Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5 сағат)



Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қалалық оқу-әдістемелік кабинетінің сараптама кеңесінде қаралып, қала
педагогтарына таратуға ұсынылды. Хаттама №2 21.12.2015ж

Құрастырғандар:
Рыскалиева А.Т - №30 орта жалпы білім беретін мектептің география пәні
мұғалімі
Хасангалиева Л.А - №30 орта жалпы білім беретін мектептің география пәні
мұғалімі

Пікір жазғандар:
Жароева А.Г - М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің жаратылыстану-география

факультетінің биология және экология кафедрасының
аға
оқытушысы магистр
Каменова Р.Қ.- №20 жалпы білім беретін мектебінің жоғары санатты

география пәні мұғалімі

Осы оқу-әдістемелік бағдарлама география пәні мұғалімдеріне көмекші
құрал ретінде ұсынылады.
Қазақстанның рекреациялық ресурстары мен туристік игерумен және туризм
саласының болашақ дамуымен және ғылымның терминологиялық, теориялық
тұжырымдамаларымен таныстыруда және табиғаттың қайталанбас әсем
көріністері мен туристік-рекреациялық мүмкіншіліктеріне сүйене отырып,
оқушыларды әсемдікті сезіну мен табиғатты қорғауға баулуда осы курстың мәні
зор.

Мазмұны

1. Түсінік хат
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..
2. Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Рекреациялық география-география ғылымының бір саласы
... ... ... ...
4. Рекреациялық
ресурстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... .
5. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының рекреациялық аймақтарына жалпы
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...
6. Туристік
ресурстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
7. Рекреациялық зерттеу жүргізуге оқушылардың қатысуын
ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
8. Курсты
қорытындылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..
9.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Рекреациялық география таңдау курсына
Түсінік хат

Рекреациялық география таңдау курсы бағдарламасы 8-9 сыныптарға
арналған.

Рекреациялық география – оқушыларды география ғылымына өз бетімен
бағыттай отырып, белгілі бір аймақтық рекраециялық жүйенің қалыптасу
заңдылықтары мен дамуын үйретеді.
Аймақтық рекраециялық жүйе - адамдардың демалыс кезін дұрыс ұйымдастыру,
адамның еңбек процесінде жұмсаған дене және рухани күштерін қалпына келтіру
мен дамыту (рекреация – лат. recreatio – қалпына келтіру) .
Аймақтық рекраециялық жүйе – адамдардың демалыс кезіне қызмет ететін
күрделі жүйе.
Рекреациялық жүйеге демалушылардың өздері, техникалық құралдар және
тұрғын үйлер, қызметкерлер мен басқару элементтері ұйымдастырылған, оның
ішінде табиғи және мәдени кешендер кіреді.
Аймақтық рекраециялық жүйенің тиімділігін арттырудың жолдарын зерттеумен
қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының әртүрлі салалары (әлеуметтану,
экономика, физиология, медицина, архитектура) айналысады. Сондықтан
медициналық, физикалық, экономикалық география бағытындағы мамандар мен
техникалық, әлеуметтік, жаратылыстану ғылымдары мамандарының бірігуі қажет.

