Галактикалық эволюция: жұлдызаралық газтың рөлі, химиялық байыту және морфологиялық қалыптасу


Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 1 бет
Таңдаулыға:   

Галактикалар эволюциясы.

Галактикалардағы жұлдыздық және жұлдызаралық зат мөлшерінің ара-қатынасы уақыт өтуімен өзгереді. Себебі материяның жұлдызарлық диффузиясынан жұлдыздар пайда болады, ал олар өздерінің даму жолының аяғында жұлдызаралық кеңістікке заттың тек қандай-да бір бөлігін ғана қайтарады. Оның кейбір бөлігі ақ ергежейлілерде және нейтронды жұлдыздарда қалып қояды. Осы себепті, біздің Галактикадағы жұлдызаралық заттың мөлшері уақыт өтуімен кемуі тиіс. Жұлдыздар қатпарында өңделе отырып Галактика заты ақырын өзінің құрамын өзгерте бастайды, гелийге және ауыр металдарға баю басталады. Галактика негізінен гелийден тұратын газды бұлттан пайда болған деген жорамал бар. Мүмкін онда басқа еш элемент болмағанда болуы керек. Гелий және ауыр элементтер жұлдыздар ішіндегі термоядролық реакция нәтижесінде пайда болған. Сондықтан Менделеев кестесінлегі ең ауыр элементтер аса жаңа жұлдыздардың пайда болуымен түсіндіріледі. Ауыр элементтер сфералық құрамды жұлдыздарда жазық құрамдыға қарағанда аз болады. Бұл сфералық құрамдылар Галактика дамуының бастапқы уақытында түзілген деген жорамалға әкеледі.

Жұлдызаралық газ бұлттарының соқтығысулары нәтижесінде олардың жылдамдықтары азайып, кинетикалық энергиясы жылулыққа айналып, нәтижеде олардың пішіні мен өлшемдері өзгерген. Өте жылдам айналуы салдарынан мұндай бұлт біздің Галактика пішінді болуы тиіс. Кейіннен пайда болған жұлдыздар осы себепті жазық жүйелі болып келеді. Басқа спираль тәріздес галактикалардың эволюциясы да осы тәріздес жүреді. Жұлдызаралық газ жинақталған спиральді тармақтар жалпв галактикалық магнит өрісінің күш сызықтарының бағытымен анықталады. Осы магнит өрісінің күш сызықтары газ дискісінің тығыздалуына кедергі келтіреді, олай болмағанда жұлдықаралық газ шексіз сығыла беретін еді. Жұлдыздардың түзілу жылдамдығы жұлдызаралық газд тығыздығының квадратына пропорционал деген де жорамал бар.

Егер галактика жәй айналса, онда жұлдызаралық газ ауырлық күші нәтижесінде центрге жинақталады. Мұндай галактикаларда магнит өрісі әлсіз және жұлдызаралық газдың сығылуына кедергі келтіруі де мардымсыз. Жәй айналатын галактикалар сфералық тәріздес пішінді болулары тиіс. Олардың спираль тәріздес галактикалардан айырмашылығы да осы айналу жылдамдығының төмендігінде. Олай болса, эллипстік галактикаларда не себепті ерте класты жұлдыздардың және жұлдызаралық газдың аз болуы түсінікті болса керек.

Олай болса галактикалар эволюциясын сфералық пішінді газды бұлттан бастаса болады. Бұлт сутегіден тұрады, бірақ ол біртексіз. Газдың жекелеген бөліктері қозғала отырып бір-бірімен соқтығысып қалады, кинетикалық энергияның жоғалуы - бұлттың сығылуына алып келеді. Егер ол жылдам айналса, онда спираль тәріздес галактика пайда болады, ал жәй айналса, онда эллипстік тәріздес галактика пайда болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұлдызаралық орта: құрамы, физикалық қасиеттері және галактикалық эволюядағы рөлі
Химиялық өндірістің шикізаттары: қорлары, проблемалары және байыту әдістері
Жұлдызаралық ортадағы материя таралуының сандық бағалауы: фракталды термодинамикалық біртексіздік әдісі
Жұлдыздардың пайда болуы мен эволюциясы: жұлдызаралық газ, шаң және протожұлдыздық кезеңдер
Химиялық өнеркәсіптің шикізаты: сипаттамасы, байыту әдістері және суды дайындау
Үстеудің қалыптасу тарихы, түрлері және морфологиялық-синтаксистік ерекшеліктері
Адамның шығуы мен мәні: антропогенез, эволюция және әлеуметтік-мәдени қалыптасу
Күн жүйесінің қалыптасуы және жұлдыздық эволюция
Галактикалық топталудың модельдері: фракталдық өлшемділік, Фурнье әлемі және N-денелі сандық модельдер
А. И. Опариннің абиогендік теориясы: химиялық эволюция мен эксперименталдық дәлелдер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz