Өнер және бейнелеу өнерінің танымдық тарихы



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбие негізі және қолөнер бұйымдарының жасалу
жолдарының маңыздылығы.

Әбдуәлі Алтынай Әбдімәлікқызы,
Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің 6 сынып оқушысы,
Ыбырай ауылы, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

Жетекшісі: Абенов Данияр Әбдімәлікұлы,
Құрманғазы атындағы жалпы орта мектебінің
бейнелеу өнері және сызу пәнінің мұғалімі,
Ыбырай ауылы, Созақ ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы.

І. Кіріспе.

 1.1. Өнер және бейнелеу өнерінің танымдық тарихы.

  Рухани мәдениетіміздің зерттелу тарихын дәл мына уақыттан басталды деп
басып айту қиын. Халықтық мәдениет қаншалықты көне болса, оның зерттелу
тарихы да соншалықты тереңге таратады. Сол сияқты рухани мұрамыздың жиналу,
саралану, насихатталуы да тереңге тамыр созады.
  Мәдениет – қоғамның өмір сүруінің қозғаушы күші. Қазақстанның мемлекеттік
басшысы Н.Ә. Назарбаев: ... бүгінгі таңда біздің төл мәдениетіміздің
міндеттерін өзіміз айқындай алатын мүмкіндігіміз бар. Оны шешу мәдени
санаткерлеріміздің еншісінде екенін атап көрсетті. Қазақ мәдениетінің үш
мың жылдық тарихы ұрпақтарға жалғастық пен сабақтастық арқылы жетіп отыр.
Мәдениеттің басты таратушылары болған көшпенді ата-бабаларымыз рухани
қазынаны ең биік құндылыққа қоя алғандықтан және өздері сол рухани
құндылықты бойына жинақтай да білді. Қазіргі бізге жеткен ұлттық салт-
дәстүріміз бен әдет-ғұрыптардың қайсысын алып қарасақ та осыны аңғарамыз.
Кешеге дейін өткеніміз бен бүгінгіміз жалғастырған нәзік жіп үзілмей, ұрпақ
пен ұрпақты байланыстырып келеді. Сәби кезімізден анамыздың әлдиі мен
әжеміздің  ертегісін тыңдадық. Демек, ұрпақтар сабақтастығы үзілген жоқ.
Мәдениетіміз тірі, оған серпін мен ырғық керек. Ғасырлар бойы екшеленген
мұраларды бір сәт те естен шығармаған абзал - деген.
  Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның
өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол- өзара қарым-қатынас нәтидесінде
қалыптасатын ерекше құбылыс.
  Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына
әсер етеді, өзгертеді. Олар оны мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға,
ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда
болады.  Мәдениеттің тұрақты жағы – мәдени дәстүр, соның арқасында
тарихтағы адамзаттық тәжірибесіне сүйеніп, оны кемелдендіреді, дамытады.
  Адамдар арасында келісім, ауызбіршілік, бірлік болмайынша, тұрақты дамуды
бағдар тұтқан қоғамды қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан еліміз үшін
басымдық танытушы идеяға айналған мәселе әлеуметтік-экономикалық
қиындықтардан, әр түрлі тарихи кедергілерден мемлекетіміздің тұтастығын
сақтай отырып, өркениетті елдер қатарына қосылу болып табылады. Бұл жерде
мәдениеттің гуманистік –адамгершілік принциптеріне сүйену, рухани бағдарды
ұстануы терең мағынаға ие болды. Өйткені мәдениеттің құлдырауы адамның 
рухани дүниесін аздырады, оның шынайы даму жолынан ауытқуына әкеліп
соқтырады. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігінің түп негізіне әсер ететін
құбылыс болып табылады.
  Өнер қалай пайда болды?
  Батыс социологтары мен өнер теоретиктері әдетте өнерді адам жанының
құпия қасиетінен немесе адамның  туысынан бірге болатын тамашалау
сезімінен. Өнердің шығуы жөніндегі мұндай көзқарастың теориялық негізі
философиялық идеализм екенін түсіну қиын емес.
  Кейбір батыс теоретиктері өнердің негізін жануарлар дүниесінен, атап
айтқанда, құстардың шырылынан, олардың түлеуінен, хайуанаттардың ойынынан
тағы басқаны іздейді. Сөйтіп, өнерді адамның табиғатқа еліктеуі деп
түсіндіреді.
  Ал өнерді тудырған қоғамдық қажеттіліктер қандай?
  Адам еңбек процесінде айналадағы дүниені танып біледі. Бұл білім оған өте
қажет, өйткені еңбек дегеніміз білімді қажет ететін мақсатты да саналы іс-
әрекет. Алайда еңбек ету процесінде көздеген мақсатқа жету үшін білім ғана
жеткіліксіз, ол үшін белгілі бір мінез-құлық сапалары, мысалы табандылық,
ержүректілік, ынтымақтылық сезім және сондай-ақ қара күш сапалары – күш-
қуат, төзімділік, ептілік тағы басқалары керек. Ал бұлардың бәрі адамға
өздігінен келмейді, оларды тәрбиелеу қажет. Өнер сол сапаларды тәрбиелеудің
маңызды бір құралы ретінде пайда болды. Қысқасы, өнерді тудырған қоғамдық
өмір қажеттіліктері, біріншіден, дүниетану және, екіншіден, адамды
тәрбиелеу.
  Өнердің мынадай үш негізгі ерекшелігін атап көрсету керек: біріншіден,
өнер шындықты бейнелендіру формасы, яғни дүниетану формасы; екіншіден, өнер
қоғамдық сананың адам эстетикалық сезім тудыратын формасы 2.
  Өнердің шындықты бейнелендіру формасы ретіндегі ерекшелігі ең алдымен
оның нені және қалай бейнелендіретінімен анықталады.
   Егер құбылыс пен мән бір-біріне сәйкес келсе, демек, адам сезім
мүшелерімен құбылыстардың мәнін тікелей танып біліп отырса, онда ешқандай
ғылымның керегі болмас еді. Бірақ құбылыстың мәнін тікелей сезіну арқылы
білуге болмайды. Ғылым заттар мен құбылыстарға тән жалпы, маңызды
қасиеттердің, қатынастардың бейнесі, демек мәннің бейнесі. Бұл жалпы мәнді
ғылым жалпы ұғымдар мен категориялар, заңдылықтар формасында бейнелендіреді
  Өнер де жалпыны бейнелендіреді, бірақ оны абстракция формасында емес,
жинақталған жеке образ формасында немесе, өнер тілімен айтқанда, типтік
образ формасында бейнелендіріледі. Шындықта жалпы типтік образ жеке
нәрселерде ғана өмір сүруде, демек, жеке нәрселер арқылы көрінеді.
Сондықтан өнердегі типтік образ дегеніміз жинақталған, жалпыланған образ.
Бірақ ол жалпыланған типтік образ жеке образ арқылы бейнелендіріп
көрсетіледі.
  Өнердің шындықты бейнелеу формасының ерекшелігі сол, ол көркем образ
болып табылады.
  Көркем образ дегеніміз ең маңызды, типтік образды жеке образ арқылы
көрсету немесе өмірдің жалпы, маңызды типтік жақтарын жеке құбылыс
формасында, яғни нақтылы сезімдік формада бейнелеп көрсету.
  Демек, көркемобразды (бейнені) ұғыммен де, түйсікпен де теңгеріп қарауға
болмайды. Көркем образдың ерекшелігі сол, ол жалпыны жеке арқылы танып
білу. Нағыз өнер шығармаларындағы көркем образдар шындықтың сырт белгілерін
бейнелемей, маңызды жақтарын бейнелейді.
  Өнер – қоғамдық сананың идеологиялық формасы. Өнер идеологиямен екі
тұрғыдан байланысты. Біріншіден, ол белгілі бір таптың мүддесіне қызмет
етіп, оның саяси, моральдық, философиялық, эстетикалық және тағы
басқалардың көзқарастарының насихатшысы және, екіншіден, ол адамдардың
қоғамдық қатынастарымен тығыз байланысты, қоғамдық сананың басқа формалары
сияқты, қоғам алдында тұрған әлеуметтік мәселелерді шешуге қызмет етеді.
  Өнердің келесі ерекшелігі сол, ол – қоғамдық сананың эстетикалық сезім
тудыратын формасы 3. Суретші, жазушы шындық құбылыстарына тән эстетикалық
сапаларды ашып көрсетеді. Сондықтан көркем шығармаларда өмір белгілі бір
эстетикалық идеяларға сәйкес бейнеленеді, яғни өнер шындық нәрселері мен
құбылыстарын көрікті немесе көріксіз, көңілді немесе көңілсіз, қайғылы
немесе күлкілі деген сияқты категориялар формасында бейнелеп, баға береді.
  Әдемілік, көркемділік адамның күнделікті өмірінде зор роль атқарады.
Адамды қоршаған орта көркем болса, оның өзі адамды көңілдендіріп, еңбек пен
өмір шабытын тудырады. Адам тек ғылым заңдарына сәйкес қана емес, әдемілік
заңы бойынша да еңбек етеді деп атап көрсеткен болатын К.Маркс.
  Өнер арқылы мәдениет өзінің тұңғиық тереңінде болып жатқан құбылыстерын
дәп бір айнаға қарап көргендей, байқап отырады. Сондықтан да өнерді
мәдениеттің айнасы деп анықтауда негіз бар. Нақты тарихи жағдайлар
шеңберінде белгілі бір ұлттың, этностың мәдениетінде өнер аоқылы сол
мәдениеттің әлемді және әлемдегі адамды түсінуін көреміз.
  Өнер - мәдениеттің айнасы деп бекерде бекер айтылмаған. Ол мәдениеттің
жаны, оның өзіндік танымының түрі. Сұлулық заңы бойынша адамның дүниені
игеру барысында әдеби мәтіндерге, мүсінге, сәулет туындыларына, суреттерге,
әуенге, биге және тағы сол сияқты негізделген өнер түрлері қалыптасады.
  Өнер деп адамның рухани болмысына, сезіміне, эмоциясына әсер етіп, оны
толғандыратын суреткер қолынан шыққан шығармашылық үлгісін айтамыз. Өнер –
адами ақиқат, адамдандырылған екінші әлем. Өнер, көркем бейне және
жасампаздық тікелей әлеуметтік адам тұлғасымен байланысты категориялар.
  Өнерде үйлесімділік ретінде танылған кемелділік бейнесі жасалады. Өнер
арқылы адамның әмбебаптылығы ашылады. Өнер адамның шексіз болмыстық
сұрақтарына жауап табуға талпыныс барысында гуманистік принциптерді
қалыптастырады. Нәтижесінде, өнер тек белгілі бір қоғамның даму нәтижелерін
көрнекілеп қана қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік-рухани өмірдің күйіне
әсер ететіндігін білдіреді.
  Әсемдік, әдемілік, сұлулық сынды бірдеңгейлік ұғымдар мазмұнына
негізделген өнер туындысы үшін адам мен қоғамнің еркіндік туралы
түсінігінің мәні зор. Өнерді көп ойшылдар өз ләззаты, өз рахаты өзінде,
ешнәрсеге тәуелсіз мақсатсыз мақсат көздегіштік деп анықтайды. Бірақ, бұл
сипаттамалардан өнерді беталды, тізгінсіз әрекет деп түсінуге болмайды. Бұл
тұста таза өнер мен кәсіп-өнерді ажырата білген абзал. Мысалы, неміс
философы И.Кант таза өнер мен кәсіп-өнерді ажыратып қарастырды да,
біріншісін – еркін өнері, екіншісін – табыс үшін жасалатын өнер дейді. Кант
бұл жерде еркін өнер деп адамныңөзінің рухани болмысынан шыққан образды
шешімдермен байланысты өнерді айтып отыр. Ал табыс үшін, сауда-саттық
мақсатында жасалған өнер өзіне емес, өзгеге ұнау үшін, сатып алушы
талғамына, сұранысына аңғайластырып жасалынады.
  Өнердің жекелеген түрлерін және олардың бір-бірінен ерекшеліктерін білу,
ажырату адамзатты көнеден бері толғандырып келеді.
  Бейнелеу өнері – дүниені көзбен көріп түйсіну негізінде бейнелейтін
пластикалық өнердің бір саласы.
  Бейнелеу өнері негізінен кескіндеме, мүсін, графика жатады. Бейнелеу
өнерінің белгілері архитектура, безендіру және қолданбалы өнерде көрініс
табуы тиіс. Сондықтан шартты түрде оларды да бейнелеу өнері қатарына
жатқызамыз. Сондай-ақ, театр, кино, теледидарға безендіруді, көркем
дизайнды да бейнелеу өнері ретінде таниды. Бұл өнердің де негізінде адам,
табиғат және заттық әлемді тұтастықта, бірлікте қарастыру жатыр. Бейнелу
өнері дүниені байқау, бақылау, көру нәтижесінде оның көркем бейнесін
жасайды. Әр ғасыр, дәуір, кезеңде пайда болды. Бейнелеу өнерінің туындылары
өзіндік бейнелеу жүйесі мен көркемдік үндесудің түрлі типтерін құрайды. Бұл
өнер танымдық, құндылық және қарым-қатынастық қызметімен де ерекшеленеді.
Уақыттық даму процесі басқа өнер түрлеріне (әдебиет, музыка, театр, кино)
қарағанда бейнелеу өнерінде шектеулі, ол негізінен кеңістіктік ауқымымен
ерекшеленеді. Суретші өз көзімен көріп, түйсінген шындығын сол сәттегі
қалпымен көрсетуге ұмтылады. Өмір құбылыстары түптік жағынан таңдап алынып,
заманның тірлік-тынысы жан-жақты көркемдік қуатпен беріледі. Бейнелеу
өнерінің көркемдеу құралдарына сурет, түрлі түс, пластика, жарық пен
көлеңке композициясы, ырғақ жатады. Шығармалар заттық материалдан
дайындалатындықтан оған пәндік, заттық болмыс пән. Бейнелеу өнерінің әр
жанры қоршаған әлемнің бейнесін түрліше береді: кескіндеме түрлі түсті
бояуды, графика түрі сызықтардың қиылысуын, көлеңке мен жарықтық астасуын,
мүсін пластикалық үш өлшемдікті пайдаланады. 
Ғылыми жұмыстың мiндеттерi: Ұлттық қолөнерді зерттеу арқылы
шығармашылық жұмыстармен айналысуға қоғамға ықпал ете отырып, эстетикалық
тәрбиеге жол сілтеу.
Ғылыми жұмыстың құрылымы: кiрiспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен, қосымша әдебиеттер және суреттерден
тұрады.

2.1. Қолөнер - сырлы өнер.
Қазақ қолөнерінің өзіндік көпғасырлық шежіресі бар. Халық шеберлерінің
қолынан шыққан бұйымдар ХІХ ғасырда Петропавлдың, Көкшетаудың, Төменгі
Новгородтың және т. б. қалалардың көрмелерінің көркі болғаны анық.
Бұйымдардың дайындалу тәсілі мен жасалу жолдары атадан балаға мирас болып
қалып отырған. Керемет сырмақ, текемет, төсеніш, алаша, тұскиіз, қабырғаға
ілінер кілемдер және т. б. киізден жасалған бұйымдар көздің жауын алар
қазақша ою- өрнектермен әсемделіп, жануарлар бейнелері, өсімдіктер
суреттері, әртүрлі геометриялық сызулармен өрнектелген. Сонымен бірге
ертоқымды күміспен, сүйекпен әсемдейтін, қамшы өретін, асыл бұйымдар
жасайтын шеберлер де болған. Біртендеп тұрғылықты өмір салтына көше
бастағандық олардың өнерлеріне басқаша бағыт бере бастады. 
Ағаш шеберлерінің өнері де өте жоғары бағаланды. Олардың қолынан шыққан
бұйымдар сол замандағы омір салтына, тұрмыс- тіршіліне байланысты болды.
Сүйектен ойылып өрнектелген, асыл тастармен апталған заттар халық
шеберлерінің мәртебесін көтерді.
Халықтық сәндік-қолданбалы өнер - әлемдік көркем мәдениеттің негізі.
Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар қөзі. Онда сан ұрпақтың түрлі
материалдарды: ағаш, саз, жүн, металдарды өндеу тәжірибесі бейнеленген.
    Көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып,
халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй
тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары
қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан
бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді,
тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл
бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің
жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің
мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің
өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.

2.2. Ұлттық киімді сәндеу. Зергерлік өнері.         

Қазақтың ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға
желді, аязды болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық
мұрасының құрамдас бөлігі болып табылады. Оның арапайымдылығы,
үйлесімділігі, жүріп-тұруға қолайлылығы – басқа жұрттардың киім-
кешегі  сияқты әуел баста адамның тәнін жауып, мағынасыз және ойдан
шығарылған ғаламаттардан, ал кейіннен денені ыстық-суықтан, қуаң желден,
әсіресе мал айналасында болатын маса – шыбыннан қорғауға қажет болғандығын
аңғартады. Киімді әшекейлеу, жағасына, өңіріне, етек-жеңіне кесте тігіп,
оқа бастыру, зерлі жиектер жүгірту, киімді безендіруге қымбат металдар мен
асыл тастардан түзілген әткеншектерді пайдалану көбіне әсемдікке
құштарлықтан емес, дала қауымында жеке меншіктің пайда болуымен байланысты
үстемдік етушілердің байлығын, әлеуметтік өміріндегі алатын орнын баса
көрсету қажеттігінен туған болуы ықтимал. Өйткені даланы мекендеп үнемі
малмен бірге көшіп-қонып жүрген елдің де, кедейшіліктің тауқыметін көп
тартқан егіншілердің де сәндік құруға уақыты да, қаржысы да жете бермесе
керек. Халық арасында кең тараған сұлуынан жылуы деген сөз де, сол көне
заманнан қалған болуы мүмкін. Әйтседе, киім-кешекті әшекейлеу бірте-бірте
ғасырлар өткен сайын қалыптасқан дәстүрге айналады да, әрбір ұрпақтың
талғамына лайық өмір талқысынан өтіп, ұлттық киімнің бөліп қарауға
болмайтын және оның өзіндік ерекшеліктерін баса көрсететін ыңғайластығы
болып қала берген. Соңғы 15-20 жылда жүргізілген этнографиялық зерттеулерге
қарағанда, қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің, жаңа моданың әсерімен, сол
сияқты қазақша киімнен ешбір хабары жоқ, ұлттық дәстүрлерге жатпайтын
жалған элементтермен көбірек айналысатын, бірақ өздерінің туындыларын кино,
телевизия, театр қауымы мен концерттік ұйымдар арқылы тықпалауға мүмкіндігі
бар кейбір суретші – модельерлердің орынсыз, араласуынан ұлттық киімнің
пішішінде немесе тігісінде ғана емес, тіптен үкі қадауға да әр қилы
өзгерістер пайда бола бастағандығын аңғаруға болады. Оның барлығын былай
қойғанда біздер ғылыми мақсатқа орай немесе музей қорын толықтыру үшін ел
арасынан сатып алып жүрген ең дәстүрлі киідердің өзінен де аздап та болса
байқалатын түр өзгерістер көрініп жүр. Ұлттық киім – көненің көзі, бізге
жеткен материалдық мәдениеттің жетістігі. Оны ескерткіш ретінде болашақ
ұрпаққа сақтау қажеттігін ескерсек, мұндай жағдайларға үзілді-кесілді тыйым
салған жөн.

2.2.1. Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі.

Халқымыз қолөнерді ертеден қастерлеп бағалай білген. Атадан балаға
ұласып келе жатқан осы дәстүр кейбір жерлерде ұмытыла бастаған сияқты.
Қазіргі дизайнерлер, суретшілер неге қазақтың ұлттық нақыштағы ою-өрнегін
қолданбайды, өзінің туындыларына кірістірмейді. Сыртқы жарнамада, үй
жиһазында үй  интерьерінде аз қолданауда, кейбірі тіпті қолданбайды.
Көпшілігі Европалық немесе шығыстық (Қытайлық) стильді таңдайды. Бұған
себеп дизайнердің тұтынушыға ұсынатын стилі де осындай. Ұлттық стилдегі
ұсынысы  болмаса, ол үйлесімсіз, көңілге қонымсыз болып келеді. Бұған
тосқауыл қою жолы баршылық, соның бірі бейнелеу өнерінің мәртебесін көтеру
қажет.    Бейнелеу өнерінің әртүрлі салалары көп. Мысалы, ағаш өңдеу,
жүн,қыл өңдеу. Бұл тек ұлттық өнерге қатысты саласы. Осылардың барлығына
дерлік ортақ ою-өрнек. Халықтың ұлттық нақышын көрсететін, өзге ұлттан
ерекшелейтін ою-өрнек.
    Қазақ халқының ою-өрнектерінің тарихын қазақ ғалымдарының ғылыми түрде
саралай бастағанына небәрі елу жылдың жүзі болыпты. Төл өнерімізді
зерттеуге Еуропа ғалымдары мен жиһангездері елеулі үлес қосты. Мысалға
айтсақ, В.Вопсалов, А.Хедона, саятшы Дженкинсон, Р.Карутц, С.Дудин,
В.Радлов, М.В.Рындин т.б. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан
талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен олардың жасаған
тұжырымының бәріде қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын
аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ
ғалымы Т.Бәсенов былай дейді: Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр
саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеулер халық ою-өрнегінің
жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын
халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, шетелдік жат тілде, өзге
халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған
халықтың тілімен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген
бұрмалаушылыққа, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды. Осыған қарағанда
осы өнердің зерттелмеген қырлары мен қайта қарастырылатын мәселелері бар
екенін аңғартады. Әрине, тәуелсіздік алғаннан бері халқымыздың жанашыр
ғалымдары көп еңбектер жасай бастады. Мысалы, ою-өрнекті зерттеген
ғалымдардың еңбектерін біріктіріп Қазақ ою-өрнектері атты жаңа
энциклопедия жарық көрді. Оның авторы М.Ш.Өмірбекова (Алматы кітап 2003)
[1.3б]
          Шынында да қазақ тұрмысында ою-өрнектің араласпайтын саласын табу
қиын, қисса-жырлар мен дастандарда, батырлардың ат-әбзелдерін немесе
арулардың киімдері мен күймесін суреттегенде тыңдаушының көз алдынан
ғажайып нақыштар өтері анық. Осындай әсемдік әлемін өз көзімен көрген ғалым
А.С.Фелькерзам қолөнерді, әсіресе, кілемді терең зерттей келе, Азияны
Үлкен этнографиялық музей деп атаған. [1.26б]
    Халқымыздың рухани байлығының қайнар көзі болып табылатын осынау
құндылық бүгінде азаматтығымыздың нысаны – көк байрағымызды да
көріктендіріп тұр. Көп жағдайда халықтың тілін, мәдениетін білмесек те
қолөнерімен бейнеленген оюларға қарап, қай халықтың қазынасы екенін танып
білеміз. Өйткені ою-өрнек әр халықтың таңбасы, сол елдің бейнелеу өнерінің
көнеден келе жатқан мәдениеті. Ал осындай құндылықтың маңызын бірі білсе,
бірі білмейді. Эстетикалық тұрғыдан дамымаған адам өзін қоршаған ортадан
тек оқулықтан нұсқаумен жарлықтардан алдын ала белгілі болған, есінде
қалған нәрселерді ғана көре алады. Маңайындағы әдемі әсемдікті көре
алмайды, өзінің ой елегінен өткізе алмаған, ол ештеңені түсінбейді. Басына
қиын іс түскенде ол адам әрқашан сасқалақтап, қандай шешім қабылдарын
білмей дал болады. Қиял – қоршаған орта әлемін қабылдауға адамның
белсенділігін қамтамасыз ететін жан-жақты адами қабілеттілігі болып
табылады. Эстетикалық мәдениеті дұрыс қалыптаспаған адам ғылымда, саясатта
және қоғамда өзгелермен тіл табысуда мәденитті түрде адамгершілікпен әрекет
жасай алмайды.

2.2.2. Қолөнер бұйымдарының жасалу жолдары. Қолөнер – ежелден келе
жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан
ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер
шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған.
Қолөнер дүние жүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың
тарихи дамуына, тұрмысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына
байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Қазіргі кезде
қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді
әшекейлегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да
ерекшеліктер еңгізіп отыр. Мысалы, ою-өрнекпен әшекейленген бұйымда қатырма
жапсыру, моншақтармен, түрлі түсті тастармен безендіру жиі кездеседі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте бейнелеу өнері пәнін оқыту
Бейнелеу өнері пәнін оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
Тарихи жанр - белгілі бір оқиғалар мен тарихи кезеңдер бейнеленген көркем шығармалар
«Бастауыш мектептегі бейнелеу өнерін еңбекке баулуды оқытудың әдістемесінің тарихы »- пәні бойынша дәрістер
Бейнелеу өнеріндегі көркемдік дәстүр жалғастығы мен жаңа бағыттар
Мектеп оқушыларын бейнелеу өнеріне баулудың педагогикалық негізі
Ересек балалардың бейнелеу оқу іс-әрекетінде көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту
Бейнелеу өнерінің пейзаж жанры
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Пәндер