Қазіргі заманғы бірінші сынып оқушысы қандай болу керек


Сұлтанова Сандуғаш Қасымханқызы
«Ө. Жаңабаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қазіргі заманғы бірінші сынып оқушысы қандай болу керек?
ХҮ ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Лекки «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне береді» - деген болатын.
Сондықтан да ақ қағаз бетін қайта өшіре алмайтындай шимай-шатпақ түспесін десек нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн.
Қай заманда болсын әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды, мінез-өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл, үлкенді құрметтейтін азамат болып өссін деп армандаған. Қазақ халқында келешек жас ұрпақты тәрбиелеу, өмірге дайындау, сол халықтың арман-мүддесінен, тәрбие дәстүрімен байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.
Демек, бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Бүгінгі күннің басты талабы жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беру жолдарында оқушылардың ұлттық рухани білім алып шығуы. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету керек.
Өйткені қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.
Жаңа орта талаптарына бірінші сынып оқушыларының мінез-құлқының сәйкес келу жетістіктері икемделудің нәтижелігінде көрінеді. Бірінші сынып оқушылары мектептің тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Оқушылардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілігімен, адалдығымен, эмоционалдық бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады.
Бірінші сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгілі бір табысқа қол жеткізетіндей жағдай жасау керек.
Отбасында және балабақшада берілетін тәлім-тәрбиеге қосымша қазақ баласы алғаш мектеп табалдырығын аттап, партаға отырған сәттен бастап, ұлттық құндылықтар тамырынан нәр ала отырып білім алуы қажет. Ендігі мәселе - оларға сапалы да жан-жақты білім беру.
«Ең ұзақ жол алғашқы адымнан басталады» деген қағидаға сүйенсек, ең мықты білім алғашқы сабақтан басталады деуге болады. Бірінші сыныпта жақсы оқыған бала одан кейінгі сыныптарда да білімге құштар болып өседі. Сондықтан да бірінші сынып пен алғашқы өткізілетін сабақтың маңызы өте зор деп білемін.
Өйткені алғашқы айтылған сөздер, алғашқы көрген дүниелер, жалпы алғашқы әсерлер баланың санасына түбегейлі жатталып қалады.
1 сынып оқушыларының қандай болуы біздің қоғам мен Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына байланысты. Бүгінгі мектептің мақсаты тек қана білім мен білік дағдыларын меңгерту ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға ұмтылатын ақылды да алғыр, ақпарат көздерін өз бетімен қорытып қолдануға қабілетті, мемлекеттік тіл мен мемлекеттік рәміздердін құрметтейтін, салт-дәстүрді дәріптейтін, өз елінің тарихын қадір тұтатын, елін, жерін сүйетін, Отанын қорғауға оның тағдырының жарқын болуы үшін үлес қосатын отаншыл оқушыларды тәрбиелеу болып табылады.
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz