ТЖ кезінде халықты қорғау



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кен аэрологиясы және еңбекті қорғау кафедрасы

Бақылау жұмысы

Пән атауы: Еңбек қауіпсіздігі мен тіршілік әрекеттің
инженерлік қамтамасыз етуі

Орындағын:
_______________________

_______________________

Тексерген:

_______________________

__ ____________ 2017

Қарағанды 2017

Кіріспе

Эвакуация- адамдардың өмірін сақтау және өндірістің жұмыс істеуіне
жағдай жасау мақсатында халық пен материалдық құндылықтарды төтенше
жағдайлар аймақтарынан және осы заманғы зақымдау құралдары қолданылуы
мүмкін аудандардан ұйымдасқан түрде әкету шығару.
Эвакуацияланған барлық халық  қауіпсіз аймаққа орналыстырылған 
пункттерде тіршілік қызметіне қажеттілермен  аз шамада қамтамасыз
етілуге тиіс.
Төтенше жағдай тәртібін енгізе отырып, соғыс кезінде, сондай-ақ табиғи
және техногендік сипаттағы төтенше  жағдайларда эвакуациялауды Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша  жергілікті атқарушы органдар,
ұйымдар  жүргізеді. Халықты эвакуациялау сабақтас тәсілмен-халықты жаяу
немесе көліктің барлық түрімен көп мөлшерде әкетуді  үлестіру
жолымен жүзеге асырылады. Төтенше жағдайлар қауіпі туындағанда 
халықты қауіпті аймақтардан  қауіпсіз жерлерге уақытша көшіру жүзеге
асырылады. Эвакуация мүмкіндігінше  қысқа мерзімде жүргізіледі. Халықты 
қауіпті аймақтардан тыс жерлерге жеткізу ( шығару) мерзімі оның аяқталуы
болып саналады. Қауіпті аймақта  эвакуацияланатын халық өз облысының 
аумағында орналастырылады. Әрбір  ұйымға орналастыру ауданы ( пункті)
белгіленеді. Халықты соғыс кезінде  орналастыру аудандары (пункттері) күні
бұрын белгіленеді, жергілікті атқарушы органдармен келіседі, және солардың
шешімімен қаулысымен бекітіледі. Бытыраңқы орналастыру -соғыс кезінде 
өндірістік қызметін одан әрі жүргізіп отырған ұйымдардың жұмысшылары 
мен қызметшілерін категорияланған  қалалардың, ұйымдасқан түрде әкету  және
қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Эвакуациялық тізімдер мен  төлқұжаттар бытыраңқы орналастырыла тын және
эвакуацияланатын халықты қауіпсіз аймақта есепке алатын, орналастыратын
негізгі құжаттар болып табылады. Орналастыру аудандарын алмастыруға 
айрықша жағдайларда ғана жол  беріледі.

1. ТЖ кезінде халықты қорғау

Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
Төтенше жағдай дегеніміз адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе
әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашлық
жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты
едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған
немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір
аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай
табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.
Табиғи  сипаттағы ТЖ – дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су
тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары,
ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері
арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.
Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да
авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және
биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария,
үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті
қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі,
тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
Төтенше жағдай аймағы бұл ТЖ туындаған белгілі бір аумақ. Табиғи және
техногендік сипаттағы ТЖ таралу аумағына және келтірген нұқсанның көлеміне
қарай, объектілік, жергілікті, өңірлік және жаһандық болып бөлінеді.
Туындаған ТЖ жіктемесі ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 13 желтоқсандағы №1310
Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар
жіктемесіне сәйкес жіктеледі. ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы
№1351 Қаулысымен бекітілген Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше
жағдайлардың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және
апаттардың себептерін тексеру ережесіне сәйкес объектілік және жергілікті
ауқымдағы төтенше жағдайларды ТЖМ ОҚО төтенше жағдайлар департаменті
тарапынан құрылған комиссия зерттейді.
Комиссия құрамына орталық  атқарушы органдардың аумақтық органдары,
жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мүдделі органдардың басшылары 
кіреді. Комиссия тексеру барысында  оқиғаны көргендерден, лауазымды  және
басқа адамдардан жазбаша және ауызша түсініктемелер алуға, сараптамалық
қадағалау органдарының мамандары, ғалымдар қатарынан белгіленген тәртіппен
кіші сараптама комиссияларын құруға құқығы бар. Кіші сараптама комиссиясы
және оның төрағасы табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ себептерін тексеру
жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық
қорытындыны талап ететін мәселелер жазбаша түрде беріледі. Кіші сараптама
комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар комиссия төрағасы
белгіленген мерзімге комиссияға тапсырылуы және тексеру материалдарына қоса
берілуі тиіс. Комиссия тексеру барысында болған оғиғаның жағдайларын
анықтайды, оның себептерін, нормативтік құқықтық кесімдердің жіберілген
бұзушылық сипатын, жауапты адамдар құрамын белгілейді және оларды жазаға
тарту шараларын ұсынады, зардаптарды жою және осындай жағдайлардың
қайталануын болдырмау жөнінде іс-шаралар белгілейді, қирау және зиян
мөлшерін анықтайды. Комиссия 10 күн ішінде табиғи және техногендік
сипаттағы ТЖ-дың туындауына әкеліп соққан авариялардың, зілзалалардың және
апаттардың себептерін тексеру актісін жасайды.
Ал, өңірлік және жаһандық ауқымдағы табиғи және техногендік сипаттағы
ТЖ-ды ҚР Үкіметінің шешімі бойынша құрылатын комиссия тексереді.    Авария
бұл технологиялық процестің бұзылуы, механизмдердің, жабдықтар мен
ғимараттардың бұзылуы. Авариялық ғимараттар бойынша зерттеу жұмыстарын
авариялық ғимараттардың техникалық жағдайын зерттейтін тұрақты жұмыс атқару
облыстық комиссиясы жүргізеді. Аталған комиссияның зерттеу жұмыстарының
қорытындысы бойынша шешімді облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және
жою жөніндегі комиссия төрағасы қабылдайды. Қауіпті өндірістік
объектілердегі авариялардың себептерін тексеру тәртібін Қауіпті өндірістік
объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы ҚР   2002 жылғы 3
сәуіріндегі Заңына сәйкес өнеркәсіптік саласындағы уәкілетті мемлекеттік
орган мүдделі орталық атқарушы органдармен бірлесіп өздерінің құзыреті
шегінде белгілейді.   
Зілзала бұл ТЖ-дың пайда болуына әкеліп соғатын жойқын құбылыс.
Дүлей зілзала – ТЖ-дың пайда болуына әкеп соғатын зілзала.
Апат – аймақтық және ірі ауқымды ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын жойқын
құбылыс.
ТЖ-дың алдын  алу – алдын ала жүргізілетін және ТЖ пайда болу қатерін
мүмкін болғанынша азайтуға, адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтауға,
залал мен материалдық шығын мөлшерін кемітуге арналған шаралар кешені.
  Төтенше жағдайлардың алдын алу  және олардан қорғану шаралары
ҚР Табиғи  және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы 
Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:
- ғылыми зерттеулер, жағдайды  қадағалау, бақылау, ТЖ пайда 
болуына әкеп соғуы мүмкін  аварияны, зілзала мен апатты 
болжау және олардың қаупі  туралы хабарлау;
- ТЖ саласындағы білімді  насихаттау, халықты және мамандарды  оқытып-
үйрету, қорғану шаралары  жатады.
ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг
әдістерін әзірлеу мен  ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау,
алдын алу әдістерін, бақылау  шаралары мен қорғану құралдарын, оларды
болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды
жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық
бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен  табиғи
және техногендік сипаттағы  ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет,
сел жүретінін хабарлау, радиациялық  қауіпсіздікті бақылау жүйелері және
басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады
және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.
Төтенше жағдайларды жою жұмыстары
Төтенше жағдайларды  жою жұмыстарына – ТЖ пайда болған кезде
жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен
материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі
таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен
басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару
мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын
жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен
жасақталады.
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР Заңының
20 бабында:
Бірінші кезекте жасалатын  іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан 
уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті  материалдық-техникалық ресурстарын 
жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған
объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс 
режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы  мен жүктердің тасымалдауына 
шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын  құтқару және авариялық-
қалпына  келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп
пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.
ТЖ аймағының шекараларын  ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған  ТЖ
жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.
Табиғи және техногендік  сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл 
медициналық жәрдем көрсету қызметі  дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз 
болған жағдайда орталық мемлекеттік  органдардың және ұйымдардың
медициналық  күштері мен құралдары тартылады (21-бап).
Халықтың, қоршаған ортаның  және шаруашылық жүргізу объектілерінің
табиғи және техногендік сипаттағы  ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін
алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа 
ресурстардың мемлекеттік резерві  жасалады      (24-1 бап).
IV. Аудан, және ауыл әкімдерінің төтенше жағдай саласы бойынша
атқаратын міндеттері.
Халықты, қоршаған ортаны және шаруашылық  жүргізуші объектілерді
төтенше жағдайлар мен олар туғызған  зардаптардан қорғау
мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі болып табылады.
Қазақстан Республикасының  табиғи және техногендік сипаттағы  төтенше 
жағдайлар саласындағы  заңдары мемлекет Конституциясына  негізделеді және
өзге де мемлекеттік  нормативтік –құқықтық актілерден түзіледі.
Табиғи және техногендік  сипаттағы төтенше жағдайлар  кезінде халықты,
аумақты және шаруашылық жүргізуші объектілерді қорғаудың 
негізгі принциптері мыналар:
• жариялылық және халық пен ұйымдарды болжанып отырған және пайда болған
төтенше жағдайлар, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі шаралар
туралы хабардар ету;
• төтенше жағдайлар кезіндегі құтқару, авариялық- қалпына келтіру және
басқа да кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу міндеттілігі, шұғыл
медициналық жәрдем көрсету, тұрғындарды және зардап шеккен
қызметкерлерді әлеуметтік қорғау, төтенше жағдайлар салдарынан
азаматтардың денсаулығы мен мүлкіне, қоршаған ортаға және шаруашылық
жүргізуші объектілерге келген зиянды өтеу болып табылады.
Сонымен қатар бұл жерде  Қазақстан Республикасының  заңдары 
негізінде жергілікті халықтың төтенше  жағдайлар саласында мемлекеттік 
әлеуметтік сақтандырылуға міндетті екенін ескеруге болады.
Қазақстан Республикасының  Табиғи және техногендік сипаттағы 
төтенше жағдайлар туралы заңының 13 бабына сәйкес, аудандардағы, ауыл
әкімдіктеріндегі жергілікті атқарушы органдар тиісті аумақтардағы
төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою үшін жауапты.
1.Аудан әкімдері мен  ауыл әкімдері жергілікті ауқымдағы  төтенше 
жағдайлардың алдын алу мен оларды ж ою жөніндегі шараларды
ұйымдастырады;
2.Төтенше жағдайлардың  туындауына әкеп соққан аварияны,
зілзала мен апатты тергеуге (зерттеуге)  қатысады;
3. Халықты (тұрғындарды)  және ұйымдарды қауiпсіздік, төтенше  
жағдайлардың алдын алу мен  оларды жою жөніндегі шаралар 
туралы хабардар етеді; (Қызметкерлер  күшімен, БАҚ арқылы, байланыс 
және хабар беру құралдары  арқылы, т.б. )
4. Төтенше жағдайлардың  алдын алу мен оларды жою 
жөніндегі шараларды ауданның  бюджетінен, ауыл әкімдіктерінің 
қорларынан қаржыландырылады;
5.Материалдық-техникалық, азық-түлік, 
медициналық және басқа ресурстардың   жергілікті қорларын құрады және 
пайдаланады;
6. Төтенше жағдайлар салдарынан  зардап шеккен тұрғындардың және 
қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы н  қамтамассыз етеді;
7.Азаматтардың денсаулығы  мен мүлкіне, қоршаған ортаға 
және шаруашылық жүргізуші объектіле рге 
келтірген зиянның өтелуін қамтамасы з  етеді; 
8. Медициналық қызмет  көрсетуді ұйымдастырады; 

2. Қорғану құралдары мен тәсілдері. Медициналық құлардар.

Бейбіт өмірде және соғыс жағдайында болатын төтенше жағдайлар кезінде
елді мекендерде, яғни қалаларда, ірі өндірістерде, кәсіпорындарда халықты
қорғап, аман сақтап қалу, немесе адам шығынын барынша азайту төтенше жағдай
комиссияларының, басқармаларының және азаматтық қорғаныс жүйелерінің
негізгі міндеті . Ол үшін бейбіт өмір кезінде қала халықтары, ірі өндіріс,
кәсіпорын жұмысшылары арасында жүйелі жоспарланған арнайы шаралар
жүргізілуі тиіс.
Бұл шаралар - халықтар, жұмысшылар, студенттер, оқушылар арасында,
жүргізілуі ықтимал, төтенше жағдайлар туралы арнайы сабақтар, әңгімелер
өткізіліп, кинолар көрсетілуі тиіс. Мұнда төтенше жағдай түрлері, олардың
адамдарға әсері жараланған адамдарға жедел көмек көрсету тәсілдері,
құтқару, қираған кәсіпорындардың ішінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай кезінде халықты қорғау
Халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау жүйелері
Азаматтық қорғаныс күштерін ұйымдастыру және олардың мүмкіндіктері. Төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары
Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдай басқармасының органдарында шешім қабылдау жөнінде информациялық және техникалық қолдау
Тіршілікті қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық және теориялық негіздері
Халықтың төтенше жағдай кезіндегі іс әрекеті
Халықты қорғаудың ұжымдық құралдары
ТЖ кезіндегі құтқару жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу
«Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінің негізгі міндеттері»
Азаматтық қорғаныс күштерінің халық өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен міндеттері. Бейбітшілік және соғыс кезіндегі төтенше жағдайлар
Пәндер