Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқу


«Педагогтардың кәсіби құзіреттілігі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» тақырыбындағы қалалық педагогикалық оқу
Ақпараттық - коммуникациялық технология құралдары арқылы бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру мазмұны
Базарбаева Лаззат Махатайқызы
Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №21 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Кіріспе
Мақсаты: Мұғалімнің сабақ беру барысында оқыту тәсілдері мен дағды қалыптастыру жолдары, интерактивті тақтамен оқушылардың жұмыс жүргізуі және интерактивтің тиімділігі мен артықшылық мүмкіндіктеріне көз жеткізу.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық -технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық -технологияның келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Барлық оқу материалдары оқушыға қызықты бола бермейді. Сонда танымдық қызығушылықты қалыптастырудың тағы бір маңызды өзегі - іс - әрекет үдерісі болып табылады. Бұл оқушылардың оқу іс - әрекетінің жүру сипаты мен ұйымдастыру түрінен, танымдық қызығушылықты қалыптастырудың оқытудың мазмұнымен тәуелділігін анықтаймыз.
Танымдық қызығушылықты дамытуда танымдық тапсырмалардың орны ерекше. Оқу материалын орындау арқылы оқушы бірте - бірте жоғары сатыға көтеріле береді. Оқытудың мұндай үдерісі оқушыдан логикалық ойлаудың күрделі іскерлігін, қарама - қайшылықты шеше білуін, дәлелдей білуін талап етеді.
ХХІ ғасыр ақпараттық қоғам табалдырығына аяқ басқан сәтте -ақ республикалық білім берудің жаңа жүйесі, яғни білім беру жүйесін ақпараттандыру ісі қолға алына бастады. Заман талабы оқу үрдісінде компьютерлік технологияны енгізуді, оны кең көлемде қолдануды қажет етеді.
Интерактивті тақта - бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал.
Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық.
Негізгі бөлім
Қазіргі заманғы ақпараттық қоғам адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік - экономикалық жағдайларына және ғылыми - техникалық прогрестің қол жеткен жетістіктеріне сәйкес мектеп оқуының жағдайында жүзеге асатын білім беру мазмұнының жаңа талаптарына сай білім беру жүйесін модернизациялау үдерісінің өзекті ресурстарын міндет етіп қояды. Оқыту үдерісінде жеке тұлғаның даму және өзіндік даму қажеттілігіне ерекше назар аударып, оны меңгерудің сипаты мен тәсілдеріне ерекше талап қояды.
Осыған байланысты, оқушылардың жас және дара ерекшеліктеріне сәйкес оқу пәнінің ерекшелігін ашатын және оқушыларды жан - жақты дамытуға бағытталған оқу материалының мазмұныны таңдау мәселесі педагогика ғылымы мен практикасында өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ол «білім берудің мазмұны» және «оқытудың мазмұны» сияқты ұғымдардың мәнін талдаумен байланысты. Сонымен бірге, әртүрлі пән салаларында, оның барлық деңгейлері мен дәрежелерінде, оқу материалының мазмұнын анықтайтын, соның ішінде бастауыш мектептегі негізгі пәндер бойынша оқу материалының мазмұнын анықтайтын олардың ара қатынасымен байланысты болады.
Ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын білім беру жүйесіне енгізу білім берудің мазмұнын, оқыту үдерісіндегі жеке тұлғаның білімдік, рухани, мәдени және өмірлік қажеттіліктерін қанағаттандыратын, оны дамытудың негізгі құралдары мен факторларын қарастыруға мүмкіндік береді. И. Я. Лернердің пікірі бойынша, «білім берудің мазмұны - бұл меңгеруге қажет әлеуметтік тәжірибе», ал оқытудың мазмұны білім алушылар мен білім берушілердің білімнің мазмұнын беру және меңгеруі бойынша ұйымдастырылған өзара іс - әрекет үдерісінің мазмұны.
Ақпараттық коммуникациялық технология құралдарын оқу үдерісіне қолдану әдістері сан алуан. Осы әдістерді жіктеп көрсетудің мәні зор. Жіктеп көрсетуде, біріншіден, оқушыға берілетін білімнің сапасы артады, екіншіден, оқушымен жүргізілетін жұмыстың дәлдігі артады, үшіншіден компьютерлік технологияны пайдаланып оқытуда мұғалімнің атқаратын қызметі жеңілдейді. Әрине, оқыту әдістерін таңдап қолдану оны өтілетін материалға байланысты сұрыптап алу ең қиын мәселелердің бірі.
Білім мазмұны оқыту әрекетінің өзегі болып табылады. Оқытушы мен оқушы өздерінің құралдарын қолдана отырып, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырып, өзара анықталған қарым - қатынаста болады.
Оқыту үдерісі жөніндегі жасалған түсініктерді жалпылай отырып, төмендегідей деңгейлерді ерекшелеуге болады:
- Білім беру мазмұнында оқытылатын алғашқы берілетін
ұғымның мәнін түсінуге оқушыларды жұмылдыру;
- Білім беру мазмұнының бағдарламасы негізінде
дербестендірілген, біртұтас модельді қалыптастыру;
3. Дербестендірілген модельді білім беру мазмұнының жалпы мәнді формасымен толық сәйкестендіру;
4. Бақылаудың, өзіндік бақылаудың көмегімен оқытудың нәтижелілігін тексеру;
Қазіргі педагогикада оқушылардың оқыту үдерісіне танымдық қызығушылығын қалыптастырудың әртүрлі әдістері қолданылуда. Соның ішінде, біздің зерттеу жұмысымыз үшін оқу үдерісіне АКТ құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға негізделген үш түрін қолданамыз:
- оқу материалының мазмұны;
- оқушының оқу іс -әрекетін ұйымдастыру;
- оқыту үдерісіндегі оқушы мен оқытушы арасындағы қарым - қатынас.
Танымдық қызығушылықты қалыптастыру оқу үдерісіндегі оқытушы мен оқушы қарым - қатынасына тәуелді:
- сабақ үстіндегі оқытушы мен оқушы арасындағы қарым - қатынас оқушының іс - әрекетіндегі эмоционалдық көңіл - күйі арқылы пайда болады. Бұл эмоционалдық көңіл - күй көптеген факторларға тәуелді, атап айтқанда:
- мұғалімнің эмоционалдық көңіл - күйі оқушылардың эмоционалдық құруда үлкен рөл атқарады.
- педагогикалық тиімділікте оқушының танымдық қызығушылығының қалыптасуына ықпалын тигізеді. Оқушыға, оның танымдық күштеріне және мүмкіндіктеріне сену - оның оқуға деген қызығушылығын қалыптастырудың қозғаушы күші.
- мұғалім мен оқушының оқыту үдерісіне өзара қарым - қатынасы, оқыту табиғаты бойынша белгілі нәрсе.
- жарыс - оқушылардың арасындағы қарым - қатынаспен байланысты танымдық қызығушылықтың қозғаушы күші ретінде қарастыруға болады.
- мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынаспен байланысты танымдық қызығушылықты қалыптастырудың қозғаушы күштерінің ішінде әртүрлі сыныпта және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты мұғалім тарапынан көп қолданылатын мадақтаудың орны ерекше. Жағымды бағалар және оқытушы мен жолдастарының қолдаушы жағымды эмоциялары да оқушыға ықпалын тигізеді
Қорытынды
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Қазіргі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен мақсат-өмірдің барлық саласында белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, еркін және жан-жақты жетілген тұлға тәрбиелеу. Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.
Қандай технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылуы, ақпаратты өзі іздеп табуы, шапшағаңдығы мен еркіндігі, шығармашылдығы, көңіл-күйінің көтеріңкі болуы қамтамасыз етіледі.
Оқушылардың шығармашылығын, танымдық белсенділігін арттыруда шығармашылық сабақтарды өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, шығармашылық ой-өрісін арттыруда алатын маңызы ерекше.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz