Хабблдың қайта қаралған реттігі (S0, SB0) және де Вокулёрдің кеңейтілген галактика морфологиясы жүйесі


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Хабблдың қайта қаралған реттілігі

1935 жылдан бастап 1953 жылы қайтыс болғанына дейін Хаббл өз жүйесін жақсартумен шұғылданды. Хабблдің ісін оның әріптесі А. Сендидж жалғастырды, ол 1961 жылы Хаббл реттілігін қайта қарап шығуды аяқтады. Хабблдың жаңартылған реттілігінің негізгі жаңалықтары:

1. 6 сурет - Ұршық галактикасы ( S 0)

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/8/88/Ngc5866_hst_big.jpg/150px-Ngc5866_hst_big.jpg

Линза тәрізді галактикалар класы қосылды ( S 0 және SB 0) . Осы галактикалар эллипстіктік галактикадан спиральды галактикаларға өтпелі класс болып табылады. Олар ашық, жақсы көрініп тұратын ядросы және азды-көпті біртекті дискі немесе линзасы, дискіден тыс аумақты қадағалайтын диффузиялық қабықшаға батырылған айқын шекарасы бар линзасы болуымен сипатталады. Спиральды бұтақтары жоқ.

S 0 галактикалары екі типке бөлінеді:

1) S 0(1) - диск пен қабықшада құрылымы жоқ (NGC1201, NGC1332) ;

2) S 0(2) - күңгірт аумақтар мен сақина пішінді қабықшада басталған құрылымға ие. Жанынан қарағанда, сақиналар ілмек тәрізді көрініп тұрады, мұның өзі осы галактикаларды Сатурнмен ұқсас етеді (NGC4459, NGC4111) . Сонымен қатар S 0/ a өтпелі сыныбы ерекшеленіп тұрады. Мұндай кластағы галактикаларда қабықшасында туындап келе жатқан спиральды құрылымдар байқалады.

SB 0 галактикаларында линзаны қиып өтетін бар көрініп тұрады; кейде кең әрі айқын емес, кейде тар және айқын. Қабықшаның ішінде сақина қалыптасуы мүмкін. Хаббл осы галактикаларды 3 топқа бөлді:

1) SB 0 (1) - үлкен, көмескі, құрылымсыз қабықшамен қоршалған, кең және айқын емес бары бар жарық линзалар (NGC3384, NGC4203) ;

2) SB 0 (2) - әлсіз кең бар және қабықшадағы бір сақина (NGC2859) ;

3) SB 0 (3) - жақсы көрініп тұратын бар және сақина (NGC4653, NGC5101) .

Бұрын SBa ретінде классификацияланған галактикалардың көпшілігі SB 0 класына өткізілді. SBa класын анықтау барынша қатаң бола бастады: осы кластағы галактикалар жылтыр барға және әлсіз дамыған, қатты байланған спиральды жеңдерге ие.

Қиылысқан спиральдар топтарға бөлінді ( SBa және SBb кластарының галактикалары кірді) : Галактикалардың жеңдері бар қиып өткен сақинаның шетінен басталады (NGC2217 ( SBa ), NGC5950 ( SBb ) ) ; Галактикалардың жеңдері бар ұштарынан басталады (NGC4290 ( SBa ), NGC6951 ( SBb ) ) ;

Сендидж сонымен қатар кәдімгі спиральдарды топтарға бөлді:

1) cпиральды жеңдері сақинаның сыртқы шетінен басталатын галактикалар;

2) cпиральды жеңдері ядродан басталатын галактикалар.

Күрделі, жұлым тәрізді құрылымға және әлсіз айқын ядроға ие, төмен беткейлі жарқылы бар спиральды галактикалар үшін сәйкес ретте кәдімгі және қиылысқандарға арнап Sd және SBd таңбалары енгізілді. Спиральға ұқсастарды айқындау мүмкін болған дұрыс емес галактикалар үшін Sm таңбасы енгізілді.

1938 жылы Мүсінші және Пеш шоқжұлдыздарынан Шепли ашқан ергежейлі эллипстік галактикалар ( dE ) класы енгізілді. Осы галактикалар беткейлік жарығының тым төмен болуынан басқа, қарапайым эллипстік галактикалардың барлық морфологиялық қасиеттеріне ие.

Жалпы алғанда, Хаббл реттілігі галактикалардың алуан түрлі қасиеттерін қамтиды: газ бен тозаң жоқ, жұлдыз жасалымы жоқ және басты құрамдас бөлігі - ескі жұлдыздар жоқ эллипстіктен құрылымының бұзылуына қарай газ, тозаң және жас жұлдыздар үлесі ұлғая түсетін линза тәрізді және спиральды галактикалар арқылы тозаңның мөлшері көп болуынан жұлдыз жасалымының жоғары қарқыны орын алатын дұрыс емес галактикаларға. Хабблдың өзі осы реттілікті эволюциялық реттілік деп атайды, мұның өзі кейінгі зерттеулерде расталған жоқ.

Қазіргі таңда Хаббл реттілігі кәсіпқойлар тарапынан да, әуесқой астрономдар тарапынан да галактикаларды классификациялау үшін барынша қажет болып отыр.

1. 1. 4 Ж. де Вокулёр жүйесі

1. 7 сурет - Ж. де Вокулёр жүйесінің үшөлшемді көрінісі

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/ru/thumb/a/a4/Vauvouleur_scheme.svg/250px-Vauvouleur_scheme.svg.png

Ж. де Вокулёр жүйесі - бұл 1959 жылы де Вокулёр ұсынған Хаббл жүйесінің кеңінен қолданылатын жүйесі.

Маунт Стромло (ағылш. Mount Stromlo) обчерваториясында өткізілген оңтүстік аспан галактикаларын зерттеу бойынша жұмыстарға негізделе отырып, Ж. де Вокулёр Хаббл классификациясын барынша негізді етіп қайта өңдеуге тырысты. Өз жұмысында ол А. Сендиджбен жеткілікті шамада тығыз өзара әрекеттесті, мұның өзі олардың шешімдері кейбір тұстарда сәйкес келетіндігін көрсетті. Ж. де Вокулёр спиральды галактикалардың барға ие және барға ие емес деп бөлінуі спиральдырдың морфологиялық ерекшеліктерінің диапазонын жеткілікті шамада жақсы көрсете алмайтынын Хаббл классификациясының негізгі кемшілігі деп санайды. Атап айтсақ, де Вокулёр сақина және балдж сияқты спиральды галактикалардың құрылымдық ерекшеліктерін көрсетті.

Өз жүйесінің негізінде де Вокулёр Хабблдың галактикаларды эллипстік, линза тәрізді, спиральды және дұрыс емес деп бөлуін сақтап қалды. Эллипстік галактикалардың классификациясы өзгеріске ұшыраған жоқ. Негізгі өзгерістер спиральды галактикалар классификациясын, аз шамада линза тәрізді және дұрыс емес галактикалар классификациясын қамтыды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Галактикалардың морфологиялық классификациясы: Хаббл реттігі мен де Вокулёр жүйесі
Жертану және әлем кеңістігі: геосфера, литосфера және галактика негіздері
Галактикалардың морфологиялық пішіндерін үш өлшемді бейнелеу арқылы компьютерлік модельдеу
Астрономиялық объектілер эволюциясының ақпараттық-энтропиялық критерийлері
Галактикалардың морфологиялық классификациясы: тарихы мен Хаббл реттігінің дамуы
Ғаламның тарихы мен құрылымы: әлем модельдері, галактика және планеталардың қозғалысы
Excel электрондық кестесін деректер қоры ретінде пайдалану: автофильтр, кеңейтілген фильтр және сұрыптау (Күн жүйесі бойынша практикалық тапсырмалар)
Кеңейтілген спектр жүйелері: спектрді кеңейту әдістері мен синхрондау принциптері
Сүтқоректілердің морфологиясы, жүйесі және Қазақстандағы түрлері
Пьер де Кубертен және қазіргі заманғы Олимпиаданың қайта жандану тарихы мен символикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz