Мектепте дирижерлық тәртіппен ән үйрену жолдары
Сарысай негізгі мектебі
Б а я н д а м а
Тақырыбы:
Мектепте дирижерлық тәртіппен ән үйрену жолдары
Баяндамашы: Сарманов Боранғали Аманғалиұлы
2008-2009 оқу жылы
Дирижерлық тәртіппен ән үйрену жолдары.
Дирижер – Диригер француз тілінен алынған. Ол басқару,
бағыттау деген мағынаны білдіреді. Дирижер оркестр мен хорды , опералық
музыканы басқарады . Оның міндеті музыкалық шығармалардың көркемдік
жағын , мазмұнын талдап көрсетіп , орындаушыларға түсіндіру және
шығарманың біркелкі жатық , үнінің таза болып шығуын талап ету .
Дирижердің міндеттері көп. Ол - әрі тәрбиеші , әрі оркестрді
ұйымдастырушы және басқарушы , музыкалық шығарманы музыканттарға
үйретіп түсіндіруші , сайып келгенде сол оркестрді концертте басқарып
шығарушы. Мұның бәрі дирижерлық қызметтің бір саласы ғана. Шығарманың
мазмұнын , сипатын , стилін және формасын жете танып , оны оркестр
мүшелеріне барынша ұғындыруды дирижер міндетінің ең бастысы деп білу
қажет. Дирижерлық аппарат деп оның негізгі міндеттерін атқаруға
бірден-бір көмекшісі болып , үздіксіз жұмыс жасайтын дене құрылысын
айтамыз. Дирижерлық аппаратқа жататын дене құрылысы мыналар.
Бас,кеуде,екі қол және екі аяқ . Дирижерлық өнер ең алдымен осы
мүшелердің қимылы дұрыс сақтап, оны дұрыс пайдаланудан басталады .
Дирижердың сырт тұлғасы сымбатты,көрікті болуға тиіс . ол оркестр
немесе хор алдында тұрғанда ,оған тек орындаушылар ғана емес ,сондай-ақ
тыңдаушылар да назар аударуға тиіс .
Дирижердың тұрғысы сыпайы, тұлғасы тік және сымбатты болуы
керек . мұндай жағдайда кеуде сәл көтеріңкі ,бас тік ұсталып,көз
қиығы бір жаққа аударылады,қол бос ұсталып,төмен түсірілуі керек ,
кеуденің қозғалысы да дирижердың еркін қимылдауына ешқандай кедергі
жасамауы тиіс . Аяқтың екі арсы тым алшақ болмай, шамамен 45 градустай
қашықтықта сол аяқ және оң аяқ жарты адымдай сәл ілгері тұруы қажет .
Кеуде құрылысын игеріп болғаннан кейін ,енді біз дирижерлық
аппараттың негізі-қол жайында сөз етуімізге болады . Дирижер екі
қолымен бет қимылдары арқылы ,оркестр мен хор мүшелерінің назарын
өзіне аударып,шығарманың мазмұны мен қуатын рындаушыларға ұғындырады
. Қол қимылы арқылы дирижер негізгі практикалық әдістерін жүзеге
асырады . Дирижердың екі қолы – музыкалық шығармалардың ішкі астарын,
мазмұнын кеңінен талдап , баяндап беретін құралы .
Ол-ойдың,сананың тілшісі,шығарма авторының музыкалық,шығармашылық
ой-қиялын орындаушы ұжым күшімен тыңдаушыларға жеткізетін
дирижердың басты аспабы .
Дирижерлық сызбаға кіріспестен бұрын ,ең алдымен музыка құрылысының
метрикалық өлшемдері жайында тоқталып өтеміз.Бір-біріне байланысты
,бірақ жеке сөздерден құралған өзіміздің әдеттегі сөйлеміміз сияқты
,музыка сөздері де әр түрлі дыбыстардан тұрады,бір-бірімен белгілі
байланысы бар дыбыстар музыкалық сөйлемдер құрайды . Өзара үйлесімі
жоқ, ұнамсыз және ретсіз дыбыстардан құралған әуендер,әрине ,музыкаға
жатпайды . Ол тек жағымсыз,түсініксіз дыбыстардың жинағы болып шығады .
Егер біз белгілі бір музыкалық шығарманы көңіл қоя тыңдасақ, оның жеке-
жеке сөйлемдерден құралып,белгілі бір музыкалық ой білдіретінін
байқаймыз . Біз алты буыннан құралған музыка сазын есептейміз. Олардың
ұзақтығы жағынан бірдей екенін ажырату қиын емес. Музыкалық
шығармалардың ұзақтығы жағынан біб-біріне тең музыкалық буындарын музыка
тілінде период деп атайды. Әсіресе марш , би сияқты тағы басқа музыка
саздарынан мұны айқын естуге болады. Бұл орынды да , өйткені марш , би
музыкалары адамның жүріс – тұрысына байланысты , демек , оның қимылы бір
өлшемде , бір екпінмен есептеледі.Метр. Музыкалық шығармаларды
тыңдағанда , біз мезгіл – мезгіл қайталанып отыратын дыбыстарды естиміз.
Олардың аралары уақыт жағынан бір-біріне тең , бірдей. Мысалы екі
ширектен немесе үш ширектен кейін музыкада ( акцентті ) дыбыстар
кездеседі делік. Мезгіл – мезгіл екпіннің ( акцент ) бұлай үйлесіп
келуін метр деп атайды. Ал , акценттің өзі метрикалық акценттер деп
атайды. Музыкалық шығарманы не аспаппен, не дауыспен орындағанда
өзгелерінен қаттырақ естілетінін де байқауға болады. Басқаша айтқанда ,
дыбыстың екпінді бірінші бөлігі Дирижерлық алғашқы қол қимылының
төмен түсіріп көрсететініне дәл келеді.Музыкалық екпіннің мәні зор. Ол
поэзияда жиі кездеседі. Егер музыкада екпіндер дұрыс пайдаланылмаса , ол
құлаққа жағымсыз болар еді. Такт. Белгілі бір мезгілде қайталанып
келетін екпін нота сызығында , әр уақытта акцентпен орындалып , нота
алдында тік сызықшамен белгіленеді. Екпінді ойналатын нотаны көрсететін
бұл сызықты такт сызығы дейміз.
Дирижерлық көрсеткіштердің негізгі түрлері.
Екі өлшемдегі дирижерлық көрсеткіш.
Екі өлшеміндегі дирижерлық көрсеткіш . Әр өлшемдегі дирижерлық
көрсеткіш белгілерін жеңіл түсініп , тез игеру үшін , ең алдымен оның жай ,
қарапайым үлгісімен танысып алған жөн. Одан кейін барып музыкалық
шығарманың мазмұны мен сипатына байланысты түрлі өлшемде жүретін
пластикалық дирижерлық көрсеткіштерге көшуге болады.
Екі есебінде жазылған музыкалық шығарма қолды төмен және жоғары
көтеріп көрсету арқылы орындалады. Оның схемасын сызып көрсеткенде былай
болады.
2.
Сол қол
Бірақ такт үлесін айтарлықтай ыңғайлырақ және түсінікті етіп
көрсету үшін , және қол көзге көріктірек болып көріну үшін , қол үлесте
доға сияқтанып төмен түседі де , одан кейін тағы да доға сияқтанып екінші
үлесте жоғары қарай қимыл жасайды.
Үш өлшемдегі дирижерлық көрсеткіш.
Үш есебіндегі дирижерлық көрсеткіші қолдың үш қимылынан құралады. Төмен
, оң жаққа қарай және жоғары қозғалу. Әрбір санның , үлестің алғашқы
басталуы қолдың қоспа буыны арқылы жеңіл және анық көрсетілуі тиіс. Үш
есебінде пластикалық ( фигуралық ) қимыл жасау жоғарыда көрсетілген
жай көрсеткіштен гөрі айтарлықтай өзгеше келеді. Мұнда тек бір есебіне (
үлесіне ) келетін тактының салмақты үлесі қолмен төмен және тура
көрсетіледі де , қалған екі үлестегі қимылдар доға сияқтанып иіліп ,
әуелі оңға не солға , содан соң барып жоғары көтеріледі.
3.
3.
Сол қол
Оң қол
2. 1.
1. 2.
Үш есебіне дирижерлық көрсеткіштерін игеріп алғаннан кейін
бұдан бұрын айтқанымыздай жеңіл , өзімізге таныс , аса тез ойналатын
шығармаларды алып жаттығуға болады. Жаттыққанда музыкалық шығарманы таңдап
, оның мазмұны мен характеріне мән бере отырып , оны түсінуге талаптану
керек. Оң қол мен сол қолдың қимылына , дирижерлық көрсеткіштердің такт
үлестеріне , дұрыс және тура келуіне ерекше назар аудару керек. Тек осындай
жауапты міндеттерді жүзеге асыру арқылы ғана айтарлықтай нәтижеге жетуге
болады.
Төрт өлшемдегі дирижерлық көрсеткіш.
Төрт есебіндегі дирижерлық көрсеткіш төрт түрлі қимылдан
жасалады , ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz