Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері
Оқыту – білім берудің негізгі жолы болып табылады. Оқыту оқытушы мен
оқушының біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты бір текті
процесс. Оқытушы оқушыларға білім беріп іскерлікке, дағдыға үйретеді, ал
оқушы таным міндеттерін түсініп, дағдыны игереді. Оқыту барысында
оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла
жүргізіледі. Тәрбие негізін қалайтын, оқушылардың білімін кеңейтіп, өз
қабілетін танып білуге үлес қосатын оқытудың түрі – сыныптан тыс оқыту.
Сыныптан тыс оқыту мұғалімнің ұйымдастыру шеберлігімен іске асады.
Сонымен қатар сыныптан тыс оқыту әртүлі жұмыстар арқылы жүзеге асады. Сол
жұмыстар арқылы оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалануға, өз қабілетін
танып білуге, қосымша жұмыс жасауға үйретіп, дүниетанымын кеңейтеді.
Сыныптан тыс жұмыс ұғымы өте кең. Ол мазмұны, бағыты, әдісі,
тағайындалуы, формасы мен жолдары жағынан білімділікті қажет етеді.
Мысалы, үйірмелер отырысы, сыныптан тыс оқу, мерекелік шаралар мен
кештер өткізу осы сыныптан тыс жұмыстарға жатады. Бірақ кей жағдайларда
(оқулар, үйірмелер т.б.) мұғалімдер басшылық жасаса, кей жағдайларда
(байқау, кеш т.б) оқушы белсенділігі мен басқаруында болады.
Информатиканы оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық,
зерттеушілік қасиетін қалыптастырып, оларды белсенді, әрі толыққанды өмірге
және ақпаратттық қоғам ортасындағы жұмысқа дайындау болып табылады.
Информатика пәнін оқытуда мұғалім балалардың ой – өрісі мен
танымдық қабілеттерін дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру
мақсатында жаңа технологияларды кеңінен қолданған дұрыс.
Еліміздің - жас ұрпаққа заман талабына сай білім беру әр ұстаздан
шығармашылықпен жұмыс істеуді, үлкен ізденісті талап етеді. Оқушының жеке
тұлғасын, оның рухани әлемін, қабілеті мен ынтасын дамыту бүгінгі таңдағы
негізгі мәселенің бірі. Оның себебі оқушы өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге,
өз бетінше алған білімдерін тәжірибеде, өмірде пайдалануды үйренбеген. Сол
үшін де оқушының өзіне сенімін арттыру, шығармашылығын дамыту мақсатында
мұғалімнің әр сабағы әр түрлі, жан-жақты болуы керек.
Информатикадан сыныптан тыс жұмыстар компьютер мен ақпараттық
технологияларды қолдану мүмкіндіктерін беретін пәнаралық байланыс іспеттес.
Компьютерді қолданып басқа пәндерден сыныптан тыс шаралар өткізу
оқушылардың дүниетанымы мен қызығушылықтарын арттыра түседі.
Сыныптан тыс жұмыс – бұл педагогтардың мектеп оқушыларының сабақтан
тыс уақыттағы әртүрлі іс-әрекеттері мен іс-шараларын ұйымдастыру.
Сыныптан тыс жұмыс – сабақтан тыс уақыттағы мектепте өткізілетін және оқу
жоспарына кіретін әртүрлі оқу-тәрбиелік іс-шаралар.
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері.
Мектептегі тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан
тыс жұмыстар – баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен
қоғамдық құндылықтарды қабылдауын қалыптастыру.
Сыныптан тыс жұмыстар келесі мәселелерді шешуге
бағытталған:
1. Балада жағымды Мен-тұжырымын қалыптастыру, бұл келесі факторларға
байланысты
❖ өзіне басқа адамдардың жақсы көзқараста екендігіне сенімділігі;
❖ өзінің белгілі тақырып немесе қызметті меңгеретініне сенімділігі;
❖ өзінің маңызды орын алатынын сезінуі.
Жағымды Мен-тұжырымы баланың өзіне, өзін бағалауға, жеке тұлға ретінде
қалыптасып дамуында оң әсер етеді.
Түрлі формадағы сыныптан тыс жұмыстар баланың күнделікті
сабақта байқала бермейтін жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерін ашады.
Сыныптан тыс жұмыстың әртүрлі болуы баланы өзіне сенімділігін, өзін
дұрыс бағалауын, өз іс-әрекетін бақылауын қалыптастырады. Сонымен қатар, әр
түрлі жұмыстар баланың іс-тәжірибесі мен дағдысын, адамдар қызметінің
әртүрлілігі туралы білімі мен біліктілігін арттырады.
2. Ұжымдық жұмыс жасау тәжірибесі мен серіктестік дағдысын
қалыптастыруға жағдай туғызу. Оқу үрдісінде сыныптан тыс жұмыстарға
қарағанда ұжымдасып жұмыс істеу мүмкіндігі аз. Сыныптан тыс жұмыстарда
оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-қытынаста болады. Әртүрлі
сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа қабілеттерін ашып қана қоймай,
ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
3. Әлеуметтік қызметтер қажеттіліктерін қалыптастыру. Бұл тікелей
әртүрлі қызметтер түрімен танысуға байланысты. Сыныптан тыс жұмыстарды
қоғам қажет ететін түрлі қызметтерді ұйымдастыру мүмкіндігі бар, бұл жағдай
әсіресе теріс долға түскен жасөспірімдердің көбеюімен көкейкесті болып
тұр.
4. Әлемтанудағы адамгершілік, эмоционалдық, еріктілік компоненттерін
қалыптастыру. Сыныптан тыс жұмыстарда рухани адамгершілік қасиеттер мен
құндылықтарды дәріптеу жақсы жолға қойылады. Ол оқушыларды өнермен
байланыстырады.
5. Танымдық қызығушылықтарын дамыту. Сыныптан тыс жұмыстардың бұл
міндеті оқу үрдісіндегі және оқудан тыс іс-әрекеттердің біртұтас екендігін
білдіреді, өйткені сыныптан тыс жұмыстар оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысы
сонымен қатар оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға бағытталған.
Сыныптан тыс жұмыстағы оқушылар қызығушылығын тәрбиелеу маңызды
мәселелердің бірі – мамандық таңдау мен еңбекке, кәсіпке баулуды шешеді.
6. Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру. Қазіргі кезде келеңсіз
жағдайлардың алдын алуда баланың бос уақытын педагогикалық ұйымдастыру
қажет. Оқушылар тәртібі олардың бос уақытын қалай өткізетіндігіне
байланысты екендігі анықталған. Үлгермеуші оқушыларды сыныптан тыс
жұмыстарға тарту олардың оқуына кедергі келтіреді деген ұғым дұрыс емес.
Қайта сол оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға көмектесу қажет.
Информатиканы оқыту әдістемесіндегі өзекті мәселелердің бірі –
сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Олай дейтін себебіміз,
оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы көбінесе сыныптан тыс жұмыстар
барысында жүзеге асады. Оқыту барысындағы оқушылардың танымдық белсенділігі
мен ізденімпаздық шығармашылығы, оны арнайы басқарудың маңыздылығын кезінде
Сократ та атап көрсеткен.
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан мектепте, арнаулы оқу
орындарында оқытылатын информатика пәнінің орны ерекше және оны сыныптан
тыс жұмыстарды ұйымдастыру барысында жүзеге асады. Дәстүрлі оқыту
пәндерінен жүргізілетін сыныптан тыс жұмыс түрлерін информатика пәнінен де
ұйымдастырылады. Сабақтан тыс жұмыс оқу жұмысын толықтырып, материалды
оқушыға терең түсіндіруге, шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында
ұйымдастырылады.
Информатика курсы бойынша жүргізілетін дәстүрлі сыныптан тыс жұмыс
түрлеріне:
❖ үйірме,
❖ факультативтік курстар,
❖ экскурсия,
❖ олимпиада,
❖ әртүрлі қызықты кештер мен сайыстар,
❖ ғылыми жұмыстарды жатқызуға болады.
Оқушылардың информатика пәніне қызығушылығын арттыру, ой-өрісін және
танымдық қабілеттін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін жеткізе
білу және өткенді шапшаң еске түсіру дағдыларын қалыптастыру мақсатында
сыныптан тыс өтілетін сайыстардың маңызы зор.
Тәрбие жұмысының негізгі бөлігі болып саналатын сыныптан тыс жұмыстар
– баланың өмірге қажетті әлеуметтік ортадағы тәжірибесі мен қоғамдық
құндылықтарды қабылдауын қалыптастырады.
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар бір-бірімен барлық жағынан қарым-
қатынаста болады. Әртүрлі сыныптан тыс жұмыстарда оқушылар өзінің жаңа
қабілеттерін ашып қана қоймай, ұжымдасып жұмыс істеуге үйренеді.
Сыныптан тыс жұмыстарды оқушылардың белгілі бір уақыт ішінде алған
білімдерін тәжірибелерін ескере отырып ұйымдастыру қажет.
Информатика кеші – бұл сыныптың немесе үйірменің жыл бойы атқарған
жұмыстарының нәтижесін көрсетудің өзіндік формасы.
Информатикадан викториналар – бұл өзінше ойын іспеттес. Викториналарды
үйірме жұмыс кезінде немесе сыныптар арасындағы жарыс түрінде өткізуге
болады.
Іскерлік ойындар – оқушылар өздерін меңгерген білімі мен дағдысын
қолдана отырып нақты мәселені шешуші түрінде шынайы рөл ойнауға мүмкіндік
беретін, белсенді оқыту әдісі.
Информатикадан диспуттар – бұл сыныптар арасындағы өзара сұрақтар мен
жауаптар ойыны.
Сынып сағаты. Информатика мұғалімдері сыныптағы барлық тәрбие жұмысына
жауапкершілік жүктеген сынып жетекшісі ретінде де жиі кездеседі. Клубтық
қызметтер оқушылардың информатика пәні бойынша білімдерін, дағдыларын
дамыту, мәдени құндылықтарды меңгеру жолындағы барлық жас топтарының
шығармашылық қызметтерінің белсенді түрде бағыттауға негізделеді.
Байқау – бұл оқушының белгілі бір ғылымға, спортқа, өнерге деген
қызығушылығын арттыру немесе ең жақсысын таңдау мақсатында жекелей немесе
ұжымдық үздіктерді анықтау үшін тиімді. Көрмелерді информатикадан
графикалық редакторлар мен дизайн арқылы орындалған оқушылар
шығармашылығынан жұмыстарын бағалау үшін ұйымдастыруға болады.
Үйірме – бұл сыныптан тыс жұмыстың ең белсенді әрі тиімді формаларының
бірі.
Сөзжұмбақ құру мұғалім мен оқушының бірліктегі шығармашылығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz