Астрономия пәні, міндеттері және негізгі салалары


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Астрономия пәні мен міндеттері

Табиғат заңдарын зерттеудегі қазіргі заманғы жетістіктер адамның Әлемге деген көзқарасын едәуір тереңдетті және көп ғылымдар арасындағы шекараны жуықтататындай жағдайға жеткізді. Астрономияның соңғы жетістіктері негізінде зерттеу объектілерінің қатары ғарыштағы материяның көрінбейтін түрінен бастап тірі ағзаларға дейінгі аралықты қамтиды деуге болады. Егер физиканы табиғаттың ең іргелі ( фундаменталды ), мейлінше жалпылама әрі қарапайым заңдылықтарын қарастыратын ғылым десек, астрономияны физика әдістерін пайдалана отырып Әлемді жан-жақты зерттейтін ғылым деуге болады.

Астрономия сөзі гректің “астрон”-жұлдыз және “номос”-заң сөздерінің тіркесінен шыққан. Астрономияның негізгі зерттейтін объектілері: Күн, ғаламшарлар және олардың серіктері, метеорлық денелер, тұмандықтар, жұлдыздар, жұлдыздық шоғырланулар, галактикалар және т. б. ғарыштық объектілер және олардың арасындағы кеңістікті толтыратын материя. Жерді Күн жүйесінің бір ғаламшары ретінде аспан денесі деп қарастырсақ, ол да астрономияның зерттеу объектісі болып табылады. Астрономияның ерекше зерттеу мәселелерінің бірі - жерден тыс өркениеттерді іздестіру және олармен байланыс орнату. Бұл сұрақ адамзаттың алдындағы ең көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады.

Астрономияның негізгі зерттеу әдісі - бақылау. Бақылаулар негізінен түрлі телескоптар көмегімен жүргізіледі. Оптикалық диапазоннан тыс электромагниттік сәулеленуді тіркеу, спектрлік талдау, фотосуретке және бейнетаспаға түсіру, фотоэлектрлік құралдарды қолдану, компьютерлерді пайдалану бақылау жүргізудің және оны сараптаудың мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті. Ғарышкерліктің дамуына байланысты астрономияда тәжірибе жасау мүмкіндігі пайда болды. Ғарыш кемелері мен жасанды жер серіктері көмегімен астрономдар Әлемді зерттеудің жаңа деңгейіне көтерілді. Күн жүйесін зерттеуде ғаламшараралық ғарыш кемелерін қолдану астрономияда көптеген жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді. Аспан денелерін зерттеудің тағы бір жолы - Жерге түсетін ғарыш сәулелері мен метеориттерді зерттеу.

Аспан денелерін зерттегенде негізгі үш:

  1. Аспан денелерінің көрінетін орны мен қозғалысын, осы мәліметтер негізінде олардың шын орны мен қозғалысын тауып, өлшемдері мен пішінін анықтау;
  2. Аспан денелерінің физикалық құрылысын, химиялық құрамын, ондағы физикалық жағдайды (қысым, температура, тығыздық) анықтау;
  3. Аспан денелері мен олардың жүйелерінің пайда болуы мен дамуы мәселелерін шешу алға қойылады.

Астрономияны қолданатын мәліметтер сипатына байланысты негізгі үш бағытқа: астрометрия, аспан механикасы және астрофизикаға бөлінеді.

Астрометрия аспан денелерінің көрінетін орнын және қозғалысын, Жердің айналуын өлшеудің теориялық және техникалық әдістерін табу, аспан координаттар жүйелерін тағайындау, астрономиялық бақылаулар негізінде дәл уақытты және жер бетіндегі нүктелердің дәл географиялық координаттарын анықтау сияқты маңызды мәселелермен айналысады.

Аспан механикасы аспан денелері мен олардың жүйелерінің өзара әсерлесу ( негізінен бүкіләлемдік тартылыс ) салдарынан болатын қозғалысын зерттейді. Аспан механикасының негізгі практикалық мәселелері - бақылаулардан алынған мәліметтерге сүйене отырып, аспан денелерінің ( соңдай-ақ жасанды серіктер мен ғарыш кемелерінің ) орбиталарының элементтерін анықтап, олардың траекториясын табу, қозғалысының орнықтылығын зерттеу. Аспан механикасының «Теориялық астрономия» деп аталатын саласы аспан денелерінің көрінетін орындары (эфемеридалары) мен орбиталарын есептеумен айналысады. Бұл тұрғыда ғарыш кемелерін ұшыру қажеттілігі аспан механикасының қарқынды дамуына ықпал етуде.

Астрофизика жоғарыдағы екі саладан қалған мәселелердің бәрімен айналысады десек те болады. Атап айтқанда, ол аспан денелерінің пайда болуын («Космогония»), ондағы физикалық күйді, олардың физикалық құрылысы мен химиялық құрамын, олардың бетіндегі және қойнауындағы жүріп жатқан процестерді, олардың арасындағы ортаның ( жұлдызаралық және т. б . ) қасиеттерін, Әлемді тұтастай алғандағы пайда болуы мен дамуын және құрылымын («Космология») зерттейді. Жұлдыздар мен олардың жүйелерін жан-жақты қарастыратын «Жұлдыздық астрономия» астрофизиканың бір саласы болып табылады. Жалпы алғанда астрофизиканы теориялық және практикалық салалардан тұрады. Сондай-ақ, астрофизиканың салаларына инфрақызыл, рентген астрономиясы, гамма-астрономия және нейтринолық астрономия жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң психологиясы: пәні, мақсаттары, міндеттері және негізгі салалары
Психология: пәні, объектісі, міндеттері және салалары
Геология пәні, оның міндеттері және ғылым салалары
Химия пәні: анықтамасы, негізгі міндеттері, салалары мен өнеркәсіптік-экологиялық маңызы
Астрономия: тарихы, ғылым салалары мен Қазақстандағы дамуы
Психологияның салалары және арнайы психологияның пәні, міндеттері мен әдістері
Психология пәні мен оның міндеттері: тарихы, теориясы және салалары
Психологияға кіріспе: пәні, мақсаты, міндеттері, әдістері, салалары және даму кезеңдері
Психика және психология: зерттеу пәні, міндеттері, принциптері, әдістері мен салалары
Әлеуметтік психология: пәні, зерттеу объектісі және негізгі салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz