Өз бетінше орындалатын жұмыстардың маңызы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Бала білімді тәжірибелер
арқылы өздігінен алуы керек
А. Байтұрсынов
Өз бетінше орындалатын жұмыстардың маңызы

Қазақ мектебінің бүгінгі жайы мен ертеңі, оқушылардың білімділік және
тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде мұғалімге байланысты, мұғалім ізденісіне
байланысты. Бастауыш сыныптарға арналған бағдарламалар педагогикалық
үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Педагогика ғылымында баланы оқыту мен
тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса,
оқытудағы негізгі мақсат - өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны
қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын оқушының өз
бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы материалды саналы
меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.
Өз бетінше жұмыс қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру және тәрбиелеуде,
білім берудің приоритетін түбегейлі өзгертуде, яғни бұрынғыша оқушыны
пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі
өзгертуде. Оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол
жеткізуде ӨБЖ орны ерекше. Сондықтан ӨБЖ ұйымдастыру мәселесін көптеген
педагогтар кең көлемде зерттеген.
Оқушының өз бетінше ізденіп оқуын жетілдіріп отыру бағытында
Л.С.Выготский, А. Н. Леонтьев, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, Н. А.
Менчинская,
А.А. Люблинская т.б. ғалымдардың еңбектері бар. Осы еңбектерге талдау
жасай отырып, қысқаша түсінік берсек:
Л. В. Занков. Оқытудағы өз бетінше жұмыстың жетекші ролін көрсетеді.
Ақыл – ой қызметінің көрсеткіші өз бетінше жұмысты істеуді іске асырады:
байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білуі, практикалық іс - әрекеттер
атқара білу қабілетінің артатынын көрсетеді.
Г. Я. Мор. Өз тәжірибесін жүргізу арқылы жеткен нәтижесі: бала ӨБЖ
арқылы білімді игереді, басқаға үйретеді, өзін тексереді, нәтижесін өз
бетінше тексеріп қанағаттанады.
А. Байтұрсынов. Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек деген
пікірге сүйенеді.
Р. Г. Лемберг. ӨБЖ ұйымдастыру шарттарына тоқталған. Олар:
- нақты тапсырма беру;
- тапсырманы орындау, аяқтау уақытын белгілеу;
- мұғалім басқаруы мен оқушының дербестігінің байланысы;
- жұмысты өз еркімен, қалауымен істеуі.
Я. А. Каменский. Оқушының өз бетінше әрекеттенуінің кезеңдерін
белгілеген:
- автопсия (өзіндік бақылау)
- автопрасия (практикалық жүзеге асыру)
- автохресия (алған білім, білік, дағдыны жаңа жағдайда қолдану)
- автолексия (өз іс - әрекеті нәтижелерін өз бетінше баяндауы)
М. Бельферд. Оқыту үрдісінде пайда болатын тура жауаптарды бермеу,
соңғы нәтижеге оқушының өз бетінше жетуі керек деп тұжырымдайды.
К. Д. Ушинский. ӨБЖ ұйымдастыру туралы еңбегінің дидактикалық маңызы
ерекше. Оқушының жас және жеке ерекшелігін ескеруді ұсынады.
Ұйымдастырылған оқу-тәрбие үрдісіндегі өз бетінше жұмыста ғана бала
белсенді дамиды: саналы мақсатқа ұмтылады, білім игеруге талпынады, білімді
пайдалана біледі.
Е. Я. Голант. ӨБЖ – нің негізгі 3 элементін ажыратты:
- ұйымдастыру техникалық дербестік (оқушының жоспарлауы, уақыт бөлуі, жұмыс
орынын ұйымдастыруы т.б.)
- ойдың дербестігі (материалды іріктеуі, жүйелеу, салыстыру, қорытынды
тексеру, оны жаңа мәліметпен бекіту, тұжырым жасау)
- іс - әрекеттің, қимылдың дербестігі.
Б. П. Есипов. Теориялық – қолданбалы сипаттағы дидактикалық міндеттерді
ажырата білді:
- оқушының меңгерген білімінің беріктілігі мен саналылығын арттыру;
- бағдарлама талабына сай іскерлік пен дағдыны қалыптастыру;
- меңгерген білім, білік, дағдыны пайдалана білуге оқушыны үйрету;
- ақыл – ой және дене еңбегі мәдениетіне баулу;
- өз бетінше мәселені шешуге, еңбек етуге үйрету;
- болашақта өз бетінше өз білімін көтеру үшін тиімді еңбек етуге оқушыны
даярлау.
Өз бетінше жұмыстың белгілі бір түрлерін ажыратты:
- жаңа тапсырманы қабылдау және түсіну ұғымы;
- білімдерді бекіту және жетілдіру;
- білім, іскерлік, дағдыны қалыптастыру, бекіту, жетілдіру;
- білімдерді шығармашылықпен қолдану, іскерлікті дамыту;
- білім, іскерлік, дағдыны тексеру.
А. Н. Лук. Өз бетнше жұмыс жасауды көрегендіктен, қырағылыққа балайды;
ақылдың алғырлығы, әрекетті сынай – бақылай білу қабілетін, болжай іздене
білу қабілеттерін атайды.
Соңғы уақыттары ӨБЖ туралы Ж. Махимова, М. Мұсабеков, А. Мүбараков,
Ж.Сардарова, С. Қаңтарбаев, А. Арымова т.б. педагогтардың мақалалары жарық
көруде. Бұл мақалаларға, педагогикалық әдебиеттерге талдау жасап, ӨБЖ
жасау шарттарын теориялық тұрғыдан меңгере келе оқушыларға ӨБЖ орындатуда
бастауыш сынып пәндерінің мүмкіндігі бар екендігі анықталған.
Бастауыш сыныпта оқушылардың ӨБЖ жасау дағдысын қалыптастыруды үш
бағытқа топтадым:
1. ӨБЖ ұйымдастыру технологиясын енгізу.
2. Сол технология негізінде ӨБЖ жасауға бағытталған өзіндік жұмыстар
ұйымдастыру.
3. ӨБЖ жасаудың нәтижелі болуына оқытудың түрлі формаларын енгізу.
Бірінші бағытты іске асыруда В. Т. Беспалько, В. В. Фирсов, В. М.
Монахов,
Ж. А. Қараев еңбектерінде зерттелген деңгейлік саралап оқыту технологиясын
басшылыққа алдым, өйткені бұл технологияның өзіндік ерекшеліктері бар:
* оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастырады; оның жас, жеке ерекшелігі,
қабілеті, сұранысы ескеріледі;
* оқушыны өз бетінше мақсат қойып, өз бетінше білім алуына ыңғайлы жағдай
туғызады;
* оқушының ашылмаған қабілетін ашуға мүмкіндік жасалады;
* дамыта оқыту деңгейлік саралап оқыту негізінде жүргізілсе, оқушы білім
алу жолында ізденеді, табады, негіздейді, анықтайды, өмірге енгізеді;
* оқулықтағы материалды оқушыға дайын күйінде ұсынбай, оқулықты
әңгімелесуші, бағыттаушы құралға айналдырудың тиімді тәсілін ұсынады;
* тілектің іске асырылуын бекітетін мотивтері қозғаушы күшті оятады.
Бұл технология деңгейлік тапсырмаға ерекше мән береді. Деңгейлік
тапсырма беру – балаға шамадан тыс жүктеме беру емес, керісінше оқушы
біліміне, мүмкіндігіне, сұранысына, қабілетіне сәйкес дайындалған сатылы
жұмыстар жүйесі.
І деңгей – үлгі бойынша ӨБЖ ұйымдастыру (бағдарламаға сай)
ІІ деңгей – алгоритмдік (бірте-бірте күрделенген)
ІІІ деңгей – жаңалық ашатын (жаңа ұғым қалыптастыру)
Оқушылардың тапсырмаларды орындау дәрежесін диагностикалау негізінде
оқытудың түрлі формаларын тиімді пайдалануға болады. Ол үшін оқытудың жеке,
топтық, жұптық, ұжымдық формалары тиімді. Топтық жүйедегі жұмысты үш
әдіспен жүргізуге болады:
• оқушының білім дәрежесіне қарай араластыра бөлу;
• білім деңгейлеріне қарай бөлу;
• қабілетіне, жеке ерекшелігіне қарай бөлу.
Тиімділігі: бір-біріне достық қатынасы нығаяды; бір-біріне көмектесуге
бейім болады, үйрете жүріп, өзі үйренеді, ұйымдастырушылық қабілеті
артады, өз бетінше ізденіс туындайды, өзінің және жолдасының білімін
саралайды, бағалайды.
Бұдан басқа оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастырудың
неғұрлым сапалы нәтижесіне жету үшін мынадай басты қағидаларды,
шарттарды, әдістерді басшылыққа аламын:
Басты қағидалар:
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақтан тыс орындалатын жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Оқушылардың өзiндiк жұмысы
Қазақ әдебиеті сабақтарында өз бетінше орындалатын жұмыстардың түрлері
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шағын жинақты бастауыш мектеп оқушыларының танымдық белсенділіктері мен шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мәселелері
Бастауыш сыныпта математиканы оқытуда өзіндік жұмысты ұйымдастырудың тәжірибелік іс-әрекеті
Қазақ тілі сабағында оқушылардың орындайтын өздік жұмыстары
Оқытудың кредиттік жүйесінде студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру
Пәндер