Ағылшын тілі сабағын өлеңдермен өрнектеп өткізу



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Ағылшын тілі сабағын өлеңдермен өрнектеп өткізу

Білім берудің практикалық, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін кешенді
түрде іске асыру оқушылардың санасына ғана емес, сонымен қоса оның
эмоциялық сферасында да әсер ету арқылы іске асырылуы тиіс.
Грамматикалық материалды, жаңа лексиканы енгізу, тілдік материалды
бекіту барысында тыңдауға арналған жаттығулар мен тапсырмалардың тіл үйрену
процесі барысында берері мол. Соның ішінде коммуникативтік дағдыларды
қалыптастыру барысындағы музыканың алатын орнына тоқтала кетейік. Атақты
педагог Ян Амос Каменский музыканы түсінбейтін адам сауатсыз деп айтуға
болады деген сөзі бар. Ежелгі Греция мектептерінде мәтіндерінде әнмен
үйретсе, Индияда арифметиканы әнмен оқытады.
Шет тілін үйрету барысында да музыканың ықпалы мол. Олай болса тіл
үйренудегі музыканың әсеріне тоқтала кетейік.
А) Ән тілдік қарым қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестерінен
құралып, оқушының сөз қорының кеңейіп, бекуіне ықпал етеді, Ән тыңдау
кезінде таныс лексика жаңа контексте кездесіп, оны қолданудың қарқыны өсіп,
студеттің есінде тез сақталады. Әндерде жер су атаулары, географиялық
атаулар, тілдік реалиялар, поэтикалық сөздер жиі кездесетін болғандықтан,
студенттің тілдің стилистикалық ерекшеліктерін түсініп, сезінуіне ықпал
жасалады.
В) Әнмен жұмыс барысында грамматикалық құрылымдардың қарқыны арта
түсетіндіктен, оқушының грамматикалық құрылымдарды еске сақтауы жеңілдей
түседі. Әндер заман талабына сай жазылып, сілтемелер беріліп , мазмұнын
талқылауға арналған тапсырмалармен толықтырылады.
С) Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы жаңа лексиканы қайталайды,
дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, ырғақ ерекшеліктерін ұғынады, дұрыс
артикуляцияны қалыптастырады.
Д) Әнмен жұмыс барысында эстетикалық тәрбие қалыптасып, оқушылардың
шығармашылық қабілеттері ашылады. Сонымен қоса сабақтағы психологиялық
климат ретке келіп, тілдік әрекет қарқындатылып, эмоционалдық көңіл күй
көтеріліп, оқушының тілге деген қызығушылығы арта түспек.
Е) Әнмен жұмыс оқушының монологты, диалогты және ауыз екі сөйлеу тілінің
дамуына ықпал етеді.
Шет тілі сабақтарында берілетін әндер мұқият таңдалып алынуы тиіс. Ән
сабақтың негізгі тақырыбы бола алмайды, оны негізінен жаңа лексиканы
немесе грамматикалық материалды бекіткен кезде қолданамыз және әнге
берілетін тапсырмалар оқушының деңгейіне қарай таңдалып алынады.

Сабақ барысында әрбір мұғалім текстің өлеңді түріне де көңіл бөліп
отыру керек. Ол да практикалық міндетті шешумен бірге оқушыларды
эстетикалық жағынан тәрбиелеуге, шетел тілі сабағының қызықтылығы мен
әсерлілігін жақсартуға мүмкіндік туғызады. Өлеңді текспен жұмыс істеу
бірнеше кезеңнен тұрады.
Біріншіден мұғалім өлеңдегі таныс емес, қиын сөздерді көрнекі құрал, ия
болмаса аударма арқылы түсіндіреді. Оқушылар өлеңнің жалпы мазмұнын
түсінген кезде өлеңді магнитофон таспасынан тыңдайды. Кейде мұғалім өлеңді
өзі оқып береді. Соңынан оқушылар қиын сөздер мен күрделі сөз тіркесін
дыбыстық жағынан меңгеру мақсатымен мұғалімнің соңынан бәрі бірдей әрі
жекелей қайталап айтады. Өлең жолдары өте қиын болмаса, толық жатталады,
біршама қиын өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқуға алдын ала дайындық
жасалады. Ол үшін мұғалім өзі оқушыларға дауыстап, мәнерлеп оқып беруге
міндетті. Өлеңдермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың сөздік қорын дамуы,
поэзияға деген қызығушылығы пайда болады. Үйге өлеңді оқу немесе жатқа
айту, өлең түріндегі әдеби аударма жасауға тапсырма беріледі. Сабаққа
қажетті өлеңді таңдау сол кезде өтіліп жатқан лексикалық және грамматикалық
материал мазмұнымен, оқулықтағы тест немесе ауызша әңгіме тақырыбымен,
сондай-ақ қызыл даталы күндермен байланысты анықталады.
Көктемгі аналар мейрамы қарсаңында өзімнің шығарған өлеңімді төменгі
сынып оқушыларына ұсынамын. (әнімен)

My dear, dear mummy
I love you very much
I want you to be happy
Today and every day
Be happy, be happy
Today and every day
Be healthy, be healthy
Today and every day
Моя родная мамочка
Я так тебя люблю
И в этот день прекрасный
Спасибо говорю
За счастье, за ласку
Спасибо говорю
За счастье, за ласку
Спасибо говорю

Табиғат пен қоршаған орта, экология мәселелерін қозғаған кезде
пысықтау сабағында оқушылар төмендегі The world is Beautiful өлең
шумақтарын Песня крокодила Гены деген орысша өлеңнің әніне салып, тез әрі
оңай жаттап алуға тырысады.

The world is Beautiful.
1. Our world is very-very beautiful
Don’t pollute the air and the land
Everything will be so very wonderful,
If you help the nature every day

Refrain: Let’s keep the world so clean
(2 times) Keep so clean, keep so clean
Never forget to plant
Many-many trees

2. Our world is very-very beautiful
Don’t destroy the forests and the grass
Try to keep the land so clean and very nice
For the world is our native land.

Refrain (2 times)

Жаңа жыл қарсаңында төменгі сыныптың оқушыларына The New Year Tree was
born in wood атты өлеңді ұсынуға болады. Сөзін аударған өзім.

1. The New Year Tree was born in wood
It also grew in wood
The New Year Tree was evergreen (2 times)
In winter, summer too

2. And now the hare cowardly
Was jumping by the tree
And now and then the angry wolf (2 times)
Had trotly run away

3. And now it is so beautiful
It comes to visit us
And brings so many-many joys (2 times)
To each of boys and girls

Ұстаздар мерекесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілінде ертегі үйретудегі әдістер
Бастауыш сынып мұғалімнің тіл табыса білуі
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ЛЕКСИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Таңбалар
Қазақ әдебиетін оқытуда сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Шет тілін оқыту әдістемесі
Ағылшын тілінде лексиканы оқытудың міндеттері мен принциптерін сипаттау
Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі мен жолдары
АБАЙҒА БАРАР ЖОЛ
Әбділда Тәжібаев шығармашылығы
Пәндер