Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда Microsoft Power Point бағдарламасын қолданудың тиімділігі
Пән: Информатика, Программалау, Мәліметтер қоры
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:
Оқушылардың шығармашылық
қабілетін дамытуда
Microsoft Power Point бағдарламасын
қолданудың тиімділігі
Информатика пәнінің мұғалімі
Жолдыбаева Т
Кіріспе
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі міндеті баланың рухани
және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік
қабілетінің дамуына жағдай жасау.
Қоғам алдындағы тұрған негізгі мақсаттардың бірі - білім беру жүйесін
түбегейлі жаңарту және білім берудің жаңа үлгісін таңдау. Қазіргі
кезеңдегі мектеп әрбір балаға және адам ретінде қарап, өзіне тән ой өрісі,
еркі, әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін
ескере отырып тәрбиелеуге бет бұрды. Демек, мектептегі оқу үрдісі
оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық
әлеуметтік дамытуға жол ашуы қажет.
Қазіргі ғылым мен техниканың қарқынды дамуы мұғалімдердің
шығармашылықпен, ғылыми зерттеу бағыттарында жұмыс жүргізу керектігін
көрсетіп отыр. Тәуелсіздік туы желбіреген мемлекетіміздің ертеңгі, ел
тізгінін ұстар азаматы – бүгінгі білімді шәкірт екендігіне еш күмән жоқ. Ал
білімді шәкірт - білімді ұстаздың жемісі.
Білім берудің озық технологияларын меңгеру қазіргі заманның басты
талабы. Шығармашылықпен жұмыс істеу, үздіксіз іздену арқылы мұғалім өз
шеберлігін арттырып отыруы қажет.
Мұғалімнің шеберлігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі - әдістеме
саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені меңгеру, игеру.
Сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір сабақ – ұстаздың
еңбегінің айғағы. Оқытудың негізгі формасы, оқыту, білім беру үрдісінің
негізгі мақсаты – оқушыда білім, дағды, іскерлікті қалыптастыру.
Кез келген теориялық білімнің практикасы да сабақта талқыланып,
түсіндіріліп, пысықталып, балаға білім негіздері қалыптастырылады.
Сабақ баланың өмірінің бір кезеңі, оның өмір сүріп жатқан ортасы.
Сабақ оның адамгершілік қасиетін, қызығушылығын, танымдылығын
қалыптастырады. Мұғалім оқушыны қорқыту арқылы білім бермей, олардың жан
дүниесіне кіре отырып сабақ өткізуі тиіс.
Заман талабы сабақта мұғалім мен оқушы арасында, бір-біріне деген
сенімділік, сыйластық, достық қарым-қатынас қалыптастыру. Ол үшін оқытудың
жаңа технологияларын жете меңгеріп қана қоймай, оқушы білімін бағалауда да
тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланған жөн.
Бүгінде ұстаздар қауымына оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізін жете
түсінуді, жаңа әдіс-тәсілдердің тиімділігін, ғылыми - теориялық
білімділігімен тәжірибелік қабілеттері арқылы күрделі әлемдік, өмірлік
әрі әлеуметтік кеңістікке еркін ене алатын қасиеттерге ие дарынды тұлға
тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Әдіс пен жұмыс тәсілдері - оқушының ойлау
қабілетіндегі сапа, жүйелік, әрбір оқушының өмірге даярлығын, диалектикалық
дүние танымының қалыптасуының маңызды компоненті. Білім берудегі ең
басты қағида -оқушыларды үнемі шығармашылық әрекетке шыңдай отырып, өзін-
өзі дамытуға жетелеу.
Мұғалімнің ең басты міндеті рухани бай, жан -жақты дамыған, жеке
дарынды тұлға тәрбиелеу. Білім жоғары деңгейде беріліп, оқу-тәрбие ісі
оқушылардың ой сезіміне әсер етуі тиіс. Оқытудың әр түрлі тәсілдерін
пайдаланып, оқушылардың тақырыпты терең де жан жақты түсінуіне жағдай
жасап, өз бетімен жұмыс істеу біліктерін қалыптастыра білу мұғалім міндеті.
Осыған орай мен сабақтарымда Ж.Қараевтың деңгейлеп оқыту әдісін жаңа
технология элементтерімен байланыстырып қолдану негізінде пайдаланудамын.
Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру ,
яғни технологияландыру, жаңа оқушыға сапалы білім беру де осындай
қажеттілікті керек етуде.
Деңгейлік тапсырмалар дегеніміз – балаға шамадан тыс жүктеме беру
емес, керісінше оқушының біліміне, мүмкіндігіне, сұранысы мен қабілетіне
сәйкес дайындалған сатылы жұмыстар жүйесі.
Деңгейлік тапсырмалардың мақсаты – оқушыға жеңілден қиынға,
қарапайымнан күрделіге қарай сатылы түрде орындалатын жұмыстар жүйесін
ұсына отырып, ізденушілікке, шығармашылыққа баулимын.
Әр оқушының білім деңгейіне қарай тапсырмаларды әр түрлі деңгейде
дайындаймын. Бұл әдістемелік оқушылардың шығармашылық қабілетін шыңдайды,
өз бетінше ойлануға, ізденуге, еңбектенуге үйретеді. Сонымен қатар олардың,
психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әркімнің қабілетіне қарай
тапсырма беремін.
Бірінші деңгей тапсырмалары білімнің минималдық шегі, ол мемлекеттік
стандарт талабына сай оқушының жас ерекшелігіне сәйкес болады. Бұл
деңгеймен оқушылар толығымен жұмыс жүргізе алады.
Екінші деңгей кезеңіне көтерілгенде тапсырмалар күрделене түседі. Оқушы өз
бетімен жұмыс жасауға көшеді. Оқушы бойында ойлау, таным дағдылары
қалыптаса бастайды.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын
көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының
белсенділігімен, өз ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға
пайдалануымен сипатталады.
Төртінші деңгей қабілетті, дарынды, ізденгіш, талантты оқушыларға арналған
саты. Бұл сатыға өз бетімен жұмыс жүргізетін ұшқыр ойлы ғана көтеріле
алады.Осы деңгей ерекшеліктерін пайдалана отырып, әрбір тарауды аяқтаған
соң, оқушылардың қалай меңгергенін тексеру үшін қиындығы әр түрлі деңгейде
құралған тест жұмысын міндетті түрде алып отырамын. Тестте қойылған
сұрақтар есептер тарауды түгел қамтитын болуы керек. Оқушы бірінші
деңгейдегі тест есептерін орындағаннан кейін, келесі деңгейдегі тест
жұмысына көшеді. Оны аяқтағандары қиындығы жоғары соңғы деңгейдегі есептер
шығара бастайды. Мұндай тест алудың артықшылығы орташа оқитындардың өздері,
өз деңгейінде құралған есептерді талаптанып шығарады. Деңгейлеп оқыту
арқылы оқушылардың сабаққа, білімге деген қызығушылығының артуы, ой
жүйесінің дамуы, сапалы білім алуы сияқты жетістіктерге жететіндігіне
сенемін.
Қазіргі кезде оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын
қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау талап етілуде. Инновация –
жаңару, жаңалық енгізу дегенді білдіреді. Модификациялық инновация – бұл
қолда барды дамытумен, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Осы
модификациялық инновацияны пайдаланып PowerPoint бағдарламасын қорытындылау
сабағымның үлгісін көрсеткелі отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Microsoft PowerPoint бағдарламасын қорытындылау.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға PowerPoint бағдарламасын жетік меңгертіп, білімдерін
толықтыру, бағдарламамен істеген жұмысымызды қорытындылау.
Танымдылық: Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеу белсенділігін арттырып,
іздене білім алуға талпындыру.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Заманымызға лайық ұқыпты, білімдар, ұлтжанды азамат болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бақылау сұрақтары жазылған слайдтар еске түсіру
кезеңіне байланысты, тестік
сұрақтар,тапсырмалар
жазылған слайдтар,
презентациялар, бейнепроектор,
шығармашылық жұмыстар.
Сабақтың түрі: бекіту сабағы, оқушылардың білімін саралау.
Сабақтың әдісі: топтап оқыту.
Пән аралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, әдебиет, тарих.
Сабақтың типі: Қорытынды сабақ.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, белгілеу,
зейіндерін сабаққа аудару.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Өткен білім бойынша қайталау жұмысы, яғни бақылау
сұрақтары.
4. Ақылдың кені. Шығармашылық тапсырма.
5. Өзін-өзі тексеру. Тестпен жұмыс.
6. Жарнама жасау.
7. Саралау - бағалау.
8. Үйге тапсырма.
Бақылау сұрақтары.
Оқушылар 2 топқа бөлініп, бір-біріне бақылау ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz