Дулат Бабатайұлы өмірбаяны



Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі ақын. Оның поэзиясында өз кезінің қоғамдық өмір шындығы, көкейкесті мәселелері зор ақындық қуатпен, сыншылдықпен бейнеленеді. Ақын отаршылдық тауқыметін күйзеле суреттей отырып, өз бастарының қамын ойлап кеткен атқамінерлерді аяусыз шенеді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіннің көрнекті өкілдерінің бірі - Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында (бұрын Семей облысы болған) дүниеге келген. Болашақ ақын жасында ауыл молдасынан оқып, хат таниды, мұсылманша сауатын ашады. Өзіне дейінгі әдебиет үлгісі нен мол сусындап, көне ақын, жыраулар мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды тыңдап, жастайынан нәр олып өскен олөз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды. Дулат халықтық шығармаларды, алдыңғы дәуірлерден жеткен ұлттық поэзия үлгілерін жаттап өскен, құрметпен қарай білген, көне түркі поэзиясынан тағлым алған. Бұқар және Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан. Өлеңді ауызша да, жазбаша да шығарған ол ақындық дәстүр арнасында шығармалар туғызып, қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байытып, түр, көркемдік тәсілдер тұрғысынан сапалық белгілер әкеліп, жаңа сатыға көтерді. Дулат өзі өмір сүрген уақыттың ахуал-жайын қаз-қалпында жырлаған, оған өзінің азаматтық ой-пікірін батыл білдірген күрескер ақын болды. Өз кезінде ел ішіндегі жан ауыртқан іс-әрекет, оқиғаларды өлеңге айналдырған жыр дүлдүлі ғана емес, сол жайлардың үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл дәрежесіне көтерілді. Дулат шығармалары, негізінен, қазақ халқының екі жақты езгіге түскен ауыр халін суреттеуге құрылған: бірінші, патша үкіметінің отаршылдық қанауы; екінші, патша үкіметі тарапынын тағайындалып, солардан қолдау табатын жергілікті әкім, билердінң езіп-жаншуын өз өлең, толғауларына арқау етеді. Өнер жолына ерте түскен, өмірінің соңғы күндеріне дейін ел ықыласына, үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен Дулат 1874 жылы өзі туған өлкеде

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Инновациялық-Еуразия Университетінің Екібастұз колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Дулат Бабатайұлы

Орындаған: ЭС-111 тобының
студенті Капиятов Ш.М.

Тексерген: Абрарова Т.Б.

Екібастұз қ-сы 2011жыл
Дулат Бабатайұлы
(1802-1871)
Дулат Бабатайұлы – қазақ әдебиеті тарихында көрнекті орын алатын ірі
ақын. Оның поэзиясында өз кезінің қоғамдық өмір шындығы, көкейкесті
мәселелері зор ақындық қуатпен, сыншылдықпен бейнеленеді. Ақын отаршылдық
тауқыметін күйзеле суреттей отырып, өз бастарының қамын ойлап кеткен
атқамінерлерді аяусыз шенеді. ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетіннің көрнекті
өкілдерінің бірі - Дулат Бабатайұлы 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан
облысы Аягөз ауданында (бұрын Семей облысы болған) дүниеге келген. Болашақ
ақын жасында ауыл молдасынан оқып, хат таниды, мұсылманша сауатын ашады.
Өзіне дейінгі әдебиет үлгісі нен мол сусындап, көне ақын, жыраулар
мұрасынан, ескі тарихи аңыздар мен эпикалық жырларды тыңдап, жастайынан нәр
олып өскен олөз дәуіріндегі ең білімді адамдардың бірі болды.
Дулат халықтық шығармаларды, алдыңғы дәуірлерден жеткен ұлттық поэзия
үлгілерін жаттап өскен, құрметпен қарай білген, көне түркі поэзиясынан
тағлым алған. Бұқар және Ақтамберді жырауларды ұстаз тұтқан. Өлеңді ауызша
да, жазбаша да шығарған ол ақындық дәстүр арнасында шығармалар туғызып,
қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып жағынан байытып, түр, көркемдік тәсілдер
тұрғысынан сапалық белгілер әкеліп, жаңа сатыға көтерді.
Дулат өзі өмір сүрген уақыттың ахуал-жайын қаз-қалпында жырлаған,
оған өзінің азаматтық ой-пікірін батыл білдірген күрескер ақын болды. Өз
кезінде ел ішіндегі жан ауыртқан іс-әрекет, оқиғаларды өлеңге айналдырған
жыр дүлдүлі ғана емес, сол жайлардың үлкен әлеуметтік ойлар түйген ойшыл
дәрежесіне көтерілді.
Дулат шығармалары, негізінен, қазақ халқының екі жақты езгіге түскен
ауыр халін суреттеуге құрылған: бірінші, патша үкіметінің отаршылдық
қанауы; екінші, патша үкіметі тарапынын тағайындалып, солардан қолдау
табатын жергілікті әкім, билердінң езіп-жаншуын өз өлең, толғауларына арқау
етеді.
Өнер жолына ерте түскен, өмірінің соңғы күндеріне дейін ел ықыласына,
үлкен құрметке, даңққа бөленіп өткен Дулат 1874 жылы өзі туған өлкеде
қайтыс болады. Дулаттың өмірбаянына тікелей қатысты жазба деректер жоққа
тән. Әйтседе де жыраудың адами болмысы, ой-өрісі мен ақындық табиғаты
жайында шығармаларына сүйеніп, сенімді тұжырым жасауға болады.
Кеудеме қайғы толған соң,
Тұнық жырмен жуынам...
Осылай деп жырлаған Дулат ақынның қайғысы – отар ел ретінде басына зіл-
батпан ауыртпалық түсе бастаған қазақ елінің қайғысы еді. Патшалық
Ресейдің отарлау саясатының әсерінен ел ішінің бүлініп, психологиялық
өзгеріске түсуі, билік құмарлыққа салынған әкім, билердің ықпалымен адамдар
арасында өзара талас-тартыс көбейіп, ынтымақ, бірлікке нұқсан келуі,
ғасырлар бойы жаугершілік жорықтарда намысын ешкімге таптатпаған асқақ
рухты халық ұрпағының билікке жетуі, жеке пайдасы үшін жағымпаздыққа бой
алдыра бастауы ақын кеудесін қайғыға толтырады. Сол қайғыны тұнық
жырмен жуа отырып, Дулат ұлт бойына сыналап кіріп, дендей бастаған
жағымсыз мінез, көріністерлі сынайды, ұнамсыз кейіптегі бейнесін жасайды.
Дулат – қазақ әдебиеті тарихында ұлттық санасы алғаш оянған жаңашыл
ақын. Дулат ел әкімдерін ел сорғыш, зорлықшы, озбырлығына қоса қазақ елін
патша үкіметінің езгіге салуына себепші, елді сатушылар деп біледі.
Бараққа, Тырнақтай меңі болған соң, Әуелгі қазақ деген жұрт, т.б.
өлеңдері мен толғауларында ел әкімдерін уытты тілмен өлтіре сынайды.
Дулат өлеңдерінің ішінде ұзақ арнау өлеңдер, нақыл-өсиет ретінде
айтылатын дидактикалық жырлар, ертек-аңыз сюжетіне жазылған толғаулар,
мысал сөздер және тағы басқалары бар. Шығармаларының идеялық мазмұны да әр
алуан. Олар негізінен қазақ қоғамындағы белгілі бір кезеңнің тарихи
шындықтарын сөз етеді: қоғамдық-экономикалық құрылыстың өзгеруі, патша
үкіметінің қазақ жерін отар ел ретінде жаңаша басқаруына байланысты ел
ішінде туындаған жіктер, топтық қайәшылықтар, әлеуметтік теңсіздіктер,
діни түсініктер, хандық билік жойылған соң, оның орнын басқан аға
сұлтандық басқару тәртібінің орнауы, сауда-саттыққа байланысты пайда
болған өзгерістер, қоғам ісіндегі ақшаның әсері – міне, осыларды
тілге тиек етеді.
Дулат – қазақ елінің патша үкіметіне тәуелді болғанына наразы ақын.
Патшалық Ресейдің капиталистік қарым-қатынасының қазақ жеріне енуіне де,
одан туындаған өзгерістер мен жаңалықтарға да жаны қас. Қазақтың өз
алдына бөлек хандық құрып, дербес өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дулат Бабатайұлы шығармалары
Дулат Бабатай-ұлы
Дулат Бабатайұлы өмірі
Дулат Бабатайұлы
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Д.Бабатайұлының өмірі
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдебиет
Дулат Бабатайұлы өмірімен шығармалары
Пәндер