Электрондық оқулықтарды пайдалану тиімділігі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Электрондық оқулықтарды пайдалану
тиімділігі.

Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік
бәсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында Білім беру
реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі деп атап көрсетті.
Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын бүгінгі ұстаздың кім екендігіне баға беріп
көрейік. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, қоғам қайраткері. Мұғалім –
оқытушы, мұғалім – ұстаз, мұғалім – оқулық авторы, мұғалім – технолог,
мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, таратушы.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын
ақпарат көлемінің әр түрлі тегімен анықталады.Оқушыларға білім беруде жаңа
оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман
талабына сай талап етілуде.
Қазіргі кезді электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы
біртұтас ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз – мультимедиялық оқулық.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін
үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс
қабілетін дамыту. Білім берудің кез келген саласында электрондық
оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана
қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай
жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын
немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға
жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа
деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу
материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған
материалдарын еске түсіруге зор ықпал етеді.
Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде
оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық жұмыстар
орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап,
тестілер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың бөліктерін өткенде қосымша
бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып табылады. Бейнеклиптер уақыт
масштабын өзгертуге және көріністерді тез және жәй түрде көрсетуге пайдалы.
Электрондық оқулық таңдап алынған хабарды
көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электронды оқулықтың ең қажет мүмкіндігі
аудиохабарлар. Мысалы: құстардың дауыстарына қарай қандай құс екенін
ажырата білу, жүрек қағысын байқау.
Электрондық оқулық арқылы түрлі суреттер, видеокөріністер, дыбыс және
музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға жазып
түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды
компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың
құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Біздің мектепте мына пәндер бойынша электронды оқулықтар бар:

1. Қазақ тілі 1- 9 сынып
2. Әдебиет 5 және 9 сынып
3. Ежелгі дүние тарихы 5 және 6 сынып
4. Дүние тану 1-4 сынып орысша және қазақша
5. Биология 6, 7, 8, 9 сынып
6. Химия 8, 9, 10 сынып
7. Физика и астрономия 8 сынып
8. Информатика 7, 8, 9
9. Ана тілі 1-4 сынып
10. Алгебра 8, 9, 11 сынып
Осы Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың сабаққа
деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Сондай ақ мұғалімдерге де
өзіне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала
алады. Электронды оқулық – бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық
технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен
оқыту, мұғалімнің оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда
кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды мұғалімнен қайталап сұрай беруге
кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп
соғады. Ал электронды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілі сабақтарында электрондық оқулықтарды пайдалану
Физика оқыту үдерісінде электрондық оқулықтарды пайдаланудың теориялық негіздері
Информатика пәнін оқытуда қолданылатын электронды оқулықтар
Электронды оқулық құрылымы
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ - ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗІ
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Электрондық оқулықтың сипаттамасы
Электронды оқулық
Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау
«Электронды оқулық ағылшын тілін оқытудағы инновациялық құрал ретінде»
Пәндер