Физикалық айнымалы жұлдыздар


Физикалық айнымалы жұлдыздар
Г. - Р. д-да стационарлы емес әртүрлі типтегі жұлдыздардың көрсетілуі
Физикалық айнымалы жұлдыздар деп физикалық процестер нәтижесінде жарықтылықтары аз уақыт аралығында өзгертіп отыратын жұлдыздарды айтады. Айнымалылығының сипатына қарай жұлдыздар пульсациялайтын және эруптивті айнымалылар, жаңа және аса жаңа (эруптивтінің дербес жағдайлары) болып бөлінеді. Барлық айнымалы жұлдыздар арнайы әріптермен белгіленеді. (R, S, T, …., Z, ZZ, RR, …., RZ, ST, …. , AA және бұған шоқжұлдыздардың аттары қосылып жазылады, мысалы: RR Lyz, . . . )
Пульсациялайтын айнымалылар
Цефеидтер. Цефеидтер деп ерекше жылтырлық қисықтары бар физикалық айнымалы жұлдыздар аталады. Көрінетін жұлдыздық шама уақыт бойынша бірсыдырғы және периодты түрде өзгереді және жұлдыз жарықтылығы бірнеше есе өзгеруіне сәйкес келеді. Жұлдыздардың бұл класс осы топтағылардың өкілі δ Цефей жұлдызының атымен аталған. Цефемдтер Ғ және G класындағы алыптар және аса алыптарға жатады. Бұл жағдай оларды алыс қашықтықтардан бақылауға мүмкіндік береді. Период- цефеидтер ең негізі сипаттамаларының бірі. Осы типтегі әрбір жұлдыз үшін ол өте үлкен дәлдікпен тұрақты болып қалады, бірақ әрине әрбір цефеид үшін периодтар әртүрлі болып келеді. (бір тәуліктен бірнеше ондаған тәуліктерге дейін) Көрінетін жұлдыздық шамалармен бірге цефеидтердің спектрлері де өзгереді. Бұл цефеидтердің жарықтылығының өзгеруі оның атмосферасы температурасының шамамен 1500 К-ге дейін өзгеруімен қатар жүреді деген сөз. Цефеидтердің спектрлерінде спектрлік сызықтардың ығысуы бойынша сәулелік υ векторының периодты өзгеруі байқалған. Сызықтардың ең көп ығысуы min-де қызыл түске қарай, ал max-да көк түске қарай бағытталады. Сол себепті жұлдыздардың радицстары да периодты түрде өзгеріп тұрады.
Бақылаулар цефеидтер атмосфералары үнемі пульсациялап тұратынын көрсетті. Олай болса, олар ұзақ уақыт бойы тербелмелі процесті ұстап тұратын жағдай бар болғаны. Бұл былайша түсіндіріледі. Жұлдыздардың тепе-теңдігі гравитациялық күштермен газдың ішкі қысымының балансымен қамтамасыз етіледі. Егер тепе-теңдік бұзылса және жұлдыз аз мөлшерде сығылатын болса, онда ол бұрынғы тепе-теңдік қалпына келуге ұмтылып, оның заты тербелмелі қозғалысқа келеді. (Жердің ауырлық өрісіндегі маятник сияқты)
Эруптивті айнымалылар, пульсарлар және нейтронды жұлдыздар
Жарықтылығы төмен жұлдыздар қатарында( ертегілер) әртүрлі типті айнымалылар кездеседі, олардың жалпы саны пульсациялайтын алыптарға қарағанда 10 еседей аз. Олардың бәрі өздерінің айнымалықтарын қайталап отыратын жарық етумен білдіреді, олар әртүрлі зат босап шығумен, яғни эруициялармен түсіндіріледі. Сондықтан бұл топқа кіретін жұлдыздарды жаңа жұлдыздармен қатар эруптивтік айнымалылар деп аталады.
Бұл топқа кіретін жұлдыздар: эволюцияның бас кезіндегі жұлдыздар, Вольф-Райе(WR), жаңа, аса жаңа жұлдыздар және пульсарлар.
а ) Эволюцияның бас кезіндегі жұлдыздар
Бұл топқа гравитациялық сығылу әлі аяқталмаған жас жұлдыздар, Торпақтағы Т типтес айнымалыларды жатқызуға болады. Бұл ергежейлілер Орион тұмандығында көптен кездеседі. Мұндағы жұлдыздардың жарықтылықтарының өзгеруінде ешқандай заңдылық жоқ және жылтырлық қисығы хаостық түрде өзгереді.
б) Вольф-Райе типтес жұлдыздар(WR)
Бұл жұлдыздардың саны көп емес, бірақ біздің Галактикадағы өте жарық объектілер болып табылады. Олардың орташа абсолют жұлдыздық шамасы-4 m - ке тең, ал жалпы саны 200-ден көп емес. Спектрлері кең сызықты.
в) Жаңа жұлдыздар
“Жаңа” термині жұлдыздар жаңадан пайда болды дегенді білдірмейді, ол-кейбір жұлдыздардың айнымалылық кезеңдерін сипаттайды. Жаңа жұлдыздар деп ең болмағанда бір рет жарықтылығы 7-8 жұлдыздық шамаға дейін кенеттен ұлғайып кеткен жұлдыздарды айтады. Әдетте жарқ ету кезінде көрінетін жұлдыздық шама 10 m -13 m дейін кемиді, ал бұл жарықтылық 10-100 мыңдаған есе өсуіне әкеледі. Жарқ етуден кейін жаңа жұлдыздар өте ыстық ергежейлілерге айналады. Жарқ етудің max фазасында олар А-Ғ кластарындағы аса алыптарға ұқсас болып келеді. Егер жаңа жұлдыздардың жарқ етуі екі рет бақыланса, мұндай жаңа жұлдыздарды қайталанбалы деп атайды. Бұл жұлдыздардың жарықтылығы кәдімгі жаңа жұлдыздарға қарағанда бірнеше есе аз.
Қазіргі кезде 300-ге жуық жаңа жұлдыздар белгілі, олардың 150- дейі біздің Галактикада және 100-ге жуығы Андромеда тұмандығында.
г) Аса жаңа жұлдыздар
Аса жаңа жұлдыздар деп жаңа жұлдыздарға ұқсас және максимумда абсолют жұлдыздық шамасы 18 m - 19 m (кейде21 m дейін) жететін жұлдыздарды айтады. Жарықтылық 19 m дейңн, яғни 10 6 есе өседі. Аса жаңа жұлдыздардың шығаратын энергиясы 10 48 -10 49 эрг-тен жоғары болып келеді, яғни жаңа жұлдыздарға қарағанда 100-еседей көп. Фотографиялық түрде басқа Галактикаларда 300-дей Аса жаңа жұлдыздардың жарқ етуі тіркелген.
д) Пульсарлар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz