Әбілғазыұлы Арынғазы



Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833) – алмағайып аласапыран заманда өмір сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, төре күйлерінің негізін салушылардың бірі болған дәулескер күйші-композитор. Арынғазы қазақ сахарасына әйгілі болған текті әулеттен.
Шежіре тілімен айтқанда, қазақ халқының шаңырағын көтерген Әз Жәнібектің баласы Жәдік сұлтаннан өрбіген әйгілі Батыр сұлтанның шөбересі болып келеді. Батыр сұлтан, одан – Қайып, одан Әбілғазиз, одан – Арынғазы. Мемлекет қайраткері, саясаткер ретінде Арынғазы қос бүйірдегі көршілері Ресей мен Хиуаға тең саясат ұстанып, екеуінің де қорқау ниеттеріне тосқауыл болды. Әкесі Әбілғазиз 1815 жылы дүние салған соң, Арынғазы хан болып сайланғанда, Жанкент қаласында Шекті, Шөмекей, Жaғалбайлы, Төртқара, Жаппас руларының көсемдері оны ақ киізге отырғызып көтеріп, төбесінен алтын мен күміс теңгелер құйған. Ал, Бұқар әмірі Арынғазының таққа отыру құрметіне арнайы хандық мөр құйдырып, алтын оқалы шапан пен арғымақ ат тарту еткен.
Тек, Ресей патшасы ғана, Абылайды, Батырды, Қайыпты хан деп мойындамағаны сияқты, аққаптал саясат ұстанып, Арынғазыны хан ретінде мойындамайды. Арынғазы хан тағында болған кезеңде ел ішінің береке-бірлігіне айрықша көңіл бөлген. Ол ел басқару ісінде ақыл-парасаты кемел ру басыларына сүйеніп, қазылар сотын құру арқылы қол астындағы халықтың жарастықты өмір сүруіне жағдай жасады. Халық тынышын алған отыз баукеспе барымташыны өлім жазасына кескізуі Арынғазының ел мүддесі үшін бәріне де дайын болғанын көрсетеді. Арынғазы хандық құрған кезде ру аралық дау-шар тиылып, көрші елдермен сауда-саттық жанданды.
Әсіресе, Ресейдің Орта Азия елдерімен арадағы сауда жолдарының қауіпсіздігіне Арынғазы өз тарапынан кепілдік беріп отырады. Бұл ретте

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ӘБІЛҒАЗЫҰЛЫ АРЫНҒАЗЫ
Әбілғазизұлы Арынғазы (1785-1833) – алмағайып аласапыран заманда өмір
сүріп, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі үшін арыстандай арпалысып өткен
көрнекті мемлекет қайраткері, көреген саясаткер, төре күйлерінің негізін
салушылардың бірі болған дәулескер күйші-композитор. Арынғазы қазақ
сахарасына әйгілі болған текті әулеттен.
Шежіре тілімен айтқанда, қазақ халқының шаңырағын көтерген Әз
Жәнібектің баласы Жәдік сұлтаннан өрбіген әйгілі Батыр сұлтанның шөбересі
болып келеді. Батыр сұлтан, одан – Қайып, одан Әбілғазиз, одан –
Арынғазы. Мемлекет қайраткері, саясаткер ретінде Арынғазы қос бүйірдегі
көршілері Ресей мен Хиуаға тең саясат ұстанып, екеуінің де қорқау
ниеттеріне тосқауыл болды. Әкесі Әбілғазиз 1815 жылы дүние салған соң,
Арынғазы хан болып сайланғанда, Жанкент қаласында Шекті, Шөмекей,
Жaғалбайлы, Төртқара, Жаппас руларының көсемдері оны ақ киізге отырғызып
көтеріп, төбесінен алтын мен күміс теңгелер құйған. Ал, Бұқар әмірі
Арынғазының таққа отыру құрметіне арнайы хандық мөр құйдырып, алтын оқалы
шапан пен арғымақ ат тарту еткен.
Тек, Ресей патшасы ғана, Абылайды, Батырды, Қайыпты хан деп
мойындамағаны сияқты, аққаптал саясат ұстанып, Арынғазыны хан ретінде
мойындамайды. Арынғазы хан тағында болған кезеңде ел ішінің береке-
бірлігіне айрықша көңіл бөлген. Ол ел басқару ісінде ақыл-парасаты кемел ру
басыларына сүйеніп, қазылар сотын құру арқылы қол астындағы халықтың
жарастықты өмір сүруіне жағдай жасады. Халық тынышын алған отыз баукеспе
барымташыны өлім жазасына кескізуі Арынғазының ел мүддесі үшін бәріне де
дайын болғанын көрсетеді. Арынғазы хандық құрған кезде ру аралық дау-шар
тиылып, көрші елдермен сауда-саттық жанданды.
Әсіресе, Ресейдің Орта Азия елдерімен арадағы сауда жолдарының
қауіпсіздігіне Арынғазы өз тарапынан кепілдік беріп отырады. Бұл ретте ол
хиуалықтардың арандату әрекеттеріне тойтарыс беріп, қанды қақтығыстарға да
барып отырды. Мұндай саясатқа іш тартқан Ресей өкіметі Арынғазыны Кіші
жүздің хандық кеңесінің төрағалығына сайлап, гаухар тас орнатылған алтын
медальмен марапаттайды, 500 рубль көлемінде жалақы тағайындайды. Ел ішіне
жарастықты ахуал орнатқаны үшін халық оны Тыным хан деп атады. Ол Кіші
жүз бен Орта жүздің ықпалды адамдарымен ақыл тоғыстырып, дербес хандық құру
жөнінде тегеурінді қимылдарға мұрындық бола білді. 
Алайда, Арынғазының ел ішіндегі беделі мен ұстанған бағыты Ресей
өкіметіне секем ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есет Көтібарұлы көтерілісі
Қазақ халқының патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы азаттық күрестері
Ар жақта дүмбірлеген арынғазы
Қазақ халқының тарихында Сырым батыр қозғалысының негізгі өшпейтін маңызы міне осында
Елу жылда ел жаңа
Батырұлы Қайып хан және оның әулетінің тарихы (1745-1860 жж.)
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
Қаратай сұлтан
Пушкин әлемі
«Арқалық батыр» жырының нұсқалары
Пәндер