелерден кейін ғана билікті
әлеуметтік институтқа, әлеуметтік теңсіздікке негіздеген деп айта аламыз.

1Бердияев Н.А., Государство Власть и право. Л. 1990 С 113

Қоғамда биліктің айрықша түрі бар. Оның басты белгісі болып билік
субъектілерімен қабылданған, қоғамның барлық мүшелері үшін міндетті болатын
шешім табылады. Бұл салықты өндіріп алу жөніндегі, меншік құқығын реттеуші
тәртіп жөніндегі, даулар мен келіспеушіліктерді шешу мен қарау тәртібі
жөніндегі шешімдер болуы мүмкін. Биліктің бұл түрі осы еңбегіміздің
мазмұнынан және бір бөліміне арқау болып отырған – мемлекеттік билік.
Мемлекеттік биліктің негізінен әлеуметтік теңсіздіктің ерекше түрі
енеді – ол саяси теңсіздік. Саяси теңсіздік бұл – саяси мәртебелердің
теңсіздігі. Адам жауапкершілігі мол шешім қабылдау құқығын Үкімет мүшесі
бола отырып, Парламент депутаты бола отырып, қоғамның иерархиялық
құрылуында өзінің ерекше мәртебесіне байланысты ала алады. Адамның осындай
дәрежеге жетуіне ықпал етуші факторлардың қатарына жеке тұлғаның ерекше
өзгешеліктерін атап айтуға болады: білім деңгейі, саяси ұйымдар қолдауы,
жаппай ақпарат құралдарына қол жеткізу және т.б.
Әлеуметтік теңсіздік қоғамды басқару үшін мүмкіндік туғызады. Себебі
социумның өмірлік координациясы үшін басқару орталығы ми штабы, сонымен
бірге жекелеген және топтық мүдделердің өзімшілдігін жеңу қажет.
Демек, қоғам тарихы – саяси теңсіздікті жою тарихы емес, бұл – қоғамды
ұйымдастырудың тиімді әдістерін құру және іздеу. Саяси билік қашанда
қоғамның дамуына үлес қосқан.
Саяси (мемлекеттік) билік қатынастарын реттейтін нормаларды сақтау
саяси социализация үрдісімен қамтамасыз етіледі: адам бала шағынан өзінен
орындауды талап ететін бұл нормалармен танысады. Жеке тұлға норманы сақтауы
өзіндік әдет, қарапайым іс болып кетеді.1

1Чиркин В.Е., Легализация, лигитимизация государственной власти
Государство и право. М. 1995. №8

Мемлекеттік биліктің пайда болуы және институализациялану үрдісі
мемлекеттің пайда болу және даму үрдісімен қатар жүреді. Себебі, саяси
шешімдерді қабылдаудың айрықша құқығы мемлекеттік органдарға тиесілі,
сондықтан мемлекеттік заң шығарудың соңғы нүктесі болып табылады.
Мемлекеттік билік органдары – мемлекеттік биліктік өкілеттерге ие және
өз құзыреті шегінде мемлекеттің белгілі бір міндеттері мен қызметтерін
жүзеге асыру үшін қажетті материалдық құралдарды иеленетін мемлекеттік
қызметкерлерден тұратын мемлекеттік механизмнің ұйымдасқан, рәсімделген
шаруашылықты бөлігі органдарының санын негіздейді.1
Мемлекеттік билік органдары оның лигитимдігінің заңды қайнар көзі
ретіндегі критерий бойынша төмендегідей болып сараланады:
1. Конституциямен, республикалық заңдармен мемлекет қызметін және
міндетін тікелей орындау үшін республика субъектілерінің жарғысымен
бекітілетін органдар. (Республика Үкіметі, Парламенті, сот
органдары).
2. Жоғарыда аталған мемлекеттік органдардың түрлерінің өкілеттіктерін
орындауды қамтамасыз ету үшін құрылатын органдар (Президент
әкімшілігі және тағы басқалары).
Мемлекеттік билік органдары мемлекет механизмін қамтиды.
Мемлекеттік механизмі түсінігі мемлекеттік аппарат категориясымен
тығыз байланысты. Соңғысын екі мағынада: тар және кең мағынада түсінуіміз
қажет. Кең мағынада мемлекеттік аппарат түсінігі барлық мемлекеттік
органдардың жиынтығы ретінде мемлекеттік механизм анықтамасына сәйкес
келеді. Неғұрлым тар (арнайы) мағынада мемлекеттік аппарат ретінде
мемлекеттік басқару аппараты түсіндіріледі.
Ендеше, мемлекет механизмі (аппараты) бұл – Қазақстан Республикасының
Конституциясында, өзге де республикалық заңдарда бекітілген, тепе-теңдік
және тежемелік қағидасына негізделген мемлекеттік органдар жүйесі. Яғни,
мемлекеттік билік органдары мемлекеттік механизмге тоғысады. Біз қай
тұрғыдан болмасын, мемлекеттік билік органдарын қарастырғанда мемлекеттік
механизмді де қарастыруымыз қажет.

1Алексеев С.С. Теория права. М., 1994. С. 11

1.3 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІ БӨЛУ ТЕОРИЯСЫ

Билікті бөлу теориясы осыдан үш жүз жылдар бұрын пайда болған. Оның
негізін қалаушылар болып ағылшындық философ - материалист, материализмнің
идеялық - саяси доктринасын құрушы Джон Локк (1632 –1704) пен француздық
философ және құқықтанушы Шарль Луй Монтескье (1689-1755) шықты.
Мемлекеттік билік бөлудің маңыздылығы мен қажеттіліктері жөніндегі Джон
Локктың идеялары 1690 жылғы жарық көрген Мемлекеттік басқару туралы екі
трактат деген басты еңбегінде көрініс тапса, Монтескьенің идеялары
Персиялық хат романында мазмұндалады. Бұл еңбегінде Джон Локк билікті
бөліске салу керек, себебі абсолютті монархия-тирандық режимнің
қалыптасуына ықпал етсе, заңсыздық - адамзат болмыс - бітіміне қарама-қайшы
келеді, ал билікті бөлу қағидасы негізінде пайда болған жария саяси
(мемлекеттік) билік адамдардың табиғи болмыс-бітімін сақтап, мүдделерін
көздейді десе,1 Шарль Луи Монтескье. Әрбір мемлекеттік биліктің үш
тегі болуы керек: заң шығарушы билік, халықаралық құқық сұрақтарын
жүргізетін атқарушы билік және азаматтық құқық мәселелерімен айналысатын
атқарушы билік. Осы аталғандардың біріншісінде мемлекет басшысы немесе
мекеме уақытша немесе тұрақты заңдар шығарады және әрекет етіп жатқан
заңдардың күшін тоқтатады немесе оларға өзгертулер енгізеді. Ал екінші
биліктің құзыретіне соғыс жариялау, бейбітшілік орнату, өкілдерді қабылдау,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету сияқты күрделі мәселелер енеді. Сондай-ақ,
үшінші билік қылмысты жазалауды, жеке тұлғалардың қақтығыстарын реттеуді
жүзеге асырады. Сонымен қатар ең соңғы билікті соттық билік деп
қарастыруымыз керек деп салиқалы пікір айтқан.1

'Локк.Дж., Двух трактатов о государственном правлений. М 1987. С 131.

Мемлекеттік биліктің кеңестік концепциясының негізін қалаушылар
К.Маркс, Ф.Энгельс жене В.И.Ленин мемлекеттік билікті жұмысшы корпорация
ретінде қарастырған2. Көптеген уақыт бойы билікті бөлу теориясы кеңестік
ғылыммен буржуазиялық болып есептелінеді. Яғни, мұндағы концепциялар
мемлекеттің әр-түрлі органдары арасында қызметті, еңбекті бөлу қажеттілігін
мойындамады.
Алайда уақыт өте келе билікті бөлу теориясы кең етек жая бастады.
Осылайша, мемлекеттік биліктің механизмінің элементтері деген ұғым
қалыптасты. Мұндай элементтер болып мемлекеттік билік субьектісі (билік
жүктелуші) мен институттар (органдар, тікелей демократия нысандары) шықты.
Мемлекеттік билік қоғамда үстемдік етуші әлеуметтік топтың, яғни халықтың
мүддесін көздеуші ролге ие болды.
Мемлекеттік билікті бөлу қағидасының тарихы ежелден бастау алған.
Француз құқықтанушысы Монтескье 1748 жылғы атаулы бір еңбегінде Жеке тұлға
саяси бостандықта болу үшін үкімет адамдар бір - бірінен қорықпайтындай
дәрежеде ұйымдастырылуы қажет. Егер заң шығарушы және атқарушы билік бір
адамның немесе бір магистратура органдарының иелігіне шоғырланса, онда
бостандық болуы мүмкін емес, мұндай жағдайда қоғамда үрей, қорқыныш пайда
болады және бүкіл билікті бір өзінің қолына алған монарх немесе сенат
тирандық заңдар шығарып, оны тирандық сипатта қолдануы мүмкін.
Сонымен қатар, соттық билік заң шығарушы және атқарушы биліктен
бөлінбесе, онда бостандық туралы әңгіме қозғау мүмкін емес. Егер сот билігі
мен заң шығарушы билік біріксе субъектінің өмірі мен бостандығы ақылға
қонымсыз кетуі мүмкін. Ал атқарушы билікпен біріксе сот қатыгездікке бой
ұрады, - деген.1

1Монтескье.Ш.Л., Персидское письмо М. 1985 С. 93
2Ленин.В.И. Поли. Собр. Соч. Т 39 С. 73

1990 жылғы 25 қазандағы Қазақ КСР-ының бұрын буржуазиялық саяси
институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығарған билік бөлісу қағидасын
бірінші рет жариялаған акт. Қазақстан КСР-ының 1978 ж. Конституциясы,
жалпыға мәлім, бұл органда ешқандай бүкіл билік болмаса да, Жоғарғы Кеңеске
бүкіл билікті бекітті. Жоғарғы өкілді органның бірыңғай билігінің мәні,
міне осында. Алайда, Қазақ, КСР-інің Жоғары Кеңесі Парламенттей болған жоқ,
өйткені онда билік бөлісу және тұрақты жұмыс істейтін жоғарғы өкілді
органдары болған жоқ.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Конституциясы Жоғарғы Кеңеске кең
өкілеттілік бергені сондай мемлекеттік билікті бөлісу қағидасы шын
мәнінде болған жоқ. Сонымен қатар, тежемелік және тепе тендік жүйесі де
орнықтырылмады. Сөйтіп, 1993 жылғы Конституция мемлекеттік билігінің
қайшылықты құқықтық, базасын жасады. Тұрақты жұмыс істейтін Жоғарғы Кеңес
әрине, өз қызметін толық атқара алмады. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың пікірінше, Қазақстан үшін парламенттік республиканың
орнықтырылмаған себебі онда парламентаризмнің дәстүрі мен мәдениеті, көп
партиялылықтың дамыған жүйесі болмады және ең бастысы, мұның бәрін халықтың
қалың санасы қабылдамады. Бүгінгі таңда бізде ол жоқ.2
1993 жылдың қаңтарында қабылданған Конституцияда Президенттік басқару
жүйесі орнықтырылмады. Мұнда Президент биліктің бірде-бір тармағына жатқан
жоқ. Конституциялық Сот органы болып табылмайтын Конституциялық Кеңеспен
алмастырылды. Жоғарғы Соттың шеңберінде біртұтас жүйе орнықты. Осындай
қайта құрулар нәтижесінде мемлекеттік биліктің Президенттік басқару
жүйесіне тән жоғарғы және жергілікті органдарын қайта құрулар негізінен
аяқталды.

1Монтескье Ш Философия права М., 1986. С. 161
2Назарбаев.Н.Э. Доклад на 2-сессий Ассамблей народов Казахстана
Политика, 1995. №2. СП

Қазақстан Республикасының Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол
Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот
тармақтарына бөліну және өзара іс-қимыл жасау қағидаларына сәйкес жүзеге
асырылады делінген (3-бап 4 тармақ). Мемлекеттік билік жүйесі тек
көлбегей ғана емес тік те бөлу қағидаларына негізделген. Алайда, біртұтас
мемлекеттік билікті тік бөлудің жоғарғы және жергілікті мемлекеттік
органдарының арасында іс жүргізуді шектеуде өзіндік ерекшелігі бар.
Қазақстанның Конституциясы және тиісті заң актілері мемлекеттік билік
органдарына, бір жағынан олардың жергілікті жерлердегі мәселелерді шешуге,
екінші жағынан жоғарғы органдардың өкілеттігіне араласып, біртұтастық
қағидасын бұзуға болмайтындай өкілеттіктер шегін белгіледі.
Билік бөлу қағидасының маңызды болатын себебі ол мемлекеттің
ұйымдастырылуының, оның тетіктерін белгілейді. Конституция бұл қағиданы
тану алдыңғы қатарлы демократиялық мемлекеттердің тарихи тәжірибиесін
ескертуді, құқықтық мемлекет бағыт ұсынуды білдіреді.1
Қазақстан Республикасында Конституция нормаларын талдау билік бөлу
жүйесінде Президенттің жағдайы ерекше деп есептеуге негіз қалайды.
Біріншіден, Президент толық күйінде биліктің бірде-бір тармағына қойылуы
мүмкін емес, екіншіден, оның биліктің барлық тармағына қызметіне бірдей
араласуына мүмкіндік беретіндей құқығы бар, үшіншіден, оның өкілеттілігі
мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді қызметін билік
органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасіз ете алады.
Конституцияға сәйкес мемлекеттік билікті шығарушылық, атқарушылық
билік, сот билігі тармақтарына бөліну принципінің қабылдануына орай –
Қазақстан халқының еркі мемлекеттік биліктің бірден бір бастауы болып
табылады. Міне, осыдан келіп мемлекет органдарының қызметі халықтың еркі
негізінде жүзеге аса бастады. Ал, мемлекеттік билік органдарының қызметің,
өзара іс-қимылын үлестіруші күш болып – Президент болады.

1Марченко М.Н. Теория государства и права М., 1995 С.225 – 247.

Мемлекеттік билікті бөлу біздің дербес және тәуелді мемлекетіміз үшін
жаңа қағида болғанымен, басқа елдерде ол ежелден бері қолданыста.
Билікті бөлу теориясы көптеген саясат зерттеушілерімен анықталды: идея
Аристотелмен айтылып, теориялық, тұрғыдан Джон Локкпен (1632-1704 ж.ж)
негізделді және дамыды, классикалық түрде Шарль Луй Монтескьемен (1689-1755
ж.ж) әзірленіп, бұдан кейін Алексендр Гамильтонмен, Джеймс Мэдисонмен
жанданды.
Билік бөлу теориясының негізгі ережелері мынадай:
1) Билікті бөлу Конституциямен бекітіледі.
2) Конституцияға сәйкес Заң шығарушы, атқарушы және соттық билік
әр-түрлі органдармен және адамдармен ұсынылады:
3) Барлық, билік тең
4) Ешқандай билік өзге билікке тиесілі құқықтарға ие бола алмайды.
5) Соттық билік саяси ықпал етуден тәуелсіз.
Билікті бөлу қағидасының теориялық және практикалық қайнар көздері -
Ежелгі Греция мен Римде.
Ежелгі Грецияда Солон архонт бола тұра 400 кеңесін құрды және өз
өкілеттігі бойынша бір-бірімен деңгейлес ареопаг қалдырды. Солонның сөзі
бойынша осы екі орган мемлекеттік кемені кез-келген дауылдан қорғайтын якор
болды. Кейінірек, б.э.д IV-ғасырда Аристотель өзінің Саясат еңбегінде
мемлекеттік құрылыстың үш элементін көрсетті: заң шығарушылық кеңестік
орган, магистратуралар және сот органдары. Екі ғасыр өткеннен кейін
грециялық тарихшы және саяси қызметкер Полибий (210-123 ж.ж. б.э.д.) бұл
құрамдас элементтердің қарсыласы отырып, бір-бірін қолдап отыратынын
көрсетті. Ол аты аңызға айналған спартандық заң шығарушы Ликург туралы
жазды.
Биліктің бөліну теориясы өзінің теориялық дамуын орта ғасырда тапты.
Яғни Ағылшын философы Джон Локк (1690 ж) Мемлекеттік басқару туралы екі
трактат деген еңбегінде биліктің жекелеген бөліктерінің өзара әрекеті және
өзара байланысы қағидасын қарастырған. Мұнда басымдылық билік бөлу
механизмінде заң шығарушы билікте қалды. Ол елде жоғары, бірақ абсалютті
емес. Қалған биліктер заң шығарушыға қарағанда бағынушы сипатқа ие.
Мемлекеттік басқару туралы екі трактаттан кейін жүз жыл өткен соң
1789 жылы 26 тамызда Францияның Ұлттың Жиналысымен қабылданған адамдар мен
азаматтардың құқтарының Декларациясында Билік бөлінбеген және құқықтарды
пайдалануға қамтасыз етілмеген қоғамда, Конституция болмайды делінген.
Джон Локктың көзқарасы француздық философ Шарль Луй Монтескьенің
билікті бөлудің классикалык теориясын дамытты. Монтескьенің пікірі бойынша
билікті бөлу жүйесінің болуы қоғамды мемлекеттік билікті шектен тыс
пайдаланудан сақтайды. Ол заң шығарушы және атқарушы билік бір тұлғаның
қолына немесе бір мекемеге біріксе, онда бостандық болмайды, себебі сенат
пен монарх тирандық заңдар шығарады. Сонымен қатар, егер сот билігі заң
шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе бостандық та болмайды. Егер осы
үш билік бір мекемеге, бір тұлғаға біріксе онда бәрі құриды деп жазған.1
Бұл заңды. Себебі біз қазір өз таңдауымызды жасап мемлекеттік билікті
өз орнына қоюдамыз. Бұл жерде жоғарыда аталған өткен ойшылдардың да пікірін
бетке ұстадық.
Өздеріңізге белгілі, екі жүз елу миллионнан астам халықты бір ұранның
астында ортақ саяси көзқараспен ұстаған Кеңес Одағы араға жетпіс жылдан
астам уақыт салып күйреп, ыдырап, жеке-жеке отау тіккен он бес мемлекетке
айналды. (Бұл санның көбеюіде ғажап емес).

1Монтескье Ш.Л. Избранное произведение. М., 1976. Т – 1. С – 92.

Бұдан кейін, қоғамдық қатынастың жаңа құрылымында қай бағытта дамып,
билікті қай шеңберде ұстау керек деген күрделі сұрақ біздің жас
мемлекетіміз – Қазақстан Республикасын мазаландырылғаны ақиқат. Алайда,
еліміз өз таңдауын жасады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік биліктің
бірден-бір бастауы – халық болып бекітілді. Халық билікті тікелей
республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ
өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді.

ІІ Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік билік органдары

2.1 Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттік биліктің кепілі
жӘне рӘмізі

Қазақстан Республикасының Президенті халық пен мемлекеттік биліктің,
Конституциясының мызғымастығының, адам мен азаматтық құқықтары мен
бостандықтарының рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық
бірлігінің рәмізі болып табылатынның себебі, оны мемлекет басшылығына
көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді.
Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президенттің мемлекет
биліктің кепілі болып табылатынының себебі, ол билік тармақтарының бірде-
біріне жатпайды, оның барлық тармақтарының келісіммен қызмет етуін
қамтамасыз етуі тиіс. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа да
заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін
қамтамасыз етуі тиіс.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: басқарудың президенттік жүйесін
мемлекеттің бүгінгі таңдағы басшыларының қайсыбір мүдделері мен
амбициялары емес, объективті факторлар тудырады. Және, бұл, біздің еліміз
үшін айтарлықтай ұзақ мерзімді болашақ үшін қажет деп жазды.1 Он екінші
шақырылған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өзінен өзі тарқағаннан
кейін және Президентке заң шығару органдарының кейбір өкілеттігі уақытша
берілгеннен кейін Президент мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелері бойынша
жедел және сапалылық деңгейі айтарлықтай жоғары Конституциялық жай заңдық
күші бар жүздеген Жарлықтар шығарады.
Мемлекеттің басшысы және жоғары лауазымды тұлғаның қызметін
тиісті деңгейде атқару үшін Президенттікке кандидат кемелденген жасқа
келген, өмірлік мол тәжірбие жинақтаған болуы тиіс. Осыны ескере келе,
Президенттікке Қазақстан Республикасының кемінде отыз бес жасқа толған
азаматы сайлана алатындығы белгіленді.

1 Назарбаев Н., На пороге ХХІ – века. Алматы, 1996. С. 181

Қазақстан Республикасының Конституциясымен рұқсат етілетін ең жоғарғы
жас шегі де белгіленген. Қазақстан Республикасының 65 жастан аспаған
азаматы Президент бола алады. Жастың жоғары шегін белгілеудің бір ғана
себебі бар: қабілетсіздігіне қарамастан, адамдардың әбден қартайғанша билік
басынан кетпейтін кеңестікке кезең тәжірибесін қайталаудан сақтандыру.1
Қазақстан Республикасының Президенттікке үміткер адам міндетті түрде
тумысынан Қазақстан Республикасының азаматы болуы керектігін және
Қазақстанда кемінде он бес жыл тұру қажеттігін белгілейді. Мұндай талаптың
қойылуы дұрыс, себебі мемлекет басшысы лауазымына үміткер адам елді,
халықты, оның тарихын, экономикасын, ұлттық ерекшеліктерін жақсы білуі
тиіс.
Конституция Қазақстан Республикасы Президенттігіне мемлекеттік (қазақ)
тілді еркін меңгерген азаматтың сайлана алатындығын белгілейді. Мұндай
талап, Қазақстан мемлекеті байырғы қазақ жерінде құрылғандықтан, қазақ ұлты
сақталуын қамтамасыз етудің басты шарттарының бірі - оны сақтау болып
табылатындықтан, тілдің өмір сүруін қамтамасыз ететін барлық қызметті
атқарудан туындайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентті сайлау үшін
барынша көпшілік дауыстың мажоритарлық жүйесін белгіледі. Егер дауыс беруге
сайлаушылардың елу пайыздан астамы қатысса сайлау өткізілген болып
есептеледі. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 50 пайызынан астамы
алған кандидат сайланған болып есептелінеді. Егер кандидаттың бірде-бірі
аталған дауыс санына ие бола
алмаса, қайтара дауыс беру өткізіледі.

1.Малиновский.В., Президент Республики в совершенствование
государственности Казахстанская правда. 1996. 22- августь.

Қайтара дауыс беруге көпшілік дауысын алған екі кандидат қатысады.
Дауыс беруге қатысушылардың көпшілік дауысын жинаған кандидат сайланған
болып есептеледі.
Мұндай өкілеттіктер мемлекеттік билік органдарының қызметтерін
үйлестіріп отыруда зор ықпал етеді. Енді осы өкілеттіктерге тоқталып
өтсек.
Президенттің Парламентке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің
кезекті және кезектен тыс сайлауын тағайындайды, Парламенттік өкілеттік
мерзіміне Сенатқа жеті депутатты тағайындайды, Парламенттің бірінші
сессиясын шақырады, Парламент депутаттарының Қазақстан халқына антын
қабылдайды, Сенат төрағасы лауазымына кандидат ұсынады, Палаталардың кез-
келген бірлескен және жеке өткізілетін отырыстарында қатысуға және сөз
сөйлеуге құқылы, Үкімет мүшесі Заңдарды орындамаған жағдайда Парламент
Сенатының немесе Мәжілісінің оларды қызметінен босату жайындағы өтінішін
қарайды. Конституцияда көзделген тәртіппен Парламентті тарата алады.
Президенттің Үкіметке қатысты өкілеттігі: Президент Парламенттің
келісімімен Республиканың Премьер – министрін қызметке тағайындайды, оны
қызметтен босатады, Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқару органдарын
құрады, таратады және қайта құрады, Үкімет мүшелерінің антын қабылдайды,
Премьер – министрдің оның қызметінің бағыттары туралы баяндамасын тұрақты
түрде тыңдайды, өте маңызды мәселелер бойынша Үкімет отырыстарына төрағалық
етеді, Үкімет немесе оның кез-келген мүшесі орнынан түсуі жөнінде
мәлімдегенде шешім қабылдайды, конституцияда және заңдарда көзделген өзге
де атқарушылық қызметті жүзеге асыруды Үкіметке жүктеуге құқылы.1
Президенттің Соттарға және судьяларға қатысты өкілеттігі: Президент
Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысы бойынша қызметке сайлау және қызметтен босату
үшін Жоғарғы Сот Төрағасы, Жоғарғы Сот алқалары төрағалары мен судьяларды
Сенатқа ұсынады, облыстың және соған теңестірілген соттардың төрағаларын,
облыстық және соған теңестірілген сот алқаларының төрағалары мен судьяларын
қызметке тағайындайды, Әділет министрінің ұсынысы бойынша республиканың
басқа соттары төрағалары мен судьяларын тағайындайды.

1 Қазақстан Республикасы Үкіметі жұмысының Регламенті – 1996 22 ақпан

Президенттің әкімдерге қатысты өкілеттігі: Премьер - министрдің
ұсынысымен Президент обылыстың, республикалық дәрежедегі қалалардың және
астананың әкімдерін қызметке тағайындайды, өзінің құзыретіндегі мәселелер
бойынша әкімдерге тапсырмалар береді және оның орындалуы туралы олардың
есептерін тыңдайды, мәслихат депутаттарының басым көпшілік даусымен сенім
көрсетілмеген жағдайда өз қалауымен облыстық, республикалық дәрежедегі
қалалардың және астананың әкімдерін қызметтерінен босатады.
Дегенмен, Президент өз өкілеттігі аясының кеңдігін пайдаланып мен,
мен деген сөзді жиі қолданбаса екен. Өйткені олардың аузынан шыққан
бүгінгі жай мен ертеңгі күні мемлекетте – мен деген айбарға ұласуы
әбден мүмкін. Бұл елбасылардың болашақта қауіп тудырар мінездерінің
біріншісі.
Екіншіден, өздерін шексіз билік иесі сезініп, жіберген қателіктерін
талқыламауға, оны жұрт назарынан тыс ұстауға тырысулары мүмкін. Демократия
алға қойылған мемлекеттерде Президенттердің артық, оғаш қылықтары да
қатаң қадағаланады. Мысалы, батыс елдеріндегі бір Президент өзіне бөлінген
жеке ұшақты екі сағат күттіріп қойғаны үшін парламент талқысына түсіп,
айыппұл төлеуге мәжбүр болған.
Үшіншіден, парламенттің құқығы мен мүмкіндігін, билік өрісін тарылтып,
бұғау салуға тырысуы.
Төртінші қауіп - асыра мақтау мен жағымпаздыққа бой алдыра
бастағандары. Бұл екі індеттің бағындырмайтын шыңы өте сирек.
Дегенмен, жоғарыда айтылғандардан өзге бірен - саран оң, қадамдар да
жоқ емес. Буын - буынына енді түсе бастаған осы аса қауіпті індетке қарсы
қояр күш тауып, естерін тез жинап ала қойса өздері үшін де, халық үшін де
игілікті іс етер еді.
Біздің көкейімізде жүрген бір ұсыныс. Біз Конституциямызға ақ бата,
қара бата деген толықтыру енгізсек. Еліне еңбегі сінген, қоғамды алға
шыққан басшыға зейнет демалысына шығарда, ақ бата берейік. Ақ бата алған
деген құрметті атақты иеленсін. Ал үкімет мүлкін талан – таражыға түсірген,
ел мүддесінен гөрі өз мүддесін жоғары қойған басшыға қара бата берейік. Ол
елден қара бата алған адам ретінде төменшіктеп жүрсін. Бұл біздің елбасы
тағдырына алаңдаушылығымыз.

2.2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МEМЛEКEТ МEХАНИЗМI ҚҰPЫЛЫМЫ ЖӘНE БEЛГIЛEPI
Саяси бәсекелестік
Демократиялық режимнің белгілері
Саясаттанудың пәні, әдіс-тәсілдері мен міндеттері
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДА ПАРЛАМЕНТАРИЗМ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Мемлекеттік билік түсінігі
Монтескьенің еңбектеріндегі құқықтың өзекті мәселелерін, нысандары мен бағыттарын, ерекшеліктерін зерттеу
Латын америкасы мемлекеттерінің құрылтайшы биліктік тәжірибесі
Гуго Гроций кім
Құқықтық мемлекет идеяларының дамуы
Пәндер