Спорттық ойын. Баскетбол ойыны. Оң және сол қолмен допты ауыстыра алып жүру, 2-3 метр қашықтықтан торға доп тастау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Көлемі: 8 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 400 теңге
Таңдаулыға:   
Тегін:  Антиплагиат

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Дене шынықтыру мұғалімі: Толеубае Еркебулан Оралханович
Жұмыс орны: Курчатов қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебіКММ
Білімі: жоғары
Қызметі: дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Педагогикалық еңбек өтілі: – 8 жыл
Санаты – ІІ санат
Мекен жайы: Курчатов қаласы Рожановича көшесі- 1, пәтер -19
Телефон: сот. 87787800713
Электрондық пошта: erkebulan83_kz@mail.ru

Мазмұны

1. Түсініктеме хат.
2. Кіріспе
3. Жұмыстың негізгі мазмұны.
4. Бақылау мәселелері.
5. Әдебиеттер тізімі.
6. Қосымшалар.

Түсініктеме хат
Бағдарламаға сәйкес дене шынықтыру пәні бойынша 7 сыныпта өткізілетін
сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын. Баскетбол ойыны Оң және сол қолмен
допты ауыстыра алып жүру, 2-3метр қашықтықтан торға доп тастау.
Аталған сабақ жаңа сабақ және сабақтың оқыту әдісі ретінде оқу мен
оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану қамтылды, соның бірі топтық жұмыс.
Сабақ барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатымен ақпараттық-
танымдық мағлұматтар бере отырып сабақ тақырыбын оқушылармен бірлесе ашу
көзделді.
Сабақ ойын сабағы формасында жүргізіліп, пәнаралық байланыс
ретінде:геометрия және физика, пәндері алынып, қосымша мәліметтер
келтірілді.Бұл өз кезегінде оқушыларға сабақ мақсатын жете түсінуге
септігін тигізді.
Сабақты жоспарлаудағы мақсатым: Оқушыларды баскетбол ойынының қысқаша
тарихымен және еліміздегі баскетбол спортының даму тарихымен
таныстыру.Ойын техника элементтерін дұрыс үйреніп, ойын ережесін жете
меңгеруге және оқушылардың бірін-бірі, және өзін-өзі бағалау жүргізу
дағдыларын жетілдіру. Оқушыларды баскетбол ойынының элементтерімен
таныстыра отырып, ойын техникасын қолдану арқылы дағды қабілетін
жетілдіру, арттыру.
Оларды ұжымдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, салауаты өмір салтын ұстануға,
зейінділік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу және ойын арқылы оқушының ептілік,
икемділік, жылдамдылық, төзімділік, шапшандылық, күш және т. б.
қасиеттерін жетілдіру.
Осы мақсатарды жүзеге асыру үшін сабақ мектеп спорт залында
өткізіледі.
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар:баскетбол доптары, ысқырғыш, секундомер,
кедергі, иллюстратифті материалдар көрнекіліктер.
Сабақ барсында іске асырылатын міндетті тапсырмалар мен оқу жаттығулары:
баскетбол ойынындағы техникалық тәсілдерді нығайту және жетілдіруге
арналған арнайы жаттығулар, жалпы дене дайындығының жаттығулары; секіріп
допты бір және екі қолмен себетке лақтыру, техникалық-тактикалық әрекеттер
(дербес және командалық): қорғаушының дербес қорғану әрекеттерін орындау
кезіндегі қозғалу түрлері; допты жұлып алу және соғып жіберу; доппен және
допсыз әрекет етуші ойыншыны қадағалау кезіндегі қорғану әрекеттері; допты
қақшып кету, қалқаншадан серпілген доп үшін күрес, шабуыл кезіндегі өзара
әрекет (ұшқыр шабуыл), допты төреші ойынға қосқанда және команда ойыншысы
немесе қарсылас беткі сызықтан ойынға қосқан кездегі өзара әрекеттер,
баскетбол оқу ойыны; Сабақты бекіту мақсатымен топтық жұмыс жүргізіліп,
оқушылар командаға бөлініп баскетбол ойыны ойнатылады және сабақтың
қорытынды кезеңінде оқушылармен бірлесе талдау жасалып, тиісті бағалау
жүргізіледі.Мұғаліммен оқушы арасындағы кері байланысты дамыту мақсатымен
сабақ соңында рефлексия жасалады.

Кіріспе

Қазіргі заман талабына сай өскелең ұрпақтың білімді әрі дені сау
ұрпақ болып өсуі өте маңызды.Себебі, еліміздің жарқын болашағы бүгінгі жас
ұрпақтың қолында.Еліміздің әрбір азаматы салауатты өмір салтын ұстанып,
дене тәрбиесіне дұрыс көңіл бөле білсе және спортты серік етсе мемлекет
үшін аса маңызды.Сондықтан да, Дене шынықтыру пәні білім беру сапасындағы
ең қажетті пән.Олай болса,қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы елдің де,
қоғамның да басты байлығы.Ел президентінің Қазақстан халқына арнаған
Қазақстан-2050 жолдауында осы міндеттерді шешуге арнайы назар аудырылған
және бұхаралық спортты дамыту көзделген.
Шынығу-денсаулықты сақтаудың және оны нығайтудың ең қолайлы түрі.
Дене шынықтыру сабағында оқушылар денені шынықтырып, денсаулықтарын
нығайтады және жан жақты дамиды. Ойын оқушыларды жылдамққа, төзімділікке
ептілікке тәрбиелейді. Сондай спорт ойындарының бір түрі баскетбол
ойыны.Сол себепті ұсынылып отырылған сабақ жоспары осы баскетбол ойынына
арналмақ.
Баскетбол (ағылшынша: basketball, basket - торқалта, ball - доп)-
командалық спорт ойыны. Мақсаты — өз себетіне допты салғызбай, қарсылас
себетіне допты лақтырып салу. Олимпиадалық ойындар
бағдарламасына баскетбол 1936 жылдан бері енген. Ерлер арасындағы жүйелі
түрде дүниежүзілік чемпионаттар 1950 жылдан, ал әйелдер арасындағы
чемпионаттар 1953 жылдан бері өткізіліп келеді. Европа чемпионаттары 1935
жылдан өткізілуде. 
Ойын тарихы. Баскетболдың отаны Америка Құрама Штаттары болып есептелінеді.
Алғашқы ойын 1891 жылы Массачусетс штатының Спрингфилд қаласында құрылған
Христиан жастар қауымдастығының оқу жаттығу орталығында ұйымдастырылған.
Сол кезде Канададан қоныс тепкен жас мұғалім, доктор Дисеймс Нейсмит
гимнастика түрін ары қарай жетілдіру мақсатында жаңа ойын түрін ойлап
тауыпты деседі.
Ал, еліміздің баскетбол ойынының даму тарихы XX ғасырдың 40
жылдардан бастау алады.Аталған жылдан бастап ерлер командасы құрылған
болса, 1946 жылдан бастап әйелдер командасы құрылған.Сонымен қатар
Қазақстан баскетбол командалары СССР чемпионаттарында тұрақты түрде қатысып
отырған.Қазақстан баскетболының дамуына М.Жиенбаев, Ю.Бухвалов, И.Копилевич
сияқты спортшылар үлкен үлес қосқан.
1972 жылдан бастап Буревестник, одан кейін Университет(Алма-
Ата)командалары СССР чемпионаттарының жоғарғы лигасында жақсы ойындар
көрсетіп, CCCР халықтарының VI және VIII спартакиадасында екі рет төртінші
орыннан көрінген және осы спартакиадаларда одақтас республика
командаларынан бөлек АҚШ, Франция, Чехославакия және Югославия командалары
да қатысқанын айта кеткен жөн.Ал, 1992 жылдан бастап тәуелсіз еліміздің
баскетбол тарихы басталды.

Дене шынықтыру сабағына арналған жоспары № 10

Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын
БАСКЕТБОЛ ойыны
Оң және сол қолмен допты ауыстыра алып жүру, 2-3метр қашықтықтан торға
доп тастау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: топтық жұмыс
Сабақтың формасы: ойын сабағы;
Пәнаралық байланыс: Геометрия және физика,география пәндері
Сынып: 7 А
Өтетін күні: 24 қыркүйек 2015ж.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды баскетбол ойынының қысқаша тарихымен және
еліміздегі баскетбол спортының даму тарихымен таныстыру.Ойын техника
элементтерін дұрыс үйреніп, ойын ережесін жете меңгеру және бағалау.
Білімділік: Оқушылардыбаскетбол элементтерімен таныстыра отырып, ойын
техникасын қолдану арқылы дағды қабілетін жетілдіру, арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, достыққа, ұйымшылдыққа, салауаты өмір
салтын ұстануға, зейінділік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Ойын арқылы оқушының ептілік, икемділік, жылдамдылық,
төзімділік, шапшандылық, күш және т. б. Қасиеттерін жетілдіру.
Сабақтың өткізілетін орны: мектеп спорт залы
Сабаққа керекті құрал-жабдықтар: баскетбол доптары, ысқырғыш, секундомер,
кедергі, иллюстративтік материалдар көрнекіліктер.

рс Сабақтың мазмұны Уақыты Әдістемелік нұсқаулар
мөлшері
1. Кіріспе бөлім 15-18 мин
Сапқа тұрғызу. 1 мин Оқышыларды бой бойымен тұруға
Рапорт қабылдау. Салемдесу. Түгендеу қөңіл бөлу.
Сабақтың тақырыбын оқушылар мен 1 мин Сапқа түзу тұруын қадағалау.
бірлесе отырып ашу. 3 мин Тыныштық сақтау.
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа
аудару.
Бұрылыстық түрлері:
а)Орнында: оңға, солға бұрылу; 2 мин
б) Секіріп: оңға, солға бұрылу;
в) Қозғалыста: оңға, солға бұрылу; Бұрылу кезіңде сол иықпен
Жүрістің түрлері: бұрылуына және денені тік
а) Аяқтың ұшымен жүру; 2 мин ұстауына қөңіл бөлу керек.
б) Өкшемен жүру;
в) Табан ішімен жүру; Тірек аппаратын дұрыс ұстау.
г) Табан сыртымен жүру;
д) Жартылай отырып жүру;
с) Толық отырып жүру.
Спорттық жүріс. Кеудені тік ұстау.
Толық, тиянақты жасау
Жеңіл жүгіру
Жүгірістік түрлері: 3 мин
а)Тізені көтеріп жүгіру;
б)Аяқты артқа сермеп ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Баскетбол спорттық ойыны
Баскетбол ойыны. Ойын техникасы
Баскетбол: допты торға түсіру техникасын үйрету әдістемесі
Баскетбол ойыны
Допты қос қолмен жоғарыдан беру
Доп тастау
Волейбол спорттық ойыны
Баскетбол ойыны жайлы мәліметтер
Студенттің өзіндік машықтану жұмысы арқылы спорттық шеберлігін жетілдіру (баскетбол ойыны негізінде)
Баскетбол ойыны дамуының қысқаша тарихы
Пәндер
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь