Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Баяндама
Адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы

Күллі ғажайыптың ішіндегі ең тамашасы –
жақсы тәрбиеленген адам

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып
ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп
болған адам білімді, тәрбиелі болады, деп, Абай айтқандай, оқу процесі
кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн
тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде мұғалім бала
жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай
өнім алып келеміз?
Егер мұғалім өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру
міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан
шығып жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Мысалы, оқушы мектепке келген
кезінде тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өсе не жоғарғы буынға
келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп
кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық
жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін
жан-жақты іздеуге болады. Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына
мұғалімнің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес
қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең
негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық
болмайды.
Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық,
дегені дәл болып көрінеді. Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі
адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен
кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал
мұғалімнің басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына
дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару,
әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар
құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді
жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды адамгершілікке,
гуманистік жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы
білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды
бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани
мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат,
имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады.
Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды
тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені Әр адам - өз
заманының баласы. Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы
туындайды.
Оқушының жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере
отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз
керек:
1. Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулы, күнделікті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ана тілі пәнін оқыту барысында кіші мектеп жасындағы оқушылардың тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық және әдістемелік негіздері
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Мектепке дейінгі балаларды қазақ халық ауыз әдебиетінің үлгілерін пайдалану арқылы адамгершілікке тәрбиелеу
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Мектепке дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаларға адамгершілік тәрбиесін беру әдістемесі
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Ыбырай Алтынсарин шығармалары арқылы бастауыш сынып оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың әдістемесі
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Пәндер