ДАЧА МЕН ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ЖИДЕК АҒАШТАРЫН ӨСІРУ
М А З М Ұ Н Ы
КIРIСПЕ
І ТАРАУ
1.1 Дача мен үй іргесіндегі жидек ағаштарын өсіру.
1.2 Сорттарды іріктеп алу
ІІ ТАРАУ
2.1 Таңқурай түрлерін өсіріп, өнім алу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жеміс пен жидек және жүзімде жеңіл сіңімді қант көп. Алма мен
алмұртта қант 13—14% дейін, жүзімде 20% дейін болады. Жемісте белок, май
өте көп және ол өзінің калориясы жағынан еттен кем түспейді. Витаминдер
әсіресе қарақатта, бүлдіргенде, алмада мол болады. Сондықтан да олардың
халық шаруашылықтық маңызы да өте үлкен.
Жүзім, бүлдірген, алма, қарақат бағалы және пайдалы азық қана
емес, сонымен қатар бұлардың емдік қасиеттері де зор.
Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын өсімдік, қар
қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын ауалы
аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы жартылай
жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын көпжылдық өсімдік.
Таңқурай жартылай бұталы көпжылдық өсімдік болып есептеледі.
Жабайы түрде аз ғана болса да көлеңкелі жерлерде жақсы өседі.
Жеке меншік бау-бақшада жеміс пен жидек және жүзім өсіруде, күтіп-
баптауда, өнімін алып, өңдеуде әлі де болса да көптеген біле бермейтін
жайттар баршылық. Соның нәтижесінде республикамыздың, әсіресе солтүстік
аудандарында жеміс-жидек шаруашылығы нашар дамуда.
І ТАРАУ
1.1 ДАЧА МЕН ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ЖИДЕК АҒАШТАРЫН ӨСІРУ
Бүлдірген түрлерін егу және олардан өнім алу
Ерекшелігі. Бүлдірген өзінің тегі жағынан алғанда орманда шығатын
өсімдік, қар қалың жауатын, жазда оншалықты ыстық болмайтын, ылғалды салқын
ауалы аймақтарда өседі. Бүлдірген шөп пен ағаштың аралық формасындағы
жартылай жатық бағытта, әрдайым көк қалпында болатын көпжылдық өсімдік.
Бүлдіргенді егісімен келесі жылы жидек бере бастайды. Бүлдіргеннің тамыры
жерге 40—50 сантиметр тереңге тарайды, бірақ бұлардың негізгі бөлегі 25
сантиметр тереңдікте болады.
Гүлденгеннен кейін 20—30 күн өткен сон жемістерінің пісуі басталады.
Жидек піскеннен кейін жапырақтар және оның ұштары тағы да шапшаңдап өседі,
сонымен қатар сол жылғы шыққан сабақтардың тұқымдардың түбіне жаңа тамырлар
өсе бастайды. Сөйтіп, өсімдік келесі жылы жидек болып шығуға әзірлік
жасайды. Бұл бүлдірген сабақтарының өсуі кезеңіндегі аса жауапты мерзім
болады, осы кезде ылғалды және қоректік заттарды көп керек етеді. Күз
басында сол жылғы шыққан сабақтардың ұшында жидектік бұршақтар қалыптасады.
Жоғары агротехника қолданылған жағдайда бүлдірген учаскесі 6—7 жылға
дейін жақсы өнім береді.
Бүлдіргенді егу.Бүлдіргенді егудің қолайлы мерзімі — көктем болып
есептеледі, сонымен қатар бүлдіргенді ерте күзде егуге де болады. Көктемде
бүлдірген егілген учаскені жақсы күткен жағдайда келесі жылы одан түсім
алуға болады. Бүлдірген күзде еккенде, күзгі суық түскенге дейін өсімдік
тамыр тартып үлгеруі қажет. Республикамыздың оңтүстік және онтүстік-шығыс
бөліктерінде бүлдіргенді егуді 15 сентябрьден кешіктіруге болмайды. Күзгі
суық түскенге дейін тамыр тартып үлгере алмаған өсімдік өліп қалады. Іле
Алатауының суарылмайтын таулы жағдайында бүлдірген тек көктемде ғана
егіледі, мұның өзі бүлдіргеннің жақсы өнуін қамтамасыз етеді.
Екпе бүлдіргенді бір таспа етіп егуге де болады, қатараралығының кеңдігі
70—80 см және бір-бірінен қашықтығы 25 см болуға тиіс, қос таспалап
отырғызғанда өсімдік аралығы 80+40X25 см болады.
Екпе бүлдірген оншалықты терең емес (7—10 см) бороздаларының жағалауына
отырғызылады, мұндай орынға жіп тартып, белгі салынғаннан кейін кетпенмен
жеңілдеп қазылады.
Егер топырақ құрғақ болатын болса екпе бүлдіргенді отырғызбастан бір күн
бұрын бороздалар арқылы су ағызып, оларды ылғалды топыраққа отырғызады. Қос
таспалап еккен уақытта, оның суару жұмыстарын борозда арқылы жүргізген
дұрыс.
Екпе бүлдірген сүңгі қалақпен шұнқыр қазып (8— 10 см кішкене күрекпен)
немесе қазық қағып сонын орнына отырғызылады. Сүнгі қалақпен шұңқыр казып
отырғызған кезде, борозданың бір жағы тік жасалады, өсімдік борозданың осы
тік жағына орналастырылып, тамырлары үстіне топырақ салынады, топырақ
өсімдік тамырына қарай тығыздалады, екпе бүлдіргенді отырғызған кезде оның
тамырлары жоғары қайырылмауын, сонымен бірге бүршіктің жоғарғы жағын
топырақ басып қалмауын бақылау керек. Екпе бүлдіргенді таяз отырғызуға да
болмайды. Таяз отырғызылған өсімдік өнбей қалады немесе нашар өседі, өнімді
аз береді, сыртқы қолайсыз жағдайларға үшырағыш келеді.
Өсімдіктің жақсы өсуін қамтамасыз ету үшін отырғызылғаннан кейінгі 5—6
күннен соң, екінші рет 6—8 күн өткен соң үшінші рет суарылады. Мол өнім алу
үшін өсімдіктің бітік болуын қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар. Сондықтан
отырғызғаннан кейінгі 8—10 күннен соң өсімдіктің өнген-өнбегендігі
тексеріледі. Өнбеген жерлерге жаңадан екпе бүлдірген отырғызылады. Егер
еккеннен кейін тағы да өнбей қалған есімдік болса август айының аяқ кезінде
қосымша өсімдіктер отырғызылады, мұндай өсімдіктер жақсы тамыр тартқан
өсімдіктердің ұшынан алынады.
Қосымша егу жұмысы (бірінші және екінші рет) жүргізілгеннен кейін
міндетті түрде суарылады. Өнбей қалған өсімдіктер саны оншалықты көп
болмаса, екінші рет қосымша еккен кезде өсімдік ұштарын өнбей қалған
өсімдіктің орнына қарап бағыттап, оны қолдау арқылы өсіруге де болады.
Өсімдік тамыр тартқаннан кейін, күтудің негізгі шаралары, өсімдіктің бір
қалыпты өсуін қамтамасыз ететін болуға тиіс, бұл шаралар —мезгілімен суару,
арамшөптерді отау және топырақты қопсыту болып табылады.
Бүлдірген жиі-жиі суаруды керек етеді, өйткені оның тамыры топырақтың
жоғарғы қабатында болады, бұлар тез кұрғағыш келеді. Өсу кезеңінде
бүлдірген небары 11 — 13 рет суарылады, 6—7 рет топырағы қопсытылады және
арамшөбі 3—4 рет оталады. Суару және топырақты қопсыту жұмыстары мөлшермен
айтқанда мынадай мерзімдерде жүргізіледі.
Май айында бір рет суарылады, сонан соң топырағы қопсытылады, июнь айында
1—2 рет суарылады, бір рет топырағы қопсытылады, июль айында 3—4 рет
суарылады, екі рет топырағы қопсытылады, августың бірінші жартысында екі
рет суарылады, бір рет топырағы қопсытылады, сентябрьде 1—2 рет суарылады,
бір рет топырағы қопсытылады.
Мұнымен бірге октябрьдің екінші жартысында тағы бір рет суарылады.
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарында ай сайын бір рет
артық суарылады. Әсіресе июльде және август айының екінші жартысында жиі-
жиі суаруды қамтамасыз етудің ерекше маңызы бар, өйткені бұл кезде өсімдік
шапшаң өседі және өнім беруге әзірленеді.
Бүлдіргенді егер алдында жерге көң шашылса, мұндай жерге минерал
тыңайтқышты егілген жылы енгізбесе де болады. Егер түрлі себеппен бүлдірген
егілетін жерге көн шашылмаса, гүл шығаратын бүршіктің қалыптасуын
қамтамасыз ету үшін, август айының орта шенінде толық минерал тыңайтқышпен
үстеп қоректендіруге болады, бұл үшін әрбір гектарға 60 кг фосфор, 30 кг
калий және азот енгізіледі.
Егілген жылы өсімдік ұштарын жұлмаса да болады. Бірақ август айының аяқ
кезінде немесе келесі жылғы көктемде қатараралықтарындағы өсімдік ұштарының
барлығы да жұлынып алынып, екпе материал ретінде пайдаланылғаны жөн, бұлай
етпеген жағдайда есімдік онан әрі өсе береді де, учаскеде шамадан тыс бітік
болып, өнімі кемиді.
1.2 Сорттарды іріктеп алу
Учаскені реттеу алдында сорттарды іріктеп алудың зор маңызы бар. Бұл үшін
ең алдымен әрбір ауданға лайықты стандарт сортты іріктеп алу шарт. Әрбір
шаруашылықта түрлі мерзімде пісетін сорттарды еккен жөн. Төменде
Қазақстанның түрлі аудандары үшін ұсынылатын қолайлы аса манызды сорттардың
тізімі келтіріледі.
Қызылорда, Шымкент және Жамбыл облыстары үшін — Узбекистанская, Луиза,
Урожайная, Луи-Готье, Кох.
