Жеке бастың салауатты өмір сүру салты



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
І.Үргенішбаев атындағы орта мектеп

БАЯНДАМА

Жеке бастың салауатты

өмір сүру салты

Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі: Т.Құлтеов

Шалқар қаласы

2010 жыл

Сонау ықылым заманнан бері,адам баласы ұзақ өмір сүрудің жолын
қарастыруда.Кезінде осы қағиданың негізі болған Аристотельдің іліміне
сүйенсек Жанды дене қозғалмаса өледі-деген тұжырымдамасы сол дәуірден
бері адамзаттың ұзақ жасауының,яғни салауатты өмір сүрудің негізгі ілімі
болып табылады.Мысалы,қара қарға әр нәрсені бір шоқып жүріп 300 жыл жасайды
екен.Сағатына 10 метр қозғалатын тасбақа да 200 жыл өмір сүреді.Сонда
Алланың әмірімен табиғат заңына бақылау жасасақ,сол жаратқан иеміздің
іліміне жүгінсек,бізге,яғни адамзатқа қанша өмір сүрудің жолын қанша
іздесек те жететұғын шыңы көрінбейді.Демек,Алланың әмірімен табиғатқа билік
жүргізуді адамзаттың міндетіне жүктегенін азсынған болуымыз керек.Енді
саналы түрде табиғаттың табиғи болмысын өз қолымызбен бұзып,бүгінгі таңда
адамзат өзін-өзі жоюға әрекеттенуде.

Осылайша,адамзаттың жер бетінен жойылып кетуге қаупі бар тарихи
кезеңде тұрғанда не істеу керек.Адам баласы қалай өмір сүруі
керек.Яғни,болашақ өмірді жалғастыру үшін,бүкіл әлем бойынша әр халық
өзінің ұлттық бейнесін және денсаулығын сақтауды қарастыруда.

Демек,бүгінгі таңда Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік
маңызы зор мәселенің бірі ұлттың денсаулығы.Республика көмегінде халықтың
80 пайызы әр түрлі ауруға шалдыққан.Егеменді ел болғаннан бері қарай,білім
беру жүйесіне реформа жүргізудің салдарынан,оқушы жастардың тәрбиеден сырт
қалуы келеңсіз жағдайға соғып отыр.Яғни,ата-аналардың,оқытушы-
мұғалімнің,тіпті жалпы оқу орындарынын бақылауынан тыс қалғандықтан
ішімдікке,есірткеге,шылым шегуге бейімделіп,яғни саналы түрде уақытынан
бұрын денсаулықтарын жоюда.

Келесі бір мәселе,адам баласының өз қолымен жасаған табиғат
апаттары.Бір мысал алайық,атом радиациясының кеселінен су кепті,жер
тозаңға,тас күлге айналды,өсімдік өсуін тоқтатты.Ауа қозғалысы
өзгергендіктен жер бетіндегі тіршілік күн өткен сайын апатқа
ұшырауда.Міне,тіршіліктің болашақ жандының жер бетінен жойылуы қаупінің
негізі осында.Бұл қағиданың негізінде,енді адамзат тіршілікті сақтап
қалудың жолын іздеуде.Демек,денсаулықты сақтап,ұзақ өмір сүрудің бір-ақ
жолы бар.Ол әр адамның жас па,кәрі ме-күнделікті тіршілік
көзі,яғни,салауатты өмір сүру әр адамның өзінің қолында екенін біле ме?

Осындай қағидаларның негізіне сүйене отырып,жеке бастың салауатты өмір
сүру бағытының негізгі мәселесі ретінде осы тұжырымдаманы ұсынып отырмыз.

1.Салауатты өмір сүрудің мақсаты.

Қазіргі кезеңдегі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуында орын алып
отырған қиындықтарға қарамастан,салауатты өмір сүрудің мемлекеттік жүйесі
түпкілікті,жалпы адамзаттық рухани байлықтарға негізделуі тиіс.Ол жеке
бастың үйлесімді дамуына,денсаулықты нығайтуға,адамдардың тіршілік үшін
белсенділігін арттыруға ықпал жасауды өзінің басты мақсаты етіп алуы керек.

Осындай арнайы нұсқауды және қоғамның салауатты өмір сүруін өз
деңгейіне жеткізу барысындағы белгілі шараларды іске асыру үшін адамның
жеке басына мынадай міндеттер жүктеледі:

1.Ең әуелі,адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін,дене құрылысының
биологиялық,физиологиялық,анатомиял ық құрылымымен таныс болу;

2.Ағзаның қай мүшесінде кемістік пайда болса,оны табиғи заттардың әсерімен
қалпына келтіру;

3.Адам ағзасының өз деңгейінде дұрыс жұмыс істеуі үшін(әрине,өмірдің әр
кезеңінде)оған саналы түрде жағдай жасау;

4.Денсаулықты сақтаудың негізгі принципі-Аристотельдің жанды дене
қозғалмаса өледідеген қағидасын басшылыққа алу;

5.Табиғатта жанды да,жансыз да дененің өмір сүруінің негізгі көзі-
ауа,күн,су құрылымдары болғандықтан.Денсаулықты сақтау үшін осы аталған
табиғат құбылыстарын дұрыс пайдалана білу;

6.Жеке бастың тазалығы;

7.Дұрыс тамақтану жүйесі;

8.Экологияның бұзылуына байланысты күнделікті тіршілікте сауықтыру жүйесін
өз бетінше саналы түрде шығармашылық жүйемен үйлестіру;

9.Жас ерекшеліктерін ескере отырып,ағзаның күш-қуатын пайдаланудың
міндеттерін білу;

10.Дененің жан-жақты үйлесімді дамуы;

11.Денешынықтыру- сауықтыру ісін меңгеру процесінде жеке бастың айқындалуы;

12.Серуендеу және саяхат жасау жүйесінен хабардар болу.

2.Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері

Салауатты өмір сүрудің негізгі принциптері-еш ауруға шалдықпай,дертке
жеткізбей-ақ,алдын-ала мол денсаулық көзін ашу.Баяғыда Лұқпан Хакімнен:
Өмірде байлық па,жоқ даңқ қымбат па? деп сұаған екен.Ол біраз ойланып
тұрып: Байлық та,даңқ та адам баласын бақытты ете алмайды.біле білсеңдер
ауру ханнан дені сау қайыршы бақытты.Ал бақыт дегеніміз не?Әрбір адамзат
өзінің күш-жігерін халқына,өз еліне,ұрпақтәрбиесіне жұмсап,ақылды,парасатты
және денсаулығы зор болса ғана бақытты,-деген екен.

Бақытты адам өзінің жұмысқа деген ынтасын,санасын,рухани бйлығын өмір
бойы дамытып,еңбекке араласады.Тек қана дені сау адам өзінің үнемі ой-
өрісін кеңейтіп,өмірдегі мақсатына жетеді.Міне,денсаулықтың принципі де
осында.Ешкімнің денсаулығының ешкім көмектеспейді және бәрін сатып аламын
деген капиталистік принцип те құр ұрандау болып табылады.

Салауатты өмір сүру үшін тіршіліктің күресі тек қана ағзаның
биологиялық өзгерістері ғана емес,сонымен қоса әлеуметтік маңызы зор
құбылыс.Бұл күрес адам баласына туған күннен бастап өмір бойы тоқтамай,оның
тіршілік қабілетін жоғалтпай жасының ерекшелігіне қарай қызмет етеді.Бұл
құбылыстың барлығы ағзаның орталық жүйке жүйесінің ең негізгі реттеуші
бөлігі мидың адам өмірінде атқаратын қызметі- тіршіліктің негізгі көзі.

Ми -жүйке жүйесіндегі негізгі орталық.Ми ағзаның барлық жүйке
талшықтарымен екіжақты байланыста болатындығын әрқайсысымыз жақсы білеміз.
Демек, біріншіден, байланыс ағзаның ішкі құрылысында не болып жатқанын
хабарласа,екінші байланыс,сыртқы құбылыстың ағзаға тигізіп жатқан әсерін
хабарлайды.Осы процесс арқылы ағзның дұрыс та бірқалыпты сау болуын әркім
бақылап отырады.Демек,ағзаның іштегі,болмаса,сырттағы бір мүшесі
зақымдалса,осы байланыстың арқасында ғана ауру,я сау екенін біліп отырады.

Мидың екінші бір негізгі міндеті-ағзаның жұмыс жүйесін,демалысын
реттеп отырады.Міне,салауатты өмір сүрудің негізгі принципі-осы екі жуке
дұрыс қалыптасып,тепе-теңдікте болған жағдайда ғана адамның өмірі ұзаққа
созылады.Ал,бұл жүйке бұзылған жағдайда,орталық жүйке жүйесінің жұмыс
қабілеті төмендейді.Бұны адамның алғашқы ауруға шалдыққаны деп білуіміз
керек.Бұл не?Бұл жүйкенің тоза бастағаны:ұйқы бұзылады,бұл негізгі тепе-
теңдіктің бұзылуы,артық сөз айтып,қызбалыққа ұрынады.Осыдан барып,адам азып-
жүдеп,әр түрлі ауруларға шалдығады.Бұл жағдай ең алдымен жүректің,қан
қысымының өзгеруіне әкеліп соқтырады.

Міне,адам баласының қандай да бір ауруға шалдығуының себебі,жүйке
жүйесінің бұзылуына байланысты деп тұжырымдаған жөн.сондықтан,баланы жастан
дегендей,жас ұрпақты тәрбиелегенде жүйкесін тоздырмауды әрбір ата-ананың
білуі міндетті.

ХҮІІІ ғасырдың оқымыстысы,испандықдәрігер-Христафо р Гуфеленд бала
туғаннан кейінгі алғашқы жылан бастап сыртқы құбылыстарға
бейімделіп,әсіресе реакция беретіндей дәрежеге жеткен кезден бастап-ақ
жүйке талшықтары тоза бастайды-деп ескертеді.Тәжірибелі дәрігер
айтқандай,ата-ана жөнсіз еркелетіп,тіршіліктің қиындығына
бейімдемей,еңбекке араластырмай,дұрыс тәрбие бермесе,ондай баланың
денсаулығы дұрыс қалыптаспайды.Орталық жүйке жүйелерінің ауруға шалдығуының
негізгі бір себебі- қоршаған ортаның аса зиянды әрекеті.Бұл тіпті,өмірдің
қысқаруына әкеліп соқтырады.Қазақстан аумағындағы бүгінгі экологиялық
жағдай әр адамның қаншалықты салауатты өмір сүремін дегенімен,мүмкіншілік
бермейді.Жүйке тамырларының ауруға шалдығуы-біріншіден ағзаның дұрыс
демалуы,яғни ағзаның қоршаған ортамен тепе-теңдік жүйесі бұзылуы салдарынан
жүрек,қан айналысының қызметінің бұзылуынан болады.

Орыс ғалымы И.П.Павлов айтқандай,ұйқы тек ми қабыршықтарының жұмысын
ғана тежеп қоймай,оның ішкі құрылыстарын да осы жүйкеге жетелейді.Бұл жүйке
,яғни,ми құрылысы,тек ұйқы қанып,дұрыс демалғанда ғана денесі
серігіп,ертеңгі тіршілікке деген қабілет арта түседі.бұл жайында немістің
атақты философы Бэкон әрбір ұйқысыз түн-сншалықты күнге өміріңді
қысқартадыдеген екен.Бұл қағиданы әр адам өз өмірінің қағидасы деп
білсе,кім болмасын,онда салауатты өмір сүрудің негізгі принциптерінің бірі
болар еді.

3.Жеке тұлғаның қалыптасу жүйесінің әлеуметтік маңызы.

Әрбір елдің мемлекеттік болмысы мен күш-қуаты оның мүшелерінің
денсаулығына ғана байланысты екенін адамзат тарихының ілімі дәләлдеп отыр.

Техникалық прогрестің даму барысында ХХ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршіліктің қауіпсіздік негіздері туралы мәлімет
Бастауыш мектеп оқушыларында валеологиялық мәдениет негіздерін қалыптастырудың жолдары
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары
Салауатты өмір – барыс тектес халықымыздың болашағы
Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Жалпы түсініктеме
Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістер
Өмір салты және денсаулық
Салауаттылық мәні және қалыптастыру жолдары
Салауаттылық –денсаулық кепілі
Оқушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру
Пәндер