Географияның әртүрлі салаларын біріктіретін жүйелі ғылым ретінде
рекреациялық географияның орта мектеп курсында оқытудың маңызы зор.
Рекреациялық география оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, қоршаған
ортаны танып білуге үйретумен қатар, табиғат адамның қажеттілігін
қамтамасыз ететін ортасы, рухани дамуы мен күш жігерін қалпына
келтіретін демалыс орны екенін ұғындырады.
Бұл курстың бағыты: оқушылардың географиялық білімін кеңейтумен қатар,
туған өлкені зерттеуді, рекреациялық география элементтеріне баса назар
аударуды үйретеді
Курсты әртүрлі әдіс тәсілдерді пайдаланып өткізуге болады: дәріс,
семинар, сарамандық жұмыстар, ақпарттық жүйені пайдалану арқылы
презентациялар дайындау.
Рекреациялық география таңдау курс бойынша бағдарлама
Білім құрылымындағы таңдау курсының орны:
Рекреациялық география таңдау курсы 8-9-сыныптарда оқылатын география
пәні бойынша оқушыларға қосымша құрал.
Мақсаты: Қазақстанның рекреациялық ресурстары мен туристік игерумен және
туризм саласының болашақ дамуымен және ғылымның терминологиялық, теориялық
тұжырымдамаларымен таныстыру. Қазақстан табиғатының қайталанбас әсем
көріністері мен туристік-рекреациялық мүмкіншіліктеріне сүйене отырып,
оқушыларды әсемдікті сезіну мен табиғатты қорғауға баулу.
Міндеті:
- курстың теориялық негіздемелері мен негізгі анықтамаларын(аймақтық
рекреациялық жүйе, рекреациялық аудандастыру) түсіндіру.
-аймақтағы туризм дамуының қазіргі жағдайын бағалау және олардың
рекреациялық игерілуін анықтау.
-Қазақстан туризмінің қалыптасу мәселелерін талқылау.
Күтілетін нәтиже:
• Экономикалық және әлеуметтік география саласындағы білімді
тереңдетеді.
• оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сәйкес саналы білім
алады.
• өз бетінше ойлай білетін белсенді, өзін-өзі реттеп,жауапкершілікпен
қарайтын тұлға қалыптасады.
• Қоршаған ортаға қызығушылығын арттырумен қатар байқампаздық,
шығармашылық белсенділік дамытады
• Жергілікті жердің рекреациялық аудандарын танып білуде оқушылардың
белсенді практикалық іс-әрекеті қалыптасады.
• түпкі нәтиже білім сапасын арттыру болып табылады.

Оқушыларға қойылатын талаптар:
• демалу және рекреация ұғымын бір бірінен ажырата білуге үйренеді.
• рекреациялық іс-әрекеттің түрлерін білуі тиіс.
• Қазақстанның басты рекреациялық аудандарын білуі тиіс.

Оқушылар қолдана білуі тиіс:
• Оқулықтан басқа энциклопедия материалын, географиялық сөздіктер
пайдалана білу;
• туристік орталықтарға әртүрлі білім көздерін пайдалана отырып
сипаттама бере білу.
• Картаны пайдаланып, жергілікті жердегі туризмнің қалыптасуы мен даму
мүмкіндігін білу.

Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Рекреациялық география бағдарламасы

№ Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Сарамандық жұмыстар
Шығармашылық тапсырмалар Қосымша тапсырмалар 1 Кіріспе 1с
І Рекреациялық география-география ғылымының бір саласы 5с
1 Рекреациялық географияның түсінігі, мәні мен маңызы 1 2
Рекреациялық географияның ғылым ретінде дамуы 1 3
Рекреацияның типтері 1 1 4 Аймақтық рекреациялық жүйе-
рекреациялық жүйенің оқыту обьектісі 1 1 5 Рекреациялық іс-
әрекетті ұйымдастыру 1 Постер құрастыру ІІ Рекреациялық
ресурстар 10с 1 Рекреациялық ресурстардың қажеттілігі 1
2 Рекраециялық ресурстарға сипаттама 1 3 Рекреациялық
ресурстардың қызметіне қарай түрлері 1 1 семинар 4 Рекреациялық
іс-әрекетті ұйымдастыру 1 5 Қазақстанның рекреациялық
ресурстары 1 6 Қазақстанның рекреациялық ресурстарына
саяхат(картамен жұмыс) 1 1 7 Жергілікті жердің рекреациялық
ресурстары 1 1 8 Ақжайық санаториялық курорттық рекреациялық
аймағы 1 1 9 Демалыс кезіндегі адамның қоршаған ортаға әсері
карта-схема құрастыру 1 1 10 Демалыс-экономиканың негізгі
саласы(семинар) 1 семинар ІІІ Батыс Қазақстан экономикалық
ауданының рекреациялық аймақтарына жалпы шолу 12 1 Батыс
Қазақстан экономикалық ауданының ерекше қорғалатын аймақтары 1
2 Архитектуралық ескерткіштер 2 3 Бөкей Орда табиғи
–архитектуралық ескерткіші 1 4 Шалқар көлі туристік-
рекреациялық аймағы 1 5 Шалқар көлінің биогидрологиялық
қорықшасы 1 6 Жайық өзені бассейнінің табиғи ескерткіштері 1
7 Бор таулары 1 8 Қарақия ойпаты 1 9
Үстірт қорығы 1 10 Маңғыстау таулары 1 11 Таңдау
бойынша жергілікті жердің рекреациялық аймағына баға беру 1 Жоба
қорғау ІҮ Туристік ресурстар 3 1 Туристік ресурстарға
сипаттама 1 2 Туризмдегі табиғи және мәдени мұралардың орны 1
3 Туризм түрлері жоспарын құрастыру 1 1 Ү
Рекреациялық зерттеу жүргізуге оқушылардың қатысуын ұйымдастыру 2
1 Жергілікті жердің рекреациялық мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын
сипаттау 1 семинар 2 Бір рекреациялық аймақтың физико-
географиялық жағдайын анықтау 1 1 Курсты қорытындылау 1


Курстың мазмұны
Кіріспе (1 сағат).
Тақырыбы 1. Рекреациялық география - жаратылыстану ғылымының бір саласы (5
сағат)
Дәріс: Рекреациялық географияның түсінігі, мәні мен маңызы (1 сағат).
Дәріс: Рекреациялық географияның ғылым ретінде дамуы (1 сағат).
Дәріс: Рекреацияның типтері (1 сағат).
Дәріс: Аймақтық рекреациялық жүйе-рекреациялық жүйенің оқыту обьектісі
(1сағат).
Өздік жұмыс: Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру (Постер құрастыру)
Тақырыбы 2.Рекреациялық ресурстар (10 сағат).
Дәріс:Рекреациялық ресурстардың қажеттілігі (1 сағат).
Дәріс: Рекраециялық ресурстарға сипаттама (1 сағат).
Семинар: Рекреациялық ресурстардың қызметіне қарай түрлері (1 сағат).
Дәріс: Рекреациялық іс-әрекетті ұйымдастыру (1 сағат).
Дәріс: Қазақстанның рекреациялық ресурстары (1 сағат).
Практикалық жұмыс: Қазақстанның рекреациялық ресурстарына саяхат (картамен
жұмыс) (1 сағат).
Дәріс: Жергілікті жердің рекреациялық ресурстары (1 сағат).
Дәріс: Ақжайық санаториялық - курорттық рекреациялық аймағы (1 сағат).
Практикалық жұмыс: Демалыс кезіндегі адамдардың қоршаған ортаға әсері
карта-схема құрастыру (1сағат ).
Семинар: Демалыс - экономиканың негізгі саласы (1 сағат).
Тақырыбы 3. Батыс Қазақстан экономикалық ауданының рекреациялық аймақтарына
жалпы шолу (12 сағат).
Дәріс: Батыс Қазақстан экономикалық ауданының ерекше қорғалатын аймақтары
(1 сағат).
Дәріс: Архитектуралық ескерткіштер (1 сағат).
Дәріс: Бөкей Орда табиғи-архитектуралық ескерткіші (1 сағат).
Дәріс: Шалқар көлі туристік-рекреациялық аймағы (1 сағат).
Дәріс: Шалқар көлінің биогидрологиялық қорықшасы(1 сағат).
Дәріс: Жайық өзені бассейнінің табиғи ескерткіштері (1 сағат).
Дәріс: Бор таулары(1 сағат).
Дәріс: Қарақия ойпаты (1 сағат).
Дәріс: Үстірт қорығы (1 сағат).
Дәріс: Маңғыстау таулары (1 сағат).
Жоба қорғау: Таңдау бойынша жергілікті жердің рекреациялық аймағына баға
беру (1 сағат).
Тақырыбы 4. Туристік ресурстар (3сағат).
Дәріс: Туристік ресурстарға сипаттама (1 сағат).
Дәріс: Туризмдегі табиғи және мәдени мұралардың орны (1 сағат).
Практикалық жұмыс: Туризм түрлері жоспарын құрастыру (1 сағат).
Тақырыбы 5. Рекреациялық зерттеулерге оқушылардың қатысуы (2 сағат).
Семинар: Жергілікті жердің рекреациялық мүмкіндіктерін пайдалану жолдарын
сипаттау (1 сағат).
Практикалық жұмыс: Бір рекреациялық аймақтың физико-географиялық жағдайын
анықтау (1сағат).
Курсты қорытындылау (1сағат).

Пайдаланған әдебиеттер

1. Александрова, А. Ю. География международного туризма География в
школе. – 2003.
– № 4.
2. Атлас по экономической и социальной географии мира. 10 класс. – М.,
2002.
3. Веденин, Ю. А. Рекреационная деятельность и экология человека. – М.,
1988.
4. Герасимова, И. П., Преображенский, B. C. Основы конструктивной
географии. – М., 1986.
5. Даринский, А. В. Туристическая индустрия США География в школе. –
2001. – № 6.
6. Даринский, А. В. Программа курса География туризма География в
школе. – 1994.
– № 2.
7. Максаковский, В. П. Экономическая и социальная география мира. – М.,
2002.
8. Максаковский, В. П. Методическое пособие для учителя Экономическая и
социальная география мира. – М., 2002.
9. Мироненко, Н. С., Твердохлебов, И. Т. Рекреационная география. – М.,
1981.
10. Мироненко, Н. С., Бочкарева, М. М. Рекреационные системы. – М., 1986.
11. Тивяков, С. Д. Экскурсионные объекты экологического туризма в Кузбасе
География в школе. – 2001. – № 3.
12. Чермисин, П. А. Виды современного туризма География в школе. – 2003.
– № 6.
13. Хильченко, Л. Н. Практическая работа Составление картосхемы основных
районов международного туризма География в школе. – 2003. – № 4.

Қарақия ойысы

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы жерінде орналасқан. Ойыс табаны мұхит
деңгейінен 132 м төмен жатыр. Ұзындығы 85 км, ені 10-25 км, түбі жазық.
Шығыс беткейі тұсында ойыстың түбін бойлай солтүстік-батыстан оңтүстік-
шығысқа қарай жазда қарасуларға бөлініп қалатын Ащыағар өзені өтеді.
Шығыс беткейі кертпештеліп келген тік, жарқабақты. Олар желмен аққан
судың әсерінен тілімденіп, жеке төбелерге бөлінген. Өсімдік
жамылғысы мардымсыз.Ойыстың кемерлі беткейлері мен табанында
көптеген құдықтар (Жаңаорпа, Сауытты, Қынабай, Шұқыр, Көкше, т.б.) мен
қыстаулар (Орша, Боржақты, Қарасеңгір, т.б.) орналасқан.Ойыстың
шығыс кемері негізінен түрлі түсті ұлутастар мен бор жыныстардан тұрады.
Олар мыңдаған жылдар бойы ұдайы күнге тотығу салдарынан қоңырқай тартқан.
Сондықтан бұл бөлігі алыстан қарағанда қара түсті тік жарқабақ (биіктігі 10-
15 м және одан да биік) тәріздес болып көрінеді. Осыған байланысты ойыстың
аты "Қарқия" деп аталған. Ойпаттың жоғарғы жағы сарматтық берік ізбестен,
орталық жағы – жұмсақ балшық, тез қирайтын тау жыныстарынан құралған.
Жаңбыр суының ағындары, жел, өзеннің бұзылған жылғалары ойпаттың жер
бедерін қалыптастырады. Ойпаттың биік басынан айналаны тамашалауға – алыста
мұнарланған тұман, төселген көкжиек, ал жаныңда деміңді шығармайтындай
тұңғиық шыңырау. Қарақия түрік тілінен аударғанда қара аңның араны
дегенді аңғартуы тегіннен емес. Айналаның барқыт жамылған адыр төбесі жол-
жөнекей өтетін жолаушылардың көзін тамсандыратындай. Қарақия ойпаты өткен
алыс жылдарда Каспий теңізінің бір бөлігі болған, теңіз иірімімен толып
Қарақия шығанағында бөлініп шығатын болған. Міне, осы күйінде Қарақия
шығанағы Шығыс Каспийді зерттеуші-ғалым Александр Бекович-Черкасский
құрастырған картаға түсірілген. Қарақия ойпатының солтүстік-шығыс ұшпасында
тарихи ескерткіштер, ежелгі адамдардың қоныстанған мекені болған.
Міне, мынау – атақты Қарақия ойпаты. Мұхит деңгейінен жүз отыз екі метр
төмен алып қазан шұқыр. Қапелімде, сонау Синай түбегіндегі Өлі теңіз
қолтығына тап болған екем деп қаласыз. Тап сондағы Інжіл аңыздарына толы
сортаң көлдерді, кебір бұйраттарды, қай дұшпан көп қалмаса да, айлар бойы
алдыртпастай андыздап тұрған табиғи қамалдарды көресіз. Өлкенің әр тұсында
шашырай жайылып шыққан шарбы бұлттардай ақ шаңқан таулар айсбергтерге толы
Гренландия маңында жүзіп келе жатқандай әсерге қалдырады. Атыраудың шығыс
бетінен тізеле төніп тұрған жалаңаш құздар түксиген Скандинавия тұмсықтарын
еске түсіреді. Әлдекім әлдебір самұрықтарға тиеп әкеп, әдейі аспаннан төгіп
кеткендей кереге жал сусыма құм шағылдарға көзіккенде, Нубия мен Такла-
Макан шөлдерінен бір-ақ шыққан екенмін деп ойлайсыз. Ал жүздеген
шақырымдарға созылып жатқан тақтайдай тегіс түз сорларды, ондаған
шақырымдарға созылып жатқан жылмағай тақырларды, жүздеген шақырым бойы
тұяқтан қағар, шашаға жармасар кедергісі жоқ тұлдыр жазықтарды, бәлкім,
басқа ешқандай да емес, тек осыннан ғана таба алатын шығарсыз. Түбектің
құбыла бетінен кірсеңіз, теріскей бетінен апарып бір-ақ шығаратын ұзыннан-
ұзақ жер асты үңгірлер, айдаладағы түлкінің ініндей тар апаннан басталып,
біріне бірі жалғасып жатқан зәулім кеуектерді шүпілдете толтырып жатқан жер
асты көлдер, жылмиған құба түзде жер астынан өзінен-өзі жарып шығып жатқан
ащы сарқырамалар, жер бетіне өзі көрінбей, күркірей ағып жатқан үні ғана
жетіп тұратын тұңғиықтағы өзендер, өз-өзінен опырыла құлап, оқыс ойылып
кететін оқпандар – әй, қайдам, Маңғыстаудан басқа тараптан табыла қояр ма
екен?!
Біреулер оны Мыңқыстау елі, мыңдаған жолдар өлкесі, мыңдаған шың құздар
мен шыңырау құдықтар аймағы деп атап жатады. Ал маған ол әлі де сырын аша
қоймаған мың құпия, мың жұмбақ ордасындай көрінеді де тұрады.
Оның әжім-әжім таулары мен көне кітап парақтарындай сарғыш тартқан
жырым-жырым жазықтарының сырларына терең бойлаған адам Тек бір өлкенің ғана
емес, күллі Евразия құрлығының, ол түгілі әмбе Жер шарының, тіпті Күнді
айнала орналасқан ғарыштық әлемнің талай тылсым құпиясына қаныға алар еді.
Егер1 бір кезде ғарыштың жаралуына ықпал еткен түп қуаттың шектен шыға
қордалануынан болған алғашқы қопарылыс тұсында бөлініп шыққан ыстық газдар
жиынтығынан туындағаны планета тарихының космостық кезеңінің жұрнақтарын
көргісі келген адам – Маңғыстауға келсін, сүңгуір киініп, Атырау түбінің
базальт қақпағына үңіліп, не оның қазандағы құрттай қайнап жатқан
кезеңінде, шашырап сыртқа шығып қалып, қатып суынған бөлігі Батыс Қаратау,
Таушық, Шығыс Қаратау сілемдеріне зер салсын. Басқа болмаса да, Отман
таудың басына шықсын. Отпан – Отман – От адам – От киесі... Байқаған кісіге
Авестадағы тірлік басы, өмір иесі, жаратушы рухтың атын еске салып тұр
ғой. Сол ыстық газ суынып, сұйықтық пен қаттылыққа бөлініп, біреуі әуелі
Жер шарын түгел қамтыған мұхитқа, екінші бөлігі қатпар-қатпар жер қыртысына
айналуын зерделейтін геологиялық дәуірлердің тайға таңба басқандай іздерін
түгел көргісі келген адам – Маңғыстауға келсін... Теңіз бен түбек астасқан
құз жағаларға зер салсын. Атақты геолог Н. Андрусовтың Маңғыстауды
палеонтология мен тектоника, планетология мен стратиграфияның беті ашық
жатқан оқулығына теңеуінің өте орынды екеніне ден қояры даусыз. Күн сәулесі
мен судағы көмірқышқылы атомдарының жалғасуынан бас алған жанды тірлік
тарихына ынтызар адам Маңғыстауға келсін, Қаратауды қаусыра құшақтап жатқан
ақ таулар мен күллі түбекті тұтас көміп жатқан қаспақ-қаспақ жер
қыртыстарына көз салсын, – алғашқы анайы бактериялардан бастап, алып
динозаврлар мен ихтиозаврлардың сүйектеріне дейінгі барлық органикалық
дүние қалдықтарын түгел таба алар еді. Өйткені, бұл – күллі Евразияның ең
терең жері. Мұхит деңгейінен санағанда ең еңіс жері. Күллі планетаның Өлі
теңізден кейінгі ең терең екінші кіндігі. Сондықтан бір кездегі күллі
Евразияны тегіс қамтып жатқан Татис мұхиты сарқылғанда оның бойындағы
барлық минералдық және органикалық тұнбалар осы терең шұңқырларға құйылған.
Сонау күлгін кебірлер, сарқаспақ бұйраттар, кесіртке тұмсық қыраттар, ақ
шаңқан шындар сол шөгінділерден түзілген. Анау айдаһардың аузындай аңқиған
аран-аран қапы аңғарлар да – сондағы мұхит асты ағындар мен ежелгі
дариялардың арналарынан қалған жұрнақтар.
Ұшаққа отырып, осы бір ұланғайыр өлкені шыр айналып ұшып көріңізші...
Көгілдір ауа тұна-тұна көк тұңғиыққа айналады. Мөлдіреп түбі көрінеді.
Сонда Маңғыстаудың қиялы жетпестей қиыр-шиыр, оймыш-оймыш, шым-шытырық жер
реңін де сол ежелгі мұхит ағындары мен толқындары қалыптастырғанын қапысыз
аңғарар едіңіз. Маңғыстау кейде, көктен қарағанда, қақпақ сүйегі ашылып
қалған адам миындай қыртыстанып жатады. Иә, бұл, расында да, ежелгі
жаратылыс пен ежелгі тіршіліктің тылсым құпияға толы ғаламат ғимараттарының
абайсыз ашық қалған қақпасындай. Маңғыстау мен Үстіртте адамзаттың
көпғасырлық эволюциясының қай кезеңінің де жәдігерліктерін көптеп табуға
болады. Орта палеолит дәуіріндегі, осыдан 30–40 мың жылдай бұрынғы алғашқы
қауым тұрақтары, тас индустриясы, ежелгі металлургия жұрнақтары, керуен
сарайлары мен әскери бекініс, шығырлар мен шыңыраулар, кеме айлақтары мен
көне ғимараттар, отқа табынушылардың, пұтқа табынушылардың мінәжат орындары
ию-қию араласып жатыр. Көне шығырдан атом станциясына дейін, шақпақ тастар
кенішінен мұнай химиясына дейін, ежелгі кеуек баспаналардан атом қаруын
сынайтын шахталарға дейінгі өркениеттік дамудың саты-саты жолдары түгел
сайрап жатқан өлкеден адамзаттың саяси, рухани кемелденуінің кезеңдік
көріністерінің кесек-кесек нұсқаларын да молынан таба аласыз.

Рекреациялық география пәнінен бақылау сұрақтары.

1. Рекреациялық география туралы түсінік
2. Рекреациялық географияны дамыту
3. Рекреациялық географияны дамыту
4. Рекреациялық геграфияның негізгі проблемалары
5. Рекреациялық географияның игеру объектісі
6. Зерттелу методикасы
7. Қоғам мен табиғат арасындағы қарым –қатынас
8. Рекреациялық географиядағы бос уақыт
9. Басқа ғылымдармен байланысы
10. Рекреанттарды есепке алудың методикасы
11. Рекреацияның даму окың қалыптасу кезеңдері
12. Алғашқы темір жолдары
13. Рекреациялық ресурс
14. Табиғаттың рекреациялық мүмкіншілігі мен жағдайы
15. Табиғи ресурстардың экономикалық тұрғыдан бағалануы
16. Бағаланудың негізгі проблемалары
17. Табиғи территорияларды рекреацияға пайдаланудағы пайдалы және зиянды
жақтары
18. Мәдени тарихи рекреациялық ресурс тар
19. Рекреациялық сұраныс
20. Рекреациялық ұйымдастырылуына қарай негізгі типтері
21. Рекреациялық жұмыстың құрамдық ерекшелігі
22. Емдік рекреация
23. Спорттық рекреация
24. Сауықтыру рекреациясы
25. Танымдық рекреация
26. Елді мекендер арасындағы рекреациялық территорияны дамыту
27. Теңіз жағалаулвық аудандар.
28. Емдік-санатоиялық курорттар.
29. Тау шаңғысы турист тік кешендер.
30. Табиғи рекреациялық саябақтар.
31. Ұлттық саябақтар.
32. Рекреациялық саланың жалпы еңбек бөлісіндегі орны және ролі.
33. Рекреациялық қыымет көрсететін мекемелер.
34. Табиғи ресурс.
35. Рекреациялық ресурс.
36. Туристік инфро құрылымның даму деңгейі.
37. ТМД-нің рекреациялық зоналары.
38. Аудандастырудағы негізгі проблемалар.
39. Рекреациялық аудандастырудың методикасы және принциптері.
40. ТМД-ы территоиясындағы демалуға аранлған табиғи территориялық
кешендер.
41. Қазақстандағы Рекреациялық жұмыстарды даму бағыттары.
42. Рекреацияның дамытудағы қолға алынып жатқан іс-шаралар.
43. Дамытуға кедергі келтіретін проблемалар.
44. Территориямыздың рекрациялық мүмкіншілігі мен қолайлы жерлері.
45. Қазақстанның табиғи-тарихи ресурстары.
46. Негізгі рекреациялық зоналар.
47. Іле төңірегі.
48. СолтүстікТянь-Шань.
49. Жаркент-Талдықорған.
50. Солтүстік Жоңғар.
51. Түркістан.
52. Сайрам-Шымкент.
53. Жоғары-Бұқтырма.
54. Медеу спорт кешені.
55. Шымбұлақ тау шаңғы базасы.
56. Ақ-қайын демалыс үйі.
57. Алма-Арасан курорты.
58. Қапал-Арасаң курорты.
59. Сарыаға курорты.
60. Мойылды демалыс үйі.
61. Сосновы бор. Демалыс үйі.
62. Зеренді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
География курсын оқыту барысында оқушылардың iзденiс iс-әрекетiн ұйымдастыру
Оңтүстік Қазақстан облысының рекреациялық ресурстарына табиғат компоненттерінің ықпалы
Географиялық оқытудағы практикалық жұмыстардың орны, олардың білім алудағы маңызы
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасы
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары
Туризм негіздері - педагогикалық бағыт
Қазақстанның физикалық география курсында экологиялық білім мен тәрбие беру
Рекреацияның типтері
Пәндер