Тірек көзі координаттарының Күннің гравитациялық өрісіндегі өзгеруі туралы



Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   
Тірек көзі координаттарының Күннің гравитациялық өрісіндегі өзгеруі туралы түсінік

Фотон массасы жоғары дененің гравитациялық өрісі арқылы өткенде оның координаттық жылдамдығы өзгереді. Фотон қозғалысының траекториясы қисаяды. Фотон жылдамдығының траектория бойымен өзгеруі кеңістіктің екі нүктесі арасындағы қашықтықты өту уақытының ньютондық теориясымен салыстырғандағы өзгеруіне, яғни сигналдың қосымша гравитациялық кідіруіне әкеледі. Демек, бұл эффект уақыттық интервалдарды өлшеу кезінде маңызды болады.
Фотон траекториясының қисаюы бақылаушы көздің ақиқат емес, көрінетін координаттарын өлшейтініне әкеледі, өйткені көздің орналасуы фотонның бақылау нүктесіндегі траекториясына жанама вектормен анықталады. Гравитациялық линзалар болып табылатын денелердің кеңістіктегі тірек көздерге қатысты қозғалысы салдарынан болатын гравитациялық өрістің уақыттың өзгеруі көздердің көрінетін кескіндерінің қозғалысына әкеледі. Сондықтан позициялық бақылаулардың редукциясын жасаған кезде бұл ығысуларды еске алу қажет.

1.12.12. Оптикалық бақылауларды редукциялау

Аспан санақ жүйесі координаттары аспан сферасындағы жүйенің негізгі нүктелер мен шеңберлерін бекітетін таңдап алынған жұлдызардың (немесе радиокөздердің) тізімімен жүзеге асырылуы мүмкін. Тірек жұлдыздар тізімі іргелі каталог деп, ал аспан жүйесі іргелі жұлдыздық жүйе деп аталады. Тірек жұлдыздардың координаттары (тік шарықтау мен еңкеюі) бірнеше себептен өзгереді. Біз жұлдыздардың орналасуы меншікті қозғалысынан, аберрация, параллакстық ығысу, рефракция себебінен қалай өзгеретінін қарастырдық. Сондай-ақ біз аспан экваторының қозғалысына, демек жұлдыздар координаталарын өзгеруіне де әкелетін прецессия мен нутацияны қарастырдық. Бұл себептерден санақ жүйесінің негізгі шеңберлерін бекіту үшін жұлдыздар координаттары белгіленген дәуірді анықтау, санақ жүйесінің басын көрсету және аспан экваторы мен көктемгі күн мен түннің теңелу нүктесінің орналасуын анықтау керек.
Жоғарыда айтылғандай, экватор мен күн мен түннің теңелуі нутация ескерілуіне не ескерілмеуіне байланысты шын немесе орташа деп аталанады. Стандарт дәуір ретінде қазір J2000.0 дәуірі белгіленген.
Жұлдыздың орташа орны деп оның бақыланған күндегі орташа экваторға және күн мен түннің теңелуіне қатыстырылған (қатысты анықталған) барицентрлік санақ жүйесіндегі координаттарын атайық. Жұлдыздың орташа координаттары прецессия мен меншікті қозғалысы салдарынан өзгереді, орташа координаттарының анықтамасы бойынша басқа эффектер шығарып тасталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы астрометрияда координат жүйелерін анықтау
Инерция проблемасы
Аспан денелерінің қозғалысы
Кеплердің заңдары
Орта мектепте физика курсында энергияның сақталу заңдарын оқыту
Күннің магнит өрісі
Астрометрия ғылымы
Гравитациялық жүйелерді өрнектейтін теңдеулер
Қос жұлдыздарда
Электр өрісіндегі зарядтың потенциалдық энергиясы
Пәндер