Бұлттың гравитациялық сығылу шарты


Жұлдызаралық орта
Жұлдызаралық орта - біздің Галактика мен басқа Галактикалардың құрамындағы жұлдыздар арасындағы кеңістікті толтыратын сиретілген зат, жұлдызаралық газ және тозаң бөлшектері. Жұлдызаралық ортаның құрамына бұлардан басқа, ғарыштық сәулелер, жұлдызаралық магнит өрісі, сондай-ақ әр түрлі ұзындықтағы электрмагниттік сәулелер де енеді. Күн (басқа жұлдыздардың да) маңындағы Жұлдызаралық орта планетааралық ортаға ауысады. Галактикалар арасындағы кеңістікті галактикалық орта толтырады. Жұлдызаралық ортаның болатындығы туралы қорытындыны алғаш рет орыс астрономы В. Я. Струве (1793 - 1864) жасаған (1847) . Бірақ оның болатындығы 20 ғасырдың 30-жылдары дәлелденді (америкалық астроном Р. Трамплер, орыс астрономы, Б. А. Воронцов-Вельяминов) .
Жұлдызаралық газ бейтарап және иондалған атомдар мен молекулалардан құралған. Оның негізгі массасын сутек (шамамен 90% пен гелий (шамамен 10%), сондай-ақ оттек, көміртек, неон және азот (әрқайсысы шамамен 0, 01%) атомдары құрайды. Жұлдызаралық газ бен тозаң галактика жазықтығында өте күшті жинақталып, жұлдызаралық бұлтты түзеді. Біздің Галактикадағы жұлдызаралық бұлттың диаметірі 5 - 40 пк, темп-расы 20 - 100К. Ғарыштық сәулелерді құрайтын бөлшектердің энергиясы 106 - 1020 эВ. Жұлдызаралық магнит өрісінің кернеулігі Жердің магнит өрісінің кернеулігімен салыстырғанда 105 есе аз, бірақ оның энергиясы ғарыштық сәулелердің энергиясымен шамалас. Галактикалардағы Жұлдызаралық орта мен жұлдыздар арасында үнемі зат алмасу процесі жүріп отырады. Жұлдыздардың түзілуі кезінде Жұлдызаралық орта негізгі материал болып есептеледі. Сондықтан Жұлдызаралық ортаны зерттеу арқылы жұлдыздардың пайда болу механизмі айқындалады.
1. 5 Бұлттың гравитациялық сығылу шарты
Галактикалардағы жұлдыздық және жұлдызаралық зат мөлшерінің ара-қатынасы уақыт өтуімен өзгереді. Себебі материяның жұлдызарлық диффузиясынан жұлдыздар пайда болады, ал олар өздерінің даму жолының аяғында жұлдызаралық кеңістікке заттың тек қандай-да бір бөлігін ғана қайтарады. Оның кейбір бөлігі ақ ергежейлілерде және нейтронды жұлдыздарда қалып қояды. Осы себепті, біздің Галактикадағы жұлдызаралық заттың мөлшері уақыт өтуімен кемуі тиіс. Жұлдыздар қатпарында өңделе отырып Галактика заты ақырын өзінің құрамын өзгерте бастайды, гелийге және ауыр металдарға баю басталады. Галактика негізінен гелийден тұратын газды бұлттан пайда болған деген жорамал бар. Мүмкін онда басқа еш элемент болмағанда болуы керек. Гелий және ауыр элементтер жұлдыздар ішіндегі термоядролық реакция нәтижесінде пайда болған. Сондықтан Менделеев кестесінлегі ең ауыр элементтер аса жаңа жұлдыздардың пайда болуымен түсіндіріледі. Ауыр элементтер сфералық құрамды жұлдыздарда жазық құрамдыға қарағанда аз болады. Бұл сфералық құрамдылар Галактика дамуының бастапқы уақытында түзілген деген жорамалға әкеледі.
Жұлдызаралық газ бұлттарының соқтығысулары нәтижесінде олардың жылдамдықтары азайып, кинетикалық энергиясы жылулыққа айналып, нәтижеде олардың пішіні мен өлшемдері өзгерген. Өте жылдам айналуы салдарынан мұндай бұлт біздің Галактика пішінді болуы тиіс. Кейіннен пайда болған жұлдыздар осы себепті жазық жүйелі болып келеді. Басқа спираль тәріздес галактикалардың эволюциясы да осы тәріздес жүреді. Жұлдызаралық газ жинақталған спиральді тармақтар жалпв галактикалық магнит өрісінің күш сызықтарының бағытымен анықталады. Осы магнит өрісінің күш сызықтары газ дискісінің тығыздалуына кедергі келтіреді, олай болмағанда жұлдықаралық газ шексіз сығыла беретін еді. Жұлдыздардың түзілу жылдамдығы жұлдызаралық газд тығыздығының квадратына пропорционал деген де жорамал бар.
Егер галактика жәй айналса, онда жұлдызаралық газ ауырлық күші нәтижесінде центрге жинақталады. Мұндай галактикаларда магнит өрісі әлсіз және жұлдызаралық газдың сығылуына кедергі келтіруі де мардымсыз. Жәй айналатын галактикалар сфералық тәріздес пішінді болулары тиіс. Олардың спираль тәріздес галактикалардан айырмашылығы да осы айналу жылдамдығының төмендігінде. Олай болса, эллипстік галактикаларда не себепті ерте класты жұлдыздардың және жұлдызаралық газдың аз болуы түсінікті болса керек.
Олай болса галактикалар эволюциясын сфералық пішінді газды бұлттан бастаса болады. Бұлт сутегіден тұрады, бірақ ол біртексіз. Газдың жекелеген бөліктері қозғала отырып бір-бірімен соқтығысып қалады, кинетикалық энергияның жоғалуы - бұлттың сығылуына алып келеді. Егер ол жылдам айналса, онда спираль тәріздес галактика пайда болады, ал жәй айналса, онда эллипстік тәріздес галактика пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz