Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қазақстан астрономиясы
Ұлы Отан Соғыс жылдарындағы Қазақстан астрономиясы.
1.1. Алғашқы қадамдар.
1941ж. 21 қыркүйекте Қазақ ССР территориясында Күн тұтылу Каспий теңізінен бастап, Қызылорда мен Алматыдан өтіп, Нарынқолғға дейін жерді қамтыды. Оны бақылауға академик В.Г.Фесенков басқарған арнайы комиссия КСРО ҒА президиумы қарамағында болған обсерваториялар дайындалды. Комиссия келісімді бақылау тематикасын жүйелеу, құралдар дайындау мен бақылау орындарында экспедицияларды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Күннің тұтылуын 28 жуық түрлі ұжымдар бақылайды делінген, бірақ әскери уақытқа байланысты бақылауға 7 ғана экспедиция шықты, олар Алматы мен оның төңірегінде орналасты. В.П.Эвельгард атындағы обсерваторияның экспедиция басшысы Д.Я.Мартынов өз естеліктерінде сол кезді былай суреттейді: "Ең қызығы, 1941 жылы 21 қыркүйекте күн тұтылу бақылауына дайындық тоқтатылған жоқ. 1940 жылы аяғында 1941 жылдың алғашқы жартысында бақылауға дайындық комиссиясы пленумға екі рет жиналды, онда ғылыми сұрақтар, таспалар мен құрылыс заттарын бөлу, қаражатпен қамтамасыздандыру мәселелері қарастырылды. Соғыс басталғаннан кейін комиссиядан хабар келмеді, біз күн тұтылуын бақылауды ойлайтын кез емес деп шештік. В.Г.Фесенковтың Қазанға келуі менің ойымды терістеді. Оның айтуы бойынша, КСРО ҒА бастапқы зерттеулерді тоқтатпасын деген бұйрық алды, соның ішінде Күн тұтылуын бақылауға 20 шілдеде Техснаб КСРО ҒА Алматы қаласына бізге қажетті құрал жабдықтардың барлығын жеткізгенін де хабарлады".
Күн тұтылудың бақылау жұмысы жақсы өтті, барлық бақылау орындарында ауа райы тұрақты болды.
Тұтылудан кейін Алматыда эвакуация қызметін экспедицияның төрт қатысушылары атқарды: Мәскеу Университеті, Пулков обсерваториясы, Ленинград КСРО ҒА және Мәскеу планетарийінің астрономиялық институты.
Академик В.Г.Фесенков пен Қазақ мемлекеттік Университетінің профессоры В.Ф.Литвинова ұсынысымен Алматы қаласында астрономия және
1941жылы 21 қыркүйектегі Күн тұтылуы
физика институтының ашылуы көзделді. Институт құруда Мәскеу университетінен күн тұтылуды бақылау экспедиция мүшелері Н.Н.Парийский мен Б.А.ВоронцовВельяминов қатысты. Астрономдарды КазФан төрағасының орынбасары К.И.Сатпаев қолдады. 1941 жылы қыркүйек айында Қазақ ССР Совнаркомына институт ұйымының құрылыс мақсаты мен болашақтағы басты ғылыми қызметінің бағыттары туралы хат жіберілді. 1941 жылы 10 қазандағы ҚазССР Совнаркомы ҚазФан құрамында Астрономия және Физика институтын ашуға шешім қабылдады. 1941 жылы 16 қазанда институттың ашылуын Қазандағы директоры В.Г.Фесенков болған КСРО ҒА президиумы қолдады. Пулков обсерваториясы мен КСРО ҒА астрономиялық институтын Күн тұтылуды бақылау туралы қызметшілер комиссиямын институт штатына ауыстыруға рұқсат берілді. ҚазФан құрамындағы Астрономия және Физика институты КСРО ҒА Президиумымен 1941 жылдың желтоқсанның басында бекітілді. Институттың ғылыми жұмыскерлер құрамына В.Г. Фесенков, Г.А. Тихов, Б.А. Воронцов-Вельяминов, Н.Н. Парийский, А.В. Марков, М.С. Зельцер, А.А. Калиняк, М.Д. Лаврова және ҚазМУ профессорлары В.Ф. Литвинов пен А.А. Рухман кірді.
1941 жылдың аяғында Қазанға Парийский КСРО ҒА вице-президенті О.Ю.Шмидпен кездесуге жіберілді. Ондағы қарастырылған мәселе Астрономия және Физика институтын қаражатпен қамтамасыздандыру.
Алғашқы жылдар институт үшін ауырға түсті. Институт қызметкерлері үй-жаймен қамтамасыздандырылмады, бірақ олар қиыншылықтарға қарамастан, институтың жетілуіне бар күштерін салды. Әр аптада ғылыми отырыстар жүргізілді, онда астрономиядағы жаңалықтар, шет елдер журналынан хабарлар қарастырылды. Ал 1942 жылдан бастап мұндағы қаралған мәселелер Астрономиялық журналында басылып шықты. Қазанда, кейіннен Алматыда басылды. Көптеген ғылыми жұмыстар жүргізілді. Энгельгард атындағы обсерватория кітапханасының кітаптары түгелімен Институтқа сыйланды. 1942 жылдың басында академик Н.И.Лазаревтің оптикалық ғылыми құрылғылары алынды. ҚазМУ қалалық обсерваториясында төртінші коронограф, М.П.Леонтовский жүйесінің небулярлық спектографы үшін павильондар, траншеяда фотолабораториялар соғылды. В.Г.Фесенков пен К.Н.Шистовский Луммердің кубигі мен бейтарап клинді қолданып, қарапайым микрофотометрді құрастырып, оны негативті фотометрлеуге пайдаланды. 1941 жылы қарашада Институттың жақын уақытқа атқарылатын ғылыми бағыттары айқындалды. Олар:
1. Күн тұтылуды бақылайтын аппаратураны зерттеу.
2. Әуе күштері, шекара әскері, әуе күштеріне қарсы қорғаныс жұмыстары.
3. Соғыс алдында басталған теориялық жұмыстар.
1941-1942 жж. Институтта бар болғаны алты ғана адам жұмыс істеді. Оның ғылыми жоспары бойынша Пулков обсерваториясы мен КСРО ҒА Астрономиялық институтының қызметкерлері жұмыс істеді. 1942 ж. ортасында штатта 15 ғылыми және 7 техникалық жұмыс атқаратын адам болды. 1941ж. мен 1942-1943жж. есебі бойынша институттың ғылыми жұмыстары 14 тақырып бойынша жүргізілді, оның алтауы қорғаныс бағытында болды. 1941-1943 жж. жүргізілген жұмыс нәтижелері:
1. Көптеген кестелер, графиктер құрастырылды. (Б.А.Воронцов-Вельяминов, Н.Н.Дебронравин).
2. Схематикалық құрылғы модельдері жасалынды, олардың көмегімен жұлдыз уақытын, сағат бұрышын, биіктігі мен жарық азимутын өлшеуге болады. (Н.Н.Дебронравин).
3. Г.А.Тиховтың аэро суретке түсіру уақытында күннің биіктігі мен бұлттану түрін ескере отырып, экспедицияны есептеу әдісін ұсынды. Бұл үшін жер бетінің спектрлік жарықтандырылуы мен атмосфераның спектрлік түссіздігі зерттелді.
4. Н.Н. Парийский басшылығымен жылжымалы прожектор көмегімен қиыстырылған поляроидтармен көрінбейтін, тымшаланған байланыс әдісін жасап, тексерді. Сигналдар Морзе әдісі арқылы берілді.
5. Байланыс Министрлігі тапсырысымен А.В.Марков пен М.С.Зельцов түрлі-түсті целлюлоза ацетилі фильтрлерін алу әдісін үйренді.
6. В.Г.Фесенковтың зерттеулері көріністің теориялық және бақылау мәселелеріне арналған. Атмосфера тұманының оптикалық қасиеттерін жаңа әдіспен анықтау жасалынды. Зерттеулер әскери және астроклиматты тану мақсатында жүргізілді. В.Г.Фесенковтың тігінен көрініс теориясын 1944-1945 жж. атмосфера оптикасы бойынша қолданды.
Жұмыс нәтижелері Қазақстан қорғанысы Наркоматына, ПВО штабына және басқада мүдделі ұйымдарға берілді.
Алғашқы жылдары АФИ мүшелері қорғаныс тематикасымен қоса, басқада бағыттарды жетілдірді. В.Г.Фесенков зодиакалдық жарықтың динамикалық теориясын астероидтың жайменен бөліну өнімі ретінде қарастырып, жұмыс істеді; Н.Н. Парийский бұл жылдары Астрономиялық журналында Дж.Джинстың космогониялық теориясын сынап, мақала жазды. Б.А.Воронцов-Вельяминов жаңа жұлдыздар спектрофотометриясы жұмыстарын жалғастырды. 1942 ж. мамырда Институттың ғалымдар кеңесінде алғаш кандидаттық диссертацияны М.Н. Гневышев қорғады, бір жылдан соң А.А. Калиняк пен К.Н. Шистовский диссертацияларын қорғады.
Бақылау станциялары қалада мүлдем астрономиялық бақылау жүргізе алмайтыны айқындалды, өйткені жарық шағылысы, қала шаңы, смок, әсіресе қыста кедергі жасады. 1942 жылы жазда Мәскеу Институтының эксперименталдық биология кафедрасының мүшелері Н.П. Дубинин мен Н.Л. Навашин Бутаковка өзенінің бастауына, биік тауларға экспедицияға шыққанда, бақылау үшін жаңа тұрақты орын ізделді; резинамен туған қиындықтарды ескере отырып, биологтар онда каучук тасымалдаушыларды өсіруді қарастырды.
Бұл экспедиция кезінде АФИ мүшелері қорғаныс жұмыстарын жүргізді: құпия сигнализацияның жаңа әдісі жасалынды, стандартты объектілердің ауа тұманынан көрінісі мен контрастылығын зерттеді. Бұдан басқа астроклиматты бағалау жұмыстары басталды: 3-дюймдік ұлғайтқыш рефрактор көмегімен жұлдыздардың көрініс сапасы бақыланды, атмосфераның спектральдік мөлдірлігі мен түнгі аспанның жарықтығы анықталды. (Бұл мақсатта В.Г.Фесенковтың конструкциясының оригинал фотометрі қолданды). Бутаковкадағы бақылау станциясы қаладан 30 км қашықтықта, 2000 м биіктікте орналасты. Онымен байланыста болу қиынға соқты. Бақылаушылар көбіне жаяу жүрді, жүкті атпен тасымалдады.
1943 жылдан бастап астрономиялық обсерватория ашу институттың ғылыми жоспарына кірді. Ғалымдар кеңесінің отырыстарында обсерватория ашу мәселесі бірінші рет қарастырылды. Б.А. Воронцов-Вельяминов Қазақстан аудандарында метеорологиялық мінездемесін зерттеді: Алматы және оның маңы, Зайсан, Қарқаралы, Бурабай, Жаркент, Ащысай, Қаратау. Соңғы екі ауданның анық күндері көп; 1943 ж. жазында осы жерлерге Г.А.Тихов пен А.А.Калиняк жүргізген экспедиция жіберілді, олардың астроклиматты зерттеулері сол аймақтың атмосфера мөлдірлігі мен көрініс сапасының жоғары екендігін айқындады. Бірақ ол ауылға алыс болғандықтан, ол жерде обсерватория соғуға болмады.
1943 ж. көктем мен жазында Каменский платосына (8 км қаладан, 1400 м биіктікте) экспедиция ұйымдастырылды. Б.А.Воронцов-Вельяминов, сол кезде директор қызметінде, Қазақ шаруашылық институты территориясынан жер алды. Сол жерде басшылық келісімімен үйшік салынды, кейіннен ол зертхана болды. 1943 ж. күзде Каменский платосында бақылау базасын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz