Қазақстан астрономиясының даму тарихындағы тұлғалар



Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан астрономиясының даму тарихындағы тұлғалар.
2.1. В.Г. Фесенков - алып астроном.
В.Г. Фесенков 1889 ж. 13 қаңтарда Новочеркасск қаласында математика және физика пәндер мұғалімі жанұясында дүниеге келді. Оның балалық шағы Ростов-на-Дону қасындағы қалашықта, дон казактары жанында өтті. В.Г. Фесенков бала кезінде далада көп уақыт өткізген, дені сау, мықты бала болып өскен. Көп ауырмайтын, әке-шешесінің мақтанышы болды.
Новочеркасск училищесінде оқығанда, оны ғылыми сабақтар қызықтырды, онымен қоса ол барлық сабақтарды жақсы оқыды. Астрономияны ол мектеп кезінен қызығушылықпен оқыды. Өзі телескоп жасап, үйінің шатырынан бақылаулар жүргізді. Ол 1906 ж. осы телескоптың көмегімен Финлея кометасын анықтады. Ол Нижегородскийдегі астрономиялық күнтізбе жасайтын астрономия үйірмесі мүшелерімен байланыс ұстады.
1907 ж. В.Г. Фесенков училищені бітіріп, Харьков университетінің физика-математикалық факультетіне оқуға түсіп, Харьков астрономиялық обсерваториясына жұмысқа кірді. Өзінің бірінші Күннің параллаксын анықтау әдісі жұмысын 1908 ж. II курста жасады.
Университеттің II курсында В.Г. Фесенков Морхауз кометасының орбитасын анықтаумен айналысты, ол әлемнің обсерваторияларында жүргізілген бақылауларды қолданды. Бұл жұмыс 8 айдан соң бітті, сөйтіп университеттің алтын медаліне ие болды. Теориялық жұмыстармен қоса, Эртель мен Мерц бақылауларын Харьков обсерваториясында жүргізді. Оның теориялық жұмыстар мен бақылаулар жүргізуі оның өмір бойындағы ғылыми ерекшелігі болды.
Сол кезде Харьков обсерваториясын ашқан В.Я. Струвенің немересі Л.О. Струве болды. Обсерваторияда Н.Н. Евдокимов, И.И. Сикора, Б.И. Кудревич жұмыс істеді, олар астрономиялық зерттеулер жүргізді. Ол кезде Харьков обсерваториясында астрофизикалық жұмыстар жүргізілмеді.
1911 ж. В.Г. Фесенков Харьков университетін Алтын медальмен бітірді, сөйтіп онда профессор атағына дайындыққа қалдырылды. Бір жылдан соң ол
Парижге Ғылыми квалификациясын жоғарылатуға жіберілді. Ол екі жыл Сорбоннада дәрістер тыңдады, стажер ретінде Париж бен Мон Гро обсерваторияларында жұмыс істеді. Ол атақты ғалымдардың дәрістерін тыңдады: А. Андуай, П. Аппель, Э. Борель, П. Пьеза.
В.Г. Фесенков Парижде классикалық астрометрия мен аспан механикасының жақсы мектебін өтті, дегенмен астрономияның бұл салалары оны қызықтырмады. Оның ұстанған бағыты астрономияның әлі жетілмеген саласы - астрофизика.
В.Г. Фесенков шет елде болғанда, зодиакалды жарықты зерттеуде үлкен жұмыс атқарды. Ол бұл мәселеге фотометрлік жағынан келді, ол жақсы көрінбейтін объектілерді анықтайтын фотометр құрастырды. Ол бұл фотометрді Медон обсерваториясындағы зодиакалды жарық бақылауында қолданды. Алынған нәтижелерді 1914 ж. Париж университетінде қорғаған Зодиакалды жарық докторлық диссертациясында қолданды. Оның бұл жұмысы осы күнге дейінгі зодиакалды жарықтың фотометрлік бақылауларына бастау болып келеді.
1914 ж. Франциядан Ресейге оралып, 1915 ж. магистрлік емтихан тапсырып, осы жылы Харьков университетіне приват-доцент болып қабылданды.
1915-1920 жж. В.Г. Фесенков мұғалімдікпен қоса Харьков обсерваториясының астроном-бақылаушысы болды. 1914 ж. тамызында Геническіде күн тұтылуды бақылау экспедициясына қатысты. Ол Жер шарының альбедосын анықтаумен айналысты, ауыспалы жұлдыздардың өзгермелі жылтырын зерттеді, космогонияның кей сұрақтарын қарастырды, планета табиғаты мен Айға байланысты міселелерді қорытындылады. 1916-1919 жж. Цельнер фотометрінің 4-дюймдік комета іздеушімен қосылысының көмегімен бақылаулар жүргізді, кейіннен 90 мен 79,5 градус солтүстік бөлікте 1155 жұлдыздар каталогін құрастырды. Осылай В.Г. Фесенков жұмысының бастапқы жылдарында Харьков обсерваториясындағы астрофизикалық жұмыстар ұйымдастырушысы болды.
1917 ж. В.Г. Фесенков Харьков университетінде Юпитер табиғаты туралы атты магистрлік диссертациясын қорғады, онда осы планетаның физикалық мінездемесі толық суреттелген, экваторлық жылдамдық теориясы игерілген. Осы жылы ол астрофизика курсын оқыды, оған дейін курс Харьков университетінде оқылмаған еді.
1920 ж. В.Г. Фесенков конкурс бойынша Дон политехникалық институтына механика профессоры мен Новочеркасск педагогикалық институтының астрономия профессоры қызметіне өтті. 1920 ж. Харьков университетінде Күн жүйесінің эволюциясы атты докторлық диссертациясын ұсынды, бірақ оны қорғай алмады, өйткені ол кезде ғылыми дәрежелер алынып тасталды.
1922 ж. В.Г. Фесенков Мәскеуге көшті. Бұл жақта оның ғылыми және ғылыми ұйымдастырушылық қызметі жанданды. Ол астрофизикалық орталық жасауға кіріседі. Ол 1921 ж. ашылған Астрофизикалық институт болып табылады. 1923 ж. бұл институтқа мемлекеттік астрофизикалық институт атағы беріледі.
Алғашқы жылдары институт қарамағында Ташкент обсерваториясы Кучино астрономиялық станциясы. В.Г. Фесенков институттың бірінші басшысы болды. Онымен бірге болашақ атақты астрономдар С.В. Орлов, В.А. Костицын, А.А. Михайлов жұмыс істеді. Келесі жылдары институт қызметкерлері қатарына С.К. Всехсвятский, Г.Н. Дубошин, Р.В. Куницкий, Н.Д. Моисеев, Н.Н. Парийский, Е.В. Пясковская, К.Ф. Огородников, К.Н. Шистовский, Б.М. Щиголев кірді.
В.Г. Фесенков ғылыми зерттеулермен айналыса отырып, мұғалім қызметін тоқтатпады. 1933-1948 жж. ол Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінде профессор және астрофизика кафедрасының жетекшісі болды. Кафедрада ғылыми жұмыстар ұйымдастырып, оған студенттерді қызықтырды. Ол ешқашан оқушы инициативасын баспай, олардың индивидуалдық қасиеттерін ашуға тырысты. Ол ешқашан студенттер мен қызметкерлер жұмыстарын өз атына жаздырмайтын. Ол өзінің еңбектерін ғана атынан жариялайтын. Оның басшылығымен жүргізілген бақылауларды, ол жұмыстың нәтижелерін қызметкерлер мен студенттердің өздеріне қолданып, жетілдіруін ұсынып, дайын жұмысты кідіріссіз басылымға жіберетін. Бұл нәтижелерді ол өз жұмыстарында да қолданды.
Астрономияның КСРО-да дамуына 1923-1964 жж. В. Г. Фесенков редакторы болған Астрономия ғылымының жетістіктері басылып шығуын ұйымдастырды.
В. Г. Фесенков КСРО Ғылым Академиясындағы жұмысқа көп көңіл бөлді. 1927 ж. ол КСРО ҒА корреспондент-мүшесі болып таңдалды, 1935 ж. А. А. Белопольский мен В. И. Вернадский академиктер ұсынысымен оның толық мүшесі болды. 1936-1937 жж. ол КСРО ҒА Астрокеңесінің төрағасы, келесі жылдары мүшесі болды. 1939-1941 жж. КСРО ҒА физика- математикалық ғылым бөлімшесінің академик-хатшысының орынбасары болды.
1941-1945 жж. КСРО ҒА Президиумын Қазақ ССР-іне эвакуацияланған академиялық мекемелерінде жолдаушысы болды.
ҰОС басында В. Г. Фесенков КСРО ҒА ғылыми мекемелерімен бірге Қазанға эвакуацияланды, кейіннен Алматыға көшті. Бұл жерде ол эвакуацияланған жұмыскерлер мен академия мекемелерін тасымалдау мен орнықтыру жұмыстарын атқарды.
1941 ж. В. Г. Фесенковпен ұйымдастырған Астрономия және Физика Институтының Қазақстан үшін үлкен ролін бағалау өте қиын. Ауыр әскери уақытқа қарамастан институт В. Г. Фесенков басшылығымен үлкен жетістіктерге жетті. Онда әр түрлі зерттеулер жүргізілді, Қазақстанға қажетті ғылыми кадрлар дайындалды. 1950 ж. Институт екі тәуелсіз бөлікке бөлінді: Физикалық және Астрофизикалық ҒА ҚазССР Институттары.
В. Г. Фесенков Астрофизикалық Институтының құрылысына көп күш пен уақыт жұмсады. Құрылысты өзі бақылап, жұмыстың дұрыс жүруін қадағалады. Кешірек ол Үлкен Алматы өзенінің жағалауында Күн коронасын бақылау үшін станция ұйымдастырды. Кавказда обсерватория үшін орын табудағы мақсатпен астрономиялық және метеорологиялық бақылаулар жүргізді. Экспедиция Крестов тауында кең ауқымды бағдарлама бойынша жұмыс істеді. Осы экспедицияға қажетті құрал-жабдықтарды Лениннің жеке өзінің бұйрығымен берілді.
Келесі жылдары В. Г. Фесенков экспедицияны Одессаға жақын жерде өткізді (Сухой Лиман, 1927), Китаб экспедициясы (1934 ж.), Қарадақ және Алматы маңында Бутаковка аулына (1943-1944 жж.), Лапот тауына, Талғарға жақын жерде (1946 ж.) экспедицияларға шықты. 1947 ж. В. Г. Фесенков Сихотэ-Алинский метеоритінің құлау орнын зерттеу экспедициясын басқарды. 1948 ж. Сары-Ишик-Отрау құмына экспедиция ұйымдастырылды. 1957 ж. жазда Аксенгір ауданына (Алматы обл.) зодиакалды жарықты зерттеу үшін экспедиция жүргізді, ал күзде В. Г. Фесенков Ливия құмында зодиакалды жарықты бақылау үшін Египетке аттанды. Бұл экспедиция 1957 ж. 26 мамырда КСРО Үкіметінің шешімімен, Халықаралық Геофизикалық Комитетінің төрағасы академик И. П. Бардин ұсынысымен ұйымдастырылды.
Египетте бола тұра, В. Г. Фесенков бақылау жұмысынан басқа, Египет ғалымдарымен тығыз байланыс орнатты. Ол Каир Университеті мен Хелуан обсерваториясында бірнеше дәріс оқыды. Онда ол Египет ғалымдарын экспедицияның мақсаты жайлы, КСРО-да планета аралық кеңістіктк зерттеу жұмыстары туралы баяндады. Тыңдаушыларды бірінші жасанды жер серігі туралы мәліметтер қызықтырды. В. Г. Жергілікті ғалымдар жұмыстарымен, астрономиялық бақылаулар жүргізілетін жерлермен танысты. Оларға зодиакалды жарықты бақылауды кейінде жалғастыруға ұсыныс жасады. Ол үшін Хелуан обсерваториясына экспедицияның электрофотометрі берілді.
В.Г. Фесенков Сихотэ-Алин метеоритінің құлаған жеріне экспедициясына үлкен жұмыс атқарды. Өте ауыр жағдайларда Е. Л. Криновпен бірге Уссурий тайгасында метеориттерді жинау, кратерлерді қазу, орынның теодолиттік суретке түсіру жұмыстарын ұйымдастырды. Осыдан алған мәліметтер нәтижесінде В. Г. Сихотэ-Алиский метеоритінің орбитасы планета аралық кеңістікте екенін анықтады және жерге дейін ол астероид болғанын көрсетті.
В. Г. Фесенков 1914, 1927, 1936, 1941, 1945 жылдары толық күн тұтылуды бақылған 5 экспедицияға қатысты. Барлық жағдайларда ол нәтижеге жете бермеді. Ауа райы құбылмалы болғандықтан екі рет күн коронасын дұрыс бақылай алмады. Мысалы, 1936 ж. Күн тұтылу кезінде Қостанай аспанын бұлт қаптады, дегенмен В. Г. Фесенков аспанда фотометрлеу арқылы тұтылудың толық фазасының ортасын 1 с дейін дәлдікпен анықтады.
Экспедиция кезінде В. Г. Фесенков жұмыскерлігін, талаптылығын көрсетті. Қандай да болмасын жағдайларда жұмысты дұрыс орындай білді. Ол өз бақылауларының нәтижелерін тез өңдеп, баспаға жіберетін. Мысалы, зодиакалды жарықты түнде бақылап, келесі күні бақылау материалын өңдейтін. Бірнеше бақылаулар жүргізіп, бір аптадан кейін оның қолында дайын нәтижелер болды, оларды кезекті ғылыми жиналыста баяндады не баспаға жіберді. Мысал ретінде Египеттегі зодиакалды жарықты бақылау экспедициясын еске түсірейік. Түнде - бақылау, күндіз - нәтижелерді өңдеу. Осыған орай бағдарламаның соңында-ақ Каир Университетінде баяндама жасады, 1947 ж. мамырында Сихотэ-Алинский метеоритін зерттеу экспедициясынан кейін, ол Уссурий тайгасында жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы 5 мақала жазды. Ол өз уақыты мен күшін дұрыс жұмсап, өзінің оқушыларында солай тәрбиеленеді. Жұмыс істеу керек, Ай күтпейді! деген сөздері экспедиция уақытында жиі айтылатын.
В. Г. Фесенков үлкен ғылыми және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізіп, жастарды да тартты. Оның қарамағында өз бетінше жұмыс істей алатын оқушылар болды. Оның басшылығымен әр уақытта А. Б. Северный, Э. Р. Мустель, А. Г. Масевич, Ю. Н. Липский, Г. Ф. Ситник, Д. А. Рожковский, Н. Б. Дивари, Г.М. Идлис, В. И. Мороз, З. В. Карягина және т.б. жұмыс істеді. Ол ондаған аспиранттарды дайындады.
В. Г. Фесенков көпшілікті хабарландырып отыруды дұрыс көрді. Ол өз жұмыстарын журналдарда басып, клубтар мен ұжымдарға дәріс оқитын, ғылымдағы жетістіктер мен жаңалықтарды таныстырды. Еш экспедиция оның жергілікті халық алдында экспедиция мақсаты мен астрономиядан дәріссіз өтпейтін.

В.Г. Фесенков жас ғалымдармен кесдесуде

В. Г. Фесенков ғалымдармен кездесуге үлкен көңіл бөлді, түрлі конференцияларға, симпозиумдарға, семинарларға қатысты. Оның ғылыми жиналыстарда сөз сөйлеуі үлкен қызығушылық туғызатын. Ол жаңа зерттеулердің нәтижелерін жақсы біліп, оларды басқаларға да жеткізе алатын, мұны оның баяндамаларынан байқауға болады.
Атақты математик және поляр зерттеушісі - О. Ю. Шмидт, 1944 ж. планетаның жұлдыз аралық шаң материясынан түзілді деген гипотезасын ұсынды. В. Г. Фесенков бұл көзқараспен келіспей, өзінің күн жүйесінің пайда болуын, эволюцияның заңды процессімен еш сыртқы күш әсерінсіз деген оймен сипатталатын ротациондық гипотезасын ұстанды. Бұл гипотезаға В. Г. Фесенков 1919 ж. басталған көп жылғы зерттеулер нәтижесінде келді. Гипотезаға сүйенсек, Күн мен оны қоршаған планеталар газ тұманынан бір уақытта түзілді. Басында барлық планеталар химиялық құрамы бірдей болды. Кейіннен Күнге жақын планеталар бастапқы жеңіл элементтерді (сутегі, гелий) жоғалтты, ал ауыр элементтер сақталды. Күн жүйесінің массивті планеталары бастапқы химиялық құрамын сақтап, қазірде сутегі мен гелийден тұрады. Планеталардың құрылуымен қатар, Күнде өзгеріске ұшырады.
В. Г. Фесенков астероидтар Күн жүйесіндегі бір планетаның жарылу нәтижесінде пайда болды деген көзқарасты ұстанды. Бұл көзқарасты жаңадан алынған мәліметтермен бекітіп отырды, әсіресе Сихотэ-Алинский метеоритін зерттеу жұмысынан алынған мәліметтерді қолданды. Оның зерттеулері бойынша метеориттік заттың құрылысы мен химиялық құрамы, оның массасының ішінде кристалдану арқылы пайда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астрономияның қазақстанда даму жолы
Мысыр математикасы. Александрия ғылыми мектебі
Орта Азия халықтарының философиясы
Омар Хайямның ағартушылық ой-пікірлері жайлы
Зерттеудің өзектілігі
Күн жүйесі планеталарының қозғалысы
Академик В.Г. Фесенковтың Қазақстан астрономиясының дамуына қосқан үлесі
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті жайлы
Арабтар құрастырған Каспий теңізінің картасы
ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ АСТРОНОМИЯ
Пәндер