Алматы, Талдыкорған, Жамбыл облыстары үшін — Героиня Маншук, Комсомолка,
Любовь Поволжья, Новинка, Память Шредера, Ташкентская, Луи-Готье, Кох,
Луиза, Саксонка, Юльке, поздняя Леопольдсгальская Солтүстік-Шығыс,
Орталық және Батыс Қазақстан облыстары үшін — Рощинская, Аэлита, Любовь
Поволжья, Кох, Виктория, Луиза, Комсомолка.
Аса маңызды сорттардың қысқаша сипаттамасы. Урожайная. Бұл сорт Алматы
облысында кенінен, тараған. Соңғы кезде республиканың басқа облыстарында да
тез тарала бастады. Бұл сорттың ерекшелігі— күтімді оншалықты көп керек
етпейді және өте мол өнім береді (гектарына 13—15 тоннаға дейін). Жидегінің
ірілігі орташа, формасы дөңгелек, түсі көрікті болып келеді. Пісу мерзімі
орташа, өңдеп те пайдаланады және жаңадан жиналып алынған кезде де
тұтынады.
Луиза. Қазақ ССР-нің онтүстік және оңтүстік-шығыс бөлігінде көп тараған
сорт. Бұл сорттың ерекшелігі — түсі әдемі, жидегі ірі, өте дәмді, тасымалға
жарамды болады. Түсімі орташа (гектарына 8 тонна). Жидек шығатын ұштары көп
болады. Бітік шықса нашар өседі. Бұл сорт күтімді, топырақта көптеген
қоректік заттар болуын керек етеді.
Комсомолка. Бұл сорт аз уақыттың ішінде Совет Одағының көптеген
облыстарында кеңінен тарады. Оның ерекшелігі — түсімі өте мол (гектарына 20
тоннадан аса) болады. Жидегі ірі, қоңыр қызыл түсті, әдемі келеді, пісу
мерзімі орташа. Өңдеу үшін өте қолайлы, сонымен бірге жаңадан жинап алған
кезде тұтынуға да болады. Бұл сорттың тағы бір ерекшелігі — гүлінің түсі
өте нәзік келеді. Сондықтан Комсомолка сортын тозаңдандырғыш сортымен
(Рощинская, Саксонка, тағы басқа сорттармен) араластырып егу қажет.
Героиня Маншук. Жидегінің сапасы жақсы және мол өнімді болуына
байланысты, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына кең тараған және
мұндағы негізгі сорттардың қатарына енеді.
Бұталары орташа, жинақы, жапырақтары тік тұрады, түсі ашық жасыл. Гүл
сидамы қысқа, жапырақ деңгейінен төмен өте берік, сондықтан жидектерінің
бәрі бірдей топыраққа түсіп жатпайды. Жидектері ертерек — июньнің бірінші
он күндігінде пice бастайды. Пісіп жетілу 25—30 күнге созылады. Өнімді мол
береді.
Жидектерінің ірілігі орташа 5 г, мойыны жоқ, жалпақ сына тәрізді, ашық
қызыл. Жұмсағы тығыз, қызғылт, хош иісті, онша сулы емес, дәмді. Жас
күйінде желінеді, өңделеді. Басқа сорттарға қарағанда бұл тасуға төзімді.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Шымкент облыстарының барлық аймақтарында
өсіруге ұсынылады.
Любовь Поволжья. Бұтасының жапырағы өте жиі, Июньнің бірінші он күнінде
піседі.
Жидектерінің ірілігі орташа 5 г, ашық қызыл, бір жағы шошақ келген
домалақ. Дәмділігі орташа. Жас күйінде желінеді және техникалық қайта
өңдеуге жұмсалады. Орал облысында өсіруге ұсынылады.
Ташкентская. Жидегі кештеу — июньнің екінші оныңшы күнінде піседі, жеміс
салуы 18—24 күн.
Алматы облысында өнімді мол береді. Жидегі ірі 7—8 г, айқын қызыл, дәмі
қышқылтым-тәтті, сапасы орташа. Негізінен өңдеуге жұмсалады. Алматы,
Жамбыл, Шымкент және Қызылорда облыстарында ұсынылады.
Узбекистанская. Қазақстанның онтүстігінде тараған. Бұтасы биік өседі,
аздап салбыраңқы. Жапырақтары ірі, қыртысты. Алғашқы жидектері июньнің
екінші онкүндігінің басында піседі. Жеміс салуының ұзақтығы 22 күн.
Жидектері ірі 8—9 г, шошақ немесе топал шошақ пішінді, бүйірлі, айқын
қызыл, жылтыр. Жұмсағы қызыл, сулы, булы. Дәмі жақсы. Жас күйінде жейді
және өңдеп те пайдаланады. Шымкент, Алматы, Жамбыл облыстарының оңтүстік
аймақтарына ұсынылады.
Зенга-Зенгана. Жидегі сапасының жақсы және мол өнімді болуына байланысты.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысына кең тарады және мұндағы
негізгі сорттардың қатарына енеді. Орташа, кеш пісетін сорт. Бұталары биік,
жинақы жапырақтары ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz