Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі Жұмыстың ұсынылған бағыты этномәдениеттану



Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Саран қаласы әкімдігінің №17 орта жалпы білім беретін мектеп ММ

Ғылыми жоба

Тақырыбы:
Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

Жұмыстың ұсынылған бағыты: этномәдениеттану

Секция: тарих және әдебиет

Авторы:
Бабаева Марина,
9Б сыныбы

Жетекшісі:
Джабалова Алма Сманиевна,
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

Саран қ.
2010-2011 оқу жылы
Мазмұны
Абстракт 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Кіріспе 4
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
Негізгі бөлім 6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 6
... ... ... ... ... ... 7
1.1. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі .. 8
1.2. Қызыр (Қыдыр) ата 9
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 9
... .. 9
1.3. Қызыр түн 10
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 10
... ... ... ... ... . 11
1.4. Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланған? 13
... ... ... ... ... 13
1.5. Ұлыс күні не сойылған?
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
Наурыз көженің адам ағзасына пайдасы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
2.1. Судың маңызы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..
2.2. Ет етке, сорпа бетке
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... .
2.3. Ағы бардың – бағы бар
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Алтын, күміс тас екен, арпа бидай ас екен
... ... ... ... ... ... ... ..
2.6. Табиғат пен адам арасындағы байланыс
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
Қорытынды 15
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 15
... ... ... ... ... ... .
3.1. Наурыздағы салт-дәстүрлер
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер 16
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...

1. АБСТРАКТ
Зерттеудің мақсаты:
Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлаулары туралы деректерді
жинақтау; Наурызға арналған  шаралар өткізген кезде басқа халықтардың
Наурыз мерекесін өткізулері жөніндегі материалдар жинақтау.

Болжам:
Оқушылар осы деректер арқылы басқа халықтарда да Наурыз мерекесінің
құндылығы жоғары болғандығын біледі, танымдық қызығушылықтары артады, ой-
өрістері дамиды.

Зерттеудің кезеңдері:
1. Дайындық кезең: тақырыпты анықтау, мақсатын, болжамын айқындау,
зерттеу әдіс – тәсілдерін меңгерту;
2. Теориялық кезең: зерттеу тақырыбы бойынша әр түрлі ғылыми әдебиеттерді
жинақтау, оқу, талдау, қажетті деректерді іріктеу;
3. Қорытынды кезең: жинақталған материалдарды саралау, жүйелеу, ғылыми
тұрғыдан зерделеу. Ғылыми жоба сайысына даярлық кезеңі.

Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі:
Наурызға байланысты мектеп бағдарламасында қарастырылмайтын
материалдарды насихаттау. Наурыз мерекесінің маңыздылығын ашуға өзіндік
үлес қосу.

КІРІСПЕ
Наурыз — өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер
шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл
мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын дөп басып айту қиын.
Көшпелілердің байырғы астрономиялық түсінігі бойынша, әрбір жыл алты ай жаз
(йас) бен алты ай қысқа (қыш) бөлінген. Тіліміздегі алты ай жаз бойы,
ала жаздай, алты ай қыс бойы, ала қыстай секілді сөз оралымдарын осы
бір түсініктің жаңғырығы десек болады. Жаз айларында дүние кеңіп, шаруадан
мойын босап, жер бетін қуаныш, шаттық жайлайтындықтан —жағымды, ал қыс
айларында суық, аштық, жұт болатындықтан —жағымсыз саналған. Әуелгі
адамдардың жақсылық пен жамандыққа жан бітіріп, оларды адам бейнесінде
айтыстырып, күрестіргені туралы қызықты мәліметтер көне жазбаларда көптеп
сақталған. Мәселен, біздің жыл санауымыздан бұрын дүниеге келген қасиетті
Авеста кітабында, XI ғасырдағы түрісі тілдерінің энциклопедиясы —Диван
лұғат –ат – түрк сөздігінде, сондай- ақ қазақ халқының қиял- ғажайып
ертегілерінде осындай ұқсас сюжеттер қайталанып отырады. Соғдалықтар
жақсылыққа Ахуромазда, жамандыққа Ахирман деп ат қойса, бұрынғы
қазақтар жақсылықты Кие, жамандықты Кесір, қысты Зымыстан, жазды
Табысқан деп атаған.
Қазақтар бір жылды әрқайсысы отыз күннен тұратын он екі айға бөлген.
Жыл соңындағы санатқа кірмей қалған 5 (6) күн —бес қонақ деп аталады.
Мұны фарсылар фэнджи, сотистік календарьда эпагоменай (шолақ ай) дейді.
Ежелгі сенім бойынша жаксылық пен жамандықтың жан алып, жан берісіп өмір
үшін күресуі санатқа кірмей қалған осы уақыт аралығына сәйкес келеді. Осы
бір жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер, өлінің әрі тартар, тірінің бері
тартар қиын, қысталаң күндері халық тілінде өліара деп аталады. Қазақтар
осы 5 (6) күнді өткізіп жібермей жолаушы шықпайды, қоныс аудармайды, жиын –
той жасамайды, мал сойып, қонақ шақырмайды. Ақсақалдар өліарада апыр~ай,
қайтер екен деп ауыл иттерін де үргізбеген.
Бұл күн — аспан денелері өздерінің ең бастапқы нүктелеріне келіп, күн
мен түн теңелетін, жан – жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер
үстіне шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді Ұлыстың ұлы күні — ұлыс
күн деп атаған. Григориан календары бойынша ескіше 9 март, жаңаша 21 – нен
22 – не қараған түн осы күнге сәйкес келеді.
Наурыз сөзі иран тілінің ноу —жаңа, руз —күн деген сөздерінен
қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген. Ал қазақ тілінде наурыз сөзі
— біріншіден, жыл басында тойланатын думанды халықтық мейрам, екіншіден,
март айы, үшіншіден, ұлыс күні жасалатын көжеге қатысты айтылады.
Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл
мерекені Шығыс елдері Өзбекстан, Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан
ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді.
Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-
нен 22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн
қысқарады.
Наурыз - жыл басы. Парсы тілінде "нау" - "жаңа", "руз" - "күн" деген
ұғымдарды білдіреді. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады.
Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар ернеуіне дейін айранмен,
сүтпен немесе бұлақ суымен толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі.
Табиғатпен байланыс күн Анаға деген тағзымнан көрінеді. Бұл күні бұлақтар
тазартылып, ағаштар отырғызылған. "Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал
ексең, он тал ек!", деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық,
еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген
ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқанның басты асы
наурызкөже болған. Наурызкөже жеті түрлі тағамнан жасалған. "Наурыз көжені
тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады!" деген сенім бар.
Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің
өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: "Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!" - деп бата береді.
Дәстүр бойынша Наурыз айтыс өткізіледі. Бұл жақсылық пен жамандықтың,
суық пен жылының, жаз бен қыстың айтысы.
Еуропаны басқарып отырған Рим империясында да жаңа жыл басы наурыз
болатын. Тек, Иусус Христос туғанынан бастап есептегенде 45 жылы Рим
императоры Юлий Цезарь жыл басын табиғат ерекшелігін, күн мен түннің
теңелуін ескермей, оған діни мағына берді. Сөйтіп, Христостың туған күніне
жақындатып жыл басын 1 қаңтарға көшірді. Содан бері христиан мемлекеттері
Жаңа жылды 1 қаңтардан бастайды. Америка континентіндегі мемлекеттерде де
осылай. Ресейде де Жаңа жылды 1 қаңтардан бастап есептейді. Мұны 1699 ж.
орыс патшасы Петр І Голландиядан үйреніп, Ресейде жыл санаудың басын
Христос туылғанынан, яғни 1 қаңтардан басталсын деген бұйрықпен кіргізген.
Одан бұрын Ресейде Жаңа жылды Орта Азия, Шығыс елдері сияқты табиғаттың
жаңарған, қыс маусымының көктемге ауысқан мезгілінде, яғни наурыз айында
атап өтетін.
Орта Азия халықтары, көне Персия ғалымдары күн мен түннің теңелетін
уақытын, күнін, сағатына, минутына дейін тура астрономиялық дәлдікпен
есептеп шығарған. Күн мен түннің теңесуі тура 21 наурызға сәйкес келеді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Дүние жүзі халықтарының Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі

ЕЖЕЛГІ  ТҮРІКТЕР   ҰЛЫС  күндері  жаңа  киімдерін  киіп, алты күн
садақ тартып даярлықтан өткен соң, жетінші күні алтын теңге – жамбы атып
жарысады. Егер кімде-кім жамбыны бірінші болып атып түсірсе, сол адамға
бір күн патша болып, ел билеуге ерік беріледі. Наурыз жырында:
Құл құтылар құрықтан,
Күң құтылар сырықтан, - деп жырланған. Осы күні ертедегі ГРЕКТЕРДІҢ
патшасы да алтын тағынан түсіп, қол астындағы өзіне ұнаған құлына бір күн
ел басқартқызған.
ИРАН патшасы НАУРЫЗ күні қол астындағы адамдардың біріне патша шапанын
сыйға тартады екен деген де деректер бар. Тіліміздегі күні бүгінге дейін
айтылатын Құлға бір күн азаттық деген мәтел осы көне рәсімге қатысты
болса керек.
Христиан дінін қабылдағанға дейінгі ежелгі РУСЬТЕ Жаңа  жылды 1 –
наурыз күні қарсы алу дәстүрі болған.
АҒЫЛШЫНДАР 18-ғасырдың бас кезіне дейін Жаңа жылды 26-наурызда тойлап
келген.
ИРАН тілдес халықтар НАУРЫЗДЫ   бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күні әр
жерге үлкен от жағып, отқа май құяды, жаңа өнген жеті дәнге қарап, келешек
егін жайлы болжам жасайды. Жеті ақ кесемен  дәстүрлі ұлттық көже - 
СУМАЛАК ұсынады. Соқамен жер жыртады, ат шаптырып, жамбы атысып жарысады.
Ескі киімдерін тастап, ұсталған шыны аяқты сындырады.  Бір-біріне гүл
ұсынып, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – күн белгісін салады, үйдің
тіреу ағашына гүл іледі.
Мұсылман дініне дейін Күнге табынған ИРАН  елдері НАУРЫЗ КҮНІ сөзінің
бас әрпі шин -мен басталатын жеті түрлі затты дастарқанға  қоятын: шарап,
шир (сүт ), шырын, шекер, шербет, шам, шона (тарақ). Ежелгі ирандықтардың
түсінігі бойынша, шарап - өрлеу, сүт – пәктік, тәттілер – шаттық, шекер –
ризалық, шербет – демалыс пен қонақжайлылық, шам – отқа табыну, тарақ -
әйел сұлулығы.
АРАБТАР мейрам салтын  өзгерту үшін, бас әрпі ай сөзінің басқы әрпі-
син-нен басталатын мүлде бөлек - өзге  жеті затпен алмастырады: сарымсақ,
бидай, жиде, сірке суы, рут шөбі, егеу.
АУҒАНДАР да  Жаңа жылды мейілінше шаттық – құрметпен  қарсы алады.
Ауған елінде алғашқы түрен - кульбакаши деп аталатын ғұрып бар. Ол
бойынша шаруалар егіс алқабына барып, алғашқы түрен түсіреді,  ал соқаның
соңынан сый- құрметі мол шаруалар еріп жүреді. Жеті күн бойына  жеті түрлі
жемістерден аса дәмді сусындар жасалады, міндетті түрде жаңадан киім-
кешектер тігіледі, осыған байланысты бүкіл елде жаңа жыл жаңа киім күні
деп аталған.
ҮНДІСТАННЫҢ  түрлі штаттарында  жаңа  жыл бір жылда он рет тойлап
өткізіледі. Оңтүстік Үндістанда бұл той түрі наурыз айында басталады, үйлер
өрілген гүлдермен айшықталған.
НАУРЫЗ мейрамын ежелгі гректер Патрих бирмалықтар Су мейрамы, 
тәжіктер Гүл гардон, Бәйшешек, Гүлнаурыз, хорезмдіктер Наусарджи,
татарлар Нардуган, буряттар Сагаан сараң, соғдалықтар Наусарыз,
армяндар Навасарди, чуваштар Норис ояхе деп түрліше атаған.
Шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлайтындығы жайындағы көне
деректер бізге Әбу Райхан Бируни, Ибн Балхи, Омар Хайям, Махмұт Қашқаридің 
еңбектері арқылы жетіп отыр.

2. Қызыр (Қыдыр) ата

Мұсылмандық аңыз - әпсаналар мен халық наным – сенімдерде Қызыр образы
кең таралып, ол мәңгі өлмейтін бейне ретінде саналады. Қызыр сөзі –
жасыл, көк өңін білдіреді. Бұл өсімдіктер әлемімен байланысты болғандықтан 
оның көктемгі Наурыз мерекесімен орайластырылуы тегін емес екенін байқауға
болады.
Қазақ халқының мифологиялық түсінігі бойынша, 21-наурыз түні даланы
Қызыр  аралайды екен. Сол себепті осы түні – Қызыр түні деп аталады.
Қызыр адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге
көрінетін  қиял – ғажайып персонаж  Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоры,
оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір
сыйлаушы қасиет иесі, кемеңгер, әулие, көріпкел, жарылқаушы, қарт. Ол
ұлыстың ұлы күнінде әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді. Міне,
сондықтан әр үй Қыдыр атасының жолын күтіп өздерінің жанын да, тәнін де,
киер киім, ыдысы мен бұйымдарын да таза ұстауға тырысады. Үйдің іші –
сыртын, қора қопсыны тазартып, ағаш егіп, өсімдікке су құяды. Мұсылман
қауымы мұндай үйге Қыдыр ата түнеп, немесе бата беріп кетеді деп түсінген.
Қыдыр қонған, Қыдыр дарыған деген сөздер осындайдан шыққан. Жақсылықтың
жаршысы, жаңа түскен Күн нұрының символы – Қызыр ата даланы кезіп жүріп,
назары жерге түссе, оның тоң кеудесін жібітеді, ал тасқа түссе, тасты
ерітіп жібереді екен. Күн сәулесі жер шарының шығыс бөлігінен таңғы сағат 6-
да себелеп атқан кезде, біздің өңірімізде бұл сәт түнгі сағат 3-ке тұспа-
тұс келеді.Сондықтан да қазақ халқы Жаңа жылды 22 наурыз күнгі таңғы 3-те
қарсы алады, дәл осы сәтте даланы Қызыр баба аралап, Самарқанның көк тасын
жібітсе керек.  Бұл да наурызға байланысты айтылған сөз. Оның бірнеше мәні
бар. Бірінші, аңызға әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449
)обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22 наурыз күні күн сәулесі түсетін
болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-міс. Екінші, бұл күні әр
адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс, Кешірмесе
бұл күні Самарқанның да көк тасы жібиді, сен тастан қаттысың ба? деп
тоқтатады екен. Сол сияқты бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де
бейнелеп айтқан.
Шығыс елінің ұғымы бойынша күн мен түннің теңелер тұсында яғни, 22
наурыз күні жер-көкті жарып ерекше бір гуіл (дыбыс) өтетін көрінеді. Оны
жан-жануарлар ішінде жұмақтан шыққан қой ғана сезеді дейді халық. Сол күні
барлық жаратылыс, оның ішінде адам бойында да ерекше  сезім, қасиет болады.
Мұндай қасиетті күндерде тырнақ, шаш алдыруға болмайды. Әркім өзін жаман
әдеттен аулақ ұстағаны жөн.

3. Қызыр түн

Қызыр түні Жаңа жыл табалдырықты аттап, үйге енгенде, жалғыз шала
сәуле  болмас деп төрге қос шырақ жағылып қойылады. Жаңа жыл мұнтаздай
таза үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген
сеніммен Наурызға шейін үй ішіндегі жиһаз-мүліктің шаңы қағылып, жуылып
тазартылады. Береке басынан басталады деп, Жыл бойына ақ мол, дән тасқын-
тасқын, жауын-шашын көп болсын деп, Қызыр түні қойманы тағамға (бидай,
тары, арпа, сұлы, жүгері т.б.), ыдыс атаулыны аққа (сүт, айран, шұбат,
шалап, уыз т.б.) және кәусар бұлақ суына толытарды.
Аузы дуалы қариялар мен ел басқарған көсемдер Наурыз мейрамы үстінде
ұрпақтары ұмытпай айта жүретін аталы ұлағатты бір сөз артына қалдырылатын
дәстүр болған екен. Бір күн ойланып, ойлы сөз таппаған адамды көп алдында
айыптап, тіптен ағынды өзенге лақтыратын да болған. Осындай сынға ұшырап
қанша ойланса да жүйелі сөз айта алмаған бір батыр суға лақтырылар тұста
аузынан Көп қорқытады, терең батырады деген сөз шығып, жазадан аман
қалыпты деген ел аузында әңгіме бар.
Қараңғы түсе екі жерге үлкен-үлкен от жағылады. Жас ерекшеліктеріне
қарай топ-топ болып, осы екі оттың ортасынан өтіп бара жатып, қолдарындағы
басына майлы шүберек ораған таяқтарын тұтатады. Алас, алас, пәледен
қалас! деп өлең айтып жүріп, айнала төңіректі отпен тазалап шығады, жастар
жағы жанған оттан секіреді. Оттың киелі қасиетіне сенуден пайда болған бұл
тазарту (арылу) рәсімі – аластау деп аталады.
Алтыбақан басында жастар түнімен түрлі халықтық ойындар ойнайды,
айтысады. Бұл кеште айтылмаған ән, тыңдалмаған күй, танылмаған шешен
қалмайды.
Таң ата көпшілік биіктеу төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы
алады.
Қазақтардың астрономиялық түсінігі бойынша, Жаңа жылда Күннің көзі
көрінген уақыттан  кейінгі екі сағат уақыт күн сәті деп саналады. Егер
кімде – кім Ұлыс күннің күн сәтінде күн шұғыласын маңдайымен тосып қарсы
алса, оған Наурыздың құты дариды деген дәстүрлі ұғымға  сай, Жаңа күнді
қарсы алу салты қалыптасқан. Күлімдеп көрінген Күнге иіліп сәлем беріп,
құт дарысын деп, айнала төңірекке ақ бүркіп тарайды.

4. Ұлыс күні неге міндетті түрде қазан пайдаланған?

Түске таман ауыл адамдары нарқазан көтеріп от жағады. Қазан басқа
ыдыстарға қарағанда қазақ өмірі мен мәдениетінде алатын орны жоғары. Қазақ
дастарқанына түсетін тағамдардың барлығы да (қымыздан басқасы) осы қазаннан
өтеді. Халық жай ғана қазан демей оны қара қазан деп қастерлеп айтады.
Қара сөзі қасиетті, киелі, берекелі, деген ұғымды білдіреді.
Қазан шойыннан құйылады, ұстағанға қолайлы 4 құлағы бар. Ең үлкен
қазан он екі қарыс қара қазан немесе тай қазан дейді.
Қазанды 3 бұтты ошаққа  немесе жерошаққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу-ізденушілік жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік нұсқау)
Наурыз – көне мереке
Наурыз мейрамы туралы
Бастауыш сыныпта зерттеу - ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудың өзектілігі
Мерекелердің әлеуметтік мәні
Ұлыстың ұлы күні наурыз жайлы
Наурыз мерекесін тойлау
Наурыз – көне мейрам
Ашық ауадағы стадион мен саябақтардағы бұқаралық мерекелер
Мерекелер түрлері
Пәндер