Пирамидалық қарым-қатынас арқылы қазақ тілін меңгертудің интерактивті тәсілдері



Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жезқазған қалалық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі
Әдістемелік кабинет

Ұсынылатын педагогикалық идеяның тақырыбы:
Пирамидалық қарым-қатынас арқылы қазақ тілін меңгертудің интерактивті
тәсілдері

Идеяның авторы: Даркенбаева
Бибі-Жар
Бақбергенқызы
№1 ОМ
тіл маманы

Түсінік хат

Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігінен өзіндік
орын алуы үшін білім саласында елеулі өзгерістер жүзеге асып жатыр. Білім
ордаларында берілген сапалы білім мен саналы тәрбиенің нәтижесінде саналы,
білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған, өзіндік ой-пікірі, құзіреттілігі
қалыптасқан жеке тұлға ұлтымыздың кемелдену тарихында өзіндік қолтаңбасын
қалдырары сөзсіз. Мектептің жүрегі болып табылатын ұстаздарымыздың қолында
тұтас мемлекеттің тағдыры тұрған заманда білімнің нұрын төгетін
шаңырақтардың бәрінде сапалы да терең білім берудің тиімді, ұтымды жолдарын
қарастыру мақсаты тұр.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің осы мақсатқа жетуде
көтерер жүгі ауыр да салмақты. Себебі, барлық ғылымдарға апарар қастерлі
қақпаны оқушыға ашып беретін де, сол ғылымның биік шыңына жетелер
баспалдақпен оқушының сенімді де нық көтерілуіне мүмкіндік туғызатын да осы
тіл мамандары десем артық айтпаймын. Сөйлей білудің мәнері мен мәдениетін,
қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын, әрбір сөздің құпиясын жетік меңгерген
адам дүниені өзіне бағындыра алары сөзсіз. Бала бойында Отанға деген ыстық
патриоттық сезімді ұялататын да ана тілінің қадір-қасиетін мойындата білген
тіл жанашырлары ғана. Тіпті, туған халқының әдет-ғұрпымен, тұрмыс-
тіршілігімен, тарихымен, мәдениетімен, діні мен ділімен жете танысудың
қайнар көзі – тек қана оқулықтарда, ғылыми еңбектерде, көнеден қалған асыл
архивтерде. Оқуға деген шынайы құмарлық пен талпынысы бар баланың ғана
бағындырар асуы алдында. сол қызығушылықты, талпынысты оятудың небір амал-
тәсілдерін тек қана еңбекқор, ізденімпаз, шығармашыл ұстаз ғана ойлап
табады. Бүгінгі тілмен айтқанда, оқытудың интерактивті тәсілдерін меңгеріп
қана қоймай, соның нәтижесінде жаңаша оқытуда өзіндік бір идеясын жарыққа
ұсына алатын ұстаз еңбегі қашанда көп ұзамай жемісін береді.
Дәстүрлі оқытудан жалыққан оқушылар да, жаңылған ұстаздар да
заман талабына сай білім кеніне ие болғысы келеді. Қытай халқының
даналығында білімнің үздіксіз жүзеге асатын үрдіс екені айтылған. Осы
тамаша ұғымды бүгінгі бала да, ұстаз да ұғынуы қажет-ақ. Әр алынған білім
тек қана бүгінге ғана керек білім деген жаңсақ ұғымнан арылатын кез келген
сияқты. Білім мәңгілік болуы тиіс. Білім тек оны меңгере алғанды ғана емес,
оны қоршаған айналасын да қуаныш пен бақытқа жетелеуі керек.
Осы орайда қазақ тілі мен әдебиеті пәніне оқушының
мотивациясын оятып, белсенді түрде сапалы білім алуына жағдай жасау
мақсатында өзім Пирамида деп атаған жаңаша оқыту жолын ұсынамын.
Пирамида дегенде сізге алғаш не елестейді? Әрине, әлемнің
жеті ғажайыптарының бірі – Мысырдағы Хеопс пирамидасы көз алдыңызға сағым
сияқты мен мұндалайтын шығар. Несі бар?! Асқақ, биік, мәңгілік өмірдің
символы. Ғылымға ең алдымен терең мән берген мысырлықтар дауасыз өлімге
өнермен, біліммен қарсы тұруға болатындығын дәлелдеп кеткеніне қанша ғасыр
өтті. Бір ғана пирамидасымен төрткүл дүниеге аттары аңызға айналды емес пе?

Менің де мақсатым - оқушыларымды мәңгілікке жетелеу, мәңгі
өмір беретін өнер әлеміне бастау. Өнер алды – қызыл тіл. Тілді меңгертудің
тамаша пирамидасын қалағым келді. Менің Пирамидам - белсенді білім
алудың ең басты шарты болып табылатын – қарым-қатынастың пирамидасы. Қарым-
қатынастағы пирамида тікелей қаржыға, желілік бизнеске ғана қатысы бар
дүние болып келді. Ал бүгінгі аумалы-төкпелі заманда ақпарат айырбасын
жасаудың жеңіл де қызықты жолдары көп емес пе?! Адамзат баласын
қызықтырмайтын дүние жоқ. Нарықтық заманда әркім өз сұранысы мен талғамын
қанағаттандыру үшін әр түрлі ақпарат көзіне жүгінері сөзсіз ғой. Әсіресе,
сол алынған ақпараттың анық-қанығына жету үшін өзінің ақпарат алу
пирамидасын құрады. Сонымен, қарым-қатынас пирамидасы – оқушының білім алу
жолының еркін траекториясы болып табылады. Қаржы пирамидасындағыдай тауар
алмасуы емес, ақпарат айырбасы болып табылады.

Пирамида тәсілінің басты мақсаты - оқушының білімге
құмарлығын ояту. Пирамиданың шыңына тек көп ақпаратқа ие болған ғана
шығады. Тек оның ғана есімі мектеп тарихында алтын әріптермен жазылары хақ.
Осы құмарлықты ояту үшін мына міндеттерді жүзеге асыру қажет:
• Ақпараттың қызықты болу жағын қарастыру
• Меңгерілуге қажетті ақпарат мөлшерін анықтау.
• Ақпараттың шынайылығына ақпарат көздері арқылы көз
жеткізу
• Ақпаратты таратуда пирамида принципін ұстану
• Көп ақпаратқа ие болғандарды марапаттап отыру.
• Олардың жаңа ақпарат таратуына да мүмкіндік беру.
• Ақпарат сараптамасын жүргізу
• Сынып жиҺазын ақпарат таратуға лайықтап қою.
• Платиналық пирамидаға жетуге мүмкіндік жасау.
• Платиналық пирамидаға жетудің жоспарын құру, мақсатқа
жеткізетін міндеттерді айқындап, орындалысын бақылауға
қажет үнемі күнделік толтыру.

Педагогикалық идеямның өзектілігі: Оқушы өзіне қажетті білімнің мәңгілік
екендігін мойындайды. Мектеп қабырғасынан алынған білім оның алдағы өміріне
қажет болатындай орнығады.

Ғылыми құндылығы: Баланың үйрене отырып, өзгені үйрете алу принципімен тіл
білімінің негіздеріне емін-еркін қанық болуы. Ақиқаттың шынайылығына көз
жеткізу үшін ізденудің, талдау мен талқылаудың жан-жақты тәсілдерін
жетілдіру.

Болжамы: оқушы заман талабына лайық қарым-қатынас жасай алады, өзіне
қажетті білімді емін-еркін ешқандай мәжбүрлеусіз алады. Ақпаратты алғысы
келмеген жағдайда оған ол білімнің аса қажет еместігін де байқауға болады.

Нәтижесі: Өз бетімен шешім қабылдай алатын, тіл білімінің негіздерін жетік
меңгерген, өзіне де, басқаға да жақсылық жасай алатын, жетістікке жету
жолындағы кедергілерге төтеп бере алатын, ең бастысы – еліне пайда келтіре
алатын азамат тәрбиеленеді.

Пирамида педагогикалық идеясының құрылымы:
1. Теориялық білімді алу пирамидасы.
Анықтама, ереже, түсініктер жиынтығының таралу траекториясын белгілеп алу
қажет. Тақырыптың ауқымына қарай ірі не кіші пирамидалар тобын құру.

• Ірі пирамида тобының схемасы:

• Кіші пирамида топтарының схемасы

М-мұғалім
О-оқушылар

2. Теориялық білімнің анық-қанығына көз жеткізуде кедергілерге төтеп
беру, ақпарат көздерін іздеу, ақпаратты өңдеу, күнделікке түсіру.
Күнделік толтыру үлгісі:
Ақпарат алған күн, ай, жыл, уақыт.
Қандай ақпаратқа зәру едің?
Алынған ақпарат не жайлы?
Ақпараттың реттік номерін міндетті түрде жазу қажет.
Ақпаратты жеткізген кім және ол қалай жеткізді?
Ақпараттың анық-қанығына қалай көз жеткізе алдың?
Қандай қосымша ақпарат көздерін пайдаландың?
Бұл ақпарат саған келешекте не үшін қажет деп ойлайсың?
Осы ақпаратты басқаларға қалай жеткіздің?
Енді қандай ақпаратқа зәрусің?
Осы күні сен қанша ақпаратқа ие болдың?

3. Меңгерілген ақпаратты қайтару траекториясы. Төменнен жоғарыға
талпыныс. Соңғы ақпарат алушылар, ақпараттың анық-қанығын тексеріп
алған соң, сол ақпаратты өздеріне жеткізгендерге қайтарады. Ақпарат
жеткізушінің ақпаратты ақиқатқа лайық не лайық емес бергеніне қарай
сараптама жұмысын жүргізеді. Ақпарат жеткізуші ақпарат алушының
білімді қаншалықты меңгеріп, талдай алғанына мінездеме жазып,
мұғалімге ұсынады.

Пирамида педагогикалық идеясындағы марапаттаулар:
1. платиналық пирамида иегерлері
2. алтын пирамиды иегерлері
3. күміс пирамида иегері
4. құм пирамида иегері
5. пирамида мүшесі

Марапаттық лауазымдарға ие болғандардың білім пайызын меңгеру көрсеткіші:

Платиналық пирамида иегері 100 пайыз Сұранысқа ие
Алтын пирамида иегері 90% Сұранысқа ие
Күміс пирамида иегері 85% Сұранысқа ие
Құм пирамида иегері 80% Анда-санда
Пирамида мүшесі 80%-дан төмен кейде

Платиналық пирамида иегері атану үшін жоспар құрылу қажет.
1. Алынатын білім көлемін байқап алу.
2. Әр ақпаратты алу күндерін белгілеп алу.
3. Өзіңнің кімнен ақпарат алғанды қалайтыныңды анықтап алу.
4. Өзің алған ақпаратты кем дегенде 15 адамға жеткізуге талпыну қажет.
5. Мақсатыңа қалай жеттің? Немесе неліктен жете алмадың? Сараптама жасау.
Кез келген бала өз жеңісіне, жетістігіне сенімді болу керек. Ұмтылу
керек, тырысу керек. Ақиқат жаңылыс берілсе, фактілер арқылы ақпарат
берушіге дәлелдей алуы қажет.

Пирамидалық қарым-қатынас жасаудың қағидалары:
Уақытты тиімді пайдалану
Серігіңнің жеке басын қадірлеу
Ақпаратты түсінікті, дәлелді, әр түрлі формада жеткізуге тырысу керек,
тыңдарман келесіде сенің түсіндіргеніңді қалайтындай болу керек.
Ешқашан дауыс көтермеу, дөрекі сөйлемеу, Жоқ, білмеймін деп айтпау.
Көп сөзділіктен аулақ болу
Көрнекілік пайдалану жағын қарастыру.
Басқалардан көбірек білуге, басқаға көбірек үйретуге асығу керек. Оны
күнделікке түсіру.

Ақыл құсым адаспай аспандаса, менің бұл ұсынып отырған пирамидалық қарым-
қатынас технологиямның ұтымды жағы мол.

Енді жаңа технологияммен құрылған сабақ үлгісін назарларыңызға ұсынбақпын.

Сабақтың тақырыбы: Тұрақты тіркестер. 5 – сынып.
Сабақтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытудағы өзіндік оқытудың тәсілдері
Жеке тұлға психологиясы және оған әсер ететін факторлар
Модульді - интерактивтік технология арқылы оқыту мәселесінің зерттелуіне шолу
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Тілдік төрт дағды
Сөз тіркесін оқытуда оқушылардың қатысымдық құзіреттілігін қалыптастырудың лингвистикалық негіздері
Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат - балаларды шапшаң жазуға үйрету
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
Фонетиканы оқытудың жаңа тәсілдері
Фонетиканы оқытудың әдіс - тәсілдері
Пәндер