Галактикалардың морфологиялық классификациясы



Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Галактикалар классификациясы

Галактика дегеніміз - бұл шамамен 200 млрд. жұлдыздан құралатын алып жұлдыз жүйесі (олардың ішіне біздің Күн де кіреді). Мұнда сонымен қатар газ бен тозаңның да маңызды мөлшері бар; галактика магниттік өрістермен безендірілген, жоғарғы энергиялардың бөлшектері - ғарыш сәулелерімен толтырылған.
Галактикалардың морфологиялық классификациясы - астрономияда пайдаланылатын көзбен көру белгілері бойынша галактикаларды топтарға бөлу жүйесі. Галактикаларды морфологиялық типтерге бөлудің бірнеше схемасы бар. Оның ішінде ең танымалын Эдвин Хаббл ұсынды, соңынан оны Жерар де Вокулер мен Алан Синддиж дамыта түсті.
Галактиканы классификациялау талпыныстары спиральды өрнегі бар алғашқы тұмандылықтардың табылуымен бір мезгілде Лорд Росс тарапынан 1845-1850 жылдары бастау алды. Ол кезде барлық тұмандылықтар біздің Галактикамызға тиесілі деген теория басымдық танытатын. Бірқатар тұмандылықтар галактикалық емес табиғатқа ие болатындығын Хаббл ғана 1924 жылы дәлелдей алды. Сөйтіп, галактикаларды сондай-ақ галактикалық тұмандылықтар деп те классификациялады.
Бұрынғы фотографиялық шолуларда спиральды тұмандылықтар басым болды, мұның өзі оларды жеке класқа бөлуге мүмкіндік берді. 1888 жылы А. Робертс аспанға терең шолу жасап, нәтижесінде көптеген эллипстік құрылымсыз және өте созылыңқы ұршық тәрізді тұмандылықтар табылды. 1918 жылы Г. Д. Кёртис тосқауылды және сақина тәрізді құрылымды спиральдарды жеке Ф-тобына бөлді. Сонымен қатар ол ұршық тәрізді тұмандылықты қабырғадан көрінетін спиральдар ретінде түсіндірді.
Гарвард классификациясы. Бұрын пайдаланылып келген классификациялар статистикалық зерттеулер үшін онша жарамды болмай қалды. Негізінен, бұл әлсіз галактикалардың көріністеріндегі бөлшектерді айқындау қиындықтарына байланысты еді. Сонымен қатар Гарвард обсерваториясының негізгі аспабы 24-дюймдік (≈61 см) рефрактор болды, бұл аспапта галактикалардың жақсылап көрсетілген көріністерін алу қиын болатын. Осы мәселені шешу мақсатында, Х. Шепли 1927 жылы жаңа классификация ұсынып, әлсіз галактикаларды классификациялауда туындайтын қиындықтарды ескеруге тырысты.
Гарвард классификациясында барлық галактикалар 5 класқа бөлінді:
a) А класы -- 12m - ден жарық галактикалар
b) B класы -- 12m -ден 14m-ке дейінгі галактикалар
c) С класы -- 14m -ден 16m-ке дейінгі галактикалар
d) D класы -- 16m -ден 18m-ке дейінгі галактикалар
e) E класы -- 18m -ден 20m-ке дейінгі галактикалар
Едеуір көмескі галактикалар Гарвард обсерваториясында бақылау үшін қолжетімсіз болды, алайда қажет болған жағдайда жүйе одан әрі кеңейтілуі де мүмкін.
Галактиканың әрбір класының іші екі параметрмен сипатталды: шоғырлану және эллипстілік. Барлығы болып формуласына сәйкес эллипстіліктің 10 градациясы енгізілді, мұнда a және b -- галактика пішіні жазылатын эллипстің үлкен және кіші жартылай өстері. Алынған мән бүтін санға дейін дөңгелектенеді. Сөйтіп, дөңгелек галактика 10 эллипстік индексін, ал ұршық тәріздісі -- 1 индексін иеленді. Шоғырлануға дейін орталығына шоғырлану дәрежесінің ұлғаюына қарай a, b, c, d, e, f кіші латын әріптерімен белгіленетін 6 градация енгізілді. Егер мүмкін болса, шоғырлану дәрежесі фотометрикалық тұрғыдан, кері жағдайда жай көзбен өлшенді.
Егер галактикаларда спиральды құрылым көрініп тұрса, осындай галактикалардың классификациясына s индексі қосылып отырды. Пішін мен шоғырлануының тұрақсыздығы i индексімен атап өтілді.
Сөйтіп, Df2 галактикасы -- 16-18m диапазонындағы көмескі галактика, орталығына қарай қатты шоғырланған және қатты созылған, sAb9 -- дөңгелек дерлік, беткейі біртегіс жарық болып келетін жарық спиральды галактика.
Осы классификацияға жататын объектілер саны оны жасау кезеңінде онша үлкен болған жоқ. Олар үшін жеке сипаттама мүмкіндігі берілді.
Келтірілген жүйені біршама уақыт бойы Гарвард обсерваториясы белсенді пайдаланып келді, алайда ол Хабблдың едәуір табысты классификациясы тарапынан ығыстырылып шығарылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Галактикалар құрылысы
Галактикалар классификациясы
Бейсызық физиканың жаңа әдістері және компьютерлік модельдеудің көмегімен айнымалы жұлдыздар мен галактикалардың фракталдық қасиеттері мен заңдылықтарын анықтау
Үшөлшемді бейнелеуарқылы галактикалар пішіндерін модельдеу
Хабблдың қайта қаралған реттілігі
Астрономиялық объектер эволюциясының информациялық – энтропиялық критерийлері
Құрылымы әртүрлі галактикаларды фракталдық бейнелеу
Галактикаларды энтропиялық талдау
Хаббл камертоны
Материяның эллипстік пен спиралды галактикалардағы таралуының фракталдық және мультифракталдық сипаттамаларын анықтау
Пәндер